Тесты для интернов (ЗКГМУ) тренировка 18 страница. Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктік аборт түрінің дифференциалды–диагностикалық белгілерін көрсетіңіз:

\/

/\

Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктік аборт түрінің дифференциалды–диагностикалық белгілерін көрсетіңіз:

+іштің төменінің қайталайтын ұстамалы ауруы, жыныс жолдарынан қоңыр қанды бөлінділер, жатыр өлшемі жүктіліктің мерзіміне сай емес, сыртқы ЗЕВ жабық

- іштің төменінің және бел аймағындағы оқтын немесе түрақты ауруы, жағынды қанды бөлінділер, жатыр мойнының жұмсаруы, жатырдың қоздырылуы, оның өлшемінің етеккірдің тоқтаған мерзіміне сай болу

- іштің төменінің толғақ тәрізді ауруы, ашық қызыл қанды бөлінділер, жатыр мойнының жұмсарып, қысқарып ашылуы

- тік ішекке, оң иығына жайылатын іштің төменінің ұстамалы қатты ауруы, жатыр өлшемі етеккірдің тоқтаған мерзіміне сай емес, күшейген анемизация симптомы

- іштің төменінің қатты толғақ тәрізді ауруы, көп мөлшерлі қанды бөлінділер, жатыр мойнының қысқарып ашылуы

\/

/\

Жатырдан тыс жүктілікте болатын эндометридегі ең ерекше өзгеріс

- атрофия

- пролиферация

- безді-кистозды гиперплазия

+ децидуалды трансформация

- эндометриалды полип

\/

/\

29 жастағы науқас К. іштің төменінің толғақ тәрізді ауру(тік ішекке жайылған), жыныс жолдарынан қанды бөлінділер шағымдарымен түсті. Мини-аборттан екі күн өткеннен кейін ауырду. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пульс минутына 78 рет. ҚҚ 115/70 мм. с.б. Айнамен зерттеу мәліметтері – қынап шырышты қабаты және жатыр мойны цианозды, бөлінділер қанды, аз мөлшерде. PV: жатыр нормадан сәл үлкен, жұмсақ, қозғалмалы. Оң жақ қосалқыларында түзіліс пальпацияланады, контурлары анықталмайтын, ауру сезімді, жұмсақ. Артқы күмбез тайыздалған, ауру сезімді. Диагноз қойыңыз:

- жедел метроэндометрит

- созылмалы қосалқы қабынуының асқынуы

+ жатырдан тыс жүктілік

- ұрық жұмыртқасының қалдығы

- жедел оң жақты параметрит

\/

/\

23 жастағы науқаста дамыған түтікті жүктілік анықталды. Дәрігер тактикасы:

- әйелдер кеңесінде бақылау

- гинекологиялық бөлімшесінде бақылау

- госпитализация, лапаротомия, тубэктомия

+ госпитализация, лапароскопия, түтіктік кесар тілігі

- лапаротомия, тубэктомия

\/

/\

Гинекологиялық бөлімшеге ішкі қан кету белгілерімен түсті. Зерттегенде ҚҚ 80/50 мм.с. б. Пульс минутына 110 рет, ритмді. Hb – 60 г/л. Сіздің әрекетіңіз:

- бақылау

- артқы күмбезге пункция жасау

+ жедел лапаротомия

- жедел лапароскопия

- гемотрансфузия

\/

/\

Науқаста етеккір циклының 18 күні ішітің төмененінде ауру, аз мөлшерде қанды бөлінді байқалды. Гемодинамикасы тұрақты. Сіздің диагнозыңыз және тактикаңыз:

- аналық без апоплексиясы, лапаротомия

- жатырдан тыс жүктілік, лапаротомия

+ аналық без апоплексиясы, консервативті емдеу

- жатырдан тыс жүктілік, консервативті емдеу

- жатыр жүктілігі, консервативті емдеу

\/

/\

21 жастағы науқас. Жатырдан тыс жүктілік себебімен операция жасаған кезінде ұзын иреленген түтіктері байқалды. Бойы 175 см, дене салмағы 62 кг. Етеккірі ретсіз. Жатырдан тыс жүктіліктің себебі:

- қосалқылар қабынуы

+ инфантилизм

- даму ақаулары

- көзге көрінетін себебі жоқ

- жатыр түтіктер дамуының аномалиясы

\/

/\

Науқаста жатырдан тыс жүктілік анықталған. Дәрігердің тактикасы:

- консервативті қабынуға қарсы ем

+ операция

- гемотрансфузия

- бақылау

- хориогоникалық гонадотропин деңгейін тексеру

\/

/\

Жатырдан тыс жүктіліктің түтік жыртылу типті бұзылуы ең жиі келесі аурмен диференцияланады:

+ он екі елі ішек ойық жарасының перфорциясы

- аз уақытты жүктілік кезіндегі өзіндік түсік

- созылмалы сальпингоофоритің асқынуы

- ДЖҚ

- аналық без кистасының аяқшасының бұралуы

\/

/\

Жатырдан тыс жүктілікке күдектеліп қынаптық зерттеу жүргізілгендегі мәліметтер: сыртқы зев сәл ашық, цервикалды өзектен ашық қызыл қанды бөлінділер, жатыр жүктіліктің 8 апталығына дейін ұлғайған, қосалқылар пальпацияланбайды, қынап күмбездері бос. Диагноз:

- түтіктік аборт

+ бұзылған жатырішілік жүктілік

- аналық без апоплексиясы

- жатыр қосалқылар қабынуының асқынуы

- ДЖҚ

\/

/\

Медаборт жасау кезінде операцияның басында көп мөлшерде жатырдан қан кетті. Жатыр мойындық жүктілік анықталды. Дәрігердің тактикасы :

- ұрықтық жұмыртқаны кюреткамен алу

- ұрықты жұмыртқаны саусақпен алуға тырысу

+ операция, жатыр экстирпациясы

- ұрықтық жұмыртқаны вакум- экскохлеатор көмегімен алу

- операция, жатыр мойнының экстирпациясы

\/

/\

Науқас 22 жаста, жыныс жолдарынан қанды бөліністер, ішінің төменгі бөлігінің ауру сезіміне, дене қызуының 38°көтерілуіне шағымданып түсті. Осы симптомдар жүктілігінің 12-13аптасында жатыр қуысына катетер енгізгеннен кейін 2-і тәулікте пайда болды.Айнада және PV: жатыр мойны таза, қанды бөліністер орташа, цервикалды өзек 2 саусақты өткізеді. Жатыр 10-11 апталық жүктілікке сай, жұмсақ, сезімтал, қосалқылары екі жағынан анықталмайды. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:

- басталған асқынбаған инфицирленген аборт

- басталған асқынған инфицирленген аборт

+ толық емес асқынбаған инфицирленген аборт

- толық емес асқынған аборт

- асқынбаған инфицирленген жүріп жатқан аборт

\/

/\

.Асқынбаған инфицирленген аборт кезіндегі емдеу тактика:

+2-6 сағат бойы антибактериалды, инфузионды, десенсибилизирлеуші терапия, содан кейін жатыр қуысын баппен қыру көреткамен немесе ваккум аспирация әдісімен босату

-6-8 сағат бойы антибактериалды, инфузионды, десенсибилизирлеуші терапия содан кейін жатыр қуысын баппен қыру көреткамен немесе ваккум аспирация әдісімен босату

-2 сағат бойы антибактериалды, инфузионды, десенсибилизирлеуші терапия содан кейін түтіктерімен жатыр экстирпациясы

-6-8 сағат бойы антибактериалды, инфузионды, десенсибилизирлеуші терапия содан кейін түтіктерімен жатыр экстирпациясы

- алдын ала операцияға дайындықсыз жатыр қуысын қыру

\/

/\

Толық емес түсіктің қынаптық зерттеуіне сай нәтижелерін таңдаңыз:

