Балалар хирургиясынан емтиханға арналған 720 тест сұрақтары.

~13 жасар қыз балада үш күннен бері іші ауырады, дене қызуының көтерілуі, құсу болған. Қарағанда қыз бала бозарған, солғын, іш ауырсынуына шағымдануда. Дене қызуы 37,9С. Іші кеппеген, пальпацияда оң жақ мықын аймағында қозғалыссыз өлшемі 6х6 см ауырсынатын түзіліс байқалады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоцитоз 16,2 х109/л. Аппендикулярлы инфильтратына күмәндалды.

Хирургтың амалы :

| консервативті терапия

| динамикада бақылау

| лапаротомия, инфильтратты ашу және дренирлеу

| аппендэктомия

| айналмалы анастомоз

~Қабылдау бөліміне ауру басталғанына бір тәуліктей болған жедел аппендицит диагнозымен 2 жасар бала жеткізілді. Ауру дене қызуының 38,6°С-қа дейін күрт көтерілуімен, түшкірумен, жөтелмен басталған. Айқын ентікпе. Тынысы қатқыл, жекеленген ылғалды сырылдар естіледі. Тілі ылғалды. Пульсі 106 рет/мин. Бала қарауға қарсылық білдіреді, жылайды, ішін тартады.

Тексеру әдісі жіті аппендицитті РАСТАЙДЫ немесе ЖОҚҚА шығарады:

| ұйқы кезінде ішті пальпациялау

| қанның жалпы анализі

| іш қуыс органдарының кең көлемді рентгенографиясы

| құрсақ қуысының УДЗ-і

| тік ішекті саусақпен тексеру

~Қабылдау бөліміне ауру басталғанына бір тәуліктей болған жедел аппендицит диагнозымен 2 жасар бала жеткізілді. Ауру дене қызуының 38,6С - қа дейін күрт көтерілуімен, түшкірумен, жөтелмен басталған. Айқын ентікпе. Тынысы қатқыл, жекеленген ылғалды сырылдар естіледі. Тілі ылғалды. Пульсі 106 рет/мин. Бала қарауға қарсылық білдіреді, жылайды, ішін тартады.

Баланы қарау кезіндегі хирургтың амалы :

| табиғи немесе медикаментозды ұйқы кезінде қарау

| баланы үйіне жіберу

| жатудан бас тарту жөнінде тілхат алып қалу

| операцияға дайындау

| жалпы жансыздандыру арқылы қарау

~14 күндік балада соңғы 2 тәулік бойы үлкен дәреті болмады. Іші кепкен, бала нашар тамақтанады, лоқсиды. Ата-анасы тазалау клизмасын жасай алмаған, себебі анальді тесігін таппаған. Қызды қарау кезінде сыртқы жыныс органдары дұрыс қалыптасқан. Бұт аралығы нәжіспен бұлғанған.

Диагнозды анықтау үшін іс-әрекеті :

| жыланкөз арқылы ирригография жасау

| фиброгастроскопия

| флюрография

| фиброколоноскопия

| фомография

~7 жасар балада күшті ұстамалы іш ауырсынуы, өт араласқан қайталамалы құсу болған. Үлкен дәреті 2 тәуліктен бері жоқ. Анамнезінде 3 жасында «аппендэктомия» жасалған.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| жабысқақ ауруы

| ішек бұралуы

| копростаз

| ішек атониясы

| астрит

~7 жасар балада күшті ұстамалы іш ауырсынуы, өт араласқан қайталамалы құсу болған. Үлкен дәреті 2 тәуліктен бері жоқ. Анамнезінде 3 жасында «аппендэктомия» жасалған. Жабыспалы ішек өткізбеушілікке күмәндалды.

Хирургтың амалы:

| дайындықтан кейін шұғыл операция жасау

| жоспарлы түрде операция жасау

| консервативті емін жалғастыру

| фиброколоноскопияны өткізу

| динамикалық бақылау

~Соматикалық бөлімшеде екі жақты пневмониямен ауырған 2 жасар бала жатыр. Жүргізіліп жатқан емге қарамастан, оның іші кебулі, ұлғаюда, өт араласқан құсық, ентікпе пайда болған. 1,5 тәуліктен бері үлкен дәреті болмаған. Қарағанда іші кепкен, пальпацияда жұмсақ. Ішек перистальтикасы төмендеген. Сіздің болжам диагнозыңыз :

| динамикалық ішек өткізбеушілігі

| странгуляциялық ішек өткізбеушілігі

| обтурациялық ішек өткізбеушілігі

| туа пайда болған ішек өткізбеушілігі

| аралас ішек өткізбеушілігі

~Соматикалық бөлімшеде екі жақты пневмониямен ауырған 2 жасар бала жатыр. Жүргізіліп жатқан емге қарамастан, оның іші кебулі, ұлғаюда, өт араласқан құсық, ентікпе пайда болған. 1,5 тәуліктен бері үлкен дәреті болмаған. Қарағанда іші кепкен, пальпацияда жұмсақ. Ішек перистальтикасы төмендеген. Динамикалық ішек өткізбеушілігіне күмәндалды.

Хирургтың амалы :

| консервативті ем

| шұғыл операция жасау

| консервативті емінен кейін операция жасау

| бақылау

| бақылаудан кейін операция жасау

~6 жасар баланы қарағанда іш қатуға бейімділігі және соңғы 2 күннен бері дефекация актісі кезінде ал қызыл қан араласқан бөлінді байқалды.

Диагнозды анықтау үшін іс-әрекет :

| колоноскопия, тік ішекті саусақпен тексеру

| іш қуысының кең көлемді рентгенографиясы, эзофогоскопия

| өңештің және асқазанның контрасты рентгенографиясы

| фиброгастродуаденоскопия, УДЗ

| эзофогоскопия, колоноскопия

~6 жасар баланы қарағанда іш қатуға бейімділігі және соңғы 2 күннен бері дефекация актісі кезінде ал қызыл қан араласқан бөлінді байқалды. Полипке күмәндалды.

Хирургтың амалы :

| полипті алып тастау

| криодеструкция

| рентгенотерапия

| гормональді терапия

| химиотерапия

~12 жасар бала ұманың оң бөлігінің жедел ауырсынуына шағымданады, басталғанына 2 сағат болған. Қарау кезінде сыртқы жыныс мүшелері жасына сай дамыған. Оң жақ аталық без ұманың түбіріне қарай тартылған, пальпацияда ауырсынады, қозғалуы қиын. Ұма терісі қызарған.

