Жедел қан тамыр жеткіліксіздігі, себептері, клиникасы, естен тану мен және коллапстың клиникасы, жедел жәрдем көрсету.

Талу немесе синкопе жалпы бұлшық ет әлсіздігімен, постуралды тонус төмендеуімен, жүрек қан тамыр жүйесінің жедел бұзылысымен (АҚҚ төмендеуі, жіп тәрізді тамыр соғысы, аритмиямен) сипатталатын уақытша естен тану жағдайы.

Синкопе жағдайының дамуында бас ми қанайналымының ретикулярлы формациясын белсендіретін қан ағымының транзиторлы жеткіліксіздігі негізгі себеп болып табылады. Бас ми қанайналымының метоболикалық процессі церебральды қанағымына және перфузиясына тікелей байланысты. Церебральды қан ағымының төмендеуі 10 сек кейін естің бұзылуына алып келеді. Синкопе жағдайының себептері көп: тамырлық, кардиалдық, неврологиялық, метаболикалық. Көбінесе синкопе ортастатикалық гипотензиядан, жүрек ырғағы (тахиаритмия, блокадалар) және кардиодепрессивті висцеро висцералды рефлекс бұзылуынан дамиды. Синкопе жағдайындағы науқастардың АҚҚ горизантальды және вертикальды жадайда өлшеу, тамыр соғысын есептеу, ЭКГ тіркеу қажет.

Талудың ауруханаға дейінгі сатысында келесі варианттарын ажыратамыз:

1.Вазвагальды талу

2.Тырысумен (судорожный) байқалатын талу

3.Симптоматикалық талу

4.Дроп шабуыл

5.Аритмиялық талу

Талу кезінде парасимпатикалық белгілер, терінің бозаруы, АҚҚ төмендеуі. Негізгі белгісі терлеу. Гипогликемия кезінде тырысулар және гипогликемиялық кома дамиды.

Вазовагальды талу (жай талу)

Вазовагальды синкопе жағдайына әрекет ететін факторлар қатты қорқу, үрейлену, мазасыздық, қанды көргенде қорқу, жайсыз хабарлар, жағдайлар, науқас қайғылы жағдайдың куәгері болса, стоматологиялық ем шаралардан қорқу және кезекте тұру, бұдан басқа медициналық емдік манипуляциялардан қорқу. Вазодеппресивті талу жиі әртүрлі емдеу кезінде ауырсынудан кейін пайда болады. Вазодеппресивті талу дамуына ұзақ уақыт вертикальды қалыпта болу, кезекте тұру, ыстық немесе қапырық бөлмеде болғанда, қатты шаршау, дұрыс ұйықтамау ішімдік ішу, қалтырау әрекет етеді.

Патогенезі

Вазовагальды талу кезінде ең алдымен симпатика белсенділеніп, депонирленген қан мөлшері ұлғаяды. Жеткіліксіз қанға толы сол жақ қарыншаның жиырылуы артып, қарыншалық механорецепторларды және кезеген нервтің афферентті талшықтарын белсендіріп, осыдан симпатикалық эфферентті тонус белсенділеніп, парасимпатикалық эфферентті тонус жоғарылайды. Нәтижесінде вазодилятация және брадикардия, индуцирлеуші артериалды гипотензия және синкопе жағдайы дамиды.

Клиникалық көрінісі: науқас естен тану кезінде қозғалыссыз, тырысу байқалмайды, терісі бозғылт, суық тер басқан. Жүрек қан тамыр жүйесін тексергенде брадикардия, кейде экстрасистолия, систолалық артериялық қан қысымы төмендейді (кейбір науқастарда 70 тен – 50 мм.сын. бағ). Бірақта науқасты горизантальды қалыпта жатқызссақ АҚҚ тез көтерілуіне әрекет етеді. Талу бірнеше секунд немесе минутқа созылуы мүмкін.

Диагностикалық маңызы:

1.Әрекет етуші факторлардың жиынтығы;

2.АҚҚ төмендеуі және естен тану кезінде брадикардия байқалады;

3.Талуға алып келетін жағдай;

4.Постсинкопе жағдайында терінің жылылығы және ылғалдығы;

5.Эпилепсияға қатысты анамнездік мәліметтердің және тырусулардың болмауы;

6.Кардиологиялық және соматикалық аурулардың байқалмауы.

