Аңқа мен мұрыннан жұғынды алу

ОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Шымкент медицина институты

Дипломнан кейінгі білім беру факультеті

Жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Дипломнан кейінгі білім беру

Факультетінің деканы м.ғ.к., доцент

А.А.Сариева

Жыл

Чек-парақтары

Мамандығы : 051301 (5В130100) Жалпы медицина «Жалпы тәжірибелік дәрігер»

Пән атауы: ZhA6(7)316 Жұқпалы аурулар

Жалпы сағат: 180 с.

Тәжірибелік сабақ 120 с.

ИӨЖ 60 с.

Шымкент - 2016 ж

Аңқа мен мұрыннан жұғынды алу - student2.ru

Чек-парақтар «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша интернатураға арналған жұмыс оқу бағдарламасы және жұмыс оқу бағдарламасы және типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалған № 734 26.10. 2011 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды.

Кафедра менгерушісі, м.ғ.д., профессор м.а ________________ Г.А.Утепбергенова

Хаттама №_____ «_______» __________ 2016 ж.

Бағалау және оқыту әдістері комитетінде қаралды.

Комитет төрайымы, м.ғ.д., профессор қ.а.____________А.Ш.Садыкова

Хаттама №_____ «_______» __________ 2016 ж.

Білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданды.

Комитет төрайымы м.ғ.к., доцент ____________ П.Е.Калменова

Хаттама №_____ «_______» __________ 2016 ж.

Асқазанын жуу техникасы.

Интерннің шифрі_____________________________

Қадамдарды бағалау критерийлері Балл түрінде бағалау
Керек жабдықтар дайындау: тренажер, асқазан зонды, воронка, Жане шприці, асқазан шаюға арналған су, кленкалы фартух, перчатка, стерильді пробиркалар, шара, сүлгі, салфетка, маркер.      
Науқаспен сенімді қатынас орнату, процеддураны түсіндіру. Процедураға қарсы көрсеткітер жок екеніне көз жеткізу.      
Науқасты дұрыс орналастыру:есі жоқ жағдайда – сол бүйірімен жатқызу , есі бар жағдайда – басын және денесін аздап енкейтіп отырғызу.      
Науқасқа кленкалы фартук кигізу, шетін шараға түсіру. Стерильді қолғап кию.      
Ендіру үшін зондттың ұзындығын өлшеді – мұрын ұшынан құлақтың сырғалығына дейін және төс сүйегінің семсер тәрізді өсіндісіне дейін. Зондқа белгі салды.      
Дәрігер науқастың сол және артқы жағына орналасты, зондты оң қолымен алды. Зондтың ұшын глицеринге батырып, мұрын немесе ауыз арқылы белгіге дейін енгізді.      
Зондтың асқазанға дұрыс барғаныны көз жеткізу (жөтелудің, аускультация кезде өкпеде сырылдардың болуы).      
Асқазан деңгейінде орналасқан зондқа ішіне суы бар Жане шприцті жалғап,суды жайлап жіберу. Жане шприцімен қайталап суды тартып алу. Алынған сұйықтықты анализге алды, қалғанын ыдысқа төкті.      
Жоғарыда көрсетілген шараны жуылған су таза болғанға дейін, бірнеше рет қайталады. Асқазанды жууға арналған судың көлемі—1 жасқа дейінгі балаға 1 литр.      
Зондты абайлап алып, ауыз айналасын салфеткамен сүртті.      
  Қорытынды      

Кезең бойынша максимальды балл – ____________

Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 5 минут

Жинаған баллы_____________( _______% )

