Тамақтануды өзгерту
Мүмкін Сіз өзіңізді сапалы тағам қабылдап жүрмін деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ сізге көптеген тағам құрамын өзгертуге тура келеді: тұз, май, алкоголь. Дәрігер Сізді диетологқа жіберуі мүмкін, ол Сізбен жұмыс жасай отырып, өзіңізге жеке тамақтану тәртібін жасап шығарады. Бұл әрекет жағдайыңызды жақсартып, жүрек жетіспеушілігін бақылауда ұстап тұруға көмектеседі.
Дене салмағын қалай дұрыс қадағалау қажет
Жүрек жетіспеушілігі көп жағдайда дене салмағының өзгеруімен қатар жүреді. Бұл өзгерістер денсаулығыңызға өзгерістер әкелуі мүмкін, сондықтан, оны қадағалап отыру керек.
Салмақ жоғалту
Егер Сіз аз уақыт аралығында салмағыңызды ешқандай күштемесіз тез жоғалтсаңыз, бұл жағымсыз симптом болуы мүмкін. Бұл жағдай Сіздің қажетті калория қабылдамауыңыздан немесе жүрек жетіспеушілігі немесе физикалық белсенділіктің жоқтығынан бұлшықет массасының азаюын білдіреді. Сонымен қатар, мұндай жағдай зәр айдағыш заттарды көп қабылдаудан да болады. Салмағыңыз күрт төмендесе дәрігерге немесе медбикеге хабарласуды ұмытпаңыз. Бұлшық ет массасының азаюы ісіну кездерінде байқалмауы мүмкін, өйткені дене салмағы өзгермей сол қалпында қалады.
Егер Сіз салмағыңызды тез жоғалтып жатсаңыз және оны қалпына келтіре алмай жатсаңыз, дәрігеріңіз немесе диетолог, Сізге арнайы жоғары калориялы, жоғарғы белокты жеке тамақтану тәртібін ұйымдастыруға кеңес береді. Сонымен қатар, тағам мөлшерін азайтып, жиі қабылдасаңыз да пайдасын тигізеді.
Салмақ қосу
Кенеттен салмақ қосу ісінумен немесе артық тағам қабылдаумен түсіндіріледі.
Ісінуден болған салмақ қосу жүрекке күштемені ұлғайтады, жүрек қандағы артық сұйықтықты айдау үшін қосымша күш жұмсайды. Ісіну кезінде адамдар өте жылдам түрде салмақ қоса бастайды. Бұл проблема туралы өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен немесе медбикемен кеңесіңіз, себебі, жағдайыңыздың нашарлауына алып келуі мүмкін.
Артық тамақ қабылдаудан болған салмақ қосуда да, жүрекке артық күш түседі, себебі, көптеген тіндерді оттекпен қамтамасыз етіп отыру қажет. Яғни, бұл жүректің күнделікті адам жасайтын әрекеттеріне көп күш жұмсауына тура келеді деген сөз. Артық тамақ қабылдаудан болған салмақ қосу әдетте баяу дамиды. Осындай жолмен де салмақты тез арада қосу – өз жағдайыңызға кері әсерін тигізіп, аурудың белгілерінің тез білінуіне жағдай жасайды. Өзіңіздің тамақтану тәртібіңізді медбикемен немесе диетологпен кеңесе отырып, жүрекке артық күш түсірмеу үшін өзіңізге қандай диета жағатынын, қандай жаттығулар жасау керектігін біліңіз.
Денеге салмақ қосуды бағалау
Дене салмағыңызды бағалау үшін, күнделікті өлшеніп тұрыңыз. (белгілі бір уақытта жасап тұрған жөн, мысалы, таңертең, пижамада, дәретке барар алдында). Сонда дәрігеріңіз салмағыңыздың өзгерісін бірден байқайды. Мүмкін, Сізге зәр айдағыш заттардың мөлшерін өзгерту керек болар.
Тұзды қолдану
Жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастар үшін ас тұзын қолдануды төмендету өте маңызды. Тұз адам ағзасына керек, бірақ аз ғана мөлшерде. Табиғи тұз көптеген азық-түлік құрамында бар, сондықтан тамаққа 2-3 г артық тұз қолданбауға тырысыңыз.
Неліктен?
Адам ағзасы жүрек жетіспеушілігі салдарынан артық су мен тұзды нашар шығарады. Сондықтан денеде сұйықтық жиналады. Артық сұйықтық алақан, табан, асқазанның ісінуіне және артық салмаққа алып келеді. Сонымен қатар, бұл сұйықтық өкпеде іркіліп, Сізде ентігу пайда болады. Артық сұйықтық қан көлемін ұлғайтады. Ал оны бүкіл денеге айдау үшін жүрекке жүктеме арта түседі. Сонымен қатар, тұзды тағамнан кейін ағза суды көп мөлшерде қажет етеді.
Қалай?
· Жеміс жидек және көкөністерді көп жеуге тырысыңыз, етті басқа тағамдармен (мысалы соя ақуызымен) алмастырыңыз, табиғи тамақтануға тырысыңыз, қанықпаған май қышқылдарын (мысалы, бадам майы), ботқа, балық қабылдаңыз.
· Тамағыңыздың иісі аңқыған болуы үшін оған әр түрлі көк шөптерді, дәмдеуіш және жеміс жидек шырынын (лимон шырыны, лайм) қосыңыз.
· Тағамға көп тұз салып жібермеу үшін оның ыдысын үстелге қоймаңыз
· Құрамында тұзы көп дайын азық түліктерден аулақ болыңыз. Мысалы, жартылай фабрикат, консервіленген көкөністер, сыр, шұжық тағамдары, құрғақ тамақ, нан, қызанақтың қайта өңделген өнімдері (мысалы, кетчуп, томат шырыны және т.б.) әртүрлі соустар. Осындай азық түлік құрамындағы тұз мөлшерін бақылап және этикеткаларында жазылған ақпаратқа үнемі қарап жүріңіз.
· Азық түліктердің құрамындағы тұз мөлшерін білу үшін әрқашан олардың этикеткасына қараңыз.
· Егер үйден бөлек жерде тамақтансаңыз, тағамдарды таңдап жеуге көңіл бөліңіз.
Сізде ісінулер болмаса немесе зәр айдайтын заттарды қабылдап жүргеніңіздің өзінде, тұзды қолдануды шектегеніңіз дұрыс, өйткені ол денсаулығыңызға пайдалы. Сонымен қатар еміңізге де нәтижелі әсерін тигізеді. Жүрек ауруларының алдын алу үшін тұздылығы төмен емдәм үлкен рөл ойнайтыны дәлелденген. Сізбен бірге тамақтанатын немесе азық-түлік алуға өзіңізбен бірге баратын жақындарыңыз және достарыңыз тұзды аз мөлшерде қолдана бастағаннан тек қана ұтады.