Шұғыл көмек

Науқасты Тренделенбург жағдайында жатқызу, қысып тұрған киімдерінен босату, таза ауамен қамтамасыз ету, мұрнына нашатыр спиртін иіскету, бетіне мздай су шашу. Тері астына 10% 1 мл кофеин немесе 2 мл кордиамин, адреномиметик мезатон 1 мл 1% ерітіндісін, 0,1 % 0,5 мл адреналин ерітіндісін т/астына енгізу керек.

Есте сақтау керек 0,2 % 1 мл ноадреналин к/тамырдан енгізу керек, себебі тері астына енгізгенде жұмсақ тіндердің некрозына алып келеді. Жай талу кезінде ауруханаға жатқызылмайды.

Тырысумен байқалатын талу

Талудың бұл түрінде кеңінен жайылған немесе парциалды тоникалық тырысулармен сипатталады. Кейде оларға біртекті клоникалық дірілдеулер, қарашықтың кеңеюі, нистагм байқалады. Сирек жағдайда сілекей ағуы, еріксіз зәр шығаруы немесе дефакация байқалады. Ессіз күй кейде бірнеше минутқа созылады. Талудан кейін жалпы әлсіздік, құсу, іш аймағында жағымсыз сезім сақталады. Ауыр талу ұстамаларын эпилепсиялық талулардан ажырату керек. Талудан кейін сирек жағдайда ұйқышылдық байқалады, эпилепсиядан айырмашылығы амнезия дамымайды.

Шұғыл көмек жай талу кезінде және басқа тырысу кезіндегі көмекке ұқсас.

Симптоматикалық талу

Симптоматикалық талу соматикалық ауруларға байланысты болуы мүмкін. Өкпенің созылмалы ауруларында гипоксияға алып келуі мүмкін. Естен тану жөтелгенде пайда болуы мүмкін, себебі кеуде қуысында қысымның жоғарылауынан және ұзаққа созылған жөтелден (беттолепсия) бас сүйегінің венозды қан ағысы нашарлауына байланысты дамиды. Талудың генезін анықтау үшін тамыр соғысының жиілігін бақылау, ЭКГ талдау жасай керек.

Дроп шабуыл

Сирек кездесетін пароксизмальды жағдайға байланысты науқастың кенеттен құлауын айтамыз. Науқаста құлау шабуылы вертебробазилярлық жеткіліксіздік кезінде, кейде дені сау жүкті әйелдерде байқалады. Талудан айырмашылығы құлаған кезде естен тану болмайды. Дроп шабуыл кезінде шұғыл көмек қажет емес. Ауруханаға жатқызу негізгі ауруына байланысты анықталады.

Аритмиялық талу

Жүрек соғуының жиіленуі және артуы бірден жүректе минуттық қан айдау көлемін баяулатады, барлық ағзаларға қан жетпей қалады, сонымен бірге миға да сондықтан талуға алып келеді. Ырғақтың бұзылуы жүрекшелердің жыбырлауы пароксизмальды түрін қосқанда, көлденең блокадалар, сирек идиовентрикулярлы ритм естен тануға алып келеді. Басқа аритмиялар қарынша үстілік және қарыншалық тахикардия, тұрақты жыбырлы аритмия, синатриалды блокада кезінде талу сирек байқалады. Бірақ та белгілі бір дәрежеде миокардттың жиырылу қабілетінің төмендеуі қатерсіз аритмия естен тануға алып келеді. Бас миының ұзақ және ауыр гипоксия кезінде естен тану кезінде тырысулар (Моргани Адамс Стокс ұстамасы) байқалады. Науқастың анамнезінде жүрек қан тамыр жүйесінің ауруы болса, жасына қарап, пальпация кезінде тамыр соғысының өзгерісіне қарап, айқын тахикардия немесе брадикардия анықталса «Аритмиялық» талуға күдіктенуге болады. ЭКГ тіркемесіне түсіру.

