Неонаталды сепсис. Қауіп-қатер факторы , этиопатогенезі, жіктелуі, диагностикасы, клиникасы, емі, алдын-алу.

#136

*!Көрсетілгендердің қайсысы кеш сепсистің дамуында жиі кездесетін ЕҢ ықтималды патоген болып табылады?

*Протей

*Ішек таяқшасы

*Көк іріңді таяқша

*+В тобы стрептококк

*Алтын стафилококк

#137

*!Құрсақішілік сепсис дамуы мүмкін

*+ұрықтың даму кідірісінде

*мерзімінен ерте босануда

*анасында қант диабеті болғанда

*туа біткен даму ақауларында

*ата-анасының әлеуметтік жағдайы төмен болғанда

#138

*!Нәрестелер сепсисі ЕҢ жиі шақырылады

*көк іріңді таяқшамен

*ішек таяқшасымен

*+стафилококкпен

*стрептококкпен

*протеялармен

#139

*!Неонаталды сепсис дамуына әкелетін ЕҢ ықтималды антенаталды фактор

*нашар әлеуметтік жағдай

*+құрсақішілік инфекциялар

*аса ұзақ сусыз кезең

*асқынған акушерлік анамнез

*анасының урогенитальды жолдарының қабыну аурулары

#140

*!Криптогенді сепсис кезінде кіру қақпасы

*ішек

*кіндік жарасы

*тері жабындысы

*кілегей қабаттар

*+белгісіз

#141

*!Жаңа туылған нәресте, жасы 8 күндік, III жүктіліктен, II босанудан, операциялық жолмен туылған, туылғандағы салмағы 2850,0гр, бойы 50 см. Өмірінің 7-ші күнінде кіндік жарасынан ірің бөліне бастады. Нәресте әлсіз, ему рефлексі төмендеген. Тері жамылғысы сұрғылт түсті, жалпы скелерема. Демікпесі бар, өкпені тыңдағанда әлсіз дыбыс. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия.

Қан көрсеткіштерінің қандай өзгерістері берілген патологияға ЕҢ тән болып табылады?

*Лейкопения, тромбоцитопения, таяқша ядролы солға қарай ығысу, ЭТЖ-6мм/сағ

*Лейкопения, тромбоцитопения, 10% бласты клеткалар, ЭТЖ-15мм/сағ

*+Анемия,лейкоцитоз,нейтрофилёз,лимфопения, ЭТЖ-15мм/сағ

*Лейкопения, нейтрофилёз,эозинофилия, ЭТЖ-2 мм/сағ

*Анемия, лейкоцитоз, тромбоцитоз, ЭТЖ -1 мм/сағ

#142

*!Келтірілген тексеру әдістердің қайсысы сепсис диагнозын дәлелдеу үшін ЕҢ негізгі болып табылады?

*Коагулограмма

*+Инфекция ошағын анықтау

*Қанның биохимиялық талдауы

*Бактериологиялық зерттеулер

*Қан мен зәрдің жалпы клиникалық талдаулары

#143

*!6 күндік шала туылған нәресте әлсіз, емшектен бас тартады,құсады. Өмірінің 5 күніне қарай дене салмағының 18%-н жоғалтты. Терісі бозғылт-сұр түсті, менингоэнцефалит белгілері бар. Өкпесінде ылғалды сырылдар естіледі. Іші кебіңкі, гепатолиенальды синдром, омфалит белгілері бар. Қанында лейкоцитоз, солға қарай ығысқан нейтрофиллез анықталды.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Туа біткен токсоплазмоз

*Туа біткен микоплазмоз

*+Құрсақішілік сепсис *Туа біткен листериоз

*Туа біткен мерез

#144

*!Жаңа туылған нәрестелер сепсисінде аталған көрсеткіштердің қайсысының жоғарлауы ЕҢ ықтималды болып табылады?

*Лейкопения мен лимфоцитоз

*Нейтрофилезді лейкоцитоз

*+С-реактивті белоктың жоғарылауы

*Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарлауы

*Нейтрофилдердің жас түрлері санының артуы

#145

*!Сепсис дамуында ЕҢ ықтималды себеп қайсысы?

*+Гистологиялық зерттеудегі плацентит

*18 сағаттан аса ұзақ сусыз кезең

*Урогенитальды инфекцияның болуы

*Перинатальды инфекциялардың болуы

*Үйреншікті мерзімінен бұрын босану

#146

*!Нәрестелер сепсисінің қай түрі ЕҢ жиі нәрестелер өліміне алып келеді?