Болжам диагнозыңыз :

| аталық безінің бұралуы

| аталық без қабының шемені

| крипторхизм

| аталық безінің айқасқан эктопиясы

| аталық бездің жарақаттануы

~ Ауруханаға 8 жастағы ұл бала түсті. Шағымдары – оң жақ бел аймағында керіп ауырсыну, кіші дәретке жиі шыққысы келу. Бала биіктен арқасына құлаған. Терісі бозғылт. Тамыр соғысы 120 рет минутына. АҚ-80/60 мм сын.бағ. іші жұмсақ, іш астарының тітіркену белгісі теріс, оң жақ бел аймағында үлкен ісіну анықталады. Қан анализінде – Нв -120 г/л, эритроциттер 3,2, зәр анализінде – эритроциттер -50-60 көру аймағында.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| оң жақ бүйректің жабық жарақаты

| құрсақтың жабық жарақаты

| оң жақ 12 - қабырғаның жабық сынуы

| оң жақ бел аймағының урогематомасы

| оң жақ бел аймағының жұмсақ тіндерінің соғылуы

~Ауруханаға 8 жастағы ұл бала түсті. Шағымдары - оң жақ бел аймағында керіп ауырсыну, жиі жалған дәрет шығарғысы келу. Бала 6 сағат бұрын 2 м биіктен арқасына құлаған. Терісі бозғылт. Тамыр соғысы 120 рет минутына. АҚ-80/50 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, іш астарының тітіркену белгісі теріс, оң жақ бел аймағында үлкен ісіну анықталады. Қан анализінде - Нв -120 г/л, эритроциттер 3,2, зәр анализінде – эритроциттер -50-60 көру аймағында.

Шұғыл түрде зерттеу әдістерін ЕҢ тиімді:

| бүйректі УДЗ

| лапароскопия

| ретроградты пиелография

| экскреторлы урография

| бауыр ангиографиясы

~Бұтаралықтың жарақатымен түскен науқаста жарақат алған кезден бастап зәрі болмаған, үрпісінен қан тамшылап тұр.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| уретраның жыртылуы

| қуықтың жыртылуы

| бұтаралықтың соғылуы

| қуық тас-тас ауруы

| уретра-тас ауруы

~Аппендиксте деструкция басталғанда жіті аппендициттiң клиникасында науқаста өзгерістер байқалады:

| жағдайының уақытша жақсаруы

| жиi сұйық нәжiстiң болуы

| құсу

| іштiң ауырсынуының күшеюi

| жалпы жағдайының нашарлауы

~ Нәрестенің жіті аппендицитінде аппендэктомияның ... қолданады.

| Лигатуралық әдіс

| Байланбаған культясын кисетті тігіспен жабу

| Байланған культяны кисетті және S- тәрізді тігіспен жабу

| Байланған культяны кисетті тігіспен жабу

| Инвагинациялық әдіс

~Ерте жастағы балаларда жіті аппендицит кезінде ұйықтатып … АНЫҚТАЙМЫЗ.

| Қолды итеру белгiсiн

| Ровзинг белгiсiн

| Ситковский белгiсiн

| Пульспен дене қызуының әр түрлi болуын

| Тiк iшектiң алдынғы қабырғасының салбырау белгiсiн

~Науқас 7 жаста. Ауырғанына 1 тәулік өтті. Ауру кенеттен, эпигастрий аймағында басталып, кейіннен іштің оң жақ жартысына ауысты. Дене температурасы 38С, тахикардия. Іші кеппеген, тыныс алу актіне қатысады, барлық бөлімдерінде жұмсақ және терең пальпация жүргізгендн сәл ауырсыну анықталады, ішастарының тітіркену симптомы күмәнді.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| жедел аппендицит

| асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы

| жедел панкреатит

| жедел гастрит

| жедел дивертикулит

~11 жастағы қыз бала. Іштің төменгі жағында, қасағаның оң жағында қатты ауырсыну. Ауырсыну оң жақ жыныс ернеуіне және тік ішекке иррадиацияланады. Балада зәр жиі, ауырсынумен және нәжіс шырыш пен қан араласып шығады. Ректальды тексеру кезінде оң жақтан инфильтрат және ауырсыну анықталады. Сіздің диагнозыңыз :

| Жамбастық аппендицит

| ішек инвагинациясы

| цистит

| дизентерия

| оң жақ аналық бездің кистасы

~Науқас 12 жаста. Іште ауырсыну, құсу, гектикалық температура. Жағдайы ауыр. Іштің оң жағының шығыңқы болуынан іштің асимметриясы көрінеді. Пальпация кезінде қатты ауырсынатын және флюктуациямен түзіліс анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Қан анализінде жоғары лейкоцитоз, қан формуласының солға жылжуы.

Диагноз бен хирургтың амалы :

| апппендикулярлық абсцесс, абсцесті ашу

| ішек инвагинациясы, лапаротомия

| аппендикулярлық инфильтрат, консервативтік ем

| іш қуысының ісігі, ісікті кесіп алу

| мезаденит, консервативтік ем

~10 жастағы балада ішінің қатты ауырсынуы, жүрек айнуы, құсу анықталды. Анамнезінде – мұрнына қан кету. Ішін пальпациялағанда іштің оң жақ жартысында ауырсыну және осы жақтағы бұлшық еттердің сәл қатаюы анықталады. Қан аралас нәжіс болған.

Диагноз және дәрігердін амалы :

| шенлейн-Генх ауруы, гормондар тағайындау

| ішек полиппі, полипэктомия

| жедел аппендицит, аппендэктомия

| жедел дивертикулит, дивертикулэктомия

| ішек инвагинациясы, дезинвагинация

~Хирургиялық стационарға 14 жасар бала келіп түсті. Анамнезінде бір апта бойы эпигастрии аймағында ауру сезім жіне кекіру мазалаған. Түсерге дейін екі сағат бұрын ішінде қатты ауру сезім, тамақпен құсық пайда болды. Баланың жағдайы ауыр. Бала сол жық қырында аяғын ішіне тартып жатыр. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші тыныс алу актісіне қатысады, ауру сезімді, ішперде тітіркену симптомы оң. Пульсі 120 рет минутына. Т – 37,5C

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| асқазан жарасының тесілуі

| улану

| жедел холецистит

| жедел гастрит

| жедел панкреатит

~Бала бір жаста Оң жақ қолының қозғалысы шектелген. Қарап тексергенде ауру сезімді, оң жақ бұғанасында жергілікті ісік байқалады.