Шұғыл көмек

Егерде ұзақ талу кезінде аритмиялық сипаттамасы белгісіз болса реанимациялық шаралар жүргіземіз, жүрек қызметі тоқтағанда жүрекке тікелей емес массаж, өкпені жасанды желдету керек. Тахиаритмия кезінде электроимпульсті терапия жүргізу керек. Пароксизмалық қарыншалық тахикардия кезінде дефибриляция жасауға болмағандықтан, жүрекше аймағына жұдырықпен бір рет соғу арқылы қайталауға болады. Брадиаритмия кезінде к/тамырға 0,1 % 0,75 мл атропин ерітіндісін және к/тамырға тамшылатып 100- 200 мл 0,9 % натрий хлорид ерітіндісін, 1 мл 0,02 % изуприн ерітіндісін енгіземіз. Соңынан антиаритмиялық терапия жүргіземіз.

Коллапс

Коллапс жедел тамырлық жеткіліксіздігі, тамыр тонусының төмендеуімен, бас ми гипоксия белгілерімен және организмнің өмірге маңызды қызметтерінің төмендеуімен сипатталатын ауру. Коллапс кез келген жағдайда әр түрлі инфекция (вирус, бактерия), улану (әсіресе сусызданумен байқалатын) гипер және гипогликемиялық комалар, бүйрек үсті безі қызметі жеткіліксіздігінен, пневмония, әртүрлі аурудың, уланудың терминальды сатысында пайда болады. Коллапс кезінде АҚҚ төмендейді.

Клиникалық көрінісі. Науқастың жалпы жағдайы ауырлайды, бозарады, суық тер басады, еріннің көгеруі, дене температурасы төмендейді, есі кейде сопорозды күйде, кей жағдайда естен тану байқалады, тынысы жиілейді, тахикардия, жүректе күшейген шапалақ тондарын, веналық қан қысымы төмендейді, АҚҚ төмендейді осыдан аурудың ауырлық дәрежесін анықтауға болады.

Шұғыл көмек.

Науқасты горизантальды қалыпта арқасымен жатқызу, басы дорсальды бағытқа бағыттау, қысып тұрған киімдерінен шешіп, таза ауамен қамтамасыз ету, жылы грелкалар қою. Іш аймағына массаж жасау. Аяқ қолдарын этил немесе камфора спиртімен сүрту. Тері астына 0,1% 1 мл адреналин енгізу. К/тамырға 0,1 % 1 мл норадреналин + 5% глюкоза 250 мл тамшылатып минутына 50- 60тамшы, АҚҚ бақылауымен енгізу.1% 0,5 мл – 1 мл мезатон дене салмағына байланысты тері астына енгізу. Айналымдағы қан көлемі азайғанда дәрігердің бақылауымен плазма алмастырғыш сұйықтық (стабизол, рефортан) 20 мл/кг 24 сағат аралығында, преднизолон1-2 мг/кг тәулігіне к/тамырға енгізу керек.

Алғашқы жәрдем көрсетілген соң ауруханаға реанимация немесе интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызылуы тиіс.

Бүйрекке тас байлану ауруы, этиологиясы, өршітетін факторлар, клиникалық белгілері, бүйрек шаншу ұстамасында жедел жәрдем көрсету.

Бүйрек тас аурулары урологияда жиі кездесетін ауру. Амбулаториялық науқастарда 17% жағдайда, ал стационарда 23% кездеседі. Жиі 30-55 жастағы адамдарда кездеседі. Тас көбіне сол бүйрекке қарағанда, оң бүйректе жиі байқалады. Тас пайда болуына бірнеше теориялар қарастырылған, олар кристализация және матрица. Кристализациятеориясына сүйенсек бүйректе тас кристалға қаныққан зәр соңынан, ал матрица теориясы бойынша белоктық негізге тұз тұну нәтижесінен пайда болады. Эндогенді факторлар гиперпаратиреоидизм (фосфор кальций алмасуының бұзылуы), түтікше сүйектерінің жарақаты (қан құрамында кальций деңгейінің көбеюі), асқорыту ағзасының және бауыр қызметінің бұзылуы (зат алмасуының бұзылуы). Бүйректе тас пайда болуына әрекет етеді: зәр мүшесінің және бүйректің туа біткен аномалиялық өзгерістері, қабыну процестері, уродинамиканың бұзылуы, пиелонефрит, жұлынның зақымдануы, параплегия, полиомиелит, малярия, гиперпаратиреоз, түтікшелі сүйектердің сынықтары. Тағам құрамында А В Д витаминдерінің жеткіліксіздігі, несеппен щавельқышқылы, кальций көп мөлшерде шығуынан, ол соңынан тас пайда болуына әрекет етеді. Некроздалған тіндер тас пайда болуының негізін құрайды, сондықтан бүйректің некроздалған емізікшесінің ұшына тұз тұнуына жағдай жасалады. Ары қарай тостағанша және табақша, зәр каналдарына микролит жиналады. Тас пайда болуына зәрдегі инфекция үлкен үлес қосады.