*Ерте сепсис

*Кеш сепсис

*Септицемия

*Септикопиемия

*+Септикалық шок

#147

*!Келтірілген клиникалық критерийлердің қайсысы жаңа туылған нәрестедегі жүйелі қабыну жауабы синдромына ЕҢ тән болып табылады?

*+Температуралық гомоестаздың бұзылысы *Тыныс алу жетіспеушілігі

*Коммуникабелдікті жоғалтуы *Әлсіз сору рефлексі

*Терінің бозғылттығы және сарғыштығы

#148

*!Нәресте Апгар бағанасы бойынша 5-7 балмен туылды.III босану, 35 аптада,жүктілік кольпит және созылмалы пиелонефрит өршуі фонында өткен. Туылғандағы салмағы 2000,0гр.,бойы-44см. Жасы-12 күн. Туылғаннан бастап демікпесі, бұлшықет гипотониясы, құсу байқалады. Салмақты нашар қосқан.Терісі сары-сұрғылт түсті, ісінген. Аяғында склеремасы бар.Өкпесінде тынысы әлсіз, сырылдар жоқ, жауырын бұрышынан төмен перкуторлы дыбыс қысқарған. Жүрек тондары тұйықталған. Кіндік жарасы суланады, іріңді бөліністер бар.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Іріңді омфалит

*Катаралды омфалит

*Құрсақішілік пневмония

*Ерте сепсис,септицемия

*+Кеш сепсис,септикопиемия

#149

*!Сепсисте антибактериалды терапияның негізі

*+қоздырғыш анықталғаннан кейін антибиотикотерапияны коррекциялау

*синергизмге қабілетті препараттардың комбинациясын алу

*антогонизмге қабілетті препараттардың комбинациясын алу

*парентералды жолмен енгізу

*энтералды жолмен енгізу

#150

*!Нәрестелер сепсисінде токсикозбен күрестегі негізгі әдіс

*гемосорбция *+плазмаферез

*инфузионды терапия

*антибиотикотерапия

*антигеморрагиялық терапия

#151

*!Нәрестелер сепсисінде антибактериалды терапияны тоқтатудағы негізгі критерий

*жалпы жағдайының жақсаруы *ішек биоценозының қалыпқа келуі

*жаңа метастатикалық ошақтардың болмауы

*жүйелі қабыну реакциясы синдромының тоқтауы

*+гемограмма көрсеткіштерінің жақсаруы және алғашқы ошақтың тазалануы

#152

*!Нәрестелер сепсисіне төменде көрсетілген қандай лабораторлық көрсеткіш АНАҒҰРЛЫМ тән?

*Анемия

*+Қаннан қоздырғышты себу *Нейтрофилезбен лейкоцитоз *Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарлауы

*Альбуминдердің деңгейінің төмендеуімен гипопротеинемия

#153

*!Нәрестелер сепсисінде антибактериалды терапияны тағайындауда төменде көрсетілген әдістердің қайсысын негізге алған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?

*Энтералды жолмен енгізу

*Парентералды жолмен енгізу

*Синергизмге қабілетті препараттардың комбинациясын алу

*Антогонизмге қабілетті препараттардың комбинациясын алу

*+Қоздырғыштың сезімталдығы мен флораны ескеру

#154

*!Төменде келтірілгенген емдеу тактикасының қайсысы нәресте сепсисінде токсикозды емдеуде ЕҢ нәтижелі болып табылады?

*Гемосорбция

*+Плазмоферез

*Иммунокоррекция

*Антибитикотерапия

*Инфузионды терапия

#155

*!Нәресте, жасы 8 күндік, III жүктіліктен, II босанудан операциялық жолмен 36-37 аптада туылған. Анасында жүктілік III триместрде нефропатиямен, кольпитпен өткен.Туылғандағы салмағы 2501,0гр.,бойы 46 см. Алғашқы салмақ жоғалтуы 260 гр. құрады, одан кейін салмақ қоспаған. 7-ші тәулікте кіндік жарасынан іріңді бөліністер пайда болған. Стационарға түскен кезде айқын интоксикацияға байланысты жағдайы өте ауыр, 2-3 дәрежелі тыныс алу жетіспеушілік белгілері, менингоэнцефалит симптомдары, гепатоспленомегалия байқалады.

Төменде көрсетілген алғашқы терапиялардың қайсысы ЕҢ негізгі болып табылады?