Қолданылатын таңуының түрі.

| дезо таңуы

| кокситті-гипстік таңу

| сегіз тәрізді гипстік таңу

| кузьминскии-карпенко таңуы

| жергілікті анестезиямен жабық репозиция

~8 жасар бала автотравмадан кейін келіп түсті. Рентгенде плевра қуысы тотальды қарайған, аралықтың жарақаттанған жаққа ығысуымен.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| гемопневмоторакс

| өкпе ателектазы

| плеврит

| кпе абсцессі

| хилезді пиоторакс

~Туғаннан бір сағаттан кейін нәрестеде өтпен көп мөлшерде құсу байқалды. Емізгеннен кейін құсуы қайталанады. Адинамия, эксикоз байқалуда, 256г салмақ жоғалтты. Іші жұмсақ, эпигастрии аймағы кепкен, құсқаннан кейін кішірейеді. Ішінің төменгі бөлігі төмен түскен. Жалпы рентгенде құрсақ қуысында екі горизонтальды сұйықтық деңгейі байқалады, ішектерде газ жоқ.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| фатер емізікшесінен төмен ұлтабар атрезиясы

| Гиршпрунг ауруы

| пилоростеноз

| сигма тәрізді ішек атрезиясы

| Фатер емізікшесінен жоғары ұлтабар атрезиясы

~Нәрестеде туа салысымен мұрнымен аузынан көбікті шырышты бөліністер бөлінді.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| өңеш атрезиясы

| өкпе ісігі

| өңеш ахалазиясы

| өңеш халазиясы

| өңеш стенозы

~6 айлық қыз баланы қарап тексергенде оң жақ шап аймағында ауру сезімді жарықты түзіліс байқалды. Аурудың басталғанына 45 минут болған.

Аталған іс-шаралардың ЕҢ тиімдісі :

| жарықты кесу жедел операциясы

| жарықты орнына келтіру

| жарықты жоспарлы кесу

| диспансерлі графикпен герниотомия

| диагностикалық лапароскопия

~Қабылдау бөлімшесіне бір жасар бала келіп түсті. Анасының айтуы бойынша бала туғаннан бастап іш қатумен ауырады, іші ұлғайған. Тазалау клизмалары әсерсіз.

Аталған іс-шаралардың ЕҢ тиімдісі :

| ирригография

| құрсақ қуысының шолу рентгені

| жіңішке ішек қабырғасының биопсиясы

| құрсақ қуысының УДЗ

| копрограмма

~1айлық бала анасының айтуы бойынша мазасыз және фонтан сияқты құсады. Қарап тексергенде эпигастрии аимағы кепкен. Пальпация жасағанда құм сағат симптомв оң, және асқазанның пилорусты аймағы тығыздылған.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| пилоростеноз

| пилороспазм

| адреногенитальды синдром

| Дебре-Фибигера синдромв

| ұлтабар стенозы

~1,5 айлық бала анасының айтуы бойынша мазасыз және фонтан сияқты құсады. Қарап тексергенде эпигастрии аимағы кепкен. Пальпация жасағанда құм сағат симптомв оң, және асқазанның пилорусты аймағы тығыздылған.

Аталған іс-шаралардың ЕҢ тиімдісі :

| Фред-Рамштед операциясы

| консервативті ем

| Росс отасы

| Винкельман отасы

| Коэн отасы

~Бала 3 жаста, әлсіздікке, жиі құсып жіберуге, туған мезеттен бастап өздігінен дәрет болмауына, тек клизмадан кейін шағымданады. Қарап тексергенде іш көлемі ұлғайған. Алдыңғы құрсақ қабырғасына басқанда саусақ іздері қалады «саз» симптомы.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| Гиршпрунг ауруы

| аноректальді ақаулар

| долихосигма

| созылмалы іш қатулар

| ішек өтімсіздігі

~4 жастағы қызда пальпация кезінде жайылған ауырсынғыштық пен алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің кернелуі құрсақ қуысының барлық бөлімдерінде анықталады. Перитонизм симптомдары іштің төменгі бөліктерінде айқын, Щёткин – Блюмберг симптомы оң. Сыртқы урогениталийлердің гиперемиясы байқалады.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| пельвиоперитонит

| жедел аппендицит

| аналықбездер кистасының айналып кетуі

| аппендикулярлы инфильтрат

| аппендикулярлы перитонит

~Профилактикалық тексеруде балада балабақшада кіндік сақинасы аймағында томпаю анықталды. Ол тыныш жағдайда жоғалады, бірақ күшенгенде және айқайлағанда пайда болады. Кіндік сақинасы өлшемдері ұлғайған.

Керекті зерттеу жоспарын таңдаңыз:

| кіндік сақинасын қарау мен пальпациясы

| ортостатикалық сынамалар

| құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ

| ұманы қарау мен пальпациясы

| допплерография

~Тексеруде балада балабақшада кіндік сақинасы аймағында томпаю анықталды. Ол тыныш жағдайда жоғалады, бірақ күшенгенде және айқайлағанда пайда болады. Кіндік сақинасы өлшемдері ұлғайған.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| кіндік жарығы

| шап жарығы

| кіндік бауының жарығы

| іштің ақ сызығының жарығы

| вентральді жарығы

~2 айлық бала анасының айтуынша фонтан сияқты құсады, қарап тексергенде эпигастрии аймағы кепкен. Пальпация кезінде «құм сағат» симптомы оң.

Аталған іс-шаралардың ЕҢ тиімдісі :

| УДЗ

| ФГДС

| МРТ

| Колоноскопия

| КТ

~2 жасар баланың анасы баласының оң қолымен қозғалмайтынына және денесінің бойында салбырап тұратынына, пассивті қозғалыстар аурусына шағымданып келді. Жоғарғы айтылған шағымдар баланы киіндергенде анықталған.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| оң кәрі жіліктің басының шығуы

| иық сүйегінің жедел гематогенді остеомиелиті

| оң иық сүйегінің т/3 бөлігінің жабық сынығы

| оң бұғананың о/3 бөлігінің жабық сынығы

| ревматоидты артрит

~Қабылдау бөлімшесіне 7 күндік бала келіп түседі. Әлсіз. Терісі бозғылт, акроцианоз. Тынысы жиі, беткей. Жүрек тондары тұйық. Ішінің қатты кепкені және ауру сезімділігі көңіл аудартады. Тері асты вена торы кеңейген. Перистальтикасы естілмейді. Перкуторлы - бауыр тұйықтығы жоқ.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| перитонит

| жедел панкреатит

| жедел аппендицит

| ОНМК

| құрсақ қуысының ісігі

~Қабылдау бөлімшесіне 7 күндік бала келіп түседі. Әлсіз. Терісі бозғылт, акроцианоз. Тынысы жиі, беткей. Жүрек тондары тұйық. Ішінің қатты кепкені және ауру сезімділігі көңіл аудартады. Тері асты вена торы кеңейген. Перистальтикасы естілмейді. Перкуторлы - бауыр тұйықтығы жоқ.

Диагнозды дәлелдеу үшін не істеу қажет?

| Құрсақ қуысының шолу рентгені

| Диагностикалық лапароскопия

| Кеуде қуысының шолу рентгені

| Ирригография

| Ештенке жасамаймыз

~Қабылдау бөлімшесіне 7 күндік бала келіп түседі. Әлсіз. Терісі бозғылт, акроцианоз. Тынысы жиі, беткей. Жүрек тондары тұйық. Ішінің қатты кепкені және ауру сезімділігі көңіл аудартады. Тері асты вена торы кеңейген. Перистальтикасы естілмейді. Перкуторлы- бауыр тұйықтығы жоқ.