- жатыр мойны сақталған, жұмсарған, жыныс жолдарынан пайда болған орташа мөлшердегі қанды бөліністер

+ жатыр мойны жұмсарған, қысқарған, цервикалды өзек бір саусақты өткізеді, бөлінділер қанды ұйындылармен

- жатыр мойны сақталған , сыртқы саңлауы бір саусақты өткізеді, бөлінділер – серозды

- жатыр мойны жұмсарған, қысқарған, қағанақ қуығы шығып тұр

- жатыр мойны жұмсарған, қысқарған, жатыр мойнының өзегі ашылған, қағанақ қуығының төменгі полюсы қынаптан анықталады, көп мөлшердегі қанды бөліністер

\/

/\

Жатырда децидуалды тін қалдықтарының фонында пайда болған эндометритің емдеу әдістерін көрсетіңіз:

- жатыр қуысын ваккум аспирация әдісімен босату, утеротониктарды тағайындау

+ жатыр қуысын ваккум аспирация әдісімен босату, сосын суық антисептикалық ерітіндімен жуу (шаю)

- жатыр қуысын антисептикалық ерітіндімен жуғаннан кейін гидрофил негізіндегі емдік мазьды енгізу

- жалпы жансыздандырумен жатыр қуысын кюреткамен қыру

- утеротониктерді және спазмолитиктерді тағайындау

\/

/\

Жатырда плацентардың тін қалдықтарының фонында пайда болған эндометритің емдеу әдістерін көрсетіңіз:

- жатыр қуысын ваккум аспирация әдісімен босату, утеротониктарды тағайындау

- жатыр қуысын ваккум аспирация әдісімен босату, сосын суық антисептикалық ерітіндімен жуу (шаю)

- жатыр қуысын антисептикалық ерітіндімен жуғаннан кейін гидрофил негізіндегі емдік мазьды енгізу

+ жалпы жансыздандырумен жатыр қуысын кюреткамен қыру

- утеротониктерді және спазмолитиктерді тағайындау

\/

/\

Асқынбаған инфицирленген аборт –іріңді-септикалық ауру, бұл инфекцияға тән:

+ жатырдың децуалды қабығы және ұрықтың қабығымен шектелу

- жатыр маңынан шығып, кіші жамбас ішімен шектелу

- кіші жамбас маңынан шығып, жайылу

- іріңді-резорбтивті лихорадка

- жатыр қан тамырларында тромбофлебит дамып кету

\/

/\

Асқынған инфицирленген аборт – іріңді-септикалық ауру, бұл инфекцияға тән:

- жатырдың децуалды қабығы және ұрықтың қабығымен шектелу

- іріңді резорбтивті лихорадка

- кіші жамбас маңынан шығып, жайылу

+ жатыр маңынан шығып, кіші жамбас ішімен шектелу

- жатыр қан тамырларында тромбофлебит дамып кету

\/

/\

Келтірілген лабораторлы зерттеу нәтижелері қанда ауруға тән? Қан жалпы анализі: Hb - 120 г/л , эритроциттер - 3,2 х10 12/л, тромбоциттер - 300х10 9/л, Ht - 33 % .Лейкоциттер - 16х 10 9/л. Интоксикациялық лейкоцитарлы индекс (ИЛИ)=4. Ұюы- 4 мин. СОЭ - 56 мм /ч

Коагулограмма: Протромбинді индекс - 91% Фибриноген - 4,8 г/л Протромбинді тест- IV; Фибриноген «В» -әлсіз оң; Этанолды тест – теріс

- Асқынған инфицирленген аборт

+ Асқынбаған инфицирленген аборт

- Сепсис

- Перитонит

- Септикалық шок

\/

/\

22 жастағы науқас Н., жедел жәрдем машинасымен жеткізілді. Шағымдары - жыныс жолдарынан қанды бөлінділер, дене қызуы 400С, іштің төменінде толғақ тәрізді ауру сезім. Жүктілікті үзу ұшін жатыр қуысына темір біз салғаннан кейін 14-15 апталық түсік түсті.