*Шокқа қарсы терапия

*Десенсибилизирлеуші терапия

*Қан және қан препарттарын құю

*+Нәресте ауруханаға түскеннен бастап антибиотикотерапия қолдану

*Қоздырғыш және оның сезімталдығы анықталғаннан соң антибиотикотерапия қолдану

#156

*!Нәресте 32 аптада, III босанудан, Апгар бағанасы бойынша 1-3балмен туылды. Жүктілік кольпитпен және созылмалы пиелонефриттің өршуімен өткен. Туылғандағы салмағы 1780,0 гр., бойы-42см. Туылғаннан соң гипертермия, гиперестезия, құсу байқалған. Терісі сарғыш-сұр, ісінген. Тыныс алуы әлсіз, сырылдары жоқ, жауырынның бұрышының төменгі жағында перкуторлы дыбыс қысқарған. Жүрек тондары әлсіз. Іші кепкен, гепатоспленомегалия. Алдын ала болжамалы диагнозы: Ерте неонаталды сепсис.

Қандай бастапқы антибиотиктерді тағайындау ЕҢ дұрыс болып табылады?

*Оксациллин+ гентамицин

*Метициллин+ ванкомицин

*Цефтриоксон+ ванкомицин

*Азитромицин+ гентамицин

*+Ампициллин+ гентамицин

#157

*!Нәресте 35 аптада, III босанудан ,Апгар бағанасы бойынша 5-7 балмен туылды. Жүктілік кольпитпен және созылмалы пиелонефриттің өршуімен өткен. Туылғандағы салмағы 2000,0 гр., бойы-44см. Жасы-12 күндік. Стационарға түскен кезде айқын улану белгілеріне байланысты жағдайы өте ауыр, 2-3 дәрежелі тыныс алу жетіспеушілік белгілері, менингоэнцефалит симптомдары, гепатоспленомегалия байқалады.Алдын ала болжамалы диагнозы: Кеш неонаталды сепсис.

Көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы диагнозды растау үшін ЕҢ маңызды болып табылады?

*Көкірек және құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

*+Қанның стерилдікке бактериологиялық себіндісі

*Қаннық биохимиялық анализі

*Жұлын пункциясы

*Коагулограмма

#158

*!Сепсис диагнозын тұжырымдау үшін қандай зерттеулерді тағайындаған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?

*+Қанның бактериологиялық зерттеуі

* Зәрдің бактериологиялық зерттеуі

*Нәжістің бактериологиялық зерттеуі

*Қақырықтың бактериологиялық зерттеуі

*Көздің бөліндісін микрофлораға себу

#159

*!Сепсис кезінде антибактериалды терапияны тағайындаудың ЕҢ дұрыс жолы қандай?

*Антибиотиктерді жиі алмастыру

*Энтералды жолмен енгізу

*Парентералды жолмен енгізу

*Бір антибиотикті пайдалану жеткілікті

*+Бактериоцидтік әсері бар екі антибиотикті пайдалану

#160

*!ҚҰРСАҚІШІЛІК СЕПСИСКЕ ТӘН

*+токсикалық шок

*+менингоэнцефалит

*іріңді ошақтың болмауы

*геморрагиялық синдром

*туа біткен даму ақаулары

*құрсақішілік дамудың тежелуі

#161

*!ДВС-СИНДРОМДА ҚОЛДАНАТЫН ГЕМОСТАТИКАЛЫҚ ДӘРІЛЕРГЕ ЖАТАДЫ

*альбумин

*контрикал

*+К витамині

*глюкозаның 5% ерітіндісі

*+жаңадан қатырылған сарысу

*натрий хлордың 0,9% ерітіндісі

#162

*!СЕПСИС КЕЗІНДЕГІ АНТЕНАТАЛДЫ ИНФИЦИРЛЕНУ СЕБЕПТЕРІНЕ ЖАТАДЫ

*ерте босану

*хорионамнионит

*қолайсыз акушерлік анамнез

*анасының гипертониялық ауруы

*+18 сағаттан асқан ұзақ сусыз кезең

*анасының урогенитальды жолдарының қабыну аурулары

#163

*!ЖАҢА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ СЕПСИСІНДЕ МАКСИМАЛДЫ ӨЛІМГЕ ӘКЕЛЕТІН ҚОЗДЫРҒЫШ

*клебсиелла

*+стрептококк В

*ішек таяқшасы

*гемофилді таяқша

*+көкіріңді таяқша

*алтын стафилококк

#164

*!НЕОНАТАЛЬДЫ СЕПСИСТІҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ

*улану белгілері

*ісіну синдромы

*+сарғаю синдромы

*+гепатоспленомегалия

*геморрагиялық синдром

*тыныс жетіспеушілігі

#165

*!НӘРЕСТЕЛЕР ЕРТЕ СЕПСИСІНІҢ БОЛЖАМАЛЫ СЕБЕПТЕРІ

*+вирустар

*энтерококк

*стафилококк

*ішек таяқшасы

*көк іріңді таяқша

*+В тобындағы стрептококктар

Тақырып.

Наши рекомендации