Науқастарды қарап тексеру.
Өңеш ауруларының диагностикасында физикалық зерттеу өдістерінін маңызы айтарлықтай емес, ол өңештің анатомо-топографиялық орналасуына және тікелей зерттеу әдістерін қолдану мүмкіндігінің аздығына байланысты. Жалпы қарау кезінде науқастың қатты жүдегенін байқауға болады, себебі өңеш рагы және ахалазиясы кезінде астың өңеш бойымен жүруі бұзылады. Ұзақ уақытқа созылған өңештің тарылуы кезінде оның жоғарырақ орналасқан бөлігі біршама кеңейеді, ол біртіндеп өкпені қысып, тыныстың рестриктивті тарылуын тудыруы мүмкін.
Пальпация Асқазанның көлемі мен формасына және оның консистенциясына, орналасуына байланысты әр бөлімдеріне арнайы пальпация жасалынады. Дені сау адамдарды қарағанда олардың асқазанының үлкен иіні мен бүйенін сипап сезуге болады. Ол үшін маман өте білімдар болуы тиіс, асқазанның төмен түсуі кезінде асқазанның кіші иінін пальпация арқылы сезу қиынға түседі.
Асқазанның үлкен иініне пальпация жургізу. Патологиялық жағдайды айтпағанның өзінде қалыпты жағдайда асқазанның үлкен иінінің орналасуы әр түрлі болып келеді. Сондықтан да пальпация әдісімен зерттеуді бастамас бұрын, асқазанның төменгі шекарасын шамалап жобалаған жөн, ол кейде үлкен жамбас қуысында жатуы да мүмкін.
В. П. Образцов соққылау арқылы сипап сезу әдісін ұсынған болатын. Ол әрбір дені сау адамның өзінде тамақтанғаннан кейін 4-5 сағаттан соң асқазанда ауа аралас сұйықтықтың болатынын айқындай отырып осындай зерттеу әдісіне барған. Егер осы жағдайда асқазанға перкуссия жасалса, одан шуыл естіледі, сол дыбыспен асқазанды маңындағы көрші ағзалардан айыруға болады. В. П. 0бразцов әдісі бойынша қолданылатын зерттеу төмендегіше жүргізіледі: оң қолдың саусақ басын жеңіл ғана бүгіп, бауырдың төменгі шекарасынан, яғни эпигастралды аймақтың жоғарғы бөлігінен бастайды. Ол үшін теріні жайлап қана жоғары көтереді де, құрсақ беткейіне қысқа, жылдам соққыны жеңіл бүгілген саусақтардың ұшымен жылжыта жүргізу арқылы жасайды. Ауаны асқазанның жоғарғы бөлігінен итеріп, сұйықтықпен біркелкі бірге тарату үшін сол қолдың саусақ басымен науқастың бүйірінен төс сүйегіне қарай көтере басқан жөн. Осы кезде оң қолдың саусақ басымен соққылағанда, шалпыл естілуі тиіс. Ортаңғы сызық бойымен төмен қарай шалпыл естілмеген жерге дейін пальпация жүргізеді, бұл асқазанның төменгі шекарасы болып табылады. Орташа тамақтанғаннан соң асқазанның төменгі шекарасы ер кісілерде 3—4 см-дей кіндіктен жоғары жатады. Асқазанның төменгі шекарасын анықтау үшін тағы бір әдісті қолданады, ол аускультативті перкуссия. Бұл әдіс бойынша асқазан аймағы (асқазандағы жиналған газдың резонансына байланысты) дыбысының күшеюі ішектерге қарағанда күштірек болады. Осы әдіспен перкуссия кезінде пайда болған дыбыс фонендоскоппен жақсы естіледі. Ол фонендоскопты эпигастралді аймаққа қою арқылы жүргізіледі. Перкуторлық соққы дегеніміз оң қолдың бір саусағымен ортаңғы сызықтың сол жағынан құрсақ қабырғасына тікелей төменнен жоғары қарай перкуссия жасауды айтады, сонда дыбыстың күшеюіне қарап, асқазанның төменгі шекарасын анықтауға болады. Асқазанның төменгі шекарасын тапқаннан соң, оның үлкен иінін терең жылжымалы пальпация арқылы зерттейді.
