Хирургиялық операциялар

1. Операция алдындағы кезеңге не жатады?

а) науқастың стационарға түскен уақыты

б) науқасты тексеру уақыты

в) мамандардың тексеру уақыты

г) наркоз беру уақыты

2. Микроскоптың көмегімен жасалатын операция:

а) қалыпты операция

б) атипиялық операция

в) микрохирургиялық операция

г) онкологиялық операция

3. Антибиотиктер операция алдында тағайындалады:

а) жүрек ауруын емдеу үшін

б) инфекциялық асқынулардың алдын алу үшін

в) иммунитетті белсендіру үшін

г) жабысқақ ауруының алдын алу үшін

4.Операция алдында көп қан жоғалту болса, операцияға дейін, қанша күн бұрын науқастың өзінің қанын өзіне құю үшін дайындайды?

а) 1-2 күн бұрын

б) 2 апта аралығында

в) 4-5 күн бұрын

г) 1 ай бұрын

5.Операциядан кейінгі ерте кезеңде, назогастральді сүңгінің тұруы неге әкеледі?

а) жағымсыз сезімге

б) ауру сезімінің күшеюіне

в) ұйқысының бұзылуына

г) өкпе вентиляциясының бұзылуына

6. Операция аяқталып жатқанда, теріні қандай жіппен тігу керек?

а) кетгут

б) лавсан

в) викрил

г) жібек

7. Лапаротомиядан соң қанша күннен кейін тігіс жіптері алынады?

а) 3-4 күнде

б) 9-10 күнде

в) 5-6 күнде

г) 2 аптадан кейін

8.Жедел аппендицит операциясы қандай кезекпен жасалады?

а) шұғыл

б) жылдам

в) кейін қалдырылған

г) жоспарлы

9.Іріңді- қабыну ауруларында операцияны кейінге қалдыру неге әкеліп соғады?

а) сепсиске

б) өкпе жетіспеушілігіне

в) тромбофлебитке

г) бүйрек жетіспеушілігіне

10.Кеуде торына жасалатын операция:

а) лапаротомия

б) торакотомия

в) краниотомия

г) люмботомия

11.Операциядан кейінгі ерте кезеңнің уақыты:

а) операциядан кейінгі 4-5 күн

б) алғашқы 6 сағат

в) операциядан кейінгі 7-12 тәулік

г) ауруханадан шыққаннан кейін

12.Операциядан алдынғы кезеңде жасалынады:

а) премедикация

б) сәулелендіру

в) пункция

г) торакотомия

Реанимация негіздері

1.Жарақаттық шокты түсіндірудегі қан және плазма жоғалту теориясының авторын атаңыз:

а) Крайль

б) Кохер

в) Блелок

г) Пирогов

2.Шок кезінде қан айналымының «орталықтануы», қандай ағзалардың қан айналымын сақтау үшін бағытталған?

а) бауырдың

б) ұйқы безінің

в) ми , жүрек және өкпенің

г) бүйрек үсті безі

3.Жүрек қызметі тоқтағанда орталық нерв жүйесінде қайтымсыз бұзылыстар дамиды:

а) 1-2 минуттан

б) 15 минуттан

в) 30 минуттан

г) 5-6 минуттан

4. Реанимациялық шараларды жүргізгенде адреналин енгізіледі:

а) венаға

б) тері астына

в) тері ішіне

г) сүйекке

5.Реанимацияның нәтижелі критерилеріне жатпайды:

а) фотореакцияның пайда болуы

б) көгеру мен бозаруының жоғалуы

в) ірі қан тамырларда пульстің анықталуы

г) бұлшықет тонусының жоғалуы

Сүйек сынықтары

1. Жарақаттық аурулардың ішіндегі сүйек сынығымен зардап шегетіндердің үлесі:

а) 7%

б) 10%

в) 5%

г) 1%

2. Сүйек сынғанда және бітіскенде болатын гистологиялық өзгерістерге жатпайды:

а) сүйектің түзілу кезеңі

б) дәнекер ұлпаның қалыптасу кезеңі

в) асептикалық қабыну кезеңі

г) эпителизация кезеңі

3. Асептикалық қабыну кезеңінің ұзақтығы:

а) 10-15 тәулік

б) 7-10 тәулік

в) 2-3 тәулік

г) 1-2 тәулік

4.Біріншілік сүйек сүйелінің түзілу мерзімі:

а) 4-5 апта

б) 5-6 апта

в) 3-4 апта

г) 1-2 апта

5.Сүйек сүйелінің түзілу көзіне жатпайды:

а) эпителиальді жасушалар

б) эндост жасушалары

в) периост жасушалары

г) параоссальды ұлпалары

6.Сүйек сынғанда мүмкін болатын клиникалық белгілер:

а) артроз

б) эпителизация

в) консолидация

г) деформация

7.Сүйек сынғанда дамитын айқын клиникалық белгі:

а) әлсіздік

б) дене температурасының көтерілуі

в) қозу

г) сүйек сықыры (крепитация)

8.Тасымалдау құралдарына жатады:

а) Белер құрсауы

б) гипсті лонгета

в) жгут

г) Крамер және Дитерихс құрсауы

9.Сынықтарды емдеу әдісі:

а) ротация

б) массаж

в) физиотерапия

г) компрессионды-дистракционды остеосинтез, гипс таңғышымен бекіту

10.Сынықтарды операциялық жолмен емдеудің абсолютті көрсеткіштері:

а) буынның шығуы

б) консолидация

в) репозиция

г) ашық сынықтар, жалған буын

11.Балаларда сынықты емдеуде қолданылатын әдістер:

а) массаж

б) төсекте жатқызу

в) трансплантация

г) гипс таңғышын салу

12.Сынықтың оперативті емес емдеу әдістеріне жатады:

а) Кузьминский құрсауын салу

б) компрессионды-дистракционды остеосинтез

в) қаңқалық тарту, еңкейтілген жазықтықта тарту

г) танталь пластинамен бекіту

13.Сынықтардың бітісуіне бөгет жасайды:

а) науқастың жасы

б) сынықтың уақыты

в) асқынулар

г) жұмсақ ұлпалардың интерпозициясы

14.Сынық ұштарының ығысу түрлері:

а) конустық

б) үшбұрыштық

в) үшкір

г) көлденең ығысу

15.Сүйек сүйелінің қабаттары:

а) медиальді

б) эпифизарлы

в) диафизарлы

г) параоссальді периостальді

16.Тоқпан жілік сынғанда тасымалдау иммобилизациясының шекарасы:

а) білезік буыны-зақымдалған жақтағы жауырын

б) білек-зақымдалған жақтағы иық

в) зақымдалған иық-сау жақтағы жауырын

г) зақымдалған жақтың қол басы- сау жақтағы жауырын

17.Науқаста бел омыртқасының қылқан өсіндісін пальпациялағанда қатты ауыру сезімі анықталды. Сіздің диагнозының?

а) бірінші бел омыртқасының компрессионды сынығы.

б) бірінші бел омыртқасының көлденең өсіндісінің жұлынуы

в) жедел жарақаттық радикулит.

г) омыртқаның соғылуы.

18.Науқаста бұрын оң иық буынының шығуы болған. Объективті: қолдың мәжбүрлік қалпы, оң иық буынында деформация анықталды. Сіздің диагнозыңыз?

а) оң иықтың артриті

б) оң иықтың үйреншікті шығуы.

в) оң иық буын қапшығының жыртылуы.

г) оң жақтағы плексит.

19.Науқаста сол жақ сирақ сүйектерінің ортаңғы Хирургиялық операциялар - student2.ru бөлігінің бұралмалы жабық сынығы. Қандай ем жүргізіледі?

а) операция жасау

б) қаңқалық тарту

в) артқы гипсті лонгетаны салу

г) аяқтың ампутациясы

20.Науқастың саны деформацияланған, пальпаторлы ортаңғы Хирургиялық операциялар - student2.ru бөлігі ауырады патологиялық қозғалғалыс анықталды. Сіздің диагнозының?

а) оң жақ ортан жіліктің сынуы мен шығуы.

б) оң жақ ортан жіліктің ұзына бойы ығысқан жабық диафизарлы сынығы.

в) оң жақ ортан жіліктің шығуы

г) оң жақ ортан жіліктің ығысқан сынығы

21.Науқаста сол жақ бұғанада ауыру сезімі, қолының қозғалуы шектелген. Сіздің диагнозыңыз ?

а) кеуде-бұғана қосылған жерінің жыртылуы

б) сол жақ бұғана аймағының теріасты гематомасы

в) сол жақ бұғананың жабық сынығы.

г) бұғананың сынуы

22. Ер кісі жақ буынындағы ауыру сезіміне шағымданады. Аузы ашық, шайнау бұлшық еттері қатайған иегі алдыға ығысқан. Сіздің диагнозыңыз ?

а) төменгі жақтың үйреншікті шығуы

б) төменгі жақтың екі жақты шығуы

в) төменгі жақтың бір жақты шығуы

г) төменгі жақ шықпаған

23.Балаларда көбінесе қандай сынық анықталады?

а) қисық

б) «жасыл шыбық»

в) компрессиялық

г) жылжусыз

24.Жабық шығу кезінде бірінші көмек:

а) қысып тұратын таңғыш

б) жылы басу

в) транспортты иммобилизация

г) асептикалық таңу

Күйіктер

1.Дерма қабаты түгел күйгендегі, күйіктің дәрежесін атаңыз:

а) ІV дәрежелі күйік

б) ІІІ В дәрежелі күйік

в) ІІ дәрежелі күйік

г) І дәрежелі күйік

2. Беткей күйіктің қандай көлемінде күйік ауруы дамиды?

