Ызыл тасқын» балдырлары.

ызыл тасқын» балдырлары. - student2.ru

Кіп-кішкентай теңіз балдырларының себебінен су беті жылдың белгілі бір уақытында тот басқандай күйге енеді. Бұлар адамға байқаусызда тиіп кетсе, аяқ-қол параличіне және тыныс алу жолдарының семуіне алып келеді

Күшала

ызыл тасқын» балдырлары. - student2.ru

Күшала(Emіnіum) – шаяноттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Азияның құмды жерлерінде кездесетін 5 түрі бар. Қазақстанда Мойынқұм (Жамбыл облысы) мен Қызылқұм шөлінде, Қаратауда және Тянь-Шаньның батысында өсетін 2 түрі бар: ит күләшласы немесе Леманн күшаласы (Emіnіum lehmannіі) мен Регел күшаласы (Emіnіum regelіі). Бұлардың ішінде көп тарағаны – ит күшаласы. Оның биіктігі 15 – 40 см, түйнекті өсімдік, жапырақ тақтасы үшбұрышты, қандауыр пішінді, ұзын сағақты (ұзындығы 7 – 12 см, ені 1,5 – 3 см). Гүл шығатын сабағының түп жағында мөлдір жарғақты қынабы болады. Қара күлгін түсті, ұзындығы 4 – 8 см собық гүлшоғыры сабағының ұшынан дамиды. Собығының сыртындағы жамылғысының ұзындығы 12 см, ені 3 см. Жамылғысының ішкі беті мақпалдай жұмсақ, қара күлгін түсті. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ақ жидек. Түйнегінде алкалоидтар болатындықтан улы, сондықтан өсімдіктің түйнегін кеміргіштер жемейді. Ит күшаласы өте сирек кездесетін түр болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға алынған.

Жебір

ызыл тасқын» балдырлары. - student2.ru

Жебір (Thymus) – еріндігүлділер тұқымдасына жататын хош иісті шала бұта. Еуразия және Солтүстік Африканың қоңыржай белдеулерінде кездесетін 150-дей (кейбір мәліметтерде 400-ге жуық) түрі белгілі. Қазақстанның далалы, жазық жерлерінде, қиыршықтасты тау бөктерлерінде өсетін 27 түрі бар. Көбірек тарағандары: кәдімгі жебір (Th. vulgarіs), маршал жебірі (Th. marschallіanus) және қызғылт жебір (Th. roseus). Биіктігі 1 – 25 см. Сабағы түп жағынан сүректеніп қатайып кеткен. Жапырағы бүтін жиекті, сағақты, кейде сағақсыз. Ұсақ, қызғылт, күлгін кейде ақ түсті гүлдері шоғырбас гүлшоғырын құрайды. Гүлдері қос жынысты, аталығы – 4, аналығы – біреу, тостағанша жапырағы да, күлте жапырақшасы да – бесеу. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – жаңғақша. Жебірдің құрамында эфир майы көп. Одан алынатын тимол медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.

Жалбыз

ызыл тасқын» балдырлары. - student2.ru

Жалбыз (лат. Méntha piperíta)- еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Қазақстанда жалбыз туысының 10 түрі өседі, соның ішінде дәрілік мақсатта бұрышты жалбыз қолданылады. Жане де бұл өсімдіктің басқа түрлерінен порфюмериялық , кондитерлік , гигиеналық мақсаттарға қолданылады.

Пайдаланыған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005

3. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. – 304бет.

4. Қазақша википедия парақшалары

5. Гугл беттері

Наши рекомендации