Пиелонефрит кезінде уродинамика бұзылады, табақша және тостағанша қабырғаларында фибриннің түзілуі байқалады, шырыш көптеп бөлінеді, зәр азаюы байқалады.

Химиялық құрамына қарай тастар органикалық емес (ураттар, фосфаттар, оксалаттар, карбонаттар, ксантиндер, цистинді, индигалық) және органикалық(бактериалды, фибринді, амилоидтты). Оксалаттар қоңыр және сұр, фосфаттар ақ сұр, ксантиндер ақшыл сары, цистиндер сұр, ураттар қызыл қоңыр түсті болады.

Бүйрек тас ауруында патоморфологиялық өзгерісі аурудың ұзақтығына, тастың орналасуына немесе инфекцияға тікелей байланысты. Қозғалмайтын тастарға қарағанда, қозғалыстағы тастар бүйрек қызметін, уродинамикасын бұзады. Бүйректегі тас инфекциямен асқынуы мүмкін. Бактериялогиялық зерттеу кезінде ішек таяқшалары және көк ірің таяқшалары, протей, гемолитикалық стрептококк, ақ стафилакокк, клебсиелла анықталады. Инфицирленген зәрдің тұрып қалуы пиелонефритті асқындырып, инфекцияның гематогенді, лимфогенді, уриногенді жол арқылы таратып (апостематозды нефрит, бүйрек абцессі және карбункул, пионефроз, педункулит, паранефрит дамуына) ауруды одан сайын асқындырады.

Бүйрек тас аурының негізгі симптомдары: бел аймағындағы ауырсыну несепағар арқылы таралып, гематурия, тұз және тастардың жылжуы, дене температурасының көтерілуі, дірілдеу, лоқсу, құсу, метеоризм, дизуриялық бұзылыстарға алып келеді . Бүйрек тас ауруында бел аймағының ауырсынуы тұйық және жедел болады. Тұйық ауырсыну аз қозғалатын тастарға тән. Ол көп қимылдағанда, суықтағанда, көп мөлшерде сұйықтық қабылдағанда ауырсыну күшейеді. Жедел шаншып ауырсынубірден басталады, ол қуыққа ауырсыну берілуімен, дизуриялық бұзылыстармен, интестинальды синдроммен, кейде дене қызуының жоғарылауымен жүреді. Бүйрек шаншуының ұзақтығы әртүрлі болады. Тас және тұз жылжығанда ауырсыну басылады. Тас несепағарға төмен жылжыған сайын дизуриялық бұзылыс күшейеді. Гематурия несепағардың немесе тостағаншаның, табақшаның кілегей қабаты зақымдану нәтижесінде, пиелонефритта немесе бүйректе веноздық стазда байқалады. Бүйрек шаншуы кезінде несеп толығымен тоқтаса гематурия байқалмайды, ол тек несеп жолдары қалпына келгенде қайтадан басталады. Лейкоцитурия несеп жолдарының инфицирленген белгісі. Бүйрек шаншу ауруында лейкоцитурия жоқ болып кетеді, бірақ науқастарды қалтырау және жоғары дене температурасы мазалайды. Түссіз зәрдің пайда болуы несеп ағар жолының қалпына келуі. Бүйрек тас ауруы бүйректің жедел іріңді асқынуына алып келуі мүмкін, сондықтан мұндай жағдайда антибиотик көмектеспейді тек қана хирургиялық араласулар ғана тура көрсеткіш болып табылады.