Хирургтың амалы:

| 2-3 сағат дайындықпен жедел операция

| 1сағат аралығынад жедел операция

| 5сағаттық ота аолдыңғы дайындықтан кейін жедел операция

| бір тәулік баланы реанимацияда консервативті ем жүргізу керек.

| күту амалы

~3 жасқа дейінгі балалардағы жедел аппендициттің клиникалық ерекшеліктері қандай?

| Жалпы симптомдардың жергілікті симптомдардан басым болуы

| Жергілікті симптомдардың жалпы симптомдардан басым болуы

| Айқын тыныс алу жетіспеушілігі

| Айқын Щеткин-Блюмберг симптомы

| Айқын қозғалыс мазасыздығы мен тері бөртпелерінің пайда болуы

~Төмендегі клиникалық белгілердің қайсысы Дугласс абсцесiне?

| Гектикалық температура, жалған шақырулар және шырышпен жиі нәжіс, зәр шығару кезінде ауырсыну, тiк iшекті тексергенде iсiк тәрiздi түзілістің анықталуы

| Үнемі қалтырау, көп ретті құсу, нәжіс пен газдың кідіруі, құрсақтың тітіркену симптомы оң, гиперлейкоцитоз

| Үнемі қалтырау, көп ретті құсу, нәжіс пен газдың кідіруі, құрсақтың тітіркену симптомы оң, солға жылжумен лейкопения

| Гектикалық қалтырау, көп ретті құсу, нәжiс пен газдың кідіруі, iш пердесiнiң тiтiркену симптомы оң, гиперлейкоцитоз, перистальтиканың болмауы

| Гектикалық қалтырау, көп ретті құсу, нәжiс пен газдың кідіруі, iш пердесiнiң тiтiркену симптомы оң, гиперлейкоцитоз, перистальтиканың болмауы, гиперемия және шат аралықтағы ісік

~Қуыс ағзалардың жабық жарақатының негізгі клиникалық синдромы:

| перитонит синдромы

| дизуриялық синдром

| бүйрек-бауыр қызметінің жетімсіздігі

| жүрек-қан тамыр жетімсіздігі

| ішкі қан кету синдромы

~Ішінің ауырсынуы, құсу, іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеттерінің қатаюы. Перистальтикасының күшеюі, сұйық нәжіс, гиперлейкоцитоз.

Жіктелу бойынша клиникалық диагноз қойыңыз:

| перитониттің І кезеңі

| жедел аппендицит жамбастық орналасуы

| перитониттің ІІ кезеңі

| перитониттің ІІІ кезеңі

| гангренозды перитонит

~10 жастағы қыз балада гектикалық температура, жиі шырышты нәжіс пен тенезм, зәр шығару ауырсынумен, ректальды зерттегенде тік ішегінен алды қарай ісік тәрізді түзіліс анықталды.

Хирургтың амалы:

| шұғыл лапаротомия, балада Дуглас-абсцессі

| шұғыл лапаротомия, балада аналық бездің апоплексиясы

| шұғыл лапаротомия, балада аппендикулярлы инфильтрат жеделдеу формасы

| шұғыл лапаротомия, балада аппендикулярлы инфильтрат лизис сатысында

| шұғыл лапаротомия, балада жаралы-перфоративті энтероколит

~Нәрестеде 3-аптада «фонтан» тәріздес құсу байқалады. Тері жабындылары құрғақ, бозғылт, еңбегі батыңқы, салмақ жоғалту бар. Ішінің эпигастрии аймағы қампиған, перистальтикасы «құм сағат» тәріздес күшейген. Операция үстінде привратникті кесу кезінде шырышты қабатты зақымдалды.

Хирургтың амалы:

| жараны тігу, қарама-қарсы жағынан тілу

| шырышты қабатқа 1-2 тігіс салу

| жараны толық тігу, гастростома арқылы интубация

| жараны толық тігу

| зақымданған аймақтың резекциясы, жараға тігіс салу

~2 айлық бала ауырғаннан соң 16 сағаттан кейін келіп түсті. Анасының айтуынша, баланың шағымдары мазасыздыққа, оң жақ шап аймағындағы ісік тәрізді түзіліс. Баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы қалыпты. Жергілікті қарау кезінде оң жақ шап аймағында ұрық бауы бойымен ұмаға түсетін, көлемі 1.0х1.5 см болатын, пальпацияда қатты ауырсынатын, қатты эластикалық құрылымды және құрсақ қуысына енбейтін ісік тәрізді түзіліс анықталады.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| қысылған шап жарығы оң жақтан

| ұрық бауының жедел дамыған шемені оң жақтан

| байланысқан ұрық бауының қысылған шемені оң жақтан

| ұрық бауының айналуы жақтан

| шап лимфадениті оң жақтан

~2 айлық бала ауырғаннан соң 16 сағаттан кейін келіп түсті. Анасының айтуынша, баланың шағымдары мазасыздыққа, оң жақ шап аймағындағы ісік тәрізді түзіліске. Баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы қалыпты. Жергілікті қарау кезінде оң жақ шап аймағында ұрық бауы бойымен ұмаға түсетін, көлемі 1.0х1.5 см болатын, пальпацияда қатты ауырсынатын, қатты эластикалық құрылымды және құрсақ қуысына енбейтін ісік тәрізді түзіліс анықталады.

Хирургтың амалы:

| жарықты кесу операциясы, шап каналының Мартынов бойынша пластикасы

| емі консервативті, өиткені осы жағдайда операция жасаудың қажеті жоқ

| шап каналының Ру-Краснобаев бойынша пластикасы

| консервативті ем шарасы нәтижесіз болған жағдайда шап каналының Мартынов бойынша пластикасы

| жарықты кесу операциясы, шап каналының Дюамель бойынша пластикасы

~7 жастағы бала ауырғаннан соң 2 күннен кейін келіп түсті. Түскендегі шағымдары ұмасының сол жақ бөлігінің ұлғаюына және ондағы ауырсынуға. Баланың айтуынша жарақат алмаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Көңіл-күйі шамалы бұзылған. Дене қызуы субфебрильді. Жергілікті қараған кезде: ұмасы асимметриялы, ісінген, қызарған. Пальпация кезінде аталық без бен оның қосалқы мүшесінде сұйықтық анықталады, көлемі 0.5-1.0 см болатын түзіліс анықталады, қатты ауырсыну анықталады.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| ісінген ұма синдромы, Морганьи гидатидінің некрозы

| ісінген ұма синдромы, қабықішілік бұратылу

| аталық бездің жарақаты

| жедел эпидидимит

| ұрық бауының жедел дамыған кистасы

~Перзентханадан салмағы 2600 гр болатын жаңа туған сәби жедел түрде жеткізілді. Бала өте мазасыз және аузынан көпіршікті бөлініс шығады, сонымен қатар цианоз ұстамалары да байқалады. Өңештің рентген суретінде өңештің жоғарғы сегменті тұйық бітеді, әрі асқазан мен ішектерде газдар анықталады.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| өңеш атрезиясы

| 12-елі ішек атрезиясы

| ашы ішек атрезиясы

| тік ішек атрезиясы

| анус атрезиясы

~Жедел аппендицитке күмәнді кезде ректальды тексерудің маңызды ма?

