Тақырып: Өміршеңдікті талдау.
Мақсаты:Өміршеңдікті талдау әдістерімен таныстыру. Цензурирленген деректерге статистикалық талдау жүргізуді үйрету. Өміршеңдік қисығы және олар үшін сенім интервалы, Каплан-Мейердің және Катлер-Эдерердің тәсілімен өмір уақыты кестесін құру дағдыларын қалыптастыру.
.
Оқытудың міндеттері:
ü Каплан-Мейер тәсілімен өміршеңдік кестесін, өміршеңдік қисығын және ол үшін сенім интервалын құру дағдыларын қалыптастыру.
ü Цензурирленген деректер, өміршеңдік функциясы, өміршеңдік қисығы және сенім аралығы жаңа ұғымдарын енгізу.
ü Каплан-Мейер тәсілімен өміршеңдік кестесін құруды үйрету.
ü Кәсіптік әдебиетпен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту.
ü Жекеаралық қатынас дағдыларын жетілдіру.
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
1. Цензурирленген және цензурирленбеген деректер.
2. Цензурирленген деректерге келтірілетін зерттеу түрлері.
3. Өмір уақыты.
4. Өміршеңдік функциясы.
5. Өмір уақыты кестесі, Катлер-Эдерер әдісі.
6. Өмір уақыты кестесі, Каплан-Мейер әдісі.
7. Өміршеңдік қисығының сенім аралығы.
Оқыту және оқу әдістері –ситуациялық есептерді шығару.
Практикалық сабақ сағаттарының үлестірімімен берілген сабақтың жоспары мен ұйымдастыру құрылымы
№ | Сабақ құрылымы | Уақыт |
1. | Студенттерді түгендеу және сабаққа келмеген, дайын емес студенттер болса, себебін анықтау. | 3 мин. |
2. | Сабақ тақырыбын жариялау және бақылау сұрақтары бойынша студенттерді сұрау. | 10 мин. |
3. | Студенттердің өзіндік жұмысы. | 20 мин. |
4. | Оқытушы студенттердің тапсырманы орындау кезінде жіберген жалпы қателерін талдап, тақырыптың негізгі жерлеріне тоқтайды. | 3 мин. |
5. | Білімді жалпы бағалау. | 2 мин. |
6. | Келесі сабаққа тапсырма. | 2 мин. |
Қалыптастырылатын құзіреттілік:білім.
Дебиеттер
1. А. Банержи Медицинская статистики понятным языком. М. Практическая медицина. 2007.
2. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.
3. Медик В.А.,Токмачев М.С.,Фишман Б.Б.Статистика в медицине и биологии. М.: Медицина, 2000.
4. Гланц С. Медико-биологическая статистика – М.:Практика,1999.
5. Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.
Бақылау:
Студент төмендегі сұрақтарға жауап беруі, «Бақылау-өлшеуіш құралы» жинағындағы сауалнамалық тапсырмаларды және ситуациялық есептерді шығара алуы тиіс.
Сұрақтар:
1. Цензурирленген деректерге анықтама беріңіз.
2. Цензурирленген деректері бар есептерге мысал келтіріңіз.
3. Мұндай есептерге деректерді өңдеудің дәстүрді әдістерін неліктен қолдануға болмайды?
4. Өмір уақытының кестесін құруда Катлер-Эдерер және Каплан-Мейер тәсілдерін қолданудың ерекшеліктері неде?
5. Өміршеңдік қисығы қандай қасиеттерге ие?
6. Өміршеңдіктің жазыңқы графигі нені білдіреді?
7. Өміршеңдіктің тік графигі нені білдіреді?
8. Өміршеңдік қисығы үшін сенім интервалы қандай ерекшелікке ие, неліктен?
Тақырып: Регрессиялық талдау.
Мақсаты:Екі шаманың тәуелділігін сипаттау, сызықты регрессия моделін тұрғызу және оны мәнділікке тексеруді үйрету.
Оқытудың міндеттері:
ü Ең кіші квадраттар әдісімен сызықты регрессия параметрлерін бағалау дағдыларын қалыптастыру.
ü Сызықты регрессияның таңдама теңдеуін құрып, графигін тұрғызу.
ü Сызықты регрессияның таңдама теңдеуін құру, графигін тұрғызу.
ü Регрессия коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеру дағдыларын қалыптастыру.
ü Статистикалық тәуелділік, регрессия жаңа ұғымдарын енгізу.
ü Кәсіптік әдебиетпен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту.
ü Жекеаралық қатынас дағдыларын жетілдіру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Статистикалық тәуелділік.
2. Корреляциялық тіуелділік.
3. Корреляциялық өріс.
4. Сызықтық регрессия теңдеуі.
5. Ең кіші квадраттар әдісі.
6. Регрессия параметрлерін бағалау формулалары.
7. Тура және кері регрессия.
8. Регрессия коэффициентін мәнділікке тексеру.
Оқыту және оқу әдістері –ситуациялық есептерді шығару, модельдер тұрғызу.