Жалпы жағдайы орташа. Пульс минутына 100 рет. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі таза. Іші жұмсақ, төменгі жағы ауыртпалы. Іш перде тітіркену симптомы теріс. Қынаптық зерттеу: Жатыр мойын формасы цилиндрлік. Сыртқы ернегі 1 к/с өткізеді. Жатыр anteversio, anteflexio-да, жұмсақ, біртекті, үлкендігі 8-9 апталық жүктілікке тән, пальпациялағанда сезімтал. Қосалқылары қалыпты. Күмбезедері терең. ЖҚА - орташа анемия, солға жылжыған лейкоцитоз, ЭТЖ тездетілген. Коагулограмма – латентті ТҚС (ДВС) белгісі бар (ұюы –3 минутта, фибриноген «В» - шала оң). Ықтимал диагноз?

+ Асқынбаған инфицирленген аборт

- Асқынған инфицирленген аборт

- Сепсис

- Септикалық шок

- Перитонит

\/

/\

.22 жастағы науқас Н., жедел жәрдем машинасымен жеткізілді. Шағымдары - жыныс жолдарынан қанды бөлінділер, дене қызуы 400С, іштің төменінде толғақ тәрізді ауру сезім. Жүктілікті үзу ұшін жатыр қуысына темір біз салғаннан кейін 14-15 апталық түсік түсті.

Жалпы жағдайы орташа. Пульс минутына 100 рет. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі таза. Іші жұмсақ, төменгі жағы ауыртпалы. Іш перде тітіркену симптомы теріс. Қынаптық зерттеу: Жатыр мойын формасы цилиндрлік. Сыртқы ернегі 1 к/с өткізеді. Жатыр anteversio, anteflexio-да, жұмсақ, біртекті, үлкендігі 8-9 апталық жүктілікке тән, пальпациялағанда сезімтал. Қосалқылары қалыпты. Күмбезедері терең. Емдеу тактикасы.

- құрастырылған АБ терапия, 2-6 сағаттан кейін – жатырды күтімді тазалау

+ құрастырылған АБ терапия, 6-12 сағаттан кейін – жатырды күтімді тазалау

- құрастырылған АБ терапия, 12-24 сағаттан кейін – жатырды күтімді тазалау

- құрастырылған АБ терапия, 6 сағаттан кейін – қосалқысыз гистерэктомия

- құрастырылған АБ терапия жүргізе жатып жатырды күтімді тазалау

\/

/\

11-14 күн бұрын жүктілікті үзу үшін криминалды қол сұққаннан кейін пайда болған симптомдар жинағы - іштің төменінің ауруы, әлсіздік, дене қызуы 390С дейін көтерілу, ентігу, жыныс жолдарынан қанды бөлінділер, олигоурия, жөтел – қандай диагнозға тән:

- асқынбаған инфицирленген абортқа

- асқынған инфицирленген абортқа

+ сепсиске

- септикалық шокқа

- перитонитке

\/

/\

.Криминалды қол сұққаннан кейін пайда болған сепсисті емдеу тактикасы:

-6-12 сағат операцияға дайындық жүргізіп, жатыр қуысын қыру

+6-8 сағат операцияға дайындық жүргізіп, түтіктермен жатырға экстирпация жасау

-4-6 сағат операцияға дайындық жүргізіп, жатыр қуысын қыру

- дереу жатыр қуысын қыру

- дереу түтіктермен жатырға экстирпация жасау

\/

/\

46 жастағы науқас. Гинекологиялық стационарға келесі диагнозбен түсті: Дамымаған 9-10 апталық (етеккірі бойынша 12-13 апта) жүктілік. Шағымдары жоқ. Диагнозы УДЗ мен дәлелденген. Сіздің диагнозыңыз?