| Міндетті түрде

| Қажет емес

| Ерте жастағы балаларда көрсеткіш бойынша

| Қыз балаларда көрсеткіш бойынша

| Жағдайға байланысты

~12 елі ішектің ішпердеден тыс бөлігінің жыртылуы кезінде мәліметті көбірек беретін зерттеу әдісі қандай?

| Гастродуоденоскопия

| Жалпы шолу рентгенін түсіру

| Лапароскопия

| Ультрадыбыс

| Асқазанды барий арқылы зерттеу

~Ледда синдромы диагностикасында негізгі зертеу әдісін атаңыз?

| Тоқ ішектің рентгенконтрастты зерттеуі

| Вангенстин-Кахович бойынша инвертограмма

| Іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

| Тренделенбург қалпындағы рентгензерттеу

| Фиброгастроскопия

~2 күндік жаңа туған нәресте. Жағдайы ауыр. Мұрын-ерін үшбұрышының көгеруі, ентігу, өт аралас құсық. Қарағанда кеуде клеткасының ассиметриясы, сол жақ кеуде клеткасының ісінуі. Тынысы әлсіреген ішек шулары естіледі, перкуторлы тынықталған. Іші түскен, ладья тәрізді.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| жалған көкеттік жарық

| өкпе секвестрациясы

| туа болған кеңірдекөңештік жыланкөз

| өңеш атрезиясы

| шынайы көкеттік жарық

~Нәрестенің кіндігі түскен соң бірінші күні кіндігінен ішек құрамының бөлінуі байқалады. Кіндігі инфильтарцияланған, гиперемияланған. Баланың салмақ қосуы нашар,арықтауда,физикалық дамуы қалыс. Жалпы жағдайы күн сайын нашарлауда. Сіздің болжам диагнозыңыз:

| кіндіктің толық жарығы

| кіндік жарығы

| кіндік шылбырының жарығы

| Меккелев дивертикулі

| флегмонозды омфалит

~Паренхиматозды мүшелердің жабық жарақаттануын сипаттайтын ең басты клиникалық синдром:

| ішкі қан кету синдромы

| дизуриялық синдром

| бауыр-бүйрек жетіспеушілігі

| жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі

| перитонит синдромы

~Балалардағы илеоцекальды инвагинация диагнозын бекітетін қосымша зерттеу әдісі:

| ирригография

| цистография

| эзофагография

| бронхография

| урография

~Портальды гипертензия кезінде консервативті терапияның эффективті емес кезінде қан тоқтату үшін не қолданамыз?

| Қан кетіп жатқан веналарды тігу мен гастротомия

| Қан кетіп жатқан веналарды тігу мен гастротомия, қантамырлық анастомоз

| Қан кетіп жатқан веналарды тігу мен гастротомия, бауыр резекциясы

| Қан кетіп жатқан веналарды тігу мен гастротомия, спленэктомия

| Қан кетіп жатқан веналарды тігу мен гастротомия, органопексия

~Айқын тыныс жетіспеушілігі кезіндегі балаға кілегейді сору үшін мұрын арқылы катетер өткізу мүмкін емес.

Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?

| Хоан атрезиясы

| Макроглоссия

| Пьер-Робин синдромы

| Өңеш атрезиясы

| Кеңірдекөңештік жыланкөз

~Балалардағы ішек өткізбеушілігінің консервативті емінің нәтижесінің дұрыс болғаның критериі:

| ауырсынудың жоғалуы, газдың және нәжістің шығуы

| гемограмма нормализациясы

| дене температурасының төмендеуі

| АҚ жоғарлауы, пульстің нормализацисы

| ішек перистальтикасының күшейуі

~Қысылған шап жарығындағы косервативті емге қарсы көрсеткіші:

| қысылудың 12 сағаттан аса болуы

| инфекциялық аурудың болуы

| жарық шығуы жеріндегі терінің қабынуға тән өзгерістері

| 1 жасқа дейінгі балалар

| пневмония

~Керілген пневмоторакс кезіндегі хирургтың амалы:

| плевральды пункция, көрсеткіш бойынша дренаждау

| бронхография

| постуральды дренаж

| радикальды операция

| бронхоскопия

~Бала 9 жаста. Хирургия бөлімінде сол жақ балтырдың жедел гематогенді остеомиелиті бойынша ем қабылдаған. 2 айдан кейін сол жақ балтырдың ортаңғы 1/3 бөлігінде патологиялық қозғалыс, деформация анықталады.

Емдеу барысында қандай асқыну болған?

| Патологиялық сынық және жалған буынның түзілуі

| Анкилоз және санның қысқаруы

| Анкилоз және жалған буынның түзілуі

| Санның шығуы және жалған буынның түзілуі

| Артроз және санның қысқаруы

~Ата-анасы баласының ұмада аталық безінің жоқ екеніне шағымданды. Бала 2 жаста. Қарау кезінде сыртқы жыныс мүшесі дұрыс дамыған, бірақ ұмада аталық без анықталмады. Кремастерлік рефлекс сақталған. Екі аталық безде де сыртқы шап сақинасында пальпацияланады және түсуі тез.

ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз :

| жалған крипторхизм

| орхоэпидедимитит

| анорхизм

| монорхизм

| аталық безінің эктопиясы

~Ата-анасы баласының ұмада аталық безінің жоқ екеніне шағымданды. Бала 2 жаста. Қарау кезінде сыртқы жыныс мүшесі дұрыс дамыған, бірақ ұмада аталық без анықталмады. Кремастерлік рефлекс сақталған. Екі аталық безде де сыртқы шап сақинасында пальпацияланады және түсуі тез. «Жалған крипторхизм»-ге күмандану.

ЕҢ тиімді тәсіл :

| бақылау

| гормоналды ем

| операция

| физиопроцедура

| шап аймағының массажы

~11 жасар бала сол жақ ұманың үлкеюіне және ауырсынуына шағымданады. Қарау кезінде және пальпацияда сол жақ ұма қан тамырлары «жүзім өрімі» тәрізді үлкейген. Күшейген кезде толып үлкейеді. Аталық бездері ұмада орналасқан.

ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз :

| варикоцеле

| аталық безінің инфаркты

| орхиоэпидидимит

| крипторхизм

| аталық безінің шемені

~11 жасар бала сол жақ ұманың үлкеюуіне және ауырсынуына шағымданады. Қарау кезінде және пальпацияда сол жақ ұма қан тамырлары «жүзім өрімі» тәрізді үлкейген. Күшенген кезде толып үлкейеді. Аталық бездері ұмада орналасқан. «Сол жақ варикоцеле» - деген диагноз қойылды.

ЕҢ тиімді қолданатын хирургиялық бару жолы :

| сол жақ мықын аймағын қиғаш кесу

| параректалді кесу

| мықын сүйегінің алдыңғы-жоғарғы осінің деңгейінде көлденең кесу

| ұма арқылы бару жолы

| шап аймағын қиғаш кесу

~11 жасар бала сол жақ ұманың үлкеюуіне және ауырсынуына шағымданады. Қарау кезінде және пальпацияда сол жақ ұма қан тамырлары «жүзім өрімі» тәрізді үлкейген. Күшенген кезде толып үлкейеді. Аталық бездері ұмада орналасқан. «Варикоцеле» - деген диагноз қойылды.

Хирург амалының ЕҢ тиімдісі :

| Иванисевич - Ерохин операциясы

| динамикалық бақылау

| консервативті терапия

| склерозирлеуші терапия

| веналы тестикулосафенді анастомоз

~1 ай 2 күндік қыз баланың оң жақ шап аймағында ісік тәрізді мөлшері 1,5 х 1 см домалақ ауырсынусыз іш қуысына түспейтін түзілістің пайда болғанына ата-анасы шағымданады. Баланың жағдайы жақсы.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| Нукке кистасы

| түзелмейтін шап жарығы

| қысылған шап жарығы

| шап лимфадениті

| шап аймағы флегмонасы

~Ұл баланың туылғанынан бастап үрпінің ажырауы байқалған. Бала күшеніп жіңішке үзік-үзік дәрет алады. Уретраның сыртқы тесігі тәж тәрізді жылға аймағында орналасқан нүктесі.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| гипоспадия

| қуықтың экстрофиясы

| эписпадия

| уретра атрезиясы

| уретра гипоплазиясы

~Ұл баланың туылғанынан бастап үрпінің ажырауы байқалған. Бала күшеніп жіңішке үзік-үзік дәрет алады. Уретраның сыртқы тесігі тәж тәрізді жылға аймағында орналасқан нүктесі. «Гипоспадия» - деген диагноз қойылды.

ЕҢ тиімді хирург амалы :

| меатотомия

| эндоскопиялық электрорезекция жасау

| уретраның V-тәрізді пластикасы

| бужирлеу

| жергілікті тіндермен уретра қабырғасына пластика жасау

~4 айлық баланың туылғанынан ұмасының сол жағы үлкейген. Пальпацияда ісік тәрізді жұмсақ, контуры анық ауырсынусыз, мөлшері 5 х 3,5 см іш қуысына енбейтін түзіліс байқалады. Кешке қарай түзіліс мөлшері үлкейеді. Сыртқы шап сақинасы ұлғаймаған.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| құрсақ қуыспен байланысқан аталық без су шемені

| крипторхизм

| ұрық бауының кистасы

| аталық без қабығы су шемені

| аталық без эктопиясы

~4 айлық баланың туылғанынан ұмасының сол жағы үлкейген. Пальпацияда ісік тәрізді жұмсақ, контуры анық ауырсынусыз, мөлшері 3 х 1,5 см іш қуысына енбейтін түзіліс байқалады. Кешке қарай түзіліс мөлшері үлкейеді. Сыртқы шап сақинасы ұлғаймаған. «Құрсақ қуыспен байланысқан аталық без су шемені» деген диагноз қойылған.

ЕҢ тиімді тактика :

| динамикада бақылау

| жоспарлы түрде оперативті емдеу

| сүйықтықты сыртқа шығарып пункция жасау

| гидрокортизонды енгізіп пункция жасау

| гормоналды дәрілерді тағайындау

~3 айлық қыз баланың кіндік сақинасында жұмсақ консистенциялы мөлшері 1,5х1,5 см іш қуысына оңай енетін, ауырсынусыз түзіліс байқалады. «Кіндік жарығы» - деген диагноз қойылды.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| кіндік жарығы

| іштің ақ сызығы жарығы

| кіндік бауының жарығы

| жай омфалит

| флегмонозды омфалит

~3 айлық қыз баланың кіндік сақинасында жұмсақ консистенциялы мөлшері 1,5х1,5 см іш қуысына оңай енетін, ауырсынусыз түзіліс байқалады.

ЕҢ тиімді тактика :

| жабысқыш пластырь, массаж

| жоспарлы түрде оперативті емдеу

| склероздеуші терапия

| шұғыл түрде оперативті емдеу

| гормоналды дәрілерді тағайындау

~Профилактикалық қарау кезінде 6 жасар қыз баланың кіндік сақинасынан 3 см жоғары ортаңғы сызық бойында мөлшері 0,5 х 0,5 см, іш қуысына оңай енетін, ауырсынусыз түзіліс байқалған. Ортаңғы сызық бойында мөлшері 0,5 х 0,5 см апоневроз дефекті анықталады.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| іштің ақ сызығы жарығы

| кіндік жарығы

| кіндік бауының жарығы

| жай омфалит

| флегмонозды омфалит

~Профилактикалық қарау кезінде 6 жасар қыз баланың кіндік сақинасынан 3 см жоғары ортаңғы сызық бойында мөлшері 0,5 х 0,5 см, іш қуысына оңай енетін, ауырсынусыз түзіліс байқалған. Ортаңғы сызық бойында мөлшері 0,5 х 0,5 см апоневроз дефекті анықталады. «Іштің ақ сызығы жарығы» - деген диагноз қойылды.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| жоспарлы түрде оперативті емдеу

| жабысқыш пластырь, массаж

| склероздаушы терапия

| шұғыл түрде оперативті емдеу

| медикаментозды емдеу

~1 айлық ұл баланың туылғанынан бастап оң жақ ұмада ісік тәрізді түзіліс анықталады пальпацияда жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ауырсынусыз іш қуысына кіріп кетеді, бірақ бала мазасызданғанда қайтадан шығады. Оң жақ шап сақинасы кеңейген.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| шап-ұма жарығы

| орнына түспейтін шап жарығы

| қысылған шап жарығы

| шап лимфадениті

| аталық без қабының шемені

~1 айлық ұл баланың туылғанынан бастап оң жақ ұмада ісік тәрізді түзіліс анықталады, пальпацияда жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ауырсынусыз, іш қуысына кіріп кетеді, бірақ бала мазасызданғанда қайтадан шығады. Оң жақ шап сақинасы кеңейген.

