Салыстырмалы диагностикасы. 1. Басқа генезді гиперкальциемия:
1. Басқа генезді гиперкальциемия:
— Қатерлі ісіктер (көптеген миелома, сүт безінің қатерлі ісігі, сүйек метастаздары); ПТГ деңгейі әдетте төмен болады;
— D дәруменін шек тыс мөлшерде қабылдау;
— Саркоидоз және басқа гранулематозды аурулар;
— Сирек себептер (тиреотоксикоз, тиазидті диуретиктерді қабылдау, иммобилизация, Аддисон ауруы, А дәруменін шектен тыс қабылдау, бүйрек жеткіліксіздігі);
2. Екіншілік гиперпаратиреоз (нормокальциемия көрінісінде дамиды).
3. Көптеген эндокринді неоплазия синдромын жоққа шығару мақсатында жүргізілген скринингті зерттеулер (10 бөлімді қараңыз).
8.6 сурет.Солитарлы паратирома кезіндегі технетрилмен сцинтиграфия
Емі
Жалғыз радикалды емдеу әдісі хирургиялық ем болғандықтан сырқаттың емі БГП айқындылығымен, науқастың жасы мен физикалық жағдайымен анықталады.
1. Хирургиялық ем: солитарлы паратирома — оны алып тастау, бірнеше
ҚМБ-нің гиперплазиясы кезінде парциальды немесе тотальды паратиреоидэктомия жасалады, кейін гипопаратиреоз терапиясымен жалғастырылады.
2. Динамикалық бақылау орташа айқындылықтағы БГП көрініс берген
егде жастағы науқастарға жүргізіледі. Динамикалық бақылау оперативті емге абсолютті көрсеткіштер болмағанда орындалады (8.3 кесте). Динамикалық бақылау кезінде кальций деңгейі, бүйрек қызметі, әрбір 6–12 ай сайын артериялық қан қысымы, әрбір 2–3 жыл сайын сүйек денситометриясы мен бүйрек УДЗ-сі жүргізіледі.
8.3 кесте.БГП-ны хиругиялық жолмен емдеуге көрсеткіштер
Абсолютті көрсеткіштер | Салыстырмалы көрсеткіштер |
1. Айқын гиперкальциемия (> 3 ммоль/л) 2. Бұрын болған айқын гиперкальциемия эпизодтары 3. Бүйрек қызметінің бұзылуы 4. Бүйректегі тастар (симптоммен немесе симптомсыз) 5. Нефрокальциноз 6. Айқын гиперкальциурия (> 10 ммоль/тәу) 7. Остеопороз | 1. Ауыр ілеспелі патология 2.Динамикалық бақылаудың қиындықтары 3. Жас науқастар (< 50 жас). 4. Науқастың тілегі |
3. Медикаментозды ем ойластырылмаған. Остеопорозды емдеуде
тағайындалатын таңдау дәрілері транзиторлы гипокальциемиялық әсер көрсететін бисфосфонаттар болып табылады. Оны регидратациялы терапиямен ұштастырып, гиперкальциемиялық кризді емдеуге болады.