- жатыр қуысын қыру

- коагулопатия профилактикасы. 24сағаттан кейін жатыр қуысын қыру

- АБ терапия 6 сағат ішінде, кейін жатыр қуысын қыру

+ АБ терапия коагулопатия профилактикасы. 24 сағат ішінде, кейін жатыр қуысын қыру

- АБ терапия коагулопатия профилактикасы. 6-12 сағат ішінде, кейін жатыр қуысын қыру

\/

/\

.46 жастағы науқас. Гинекологиялық стационарға келесі диагнозбен түсті: Дамымаған 9-10 апталық (етеккірі бойынша 12-13 апта) жүктілік. Алдын ала дайындықтан кейін жатыр қуысы қырылды. 30 минуттан кейін жатыр қуысынан ашық қызыл түсті қан кеткен. Қан ұйымайды. Қан ұю уақыты 9 минут. Сіздің диагнозыңыз?

+ дамымаған 7-8 апталық жүктілік. ДВС. Қан кеу.

- дамымаған 12-13 апталық жүктілік. ДВС. Қан кету

- дамымаған 7-8 апталық жүктілік. Қан кету

- дамымаған 12-13 апталық жүктілік. Қан кету

- дамымаған 7-8 апталық жүктілік. Қан кету. Ұрық қабығының қалдықтары

\/

/\

24 жастағы әйел гинекологиялық стационарға келесі шағымдармен түсті: жоғарғы температура, жыныс жолдарының қанды бөліністері. Анамнезінен: 5 күн бұрын жүктілікті үзу мақсатымен жатыр қуысына темір катетер еңгізген. Соңғы етеккірі есінде жоқ. Жүктілігіне байланысты учетте тіркелінбеген. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 37,90С. Іші қатты, пальпациялағанда кіндік аймағында және сол жақ мықын аймағында ауыр сезім. Щеткин Блюмберг симптомы оң. Айнамен қарағанда: жатыр мойнында ине іздері байқалады. Цервикалды каналдан – орташа мөлшерлі жағымсыз иісті қанды бөліністер. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойны конус тәрізді, ернеу бір саусақты өткізеді. Жатыр бөлек пальпацияланбайды. Кіші жамбас қуысында жиегі анық емес түзіліс анықталады, ауру сезімді. Қосалқылары пальпацияланбайды. Болжам диагнозыңыз?

- криминалды аборт. Сепсис.

- криминалды аборт. Септикалық жағдай.

+ криминалды аборт. Жатыр перфорациясы.

- криминалды аборт. Септикалық шок.

- криминалды аборт. Пельвеоперитонит.

\/

/\

24 жастағы әйел гинекологиялық стационарға келесі шағымдармен түсті: жоғарғы температура, жыныс жолдарының қанды бөліністері. Анамнезінен: 5 күн бұрын жүктілікті үзу мақсатымен жатыр қуысына темір катетер еңгізген. Соңғы етеккірі есінде жоқ. Жүктілігіне байланысты учетте тіркелінбеген. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 37,90С. Іші қатты, пальпациялағанда кіндік аймағында және сол жақ мықын аймағында ауыр сезім. Щеткин Блюмберг симптомы оң. Айнамен қарағанда: жатыр мойнында ине іздері байқалады. Цервикалды каналдан – орташа мөлшерлі жағымсыз иісті қанды бөліністер. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойны конус тәрізді, ернеу бір саусақты өткізеді. Жатыр бөлек пальпацияланбайды. Кіші жамбас қуысында жиегі анық емес түзіліс анықталады, ауру сезімді. Қосалқылары пальпацияланбайды. Тактика?

- жедел жағдайда жатыр экстирпациясы

+ АБ, дезинтоксикациялық терапия 2 -4 сағат ішінде, жатыр экстирпациясы

- қынап үстілік жатыр ампутациясы

- АБ, дезинтоксикационная терапия 2 -4 сағат ішінде, қынап үстілік жатыр ампутациясы

- АБ, дезинтоксикациялық терапия 2-4 сағат ішінде, жатыр қуысын қыру.