Сіздің дұрыс амалыңыз:

| жоспарлы түрде оперативті емдеу

| динамикада бақылау

| шұғыл операция

| ЛФК, массаж

| антибактериальды терапия

~1 айлық нәрестеде құрсақ ішілік жүктіліктің 32 аптасында УДЗ соң ұрықтың екі бүйрегінің мөлшері 14 мм, екені анықталды, тостағанша-астауша жүйесі кеңейген. Туылған соң осы диагноз дәлелденген. Зәр анализі қалыпты.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| гидронефроз

| Вильмс ісігі

| бүйректің солитарлы кистасы

| пиелонефрит

| шажырқай кистасы

~Бір айлық нәрестеде құрсақ ішілік жүктіліктің 32 аптасында УДЗ диагностикасында ұрықтың екі бүйрегінің мөлшері 14 мм, екені анықталды, тостағанша-астауша жүйесі кеңейген. Зәр анализі қалыпты.

Диагнозды нақтылау үшін зерттеудің ЕҢ тиімдісі:

| инфузионды урография

| антеградты пиелография

| цистоскопия

| лабораторлы зерттеу

| цистография

~2,5 жасар қыз бала 5 айлығынан бастап қайталанушы пиелонефритпен емделген. Экскреторлы урографияда екі жақты тостағанша-астауша жүйесі мен несепағар кеңейген.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| екі жақты уретрогидронефроз

| екі бүйректін поликистозы

| екі жақтық пиелонефрит

| Вильмс ісігі

| екі бүйректін гидрокаликозы

~2,5 жасар қыз бала 5 айлығынан бастап қайталанушы пиелонефритпен емделген. УДЗ-да екі жақты тостағанша – астауша жүйесі мен несепағар кеңейген.

Диагнозды дәлелдеу үшін зерттеу жүргізген ЕҢ тиімдісі:

| инфузионды урография

| ангиография

| ауқымды рентгенография

| цистография

| ретроградты пиелография

~Созылмалы пиелонефритпен ауыратын 6 айлық балаға цистография жасалынды, сіз несепағардың кеңейгені мен астаушаның екі жақты ұлғайғанын анықтадыңыз. Балаға «IV-V дәреже қуық-несепағар рефлюксі, уретрогидронефроз» диагнозы қойылды.

Емдеудің ЕҢ тиімді амалы :

| операциялық

| консервативті

| динамикада бақылау

| физио ем

| бүйректі дренаждау

~6 жастағы қыз бала құрсақтың оң жағындағы үнемі болатын ауырсынуға шағымданады. 2 жыл бойы пиурия анықталған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Физикальдық тексеру кезінде патология анықталған жоқ. Зәр анализінде - белок, лейкоцитурия. Цистоскопия кезінде патология анықталған жоқ. Экскреторлы урографияда оң жақ астауша мен тостағаншалардың біршама кеңуі, астауша - несепағар сегментінің тарылуы бар.

Емдеудің ЕҢ тиімді амалы:

| астауша-несепағар сегментінің пластикасы

| консервативтік ем

| антибактериальдық ем

| уростатиктер тағайындау

| нефрэктомия

~Нәрестеде уретраның сыртқы тесігі ұманың түбіне ашылған. Жыныс мүшесі қисық. Жыныс мүшесінің бас қабы дамымаған.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| гипоспадия

| қуық экстрофиясы

| эпспадия

| уретраның атрезиясы

| уретраның гипоплазиясы

~Бала ұйықтап жатқан кезінде кіші дәретін ықтиярсыз жіберіп қояды.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| энурез

| энкопрез

| зәрді ұстамау

| цистит

| Ппурия

~Нефропиелолитиаз кезiнде ең дұрыс оперативтi әдiс:

| Израэль - Бергман бойынша кесу

| Федоров бойынша кесу

| орталық лапоротамия

| «Т» тәрiздi кесу

| қабырға астынан кесу

~5 жасар бала оң жұмыртқасының болмауына шағымданады. Қарап тексергенде ұманың ассиметриясы байқалады, пальпацияда ұманың оң жақ бөлігінде жұмыртқа анықталмайды.

ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз :

| крипторхизм

| аталық без ретракциясы

| аталық без агенезиясы

| аталық без атропиясы

| варикоцеле

~5 жасар бала оң жұмыртқасының болмауына шағымданады. Қарап тексергенде ұманың ассиметриясы байқалады, пальпацияда ұманың оң жақ бөлігінде жұмыртқа анықталмайды.

Хирург амалының ЕҢ тиімдісі :

| Петривальский-Шумахер операциясы

| Винкельман операциясы

| Бергман-Израэл операциясы

| Хайнес-Андерсон-Кучер операциясы

| гидатидэктомия

~Жаңа туылған нәрестені перзентханада қарап тексергенде уретраның дорсальды қабатының қысылуы түрінде сыртқы урегенитальды қысылуы байқалады. Ұшы қалыңдаған, уретраның сыртқы тесігінің басының ойығының ығысуы байқалады. Зәр шығаруы еркін. Жүктілік токсикозбен өткен.

ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз :

| эписпадия

| гермофродитизм

| гипоспадия, бағаналық түрі

| гипоспадия, аралық түрі

| қуықтың экстрофиясы

~4 жастағы баланы қарау кезінде әкуінің басының көгеруі мен ісінуі анықталады, әкуінің басы толық жабылмайды. Зәр шығаруы қиындаған және ауру сезімімен, өздігінен кіші дәретке шыға алмайды.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| парафимоз

| гидатиды Морганьи қабынуы

| балонопостит

| тыртықты фимоз

| орхиэпидидимит

~5 жасар баланың әкуінің басы ісінген және гиперемияланған. Әку басын ашу мүмкін емес, іріңді бөлініс бар. Зәр шығаруы ауру сезіммен.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| жедел балонопостит

| фимоз

| крипторхизм

| парафимоз

| гипоспадия

~Перзентханадағы баланың құрсақ қуысының алдыңғы қабатындағы қуық проекциясындағы қуықтың артқы қабатының шырышты қабығында зәр ағатын несепағардың тесігі анықталады. Шырышты қабаты ісінген, гиперемияланған, айналасындағы терісі мацерацияланған.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| қуық экстрафиясы

| инфравезикулярлы обструкция

| обструктивті мегауретер

| қуық-кіндік жыланкөзі

| қуық дивертикулы

~2,5 жасар баланы тексергенде ұманың сол жағында консистенциясы жұмсақ-эластикалы, ауру сезімсіз ісік тәрізді түзіліс анықталады, басқанда және көлденең қалыпта көлемі кішірейеді.

