Алиментарлы аурулардың түрлері. Аурулардың аттарын жазып, профилактикалық алдын алу шараларын көрсетіңіз.

Алиментарлық аурулар.

Тамақтанумен байланысты ауруларды алиментарлық аурулар деп атайды. Дүние жүзілік денсаулық сақтау (ДДСҰ) ұйымының жіктеуі бойынша олар:

I. Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын аурулар.

II. Жарамсыз тағамдарды қабылдаумен байланысты аурулар.

III. Ағзаның жеке ерекшеліктерімен байланысты аурулар деп бөлінеді (тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ферментопатиялар, тағам аллергиялары).

Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын ауруларды 4 топқа бөледі:

· Толық аштықпен және жалпы жеткіліксіз тамақтанумен байланысты аурулар – алиментарлық дистрофия.

· Тамақтанудың бірлі-жарым жеткіліксіздігімен байланысты аурулар – бір немесе бірнеше тағамдық заттардың салыстырмалы түрде немесе абсолюттік жеткіліксіздігімен байланысты.

· Артық тамақтанумен байланысты аурулар.

· Тағамдық азықтардың дұрыс балансталмағандығына және тамақтану режимінің сақталмауына байланысты аурулар.

Аштық кезінде немесе жалпы жеткіліксіз тамақтану (тамаққа жарымау) кезінде алиментарлық дистрофия дамиды, бұл ауруға дене салмағын күрт жоғалту, барлық мүшелер мен жүйелердің қызметінің бұзылуы, “аштықтан ісіну”, ағзаның қарсылық күшінің төмендеуі тән және өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Тамақтанудың бірлі-жарым жетіспеушілігімен байланысты ауруларға жататындар:

· Ақуыз — энергия жетіспеушілігі (квашиоркор, алиментарлық маразм, анемия, кахексия, алиментарлық қортықтық).

· Дәрумендердің жетіспеушілігі – гипо- және адәрумендіктер (қырқұлақ, мешел, тауық соқырлығы, бери-бери, пеллагра, т.б.)

· Минералдық заттардың жетіспеушілігі (эндемиялық жемсау, тісжегі, мешел т.б.)

· Майлардың жетіспеушілігі — “май жетіспеушілік” ауруы

· Көп қанықпаған май қышқылдарының (ПНЖК) жетіспеушілігі

Тамақ жетіспеушілігінен пайда болатын аурулар, тұрмысы нашар халықтардың арасында, әсіресе, дамып келе жатқан елдерде кеңінен таралған. Олардың негізгі себептері, тамаққа жарымау, рационда жануар текті ақуыздардың, майлардың жеткіліксіздігі, бірыңғай көмірсу түріндегі тағамдарды басым қабылдау, сондай-ақ, тағамдық заттардың сіңу үрдісінің бұзылуы. Бұл жағдайда, тамақ жетіспеушілігінің клиникалық көріністері бірден пайда болмайды, біраз белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайда болады, себебі, басында биохимиялық бейімделу механизмі өз қызметін атқарады.

Алиментарлық аурулар – ағзаға тағамдық заттардың физиологиялық қажеттілігімен салыстырғанда жеткілісіз немесе артық мӛлшерде тҥсуінен пайда болатын аурулар. Барлық алиментарлық арулар 5 негізгі топқа бӛлінеді.

I. Алғашқы (экзогенді ) алиментарлық аурулар. Олар адамның тамақтануында нутриенттердің немесе энергияның артық немесе кем болуымен байланысты. Олардың басты ерекшелігі –этиологиясы, патогенезі, клиникасы, профилактикасы, емделуі тек қана тамақтанумен

байланысты.

Алғашқы (экзогенді ) алиментарлық аурулардың жіктелуі:

1. Әртҥрлі дәрежедегі ақуыздық-энергетикалық жетіспеушілік,алиментарлық маразм, ақуыздық-энергетикалық жетіспеушіліктен дене дамуының тежелуі.

2. Ақуыздық жетіспеушілік, соның ішінде квашиаркор

3. Авитаминоздар

4. Минералдың жетіспеушілігі: теміржетіспеушілігі анемиясы, эндемиялық зоб

5. Артық тамақтанудан болатын аурулар мен синдромдар

5.1. Калорияның артық болуы- 1-4 дәрежедегі семіру

5.2. А және Д гипервитаминоздары

5.3. Ақуыздың, жартылай қанықпаған май қышқылдарының артық

болуының синдромдары

5.4. Минералдық заттардың артық болуы – флюороз,селеноз,

молибденді падагра

5.5. Белгісіз аурулар. Кашина-бека ауруы, Гафф ауруы

II. Артық немесе тамақтанудың жетіспеушілігінен болатын

Екінші реттік аурулар

Бҧндай аурулардың пайда болуы нутриенттердің сіңірілуінің

бҧзылуына, нутриенттердің ыдрауының кҥшеюіне немесе керісінше

семіруге әкелетін сырқаттары бар мҥшелер мен жҥйелердің болуымен

байланысты. Алиментарлық аурулардың бҧл тобының негізіне жатады –

инфекциялық, эндокринді, хирургиялық, онкологиялық аурулар, нервтік-

психикалық анорекция. Мысалы: эндогенді авитаминоздар, церебральді,

гипоталамустық, эндокринді семірулер немесе дистрофия.

Наши рекомендации