Р екпелердің ұлттық күнтізбесіне сай регламенттелген ККП жоспарлы вакцинациясы қай жаста жүргізіледі?

А. 0-4 күн (перзентханада);

В. 2 айда;

С. 3 айда;

D. 6 айда;

Е. 12 айда.

9. ҚР екпелердің ұлттық күнтізбесіне сай 3 айлық балаға жасалатын вакцинация кестесін көрсетіңіз:

А. АбКДС2 + ОПВ2 + Вë»2 + Hib2;

В. АбКДС2 + ОПВ2 + Вë»3;

С. ОПВ2 + АбКДС 2 + Hib2;

D. АбКДС2 + ОПВ2 + Вë»2;

Е. АДС2 + ОПВ2 + Hib2.

10. Босану үйінде БЦЖ егілмеген 1,5 айлық балаға дәрігердің іс - әрекеті:

A. Вакцинация қарсы көрсеткіш;

B. Алдын ала Манту сынамасынсыз 2айдан кейін вакцинациялау;

C. Алдын ала Манту сынамасынсыз 2айға дейін вакцинациялау;

D. Алдын ала Манту сынамасынсыз 8 айға дейін вакцинациялау;

E. 1 жаста вакцинациялау.

№ 6 тақырып: «Арнамалы иммундық алдын алу. Ұлттық алдын ала егу күнтізбесі. Егу жұмысын ұйымдастыру. Алдын алу егу жүргізуге көрсетпе және қарсы көрсеткіштері».

Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:

№1 есеп:

Бала 2100гр дене салмағымен туылды. Босану үйінен жаңа туылғандардың патология бөлімшесіне ауыстырылып, сол жерде 2 апта бойы гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия, орташа ауыр ағымы. Гипертензионды- гидроцефальды синдроммен ем қабылдады. Қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Егілмеген. Қарағанда балаға бір ай. Дене салмағы 3000,0гр. Бойы 53 см. Тек ана сүтімен қоректенеді.

№1 Есепке тапсырма:

Берілген баланы вакцинациялау жөнінде сіздің іс-әрекетіңіз?

№2 есеп:

Жанұя бірінші рет ЖТД қаралады, ауданнан келген. Балаға 2 ай. Атопиялық дерматиттің сәби түрімен ауырады. Бсану үйінде туберкулезге қарсы, гепатит В қарсы вакцина алған. Жанұясында әкесі тыныс демікпесімен ауырады. Қарағанда баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. ФД және НЖД бала қатарластарынан қалыңқырамайды. Ұртының терісінде атопиялық дерматиттің қалдық белгілері (ремиссия сатысы). Тек ана сүтімен қоректенеді.

№2 Есепке тапсырма:

Аймақтық ЖТД кейінгі іс-әрекеті.

№ 7 Тақырып: Арнамалы иммундық алдын алу. Алдын алудан кейінгі калыпты (күткен) және ерекше реакциялар.

Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Балаға 2 ай. V1 АКДС ерекше реакция, бұл балаға екпе жасау жоспарын жасауда жалпы тәжірибелік дәрігердің іс – әрекеті:

A. V2 и V3 АКДС;

B. V2 и V3 АДС;

C. V2 и V3 АДС-М;

D. 1 айға екпеден Мед отвод;

E. 3 айға екпеден Мед отвод

2. Балалардағы екпеге қарсы реакция болып табылады, егер (2 дұрыс жауап):

A. Дене температурасының 37,5°t С жоғары болуы,

B. Дене температурасының 38,5°t С жоғары болуы,

C. Диспепсиялық синдром,

D. Катаральды белгілердің пайда болуы,

E. Дене температурасының 38,5°t С-тан жоғары болуы,

F. 2,5мм дейінгі инфильтраттың болуы,

G. 5,0мм дейінгі инфильтраттың болуы,

H. 5,0мм-ден инфильтрат мөлшерінің жоғары болуы

3. ККП екпесін алған балада дене температурасының 37,3°t С-қа жоғарылауы, жөтелуі, конъюктивит белгілері байқалған. Бағалаңыз, аталған қорытындылардың қайсысы дұрыс?

A. ККП вакцинасына катаральды синдром арнайы реакция болып табылады, егер алғашқы 3 күннің ішінде пайда болса,

B. ККП екпесіне катаральды синдром арнайы қарсы реакция болып табылады, егер бесінші немесе 12-14-ші күннен кеш емес байқалса,

C. ККП екпесіне катаральды синдром арнайы реакция болып табылады, егер 22-24 күннен ерте байқалса,

D. ККП екпесіне катаральды синдром арнайы емес қарсы реакция болып табылады, егер бесінші күннен ертерек және 12-14 күннен кеш байқалса,

E. ККП екпесіне катаральды синдром арнайы қарсы реакция болып табылады, егер бесінші күннен ертерек және 12-14 күннен кеш дамыса.