Бірінші кезең, әрине саусақты қадағалап дұрыс қою. Жеңіл ғана бүгілген оң қолдың саусақ басын көлденең жағдайда асқазанның төменгі шекарасы деңгейіне қойып, ортаңғы саусақ ортаңғы сызық бойынша бағытталып, алақанның беті төмен қаратылуы тиіс.
Екінші кезең, ол теріні жылжыту. Теріні беткейлі жылжыту арқылы, бүгілген саусақтар басымен тері қатпарларын жинайды.
Үшінші кезеңдегі тексеру — саусақ басын құрсақ қуысына терең енгізу арқылы жасалынады; дем шығаруға сәйкес құрсақ қабырғасының босаңсуын пайдалана отырып саусақ басын құрсак, куысының артқы қабырға бойымен омыртқа жотасына қарай енгізу арқылы сипап зерттеп, сезуге болады.
Төртінші кезең, онда қолды сырғымалы жылжыту әдісімен жоғарыдан төмен қарай бағыттай отырып құрсақ қуысының артқы қабырғасына омыртқа жотасы бойымен жылжытып апарады.
Егер бірінші пальпация күмән келтірсе, осы әдісті қайта жүргізеді, бірақ алғашқыға қарағанда саусақтарды бірнеше сантиметрге батырып жүргізу әдісін қолданады.
Асқазанның үлкен иіні қалыпты жағдайда В. П. Образцов әдісі бойынша 50-60 % жағдайда омыртқа жотасының екі жағынан да формасы доға тәрізді, жұмсақ, қатпарлы болып сезіледі және ол ауырмайды.
Оны науқастың төс сүйегінен бастап іштің ортаңғы сызығы аралығынан табуға болады.
Аспаптық және зертханалық зерттеу әдістері Ренттенологаялық зерттеу. Ренттен әдісімен зерттеу кезінде науқас контрастты затты жұтады, оның өңешпен өтуі кезінде кілегей қабатының жағдайы, қозғалу қызметі, орналасуы, пішіні, келемі және контуры зерттеледі. Қазіргі кезде рентген әдісінің мына төмендегідей түрлері қолданылады: контрастты рентгеноскопия мен рентгенография, екі есе күшейтілген контрасттау әдісі, рентгенокимография, рентгенотелевиденис, рентгенокинематография, компьютерлік томография, пневмомедиастинография, ядерлі-магнитті резонанс және т. б. Әсіресе науқастың қалпын әр түрлі жағдайда өзгертіп отырып ренттенге түсіру көп мәлімет береді.
Эзофагоскопия Эзофагоскопия өңештің обырын, ойық жарасын, кілегей қабатының зақымдануын (қабынуы, атрофиясы, геморрагиялық және эрозивті өзгерістер) сипаттауда рентген әдісіне қарағанда көбірек мәлімет береді. Қажет болған кезде өңештің кілегей қабатынан биоптат алынады, алынған материал гистологиялық және бактериологиялық зерттеуге бағытталады. Цитологиялық зерттеу, бұл әдіс өңештің қатерлі ісіктерін зерттеуде қолданылады. Материал ретінде өңешті жуып-шайған су немесе кілегей қабатының зақымдалған, не күдікті деген жерінен алынған қырынды зерттеледі.
Ультрадыбыстық зертгеу Соңғы жылдары асқазан ауруларын зерттеуде ультрадыбысты қолданады. Асқазан эхографиясын науқастың әр түрлі қалпында (жатып, отырып, тұрып, бұрылған кезде) өткізеді. Бұл зерттеу әдісі патологиялық ошақтардың көлемін, орналасқан жерін, науқас асқазанын сумен толтырғаннан кейін оның тонусын, толқи жиырылуын, эвакуаторлық қызметін анықтауға мүмкіндік береді.
Ішек аурулармен науқастарды сұрастыру және қарау. Іштің беткейлік және терең пальпациясы.Диагностикалық маңызы. Ішек диспепсиясы және ішектен қан қету синдромдары. Себептері. Симптомдары, олардың механизмдері. Диагностикалық маңызы.
