A. көз алмасының ығысуын анықтау үшін 1 страница
Курс «5В130100 – Жалпы медицина» мамандығы
Hir – 4302 Хирургиялық аурулар» пәні бойынша
Емтихандық тесттер
?
- Жіті аппендицит үшін тән симптом топтарын атаңыз:
A. Ортнер, Мерфи, Мюсси
B. Скляров, Валь, Обухов ауруханасы
C. Ровзинг, Воскресенский, Кохер
D. Куленкампф, Ратнер, Веккер
E. Керт, Боэс
?
- Жіті аппендицит кезіндегі басты клиникалық синдромын атаныз:
A. ауырсыну синдромы
B. диспепсиялық синдром
C. интоксикациялық синдром
D. сарғаю
E. ішек шуларының күшеюі
?
- Жіті аппендициттің диагностикасында негізгі болып табылады:
A. клиникалық зерттеу мәліметтері
B. зертханалық сынамалардағы өзгерістер
C. қосымша аспаптық зерттеу мәліметтері
D. анықталған тұқымқуалаушылық
E. құрсақтың рентгенографиясының мәліметтері
?
- Жіті аппендицит диагностикасында қандай зерттеу әдісі қолданылмайды:
A. құрсақ қабырғасының пальпациясы
B. қанның клиникалық анализі
C. саусақтық ректальды зерттеу
D. ирригоскопия
E. қынаптық зерттеу
?
- Жіті аппендициттің жиі кездесетін белгісін атаңыз:
A. пальпация кезінде оң жақ мықын аймағының ауырсынуы
B. толғақ тәрізді ауырсыну
C. қалтырау
D. субфебрильді температура
E. жүрек айнуы, бір реттік құсық
?
- Жіті аппендицит үшін қандай ауырсыну сипаты тән:
A. толғақ тәрізді
B. ұстамалы, тұрақты
C. тұрақты
D. пышақ сұққан тәрізді
E. кезеңдік
?
7. Аппендициттің гангренозды түрі үшін не тән емес:
A. тақтай тәрізді іш
B. оң жақ мықын аймағындағы ауырсынулардың күшеюі
C. оң жақ мықын аймағының ауырсынулардың азаюы
D. тахикардия
E. Щеткин-Блюмберг симптомы
?
- Аппендицит кезіндегі патологиялық процестің дамуы басталады:
A. құрт тәрізді өсіндінің серозды қабаты
B. құрт тәрізді өсіндінің шырышты қабаты
C. құрт тәрізді өсіндінің бұлшықетті қабаты
D. соқыр ішектің күмбезінен
E. аш ішектің терминальды бөлігінен
?
- Жіті аппендицит пен ойық жараның тесілуін не ажыратады:
A. аурудың алғашқы сағаттарында құрсақ қабырғасының айқын қатаюының болмауы
B. оң жақ мықын аймағының қатаюы
C. жастық шақ
D. ойық жаралы анамнезі
E. бауырлық тұйықталуды анықтау
?
10. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы жедел аппендицитке тән:
A. тыныс салу кезінде іштің оң жақ бөлігінің қалыңқы болуы
B. оң жақ мықын аймағының айқындалуы
C. тыныс алу кезіндегі іштің сол жақ бөлігінің қалыңқы болуы
D. сол жақ мықын аймағының айқындалуы
E. іштегі пигментті дақтар
?
- Жедел катаральды аппендицитке байланысты әдеттегідей аппендэктомиядан кейін ер адам стационарлық ем алуда. Қосарланған аурулары жоқ.
Төменде аталғандардың қайсысын операциядан кейінгі кезеңде тағайындауға болады?
A. протеаза ингибиторлары
B. анальгетиктер
C. антибиотикотерапия
D. опиаттар
E. детоксикациялық терапия
?
- 29 жастағы науқас ауру басталғаннан кейін 2-ші тәулігінде жедел аппендицитке байланысты операция жасалған. Операция кезінде флегмонозды өзгерген құрт тәрізді өсінді және мықын аймағында бұлыңғыр жалқық анықталған. Хирург тек қана құрт тәрізді өсіндіні алып тастауменғана шектелген. Операциядан кейінгі 6-ші тәулікте науқаста тік ішегінде әлсіз ауырсынулар, ауырсынумен жүретін кіші дәрет пайда болды. Ректальды қарау кезінде тік ішектің алдыңғы қабырғасының тығыздалып, ауырсынып ісіңгені анықталды. Қандағы лейкоциттер – 13 х 109/л, дене қызуы 37,8ºС.