Бүйрек тас ауруы кезінде анурия постреналдық жағдай несеп жолдарының екі жақты бітелуі. Анурия кезінде несеп шығару каналдарында бірден ауырсыну сезімі, дизуриялық бұзылыс, несеп қаптың (мочевой пузырь) зәрге толуы және кіші дәретке шыға алмау жағдайы байқалады.

Олигоурия екі жақты калькулезді пиелонефритте асқынады, несепағар саңылауының жартылай және толығымен бітелуіне болады.

Асқынулар: пиелонефрит, гидронефроз, пионефроз, апостематозды нефрит, карбункул, бүйрек абцессі, анурия, олигоурия, бүйрек жетіспеушілік.

Эндовезикальды тексеріс: (цистоскопия, хромоцистоскопия, катетеризация, ретоградтты пиелография) бүйректің жедел іріңді ауруын шақыруы мүмкін.

Дифференциалды диагностика жүргіземіз: жедел аппендицит, холецистит, панкреатит, асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы, ішек бітелуі, жатырдан түс жүктілік, аднексит, радикулит.

Несепағар тасы бүйректе тастың түсуі. Олар бір жақты немесе екі жақты болады. Бүйрек тастарымен қосарлануы мүмкін. Несепағарда тастар физиологиялық тарылған жерінде: несепағардың интрамуральды және жамбас тамырларының юкставезикальды қиылысқан жерлерінде орналасады. Бұл сопақша жылтыр формалы. Олар уродинамиканы бұзады, гидронефроз, уретрогидронефроз, пионефроздф, жедел іріңді ауруларын дамытады. Бүйрек шаншуы тастың мөлшеріне, диаметріне, орналасу деңгейіне тікелей байланысты. Тас тар жерден өткен соң ауырсыну басылады. Рентгенологиялық, цистоскопия т.с.с әдістер арқылы анықталады.

Зәр қапшығы (мочевой пузырь) біріншілік олар бүйректен түседі. Зәр қапшығында тастар үлкен көлемді болады. Несеп қапшығындағы біріншілік тастар зәр шығару бұзылғанда байқалады: аталық без ауруларында (рак, склероз, аденома), тұз тұну нәтижесінде және бөгде заттар тұрып қалғанда, дренаж немесе жібек лигатуралар салғанда байқалады. Химиялық құрамы оксалат, урат, фосфаттар жиналады. Ауырсыну және дизуриялық бұзылыстармен жүреді. Науқас зәрге бара алмайды. Терминальды гематурия байқалады. Кешке жақын несеп қапшығының аймағында сыздап ауырсыну байқалады. Дизуриялық бұзылыс күні бойы жалғасуы мүмкін. Таспен бітелген жағдайда зәрге бара алмау және зәрді ұстай алмау мазалауы мүмкін.

Шұғыл көмек

Баралгин (брал, спазган) к/т баяу немесе 5 мл б/етке (қажет жағдайда қайталау керек) енгізу керек, баралгин 1-2 таблеткасын басқа топтың дәрілерімен қосып беруге болады, мысалы но шпа 0,04 (1 таблеткадан) 3-4 рет күніне тағайындауға болады.

Глюкоза + новокаинмен бірге араластырып берілетін спазмолитиктер: 5% 100 мл глюкоза + 0, 25% 100 мл новокаин (платифиллин 0,2 % 2,0 мл немесе но – шпа 2% 2,0 мл) немесе 5 мл баралгин к/тамырға тамшылатып.

50% 1 мл анальгин (немесе 5 мл баралгин) + пипольфен (дипразин 2,5 % 2 мл)+платифиллин 0.2% 1,0 мл. б/етке.

0,04 – 0,08 но –шпа (1-2 таблетка) х күніне 3 рет немесе 2% 2,0 мл ерітіндісін б/етке, к/тамырға + 50 мг трамадол 1 капсуласын ішке.