Емтихан қабылдаушының аты-жөні__________________

Аңқа мен мұрыннан жұғынды алу

Интерн шифрі:______________________________________

Қадамдарды бағалау критериі Балл түрінде бағалау
1. Қажетті құрал жабдықтар: спирт ,екі стерильді пробирка, тампон мен штатив ,шпатель, маркер , стерильді қолғаптар ,сүлгі,салфеткылар(мұрын сүртуге),жолдама      
2. Қолды жылы сумен жуып, спиртпен өңдеп, бір реттік резинкелі қолғап киеміз      
3. Стерильді пробирканы дайындап, ішінен тампонмен белгілейміз «А» (аңқа), «М» (мұрын), штативке орналастырамыз.      
4. Науқастың процедура өткізуге дайындығына көз жеткіземіз (ашқарынға немесе тамағын шайғаннан соң 2 сағаттан кейін)      
5. Науқастың басын шалқайтып жарықа қаратып отырғызамыз, аузын ашуын өтінеміз.      
6. Сол қолдағы шпательмен тілді фиксициялайды, оң қолмен пробиркадан тампонды алып, екі жақтағы миндалинадан тигізулі қимылмен жағынды аламыз, таңдайға, тіске, тілге тигізбей, зақымданған және сау аймақ аралығынан жағындыны аламыз.      
7. Жағынды алар алдында, науқастан мұрын жолдарын тазалауды өтінеміз .      
8. Мұрын қуыстарына тампонды 0,5-1 см тереңдікте енгізіп, бұру қимылымен мұрынның аралығына тигізу керек      
9. Алынған материалды жылы сүлгіге орап, екі сағат ішінде зертханаға тез жеткізу керек . Арнайы жолдамамен жіберіледі.      
10. Жолдамада науқастың аты-жөні, жасы, ауырған күні, диагнозы, бөлімше, материалды алған күнні мен уақытын белгілейді.      
  Қорытынды      

Кезең бойынша максимальды балл – ____________

Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 5 минут

Жинаған баллы_____________( _______% )

Емтихан қабылдаушының аты-жөні__________________

Менингеальді белгілерді анықтау

Интерн шифрі:______________________________________

    Қадамдарды бағалау критериі Балл түрінде бағалау
1. Емтихан тапсырушы жалпы жағдайын бағалады: менингиттің ерте белгілеріне көңіл аударды (жалпы милық симптомдар) жоғары температура, қайталамалы құсу, бас ауруы, ауру сезімінің орналасқан жерін сұрастырды (жиі маңдай тұсы, көз алмалары ауырады).      
Аурудың жату қалпын анықтады. Басын арқаға шалқайту, аяқтарын тізе буыннан ішіне қарай жинап алу, қарнын ішіне тартып алу.      
3. Аурудың қарқынын, дыбыстық, жарықтық тактильді тітіркендірулерге (гиперестезия) күшеюін анықтады . Бехтерев жақты симптомын анықтады.      
4. Емтихан тапсырушы науқастың есін анықтады-ұйқышылдық, сопор, кома. Ұйқышылдық- қоршаған ортаға бағдары төмен, сұрақтарға кеш немесе жай жауап қайтарады, тез ұйқыға кетеді. Сопор- есін терең жоғалту, қатты дыбыс, терең ауырсынуларға ғана (шаншу, шымшу) оянады. Кома- есін толығымен жоғалту, терең ауырсынуларға да жауап қайтармайды, рефлекстердің болмауы.      
5. Емтихан тапсырушы мойын бұлшық еттерінің ригидтілігін анықтады. Студент науқастың басын кеудесіне қарай ептеп бүгті бірақ басты жазатын бұлшық еттердің тонусының күшеюіне байланысты бас толық бүгілмеді.      
6. Ригидттілікті анықтай отырып осы кезде жоғарғы Брудзинский симптомын анықтайды. Шалқасынан жатқан науқастың басын кеудесіне қарай ептеп бүккенде, аяқтары тізе мен жамбас буындарында бүгіледі.      
7. Ортаңғы Брудзинский симптомын анықтайды – симфизге басқан кезде аяқтары тізе мен жамбас буындарында бүгіледі.      
8. Керниг симптомын анықтады. Бұл жағдайда науқастың аяғы жамбас буынында бүгілген кезде тізе буынын жазу мүмкін емес.      
9. Төменгі Брудзинский симптомын анықтады: науқастың бір аяғын жамбас және тізе буынында бүккенде екінші аяқта бүгіледі.      
10. Лессаждың іліну симптомын көрсетті және түсіндірді. Баланы екі қолтығынан сұк саусақтарымен басын арқа жағынан ұстап тұрып көтерген кезде аяқтары тізе мен жамбас буындарында бүгілуі себебінен,, олар еріксіз ішіне қарай тартылып, осы қалыпта біраз уақыт тұрады.      
  Қорытынды        

Кезең бойынша максимальды балл – ____________

Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 5 минут

Жинаған баллы_____________( _______% )

Емтихан қабылдаушының аты-жөні__________________

Наши рекомендации