Жедел аппендициттің қандай асқынуы туралы ойлауға болады?
A. жамбастық инфильтрат
B. жедел простатит
C. жедел ішек өтімсіздігі
D. перитонит
E. парапроктит
?
- 50 жастағы науқаста 2 тәулік бұрын эпигастрии аймағындағы ауырсынулар, кейіннен оң жақ мықын аймағына ауырсынудың ауысуы пайда болды. Жүрек айнуы және бір реттік құсу болды. Науқас анальгин қабылдаған және ішіне жылытқыш қойған, осыдан кейін ауырсынулар басылған. 2-ші тәулігінде ауырсынулар қайтадан басталған, іштің барлық аймағына таралған, көп реттік құсу болған. Науқастың жағдайы ауыр. Есі шатасқан. Эйфория. Пульсі минутына 128 с. АҚ 95/60 мм с.б. Тілі құрғақ. Іші барлық бөлімде кернелген және ауырсынады, көбінесе оң жақ мықын аймағында. Щеткин-Блюмберг симптомы іштің барлық аймағында анықталады. Дене қызуы 37,2ºС. Қандағы лейкоциттер-18 х 109/л.
Перитониттің мүмкін болатын себебін анықтаңыз?
A. жедел перфоративті аппендицит
B. тесілген ойық жара
C. жедел ішек өтімсіздігі
D. жедел панкреатит
E. жедел холецистит
?
- 26 жастағы науқас іріңдеген аппендикулярлы инфильтратпен ауруханаға түсті.
Сіздің әрекетіңіз?
A. көктамырішілік антибиотиктерапия
B. дезинтоксикациялық терапия
C. физиотерапия
D. іріңді ашу және дренаждау
E. жергілікті рентгенотерапия
?
- Суық аппендикулярлы инфильтратты анықтағанда операция қалай аяқталуы керек:
A. аппендэктомиямен, инфильтратті ажырату
B. инфильтратқа дәкелі тампон салумен
C. микроирригатормен
D. резіңке шығарғышпен
E. жараны тігумен, антибактериальды және физиотерапиямен
?
- 28 жастағы науқаста жедел флегмонозды аппендицитке байланысты аппендэктомиядан кейін, операциядан кейінгі 6-ші тәулікте Дугласс-абсцесс клиникасы пайда болды.
Абсцессті тілу және дренаждауды қандай жету жолы арқылы жасауға болады?
A. алдыңғы құрсақ қабырғасы
B. тік ішек
C. аралық
D. қынап (қыздарда)
E. бір мезетте құрсақ қабырғасы және тік ішек арқылы
?
- Жедел аппендицит клиникасымен науқас операцияға алынды:
Құрт тәрізді осындының тұқылым ұтымды өңдеу әдісін таңданыз?
A. жібекпен тігу және кисеттік тігіске еңгізу
B. тігілмеген тұқылды Z-тәрізді тігіске еңгізу
C. еңгізусіз жібекпен тігу
D. кетгутпен тігіп кисет тәрізді тігіске еңгізу
E. кетгутпен еңгізусіз тігу
?
- Хирургиялық бөлімшеде динамикалық бақылауда 16 сағат көлемінде жатқан жүктіліктің 12-ші аптасындағы, 23 жастағы әйелде жедел аппендициттің бар екендігін толық жоққа шығару мүмкін емес.
Төменде аталған тактикалардың қайсысы мақсатқа лайық?
A. бақылауды жалғастыру қажет
B. жасанды босану актісін шақыру
C. тұрғылықты мекен-жайы бойынша гинекологтың бақылауына шығару
D. диагностикалық лапароскопия жасау
E. тұрғылықты мекен-жайы бойынша хирургтың бақылауына шығару
?