ЕҢ тиімді тәсіл :

| Росса тәсілімен операция

| РУ-Краснобаев бойынша операциясы

| Иванисевич-Ерохин операциясы

| аталық без венасын таңу

| Хайнес-Андерсен-Кучер операциясы

~3 жасар баланы қарау кезінде әку тесігінің тарылуы, зәр шығаруының бұзылуы анықталады. Әкуінің басын сыртқа шығару мүмкін емес.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| фимоз

| парафимоз

| балонопостит

| эписпадия

| гипоспадия

~13 жасар баланы қарау кезінде ұманың сол жақ аймағындағы тері асты веналары иректелген және кеңейген. Көлденең қалыпта веналар орнына келеді.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| 2 дәрежелі Варикоцеле

| 1 дәрежелі Варикоцеле

| шап-ұмалық жарық

| аталық без кистасы

| 3 дәрежелі Варикоцеле

~8 айлық балада екі жақтада аталық безі анықталмайды. Хориогонинмен гормонотерапия терапия жүргізу неге бағытталған?

| Аталық бездің өздігінен төмен түсуіне

| Лейдиг клеткаларының қызметінің жақсаруына

| Смерматогенездің стимуляциясына

| Аталық бездің жетілуінің стимуляциясына

| Малигнизацияның алдын алуға

~Бала 2 жаста, туғаннан бастап созылмалы іш қатудан зардап шегеді. Нәжіс клизмадан кейін ғана шығады.

Ауруды анықтау үшін не жасау қажет?

| Барий қоспасымен ирригография

| Ауамен ирригография

| Құрсақ қуысының шолу рентгенограммасы

| Барий қоспасын ауыз арқылы беру

| Колоноскопия

~Крипторхизмде орнына түспеген аталық бездерінде дегенерациялық процестер қай кезде анық көрінеді?

| 2 жастан

| 6 жастан

| Туа салысымен

| 12 жастан

| 6 жастан

~Балаларда даму ақауы зәрді толық ұстай алмаумен қатар кездеседі:

| тотальды эписпадия

| шапаралық гипоспадия

| субсимфизарлық эписпадия

| артқы уретраның клапаны

| эктопиялық уретероцеле

~13 жастағы бала ұмасының ауырлау сезіміне, тез жүрген кезде сыздап ауырсынуға, веналардың кеңеюіне және төмен түсуіне шағымданады. Аталық бездің көлемі кішірейген.

Емдеудің ЕҢ тиімді амалы :

| тек венаны байлау

| артерияны лимфа тамырымен бірге байлау

| артерия және венаны лимфа тамырларымен бірге байлау

| венаны лимфа тамырымен бірге байлау

| артерия мен венаны байлау

~Аталық без шеменінің ең айқын белгісі:

| диафоноскпия кезінде жарық өткізу

| шап аймағында ауырсыну

| ұма аймағында ауырсыну

| ұмада жұмсақ эластикалық түзілісттің болуы

| ұма терісінің гиперемиясы

~Төмендегі жағдайлардында экскреторлық урография ... кезінде жасалмайды.

| анурия

| бүйрек шаншуы

| бүйректің жарақаты

| макрогематурия

| созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

~Қабылдау бөліміне 2 айлық бала түсті. Шағымдары: іш қатуға, іш кебуіне, екі рет құсу. Өз еркімен дәреті туғаннан болмаған. Тазалау клизмасы жеңілдік әкелмейді.

Сіздің болжам диагнозыңыз :

| Гиршпрунг ауруының жедел формасы

| Гиршпрунг ауруының жеделдеу формасы

| Гиршпрунг ауруының созылмалы формасы

| идиопатиялық мегаколон

| тік ішектің туа біткен стенозы - копростаз

~Балаларда шап жарығы мынаған байланысты туындайды:

| іш перденің қынаптық өсіндісінің облитерациясының болмауы

| шамадан тыс физикалық жүктеме түсумен

| іш қуысы қысымының жоғарлауы

| көлденең фасцияның әлсіздігі

| іштің артқы бұлшық етінің апоневрозының әлсіздігі

~ Мойынның орталық кистасына тән симптом:

| жұтыну кезінде қозғалу

| Іncisura jugularis үстіндегі шұңқыр

| жұтыну кезінде ауырсыну

| тығыз консистенсиялы

| периодты түрде жоғалу

~ Шап жарығында жарық қынабы қай жерде орналасады:

| сыртқы шап сақинасы аймағында

| Пупорт байламынан төмен

| Пупорт байламынан жоғары

| ұмаға

| қаса үстінде

~ Мойын жыланкөзіне жасалған операциядан кейінгі жиі асқыну:

| жыланкөз рецедиві

| тігістің ажырауы

| жұтынудың бұзылуы

| қан кету

| гиперсаливация

~Көкет жарында көрсетілген қосымша зерттеу әдістерінің ең тиімді:

| асқазан-ішек жолдарын контрасты затпен зерттеу

| кеуде клеткасын УДЗ

| асқазан және ащы ішекті эндоскопиялық зерттеу

| сыртқы тыныс алуды зерттеу

| кеуде клеткасының томографиясы

~Гидронефроз кезінде ең жиі қолданылатын оперативті ем:

| Хайнес-Андерсен-Кучер операциясы

| Мак-Клюр-Олдрич бойынша

| Грегуар бойынша

| Никольский-Бетман бойынша

| Геф-Мюллер бойынша

~Бір жасар балада кіндік жарығы. Ақау 0,5см құрайды. Жалпы жағдайы өзгеріссіз. Емдеудің ЕҢ тиімді амалы :

| массаж, кіндік сақинасын лейкопластермен тарту

| жоспарлы түрде операция жасау

| динамикалық бақылау

| массаж, іш қабырғасының алдыңғы қабырғасын қатайту

| жедел оперативтік шара

~ ... ішінде қысылған шап жарығында консервативті ем жүргізілуі мүмкін.

| Алғашқы 12 сағ.

| Алғашқы 24 сағ

| Алғашқы 24-36 сағ.

| Консервативті ем кез-келген уақытта қарсы көрсеткіш

| Консервативті ем уақытқа байланысты емес

~Моргани гидатидасы – бұл:

| аталық бездің жоғарғы полюсінің эмбринальды тіндер қалдығының түзілісі

| аталық бездің қатерсіз ісігі

| ұрық шығару өзегінің полипозды түзілісі

| іш қуысының қынапты өсіндісінің облитерация бұзылысы нәтижесінде пайда болған түзілісі

| ұрықшығару өзегінің аневризмасы

~Тератоманың ең ауыр асқынуы:

| қатерлі ісікке айналуы, метастаздардың дамуы

| тератоманың іріңдеуі

| ісік қабырғасының жарылуы

| дефакация актісінің бұзылуы

| ұлы дәретін ұстай алмау

~Өңеш ахалазиясы мен рефлюкс – эзофагит кезінде операциялық араласу неден тұрады:

| Ниссен бойынша фундопликация

| пилоромиотомия

| кардиомиотомия

| гастротомия

| гастроэнтеростомия

~Балалардағы дизурия ... көрінеді.

| несеп-тас ауруында

| нефроптозда

| гидронефрозда

Наши рекомендации