Кең түрде қолданатын «литикалық коктейл» қосындыларын б/етке енгізу:

Платифиллин ерітіндісі 0.2% 1 мл– 1% 1,0 мл промедол ерітіндісі, 2% 1,0 мл димедрол ерітіндісі.

1% 1,0 мл промедол ерітіндісі - 2% 1,0 мл димедрол ерітіндісі – 2% 2,0 мл но – шпа ерітіндісі.

50% 1 мл анальгин ерітіндісі, 2,5% 2,0 мл дипразин (пипольфен)ерітіндісі,платифиллин ерітіндісі 0.2% 1 мл.

Егерде 15- 30 минутта ауырсыну басылмасажылы ванна қолданылады. Бастапқы температура (38-400 С), ақырындап температураны 40 0 С дейін жоғарылатуға болады. Науқас жылы ваннада 15-20 минуттар артық отырмау керек. Егде жастағы адамдармен және жүрек қан тамыр жүйесі аурулары бар науқастарға жылы ваннаны аса сақтықпен қолдану қажет.

Ауруханаға көрсеткіш

Егерде ауырсыну 2-4 сағатта басылмаса, көрсетілген ем нәтижесіз болған жағдайда міндетті түрде урологиялық бөлімшеге жеткізіледі.

Этил спритімен улану

Жіктемесі

1. Жедел интоксикация

2. Созылмалы алкоголизм барысындағы шұғыл жағдайлар Гайе Вернике Корсаков жедел алкогольді энйефалопатиясы, алкогольды делирия

Этил спиртімен жедел улану кезінде спиртті ішімдіктерді салынып ішетіндерде кездеседі. ОЖЖ қызметінің бұзылуы ішімдіктің мөлшеріне, ену жылдамдығына, сол уақытта қабылдаған тамақ құрамына, психикалық жағдайына және арақ шарапқа төзімділігіне байланысты болады. Бұрын басынан өткен ауыр бас ми жарақаты және аурулардан кейін аз мөлшердегі ішімдік мөлшерінен де тез уланады. Улану белгілері ішімдіктің 1,5 г/л концентрациясына тең. Есінің бірден күрт төмендеуі 3,5г\л концентрацияға тең. Ішімдіктің өлімге алып келетін дозасы 5 – 5,5 г/л. Ішімдіктің максимальды концентрациясының әсері 1 -1 ½ сағаттан кейін пайда болады. Егерде ішімдікті бірден көп қабылдайтын болса улану ерте басталуы мүмкін. Ішімдік асқазан сөлімен бейтарапталмайды, себебі ішекте абсорбциялануына байланысты наркотикалық әсерге ие болады. Ішімдіктің бауырда тотығып, бүйрек арқылы өзгеріссіз шығуынан қанға түсіп организмге сіңуі тез жүреді.

Клиникалық көрінісі бас ми қыртысы жұмысының тежелуімен, соңынан тыныс және гемодинамика бұзылысымен жүреді. Ішімдіктің токсикалық әсері микроциркуляцияның бұзылысынан және мидың өмірге қажетті бөліктерінің оттегіге мұқтаждығын арттыруымен байқалады.

Бірден улану ми ісінуіне алып келеді. Улану бастапқы сатысында көңіл күйдің өзгеруімен байқалады. Көңіл күйі жабырқаулы (депрессия, әлжуаз) немесе эйфория, есерсоқтық, сөзшеңдік байқалады. Уланудың күшеюіне байланысты атаксия, диплопия, дизартрия пайда болады. Сопор немесе кома дамыған жағдайда тері жамылғысының көгеруі мен қызаруы анықталады. Суық тер басу, қайталап құсу. Тыныс алу жиілігі төмендейді, беткейлік тыныс алу, дене температурасының және АҚҚ төмендейді, тахикардия пайда болады. Ұстамалы тырысулар, еріксіз зәрдің және нәжістің шығуын байқауға болады.

Неврологиялық статуста бұлшық ет тонустары және сіңір рефлекстері төмендеген. Аса қауіпті белгісі көз қарашығының кеңеюі және жарыққа реакциясының төмендеуі.