- 23 жастағы әйел 14-16 аптадағы жүктілігі бойынша сақтау бөлімшесінде ем алуда. Түнде науқаста кіндік маңайында ауырсыну, жүрек айнуы, құсу, сұйық нәжіс пайда болды. Таңертең ауырсынулар гипогастральды аймаққа ауысты, дене қызуы -37,1°С. Бел аймағындағы ауырсынулар әлсіз, жыныс жолдарынан бөліністер жоқ. Қараған кезде: пульсі минутына 88. Тілі ақ жабынмен жабылған. Іші оң жақ мықын аймағында ауырсынады, Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді.
Төменде аталған алғашқы диагноздардың қайсысы көбірек сәйкес келеді?
A. жатырдан тыс жүктілік
B. қауіп төндіретін түсік
C. жедел аппендицит
D. аднексит
E. мезаденит
?
- Жедел аппендицит түсінігіне анықтама беріңіз:
A. құрт тәрізді өсіндінің жедел бейспецификалық қабынуы
B. соқыр ішектің қабынуы
C. жіңішке ішектің терминальды бөлігінің қабынуы
D. құрт тәрізді өсіндінің спецификалық қабынуы
E. соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндімен бірге бейспецификалық қабынуы
?
- Аппендикулярлы инфильтрат дегеніміз не:
A. деструктивті өзгерген құрт тәрізді өсіндінің айналасында түзілген, қабынулық ісік
B. оң жақ шап аймағындағы түзілім
C. бел аймағындағы ісік
D. үлкен шарбымен соқыр ішектің бірге қабынуы
E. Меккель дивертикуланың соқыр ішекпен бірге қабынуы
?
- Жедел аппендицитке қандай температуралық реакция тән:
A. субфебрильді
B. жоғары дене қызуы
C. гектикалық температура
D. интерметтирлеуші
E. парадоксальды
?
- Аппендикулярлы инфильтратпен науқастарды консервативті емдеу қажет деген тұжырым неге негізделген:
A. консервативті ем, себебі оперативті ем іріңді қабынулық үрдістің көршілес мүшелерге таралуымен қауіпті
B. инфильтрат жағдайында құрт тәрізді өсіндінің сенімді шектелуі болады, ал операция қуысты мүшелердің зақымдалуымен қауіпті
C. тұжырым дұрыс емес, инфильтратпен науқастарға операция жасау керек
D. консервативті ем, себебі инфильтрат жағдайында құрт тәрізді өсіндінің балқуы және өздігінен жазылуы болады
E. науқастың жағдайының ауыр болуы және операцияның жоғары қауіптілігінен консервативті ем
?
- Жедел аппендициттің симптомын көрсетіңіз:
A. Ортнер симптомы
B. Кохер симптомы
C. Курвуазье симптомы
D. Мендель симптомы
E. Мейо-Робсон симптомы
?
- Жергілікті перитонитпен жедел аппендицит кезіндегі аппендэктомияға қарсы көрсеткіш болады:
A. 36-38 аптадағы жүктілік
B. новокаинға төзгісіздік
C. қанның ұюының бұзылысы
D. қант диабеті
E. қарсы көрсеткіштер жоқ
?
26. Өт тастары жиі мынадай құрамнан тұрады:
A. холестериннан
B. цистиннен
C. оксалаттардан
D. өт қышқылдарының тұздарынан
E. зәр қышқылыннан
?
- Жіті холецистит кезіндегі басты клиникалық синдром қандай:
A. ауырсыну
B. диспепсиялық
C. ішек қызметінің бұзылысы
D. интоксикациялық
E. гепатореналды
?
- Жіті өттік гипертензияға алып келетін жиі себептерге жатады:
A. гепатопанкреатидуоденалды аймақтың ісіктері
B. он екі елі ішектің үлкен еміздікшесінің стенозы
C. өт-тас ауруы және холециститтің асқынуы ретіндегі холедохолитиаз
D. дуоденалды гипертензия
E. құрттық инвазия
?
- Көптеген науқастарда тастар жалпы өттік өзекке түседі:
A. бауырдан
B. 12-елі ішектен
C. өт қабынан
D. ұйқы безінен
E. асқазаннан
?
- Өт тас ауруының асқынуы болып табылмайды:
A. билиарлы жыланкөздер
B. холедохолитиаз
C. механикалық сарғаю
D. ішек өтімсіздігі
E. гемобилия
?
31. Іріңді холангиттің клиникасына тән емес:
A. жоғары дене қызуы
B. оң жақ мықын аймағындағы ауырсынулар
C. сарғаю
D. лейкоцитоз
E. тұрақсыз сұйық нәжіс
?