Ішек ауруларының негізгі шағымдарына ауру сезімі, метеоризм (іштің кебуі), ішек қозғалысының бұзылуы (іштің қатуы немесе өтуі), ішектен қан ағу сияқты симптомдар жатады.
Науқастың іш ауыруына шағымдануы кезінде ауырудың таралуына, берілуіне, басымдылығына, сипатына, оның ұзақтығына және ауыруды бәсеңдететін жағдайларға көңіл бөлу қажет. Асқазан ауруларынан ішек ауруларының айырмашылығы мынада:
1)аурудың пайда болуы тағам қабылдау уақытына тығыз байланысты емес, мысалы, көлденең тоқ ішектегі қабыну үдерісінің үдеуі кезінде ауру іште тамақтан соң пайда болады. Осы аурудың шығу механизмі асқазанға тағам түскенде, көлденең тоқ ішектің рефлекторлы толқи жиырылуына байланысты болады;
2)ауырудың дәретке шығуымен тыбайланыстылығы, яғни ауырғаны ішекгің босау кезеңінен кейін азаяды;
3)ауырудың дөретке шыққаннан кейін (дефекациядан) немесе газ шыққан соң басылуы.
Ішек аурулары сипатына қарай сыздап және толғақ төрізді (ішек шаншуы), үстама түрде ауыруы мүмкін. Шаншу төрізді аурулар қысқа мерзімді, қайталап соғатын үстамамен сипаггалады, яғни бірден, күтпеген жерден басталып, өздігінен аяқталады. Ауыру сезімі озінің орнын өте тез ауыстыруы мүмкін, ішек ауруының негізгі берілетін аймағы кіндік мады болып табылады. Іштің сыздап ауыруы кейде үзаққа созылып, әрі түрақты болады. Науқас жетелгенде, өсіресе бүл үдеріске шажырқай мен іш қабы қабынса ауру күшейе түседі.
Ауыру ішекгің қабыну ауруларына тән. Ауыру сезімі берілетін жерді дәл анықтаудың маңызы зор. Ауыру сезімі оң мықын аймағына аппен-дицит, қатерлі ісік, туберкулез, соқыр ішектің қабынуы тиф-лит) кезінде беріледі. Сол жак мықын аймағьпіда іш жүрмей қалған-да, сигма тәрізді ішек қа-бынғанда (сигмоидит), қатты ауру пайда болады. Кіндік аймағы-ның ауруы ащы ішек қабынғанда (энтерит), тоқ ішектің қабынуы мен қа-терлі ісік ауруында байқалады. Ауыру сезімі шат аралығына тік ішек ауру-ларына (тіх ішектің қабынуы, қатерлі ісік) байланысты таралады, ол ащы ішек зақымданғанда кеуде клеткасына, көкбауыр аумағындағы тоқ ішектің бұрышы зақым-данғанда, кеуде клеткасының сол жақ жартысына, соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің аймағы шанпшғанда оң аяққа беріледі.
Төменгі өрлеме ішек қаггы зақымданғаңда (дизентерия) ауыру сезімі сегізкөз аумағына беріледі. Ауыру сезімі жылу, спазмалитика-лық дөрілер қодданғанда, газ шыққанда, ішектің босауы кезінде бөсеңдеуі немесе басылуы мүмкін.
Ішек ауруларының пайда болуына негізінен ішек қызметінің және қозғалысының бүзылуы себеп болады. Ішек ауруларының көпшілігі ішектің тегіс бүлшық етінің қатгы жиырылуынан (спастикалық ауру), не ішектің газға толуы себепті керілуінен (дистензионды ауру) пай-да болады. Кейде ауруға осы механизмнің екеуі де себеп болады.
Спастикалық түрдегі аурулар мына себептерге байланысты болуы мүмкін: 1) ішекгің (спастикалық) жиырылуы; 2) энтерит, колит, ішек ісіктері, күшөлә, қорғасынмен улану, сонымен қатар орталық жүйке жүйесіндегі ауруларға байланысты ішектен басталатын тітіркендіру.
Дистензионды аурулар ішектің газға толуына байланысты, ішек пен шажырқайдың керілуі мен тітіркенуі нәтижесінде пайда болады.