Жедел алкогольды улану кезінде ауыздан ішімдік иісінің шығуы тез арада комаға алып келетін себепті анықтауға мүмкіншілік береді. Барлық жағдайда қан құрамындағы ішімдік концентрациясын анықтау керек.

Біріншіден қан құрамындағы ішімдік деңгейіне қарап қажетті интенсивті терапия дәрежесін анықтаймыз.

Екіншіден ішімдіктен жедел улану кезінде бас ми жарақаты мен инсульт белгілері байқалмайды.

Үшіншіден қосарланған улану кезінде ішімдік және басқа да улы заттар мен (транквилизаторлар, антигистаминді, ұйықтататын дәрілер) кезінде байқалады.

Шұғыл көмек.

Ауруханаға дейін науқастың ауыз қуысын, мұрын жұтқыншақтарын кілегейден тазалау керек. Тілі түсіп кеткенде, жұтыну бұзылған жағдайда трахеяға интубация жасап, асқазанды зонд арқылы жуу керек. Интубация тыныс жолдарының өткізгіштігін жақсарту үшін қолданылады. Науқастар токсикологияға жеткізіледі.

Ауруханада қан құрамындағы қант деңгейін анықтаған соң к/тамырға 20% 500 – 700 мл глюкоза ерітіндісіне 20 ЕД инсулин тамшылатып енгізу, содан кейін 4% натрий бикарбонат (ацидоздың алдын алу үшін) енгізіледі. Енгізілетін натрий бикарбонат деңгейі зәрдің шығарылу мөлшеріне сәйкес. Б/етке 5% 20 мл Вит В-1, 1000 мкг Вит В 12. Ішімдіктен уланудың ауыр түрінде гипомагнемияға 25 % 10 мл магний сульфаты тағайындалады. Олигоурия кезінде 40 мг фуросемид к/т немесе б/етке. Гипотермияда (35, 5- 35 С) науқасты грелкамен жылыту керек. Ұстамала тырысулар қайталанса седуксен (брюзепам)10- 20 мг к/тамырдан енгізіледі.

Коллапс жағдайында тек кортикостереоидтты гормондар тағайындалады. Кофеин, метразол, кордиамин, бемегрид тағайындалмайды. Кофеин ішімдіктен антогонистік қасиетін жояды, кордиамин және бемегрид гипоксиядан эпилептикалық ұстамаларға алып келуі мүмкін.

12- 18 сағат аралығында ем нәтижесіз болса, қан құрамындағы алкоголь деңгейі 3 г/л жетсе тез арада гемодиализ жасау керек.

Метил спирті (метанол) құрамында көптеген улану заттары бар, организмде құмырсқа қышқылына дейін ыдырайды. Аз мөлшерде қабылданса да (10- 20 мл) ми тіндерін және көз торларын зақымдайды.

Клиникалық көрініс 4-6 сағаттан кейін басталады. Жеңіл түрінде этил спиртімен уланғандағы көрініске ұқсас. Орташа ауырлық дәрежеде бұлшық ет ауырсынуы, дене температурасының жоғарылауы, тері және көз көруінің нашарлауы. Уланудың ауыр түрінде тыныс нашарлауы үдейді, АҚҚ төмендейді, көз түбі ісініп, соқырлыққа дейін алып барады, көз көруінің төмендеуі, офтальмоплегия. Естен тану, ұстамалы тырысулар пайда болады. Өлімге алып келетін дозасы 50 – 250 мл.

Шұғыл көмек

1-2 % натрий бикарбонат ерітіндісімен және сумен шаю. Уланудың ауыр түрінде гемодиализ, гипербарикалық оксигенация жасау керек. Этил спирті антидот болып табылады. Ауыр түрінде 5-10% ерітінді тамшылатып 1 мл (кг/тәу) 96 С спирт к/тамырға енгізіледі. Жеңіл және орташа дәрежесінде 30 %100 мл этил спиртін, содан кейін әрбір 4- 6 сағат 50 мл ішке форсирленген диурез жүргізіледі. Плазманы сілтілеу үшін к/ 4% 200 – 300 мл натрий бикарбонатын тамшылатып енгіземіз. Инфузиялық кортикостероидтты гормон к/т тағайындалады.

Наши рекомендации