- Жіті холецистит кезінде ауырсыну қайда беріледі:
A. оң жақ иық үстіне
B. оң жақ мықын аймағына
C. оң жақ санның ішкі бетіне
D. сол қолға
E. аралыққа
?
- Жіті холецистит кезіндегі ауырсынудың сипатын таңдаңыз:
A. кенеттен, пышақ сұққандай ауырсынулар
B. өршімелі ұстамалы ауырсынулар
C. тұрақты сыздап ауырсыну
D. қарқынды толғақ тәрізді ауырсынулар
E. тұрақты белдемелі ауырсынулар
?
- Жіті холецистит кезіндегі аспаптық зерттеу әдісін таңдаңыз:
A. УДЗ
B. холецистография
C. лапароцентез
D. құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы
E. магнитті-резонансты томография
?
- Жіті холециститің негізгі себебі болып табылады:
A. өт ағысының бұзылысы
B. бауыр қызметінің бұзылысы
C. құрсақ сабауындағы қантамырлық өзгерістер
D. көкбауыр аурулары
E. жиі стрестік жағдайлар
?
- 50 жастағы науқасқа видеохолецистэктомия жасалуда. Интраоперационды өт қабында өзгерістер анықталған, осы өзгерістер конверсияға (лапаротомияға көшу) себеп болған.
Науқаста өт қабының қандай өзгерістері анықталған?
A. солған фиброздалған өт қабы
B. холангит белгілері болуы
C. өттік гипертензия белгілері болуы
D. сөңдірілген өт қабы
E. өт қабын бөлу кезіндегі жіберілген перфорация
?
- Өт тастарының пайда болу қауіптілігі байланысты емес:
А. билиарлы циррозбен
В. ағзадағы семіздікпен
С. өт жолдарының паразитарлық аурулармен
D. анамнезінде гастрэктомия операциясының болуы
Е. ценкеров дивертикулының болуы
?
- 70 жастағы науқас оң жақ қабырға доғасы, эпигастрии аймағындағы арқаға, жауырынға берілетін ауырсынуларға, жүрек айнуына, бір реттік құсуға шағымданып келді. Қарау кезінде хирургта жедел миокард инфарктына күдік туындады.
Қандай диагностикалық әдіс өттік ұстаманы жедел миокард инфарктынан ажыратуға мүмкіндік береді?
А. коронарография
В. тропониндік тест
С. құрсақ қуысы мүшелерінің шолу R-графия
D. РХПГ
Е. қандағы холестерин деңгейін анықтау
?
- Оң мәнді Мерфи симптомының пайда болуы түсіндіріледі:
A. оң жақ бүйір өзектегі өттік жалқықтың болуы
B. жалпы өт өзегіндегі өттік қысымның жоғарлауы
C. сәулелік өрім тарапынан реакцияның болуы
D. алдыңғы құрсақ қабырғасымен өт қабы қабырғасының жанаспалы қабынуы
E. созылған Глиссон капсуласы тарапынан реакцияның болуы
?
- Өт тастарына тән типтік рентгенологиялық симптом:
А. көптеген нишалардың болуы
В. орақ симптомы
С. дөңгелек мөлдір емес көлеңкелердің болуы
D. көптеген сұйықтық деңгейлерінің болуы
Е. оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде ұсақ жазық ателектаздардың болуы
?
- 65 жастағы науқас клиникаға оң жақ қабырға доғасы астындағы айқын ауырсынуларға, жүрек айнуына, құсуға шағымданып түсті. Қарау кезінде оң мәнді Мерфи симптомы, тері жамылғыларының сарғаю анықталады. Жалпы билирубин-120. Жаңадан мұздатылған плазманың инфузиясын, бауырдың жүмыр байламының блокадасын қамтитын консервативті терапия тағайындалған.
Механикалық сарғаю кезінде қандай мақсатта жанадан мұздатылған плазма инфузиясы тағайындалған?
А. иммунологиялық статусты коррекциялау
В. дезинтоксикация
С. қабынуға қарсы ем
D. протромбин уақытын коррекциялау
Е. гемодилюция
?