1)ауыру үзақ болады және іштің кебуі үзаққа созылғанда, ол
бірте-бірте бөсеңсиді;
2)ауырудың түрақты берілу орны болады. Мысалы ішек жүрмей
қалғанда, іште үнемі шаншу тәрізді ауыру пайда болады және осы
ауыру бір ғана жерге беріледі (кіндік аумағы мен тоқ ішекке). Со-
нымен қатар ауыру ішек перистальтикасына байланысты күшейеді.
Соқыр ішектің қүрт тәрізді өсіндісінің аумағында шаншу пайда болғанда, ауыру алдымен кіндік аумағы мен кіндік үсті аумағына беріледі де, сол жерде үлғаяды. Ал кейде ауыру тек оң жақ мықын аумағына беріледі.
Ақырында тік ішектің щаншуы пайда болады. Ішек пен қыс-пақтың (сфинктердің) тырысып жиырылуымен байланысты тік ішектің шаншуы жиі болады және ол төмен қарай тартып ауырады. Бүл кезде нөжіс сыртқа шықпайды, тек кілегей түйіршектері ғана шығады. Нәжіс шығарда ауырудың пайда болуына мына себептер сәйкес келеді: үлкен дөретке отырар алдындағы ауьфу — сигма тәрізді ішектің қабынуына, ал нөжіс шығар кездегі ауыру - ол геморрой, тік ішек жарығы, қатерлі Ісік ауруларына байланысты болады.
Метеоризм (іш кебуі) — ішке жел толу. Науқас іштің кебуін, ішектің кернеуін сезеді. Оның себептері:
1)ішекте газдың көбеюі. Ол өсімдік тектес тағамдар жегенде
жөне тез ашитын тағам (капуста, көк бүршақ түқымдас) қолдан-
ғанда күшейе түседі;
2)ішектің қозғалу тонусы төмеңдегенде жөне іштің жүрмей қа-
луынан пайда болады;
3)қалыпты жағдайда ішек қабырғасының ауаны сіңіруінің
төмендеуінен;
4)аэрофагия - ауаны көп жүту себеб^інен (асқазан мен ішекте
ауаның көбеюі);
5)истериялық іш кебу - күрделі нерв механизмі өсерінен пайда
болады;
Іштің кебуі бүкіл ішіне беріле ме, өлде белгілі бір бөлігіне беріле ме, немесе үнемі бір бөлігіне беріле ме, ішгің кебуі унемі бір орын-да болады ма осыларды анықтайды. Іш жүрмей қалғанда, науқас-тың ішінің кебуі шектеулі болады. Науқас ішектің шүрылын, қүйы-луын, перстальтикалық қозғалысының күшейгенін сезеді.
Іш өту (йіагһаеа) - үлкен дәреттің сүйық болуы. Ол аурудың негізгі белгісі болып табылады. Іш өту ауыр жөне созылмалы ішек инфекциясында (энтерит, энтероколит, сигмоидит, проктит), өр түрлі экзогенді (мьшіьяк, сынап) жөне эндогенді (уремия, диабет, подаг-ра) улану кезінде, эндокринді ауруларда (бүйрек үсті безінің дис-функциясы, тиреотоксикоз) кездеседі, сондай-ақ организмнің кейбір тағамдарға ете сезімталдығынан (аллергия) пайда болады.
Іш өту механизмі өте күрделі үдеріс. Іш өту механизмінің біріне ішектің перистальтикасының күшеюі жатады. Соның салдарынан тамақ ботқасы тез жылжиды да, қорытылмаған тамақ сыртқа шығады. Ішек қабырғасының зақымдануы, сіңіру үдерісін реттеуші механизм-нің бүзылуы, су алмасуының бүзылуы сіңірудің тез өзгеруі мен іш өтудің пайда болуына әкеліп соғады.
Нежістің сүйылуына ішекте қабыну үдерісінің болуы да себепші болады.