а) 20%

б) 15%

в) 10%

г) 1%

3. Терең күйіктің қандай көлемінде күйік ауруы дамиды?

а) 5%

б) 8%

в) 11%

г) 10%

4. Септикотоксемия күйік ауруының қай кезеңіне жатады?

а) 4

б) 3

в) 2

г) 1

5. Күйіктік шоктың созылу мерзімі:

а) 2-72 сағат

б) 3-82 сағат

в) 4-5 сағат

г) 10-12 сағат

6. Екінші дәрежелі күйіктің жазылу мерзімі:

а) 12-15 сағат

б) 10-12 сағат

в) 7-14 сағат

г) 22-72 сағат

7. Көлемі 10% ІІІ А дәрежелі күйік бетінің эпителизациясы жүреді:

а) эпителиймен жабылмайды

б) тыртықтанудың арқасында

в) терінің қосалқыларының арқасында

г) жараның жиекті эпителизациясының арқасында

8. Төмендегі қосылыстардың қайсысында терең күйік пайда болады?

а) қышқылдарда

б) газдарда

в) суда

г) сілтілерде

9. Химиялық күйік кезінде алғашқы минуттарда көрсетілетін көмек:

а) детоксикациялық ем

б) химиялық заттарды теріден алып, ағынды сумен жуу

в) антибактериальді ем

г) дұрыс жауабы жоқ

10. Электрожарақаттан дамитын өліеттенудің түрін атаңыз:

а) коагуляциялық

б) ишемиялық

в) беткей

г) колликвациялық

11. «Траншеялық аяқ» қандай температурада пайда болады?

а) 0°С - +10°С

б) 15°С

в) 0°С - +20°С

г) 0°С - +35°С

12. Электрожарақат кезінде жоғары вольтты тоқтың әсері:

а) есінен тандырады

б) қалтырау пайда болады

в) әлсіздік пайда болады

г) қызару

13. Химиялық күйікте зақымдалу тереңдігі неге байланысты болады?

а) ағзаға

б) иммунитетке

в) дәрежесіне

г) химиялық заттың концентрациясына

14. Коагуляциялық өліеттену неден пайда болады?

а) улы газдан

б) қышқылдардан, ауыр металлдардың тұздарынан

в) қайнаған судан

г) будан

15. Электрожарақаттан болатын жүйелердегі жалпы өзгерістер дамиды:

а) асқазанда

б) қолда

в) аяқта

г) жүрек – қан тамыр жүйесінде

16. Күйіктің I дәрежесіне тән белгілерді таңда:

а) ұлпалардың терең өліеттенуі

б) күрт қызару, көпіршіктер, ауыру сезімі

в) қызару, ауыру сезімі, терінің өліеттенуі

г) тұрақты қызару, ашып ауыру, ісіну

17. Күйіктің II дәрежесіне тән белгілерді таңда:

а) терінің, май қабатының өліеттенуі

б) терінің зақымы мен өліеттенуі

в) ұлпалардың терең өліеттенуі

г) күрт қызару, көпіршіктер, күлбіректер, ауыру сезімі

18. Күйіктің III дәрежесіне тән белгілерді таңда:

а) тұрақты ауыру сезімі, ашиды, ісінеді

б) қызару, ауыру сезімі, терінің өліеттенуі (некроз)

в) тері мен май қабатының некрозы

г) күрт қызару, көпіршіктер, күлбіректер, ауыру сезімі

19. Күйік көлемін анықтау әдістерін таңда:

а) Кохер әдісі

б) тоғыздық, алақан әдістері

в) Альфельд әдісі

г) Ситковский әдісі

20. Күйік ауруының кезеңдерін таңда:

а) эректильді, торпидті

б) инфильтрация, іріңдік, секвестрация

в) эритематозды, буллезды, флегманозды

г) шок, жедел токсемия

21.Күйгенде алғашқы көмек көрсетудің дұрыс жауабын танда:

а ) киімін шешіп, теріні өңдеу, асептикалық таңба салу, ауыру сезімін басу

б) күйген бетті вазелинмен майлау

в) күйген бетті этил спиртімен өңдеу

г) тіс пастасымен таңба салу

22. Электр тоғынан күюдің жергілікті клиникалық сиппаттары қандай?

а) прогрессивтік өліеттену

б) ауырусыздық

в) теріде «тоқ дағы» пайда болуы

г) колликвациялық өліеттену

23. «Тоқ құрсауы» деген не?

а) терінің қыртыс қабатының (эпидермис) күлге айналуы

б) электр тоғының шыққан жері

в) ағзадағы сұйықтарда электр тоғының әсерінен болатын тотығу-тотықпау процесі (электролиз)

г) электр тоғының кірген, шыққан жері

Наши рекомендации