- Қалыпты жағдайдағы холедохтың орташа өлшемдері:
А. диаметрі 0.6-0.8 см болғанда 5.0-8.0 см
В. диаметрі 0.4-0.5 см болғанда 3.0-4.0 см
С. диаметрі 1.0-1.2 см болғанда 7.0-10.0 см
D. диаметрі 0.25-0.4 см болғанда 1.5-2.5 см
Е. диаметрі 1.5 см болғанда см –дан көп
?
- 50 жастағы семіздікке шалынған науқас қабылдау бөлімшесіне оң жақ қабырға доғасы астындағы ауырсынуғаа, жүрек айнуына, бір реттік құсуға шағымданып түсті. Өзінің жағдайын ащы тағам қабылдаумен байланыстырады. Осы шағымдар алғаш рет пайда болды. Қараған кезде хирург диагноз қойды және науқасты тексеруге жіберді.
Науқасқа диагнозын нақтылау үшін қандай тексеру жүргізу қажет?
A. ФГДС
B. құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы
C. гепатодуоденальды аймақтың УДЗ-і
D. компьютерлік томография
E. ЭКГ
?
- Өт тас ауруының асқынуы болмайды:
А. іріңді холангит
В. өт қабының эмпиемасы
С. механикалық сарғаю
D. өт қабының суісігі
E. дуоденит
?
- Калкулезды холециститке байланысты холецистэктомия кезінде хирург Кало үшбұрышында анатомиялық құрылымды ажыратты.
Қандай құрылымды ажыратты?
A. өт қабылық өзек және өт қабылық артерия
B. өт қабылық өзек
C. өт қабылық артерия
D. жалпы бауырлық өзек
E. жалпы өттік өзек
?
- Жедел холецистит кезінде өт жолдарының бөлігі перфорацияға беиім болады:
А. өт қабының түбі
В. мойыны
С. өт қабылық өзек
D. Гарманн қалтасы
Е. жалпы өт өзегі
?
- Өт қабы қандай қызметті орындамайды:
А. өтке резервуар
В. оны концентрациялау
С. билирубин өндіру
D. өттің қышқылдылық көрсеткішін өзгерту
Е. муцинның секрециясы
?
- Мини жету жолымен жасалынып жатқан холецистэктомия кезінде хирург ұйқы безінің басын ісігін анықтады. Паллиативті операция жасалынды.
Қандай опеация?
А. холецистэктомия
В. холецистоэнтероанастомоз
С. холедохотомия
D. өт қабын сыртқы дренаждау
Е. холедохоэнтероанастомоз
?
- 35 жастағы науқас, оң жақ қабырға доғасы астындадағы кенеттен пайда болған ауырсыну үстамасына, жүрек айнуына, «жасыл» түсті бір реттік құсуы шағымданып түсті. Түнгі уақытта жедел түрде ауырып қалған. Ауырсынудың басталуын майлы тағам қабылдаумен байланыстырады. Науқаста артық салмақ (қосу) 15 кг. Қарағанда: Кера, Мерфи, Образцов симптомдары оң мәнді.
Сіздің диагнозыңыз?
A. жедел панкреатит
B. жатырдан тыс жүктілік
C. асқазанның тесілген ойық жарасы
D. жедел холецистит
E. жедел аппендицит
?
- Жедел калькулезды холециститке байланысты жоспарлы операция кезінде 67 жастағы науқаста холедохтың 1,6 см-ге кеңейгені анықталған. Холедохтың қуысында 0,9 см бірегей конкремент пальпацияланады.
Операцияның жоспары?
A. тасты ұлтабарға түсіру
B. тасты үгіту
C. холецистэктомия, холедохотомия, холедохты дренаждау
D. холецистоэнтероанастомоз
E. бауыр ішілік өт жолдарын сыртқы тері арқылы дренаждау
?
- Ішек өтімсіздігінің қандай түрінде обтурация және странгуляция белгілері болады:
A. странгуляциялық
B. ісікпен обтурация
C. инвагинациялық
D. спастикалық
E. паралитикалық
?
- Ішек өтімсіздігіне тән симптомдарды атаңыз:
A. Воскресенский, Кохер
B. Ровзинг, Ситковский
C. Ортнер-Греков, Мерфи
D. Валь, Обухов ауруханасы
E. Мандор, Кулен
?