\/

/\

Эндокриндік бедеуліктің себебі болмайды:

- гипоталамо-гипофизарлық жетіспеушілік

- надпочечник дисфункциясы

- аналық без жұмысының жетіспеушілігі

+ антиспермалық антигендер

- гипоталамо-гипофизарды дисфункциясы

\/

/\

Әйел бедеуліктің жиі кездесетін формасы:

- түтіктік

+ эндокриндік

- репродуктивтік жүйесіндегі анатомиялық бұзылыстар

- иммунологиялық

- тіркесіленген себептер

\/

/\

Эндокриндік бедеуліктің сипаты:

+ овуляция бұзылуы

- антиспермалды антиденелер пайда болуы

- гениталийдың анатомиялық өзгерістері

- жатыр түтіктерінің гипертонусы

- хромосомдық аномалиялар

\/

/\

30 жасар науқас әйелдер кеңесіне 7 жыл бедеулік шағымымен келді.Етеккірі қалыпты. Жалпы зерттеу: дене бітімі дұрыс, салмақ мөлшері қалпынан жоғарылау. Қынаптық зерттеу: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс қалыптасқан, түк өсуі әйелдер типтес. Жатыр денесі кішірейген, екі қосалқы маңайында 3х4х4см түзілістер пальпацияланады, тығыз, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Базалды қызуы – монофазды, кариопикнотикалық индекс 60-70%. Күйеуінің спермограммасында патологиялық өзгеріс жоқ. Сіздің диагнозыңыз?

+ эндокриндік бедеулік (анабез поликистоз синдромы)

- гениталді инфантилизм

- түтікбік бедеулік (жыныс мүшелерінің туберкулезі)

- ана бездерінің екі жақты дермоидтты кистасы

- анықталмаған генезді бедеулік

\/

/\

Түтік-перитонеалды бедеулік диагностикасында ең информативті зерттеу әдіс:

- кимографты пертубация

- гистеросальпингография

- трансвагиналды эхография

+ хромосальпингоскопия мен лапароскопия

- МРТ

\/

/\

.Экстракорпоралды ұрықтандыруға абсолютты көрсеткішті айтыңыз:

- тұқым қуалайтын аурулар

+ абсолютты түтік бедеулік

- генезі анықталмаған бедеулік

- иммунологиялық бедеулік

- субсерозды жатыр миомасы

\/

/\

Донор спермасы арқылы жасанды ұрықтандыру көрсеткіштеріне жатпайды:

- күйеуінің азооспермиясы

- күйеуінің тұқым қуалайтын аурулары

+ коитустан кейінгі тесттің теріс болуы

- күйеунің импотенциясы

- күйеуінің олигоспермиясы

\/

/\

.3 жыл болған біріншілік бедеулікпен 24 жастағы науқас гинекологиялық бөлімшеге жатқызылды. Менструациясы ретті, аз мөлшерде, ауру сезімді. Базалды температура екі фазалық. Қынап зерттеуде: жатыр антефлексияда, мөлшері қалыпты, қозғалымы шектелген. Екі жағындағы қосалқылары ұлғайған, сезімталн Күмбездері терең. Бедеулік себебін табу үшін қандай зерттеу әдісі ақпарлы?

+ бір мезгілде жасалған лапароскопия және гистероскопия

- лапароскопия, трансвагиналды эхография

- трансвагиналды эхография, гистеросальпингография

- гистеросальпингография, туберкулинмен сынау

- лапароскопия, туберкулинмен сынау

\/

/\

.Шырышты қабаттың астында орналасқан жатыр миомасы бар 27 жастағы науқас гинекологиялық стационарға біріншілік бедеулікпен түсті. Осы жағдайда қандай операция оптималды?