Кейде іш өтуге ішектің ашытқыш және шіріткіш флорасының тепе-тендігінің бүзылуы да себеп болады. Ашытқыш флора көбей-генде ашытқы диспепсия пайда болады. Бүл кезде нәжістің реакция-сы қышқыл, қүрамында көп мелшерде крахмал дөндері, өсімдік клетчаткасы, йодофилді микробтар болады және нәжіс ботқа тәрізді, әрі ауа көпіршігі кеп болады. Бүл жағдайда үлкен деретке күніне 2—3 рет шығады. Себебі қүрамында көмір суы болғандықтан олар-дың сіңірілуінің бүзылуына байланысты болады.
Іріңді диспепсия. Бүл асқазанның секреторлық қызметінің жетіспеушілігінде жиірек кездеседі. Түз (хлорлы) қышқылының болма-уына байланысты асқазан сөлінің бактериоцңцтік әсері жой-ылады. Соның өсерінен жеткілікті қорытылмаған тамақ асқазаннан ішекке тез өтіп кетеді де, белоктардың қорытылуына кері әсерін тигізеді. Бүл іріңді диспеп-сияның дамуына әкеліп соғады. Іріңці диспепсияда нәжіс сүйық, қоңыр түсті, реакциясы қышқыл бола-ды. Қүрамында қорытылмаған ас қалдығы және ірінді исі болады. Нәжісті микроскопиялық әдіспен зерттегенде көптеген май және бүлшық ет талшықтары табылады. Нәжістін қүрамындағы органи-калық заттар көбейеді, иодофилді флора жойылады,
Ток ішектің органикалық зақымдануы кезінде іш өту онша кеп болмайды жөне ол науқастың жағдайына онша теріс әсер етпейді. Ал ащы ішек зақымданганда ішектщ қозғалу жөне сіңіру үдерістерінің бүзылуына байланысты қатгы іш өтеді, сонымен қатар ас қорыту үдерІсі жөне организмдегі зат алмасу үдерістері (белок, темір, вита-мин, электролиттердің сіңірілуінің) бүзылады.
Іштің қатуы (оһзііраііо) — ол нәжістің ішекте үзақ уақыт (48 са-ғатган көп) түрып қалуы. Іштің қату үзақтығы тек патологиялық жағдайға ғана емес, сонымен қатар түрмыс жағдайы мен тамақтану тәртібіне де байланысты. Өсімдік тектес тағамды көп қолданғанда, күніне 2-3 рет үлкен дәретке шығады, ал етті тағам көп қолданған-да, дәретке сирегірек шығады. Күнделікті қолданылатын тағамның әр түрлілігі іштің қатуын болдырмайды. Аз қозғалу, ашығу үлкен дәретке шығудың арасындағы үзілісті үзартады. Іштің қатуында ішектегі заттар тоқ ішек пен тік ішекте түрып қалады.
Іштің қатуын органикалықжөне функционалдық деп бөледі. Орга-никалық іш қату ішектің қуысының тарылуы мен ісікке байланыс-ты болады. Сол сияқты ішектің даму кезіндегі ауытхүларына да байланысты болады.
Функционалдық іштің катуын:
1)алиментарлық;
2)неврогенді;
3)тоқ ішектің қабынуға байланысты зақымдануы;
4)токсикалық (улануға байланысты);
5)эндокриндік - ішкі секреция бездерінің қызметінің төмендеуі;
6)физикалық қозғалыстың жетіспеушілІгі;
7)іштің бүлшық етінің қатандығының төмендеуі деп бөледі.
Ішектен қав кету. Ол ас қорыту жүйесінде ойық жара пайда
болғанда, қүрт түскенде, ауыр инфекциялық ауруларда (іш сүзегі, бациллярлық дизентерия), шажырқай қан тамырларының тромбозы кезінде, ойық жаралық колитте кездеседі, т. б. себептерден ішектен қан кетуі мүмкін.
Анамнез. Науқастан жас кезінен бастап &уру пайда болғанға дейін қалай тамақтанғанын, уланды ма, жок пД кдндай тагамды жақсы көретенін мүқият сүрау қажет. Сонымен қатар алкоголь қолданды ма, темекі шегеді ме, тамақтану уақытын сақтай ма, тағамның тек бір түрімен гана тамақтана ма, жоқ па, міне осының бәрін сүрау керек. Бүрын ішек ауруларының болуы, басқа органдардың патоло-гиялык өзгерістері де кейде ішектің зақымдануына өкеліп соғады.