53. Ішек өтімсіздігіне аз мәнді тән симтом қандай:
A. іштегі толғақ тәрізді ауырсынулар
B. көп реттік құсық
C. сасық иісті газдардың кезеңдік шығуы
D. іштің кебуі
E. нәжістің болмауы
?
54. Іштегі толғақ тәрізді ауырсынулар тән емес:
A. тоқ ішектің ісікпен обтуpациясы
B. аш ішектің айналып кетуі
C. паpалитикалық ішек өтімсіздігімен
D. түйін түзілумен
E. жабыспалы өтімсіздікпен
?
55. Ішек өтімсіздігінің қандай түрінде ішектің некрозы тез дамиды:
A. мықын ішек қуысының ісікпен обтурациялануы
B. аш ішектің айналып кетуі
C. ащы ішек қуысының өт тастарымен обтурациялануы
D. динамикалық өтімсіздік
E. АІЖ бөгде денесі
?
56. Валь симптомына не тән:
A. шектелген аймақта анықталған немесе іштің бүкіл аймағына таралған "шалпыл шуы"
B. іштің алдыңғы қабырғасынан естілетін тыны салу шулары және жүрек тондары
C. бимануалды, ректалды және қынаптық зерттеулерде анықталатын ісінген ішек ілмектерінің болуы
D. илеоцекалды аймақтың "бос" болуы
E. ішті пальпациялау кезінде анықталатын айқын шектелген созылған ішек ілмегі
?
57. Жоғары стpангуляциялық ішек өтімсіздігіне тән:
A. көп реттік құсық, күшейген перистальтика
B. Цеге Мантейфеля симптомы
C. Обуховской ауруханасы симптомы
D. Френикус-Силентом симптомы
E. қара түсті нәжіс
?
58. Рентгенограммда сұйықтық деңгейін анықтайтын-симптом қалай аталады:
A. Спасокукоцкий тотағаншалары
B. Клойбер тотағаншалары
C. Вишневский тотағаншалары
D. Юдин симптомы
E. Караванов симптомы
?
59. Странгуляциялық ішек өтімсіздігінің дамуының алғашқы сағатттарына не тән емес:
A. толғақ тәрізді ауырсынулар
B. толғақтар кезіндегі ауырсынудың жиілігі
C. толғақ арасында ауырсынудың толық жойылуы
D. рефлекторлы құсық
E. жүрек айнуы
?
60. Жіті ішек өтімсіздігі" дигнозындағы шешуші зерттеу әдістері:
A. құрсақ қуысының шолу Ro-скопиясы, лапароскопия, қанның биохимиялық анализі
B. ішектегі барий пассажының зерттеуі, лапароскопия, қанның биохимиялық анализі
C. ішектегі барий пассажының зерттеуі, эзофагогастродуоденоскопия
D. құрсақ қуысының шолу Ro-скопиясы, ішектегі барий пассажының зерттеуі, эзофагогастродуоденоскопия
E. құрсақ қуысының шолу Ro-скопиясы, ішектегі барий пассажының зерттеуі
?
- Пайда болу механизміне байланысты ішек өтімсіздігі бөлінеді:
A. механикалық және динамикалық
B. тоқ ішектік, аш ішектік және аралас
C. обтурациялық, странгуляциялық және аралас
D. жоғарғы және төменгі
E. паралитикалық және спастикалық
?
62. 49 жастағы науқас хирургиялық бөлімшеге ішіндегі ауырсынуға, құсуға шағымданып түсті. 3 күн бұрын жедел түрде ауырып қалған. Ауырсынулар бастапқыда толғақ тәрізді сипатта болған, кейіннен тұрақтыға аусқан. Анамнезінде құрсақ қуысының жабық жарақатына байланысты операция болған. Қарағанда: жалпы жағдайы ауыр, пульсі минутына 120 с. АҚ 80/60 мм.с.б. Өкпедеге тынысы әлсіреген. Тілі құрғақ «щетка» тәрізді, іші тыны салу актісіне қатыспайды, кепкен, кернелген, жедел ауырсынады. Щеткин-Блюмберг симптомы барлық бөлімде оң мәнді. Желі шықпайды, үлкен дәреті болған жоқ. Perrectum: тік ішектің ампуласы бос, үлкейген, сфинктері ашылған.