- гистерэктомия

- жатыр дефундациясы

- түтіксіз қынап үстілік жатыр ампутациясы

+ гистероскопия арқылы миоматозды түйіндерді резекциялау

- лапаротомия, консервативті миомэктомия

\/

/\

Науқас әйелге овуляцияны кломифенмен ынталандырылған. Емдеуден 6 күн өткен соң науқас ішінің төменінде жедел ауру сезім, жүрек айыну пайда болып, бір рет құсты. Объективті: тері жабындысы боз. ҚҚ 80\60 мм с. б., пульсі минутына 94 рет. Іші қатты, Щеткин Блюмберг симптомы сол мықын маңында оң. Айнамен зерттеу: патологиялық өзгеріс байқалмайды. Вагиналды зерттеу: іш қабырғасы қаттылығынан ішкі жыныс мүшелерін пальпациялау мүмкін емес. Қандай ем қолданасыз?

+ хирургиялық, аналық безін сау тіннің бойымен резекциялау

- хирургиялық, аналық безін тігу

- лапароскопия, аналық безінің қанап тұрған тамырларын электрокоагуляцияу

- хирургиялық, аналық безін алып тастау

- консервативті емдеу

\/

/\

Эндокриндік бедеулікті емдеу жүрісінде овуляция қоздырылдып, гиперстимуляция синдромы байқалды. Сіздің емдеу тактикаңыз:

- қабынуға қарсы емдеу жүргізу

- антибиотикотерапия

- ГнРГ агонистерін тағайындау

+ инфузионды терапия

- хирургиялық емдеу

\/

/\

Әйел бедеулігінің себебі болып табылмайды:

- аналық без функциясының бұзылуы

- жұбайлардың иммуналогиялық сәйкесіздігі

- жұбайлардың психологиялық сәйкесіздігі

+ цервицит

- жатыр түтіктерінің өтімсіздігі.

\/

/\

Аналық без функциясының бұзылу белгісі болып табылмайды.

- ановуляция

+ эндометрий атрофиясы

- НЛФ

- аменорея

- гиперпролактинемия

\/

/\

Жатыр түтігінің өтімсіздігінің негізгі себебі:

- инфантилизм

+ жатыр түтігінің бұрынғы қабынуы

- миоматозды түйін

- түтік эндометриозы

- даму ақауы

\/

/\

Қосымша репродуктивті технологияға кіреді

- лапароскопия

- гистероскопия

+ ЭКО

- жатыр тамырларының эмболизациясы

- резистоскопия

\/

/\

26 жастағы науқас 8 ай тұрақты жыныстық қатынасқа түсе де жүктіліктің болмауына шағымданады арнайы гинекологиялық тексеру нәтижесінде сіз не тағайындайсыз.

+ бедеулік туралы айтуға болмайды деп кенес беріп, тыныштандырып және тағайындама берініз

- ерініздің спермасын тексеруге кенес беріңіз

- ректальды температураны өлшеңің

- жатыр түтігінің өткізгіштігін білу ұшін ГСГ ні анықтау

- қкпе ренгенографиясын тағайындау

\/

/\

Түсіктен кейін науқаста 3- жыл бойында аз мөлшерде етекіріне және 1,5 тұрақты жыныстық қатынасқа түссе де жүктіліктің болмауына шағымданады. Бұл науқаста қандай бедеуліктің себебі қандай.

- түтік факторы

- эндокринді фактор

+ жатыр фактор

- мойынды фактор

- иммунды фактор

\/

/\

ГСГ мен тексергенде жатыр түтігінің фимбриальды бөлімінде өтімсіздік табылды. Тиімді нәтижелі терапия.

- жұйелі қабынуға қарсы терапия

- балшықпен емдеу

+ жатыр түтігінің өтімсіздігін эндохирургиялық жолмен қалпына келтіру

- гинекологиялық массаж

- физиологиялық ем

\/

/\

Эндокринді бедеуліке алып келмейді.

- гипоталамо-гипофизарлы дисфункция

- гипоталамо-гипофизарлыгипофункция

- аналықбезінің гипофункция

- гиперпролактинемия

+ простагландин синтезінің бұзылысы

Наши рекомендации