4. №190 ДСМ және СЗ ҚР 06.032015 жылғы бұйрыққа сәйкес екпе алған балалар қалай бақыланады (3 дұрыс жауап):

A.Емханада –екпеден соң 30 минут,

B.Емханада –екпеден соң 20 минут,

C.Үйде –екпеден соң 30 минут,

D.Үйде –өлі және инактивирленген вакцинадан соң алғашқы үшінші күні,

E. Емханада –тірі вакцина алғаннан соң 5-6 және 10-11-ші күннен соң,

F. Емханада – өлі және инактивирленген вакцинадан соң алғашқы үшінші күні,

G.Үйде – өлі және инактивирленген вакцинадан соң алғашқы 5-ші күні,

H. Үйде – тірі вакцина алғаннан соң 5-6 және 10-11-ші күннен соң.

5. 3 айлық қыз бала 2-к АбКДС+полиомиелит+ВГВ+ХИБ екпесін асқынусыз анамнезі бойынша алған. Алдыңғы екпесі (2 айлығында) жақсы өткен. Соңғы алған екпенің екінші күні балада дене температурасының 38°t жоғарылауы, мазасыздық, гиперемия және екпе алған жерде мөлшері 2,5 мм-дей тығындалу пайда болған. Вакцинаға деген реакцияны қалай бағалайсыз?

A. Екпеден соңғы асқыну ретінде,

B. Жалпы екпеден соңғы күшті реакция,

C. Жергілікті екпеден соңғы күшті реакция,

D. Жалпы және жергілікті екпеден соңғы күшті реакция,

E. Жалпы және жергілікті екпеден соңғы әлсіз реакция.

6. 2 айлық балада АКДС вакцинациясынан кейін ауыр дәрежелі жалпы вакцинациядан кейінгі реакция дамыды. АКДС вакцинасының қандай компонентінен реакциялар пайда болатынын айтыңыз?

A. көкжөтелдің өлген микробы

B. сіреспе анатоксині

C. дифтерия анатоксині

D. сіреспе-дифтерия анатоксиндері

E. барлық компоненттердің байланысуы

7. Екпеге жалпы күшті реакция, бұл:

A. t 38,5°С 2 күн артық

B. t 38,5°С, инъекция орнында 2-5 см гиперемия.

C. t 40°С және одан жоғары, инъекция орнында 8 см гиперемия.

D. t 39,5°С 3 күн

E. t 38,5°С инъекция орнында 5-7 см гиперемия

8. 6 жастағы қыз бала өсуі мен дамуы жасына сай. Кесте бойынша екпелер алды. 4 жасында Манту сынамасы жасалды; қорытындысы – папула диаметрі 8см. Диагностика жасалды «Туб вираж» 3 ай химиопрофилактика алды. Бұл балаға 6 жаста қандай екпе алуға болады?

A. АДС + ККП;

B. БЦЖ + АДС + ККП;

C. БЦЖ + АДС-М + ККП;

D. БЦЖ + АДС;

E. АДС-М + ККП.

9. Нәрестелерде БЦЖ вакцинациясы қандай мерзімде және қалай бағаланады? (2 дұрыс жауап)

A. 1, 3, 6, 12 айлық мерзімде,

B. 2, 4, 8, 12 айлық мерзімде,

C. 3, 5, 7, 12 айлық мерзімде,

D. 2, 6, 9, 12 айлық мерзімде,

E. Папула,пустула,тыртық,

F. Папула,тыртық,пигментация,

G. Пустула,гиперпигментация,тыртық,

H. Папула,пустула,гиперпигментация.

10. Балаларға қызылша ауруына қарсы вакцинация міндетті жасау керекпа?

А. Міндетті түрде екпе жасау керек;

В. Екпе жасау міндетті емес;

С. Екпені кызылша ауруы пайда болған кезде жасау

D. Екпені ата –ананың өтінішімен жасау

Е. Екпені мүмкіндік болса жасау.

№ 7 Тақырып: Арнамалы иммундық алдын алу. Алдын алудан кейінгі калыпты (күткен) және ерекше реакциялар.

Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:

№1 есеп:

3 айлық қыз балаға асқынбаған диагнозбен АКДС + полиомиелит вакцинасымен екінші профилактикалық егу жасалды. Алдыңғы АКДС + полиомиелит (2 айында) егуін жақсы көтерді. Егудің 2-нші күні анасы емханаға 38°С дейін дене қызуының көтерілуіне, мазасыз, вакцина еккен жерде қызару мен тығыздалудың пайда болуына шағымданып келеді. Егуден кейін асқыну ретінде көрсетілген симптомдарды бағалап, анасы дәрігер мен мед бикені «маман еместігіне» кінәләді.

Қарағанда: дене қызуы 37,8°С. Мүшелер мен жүйелер жағынан патология анықталмады. Дәреті ботқа тәрізді. Вакцина еккен жерде 1 см көлемінде сіңбе, 3см көлемінде жұмсақ тіннің қызаруы және ісінуі.

№1 Есепке тапсырма:

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. қандай ем шараларын жүргізу қажет?

3. Бала дәрігер-маман қарауын қажет ете ме жоқ па?

4. Болған жағдайды анасына қалай түсіндіруге болады?

5.Қалыпты вакцинадан кейінгі әсер мен вакцинадан кейінгі асқынудың арасындағы айырмашылық неге байланысты?

6. АКДС вакцинасымен иммунизациялағаннан кейін болуы мүмкін асқынуларды айтыңыз?

8. АКДС және полиомиелит вакцинасының егу мерзімі сақталған ба?

9. Бұл жағдайда СЭС шұғыл хабарлама жіберуге бола ма?

10. Балада дифте­рия мен тырыспаға қарсы вакцина курсы аяқталды деп есептеуге бола ма?

11. Кейінгі егулерден бала медициналық шегеруге жата ма жоқ па?

12. Жұқпалы және вакцинадан кейінгі үрдіс арасында патогенез айырмашылығы қандай?

13. Көкжөтелге қарсы шұғыл иммунизация бар ма?

№2 есеп:

ЖТД 37,3°С дейін дене қызуы көтерілген, сол жақ құлақ маңының ісуіне шағымданған 2 жастағы ер балаға шақырылды. Балаға 9 күн бұрын паротитке қарсы егу жүргізілді, бір ай бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Анамнезінен, өмірінің бірінші жылында атопиялық дерматит симптомы анықталған. Жеке күнтізбе бойынша егілген. АКДС, полиомиелит және қызылшаға қарсы егуді жақсы көтерген. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза. Араны сәл қызарған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Сол жағында құлақмаңы безі ісінген, қыртысталған тері қатпарымен. Ішкі мүшелері патологиясыз. Менингеальды белгілер анықталмайды.

№2 Есепке тапсырма:

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. СЭС шұғыл хабарлама жіберуге бола ма?

3. Оториноларингологтың қарауы керек пе, оның мақсаты?

4. Балада анықталған өзгерістерді қандай аурулардан ажырату керек?

5. Ем тағайындаңыз.

6. Балада анықталған өзгерістердің болуы мүмкін себептері?

7. Паротитке қарсы шұғыл иммунизация көрсеткіші.

8. Басқа егуден бала медициналық шегеруге жата ма?

9. Эпидемиялық паротитке қарсы егуге мүмкін асқынуларды атаңыз.

10. Баланы госпитализациялау көрсетілген бе?

11. Эпидемиялық паротиттің ауру көзі болып бала бола ала ма?

12. Эпидемиялық паротитке қарсы егу басқа вакцинамен бірлесе ала ма?

№ 8 Тақырып: Арнамалы иммундық алдын алу. Вакцинадан кейінгі асқынуларды емдеу және мониторингі.

Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1.АбКДС еңгізгеннен кейінгі екпеден соңғы асқыну ретінде төмендегі нұсқалардың қайсысын көрсетуге болады (3 дұрыс жауап):

A. Екпеден соң дене температураның болуы (37.7 С);

B. Екпеден соң баланың пронзительный шыңғырығы;

C. Екпе алған жерде мөлшері 1,5 см гиперемияның болуы;

D. Екпе алған жерде мөлшері 3,5 см ісіктің болуы;

E. Екпе алған жерде мөлшері 1,8 см инфильтраттың болуы;

F. Екпе алғаннан кейінгі алғашқы 3 күн ішінде дене температурасының жоғарылауы және жалпы әлсіздік белгілері;

G. Екпе алғаннан кейінгі алғашқы 3 күн ішінде фебрильді құрысулардың болуы;

H. Екпе алғаннан кейінгі алғашқы 3 күн ішінде жүрек және тыныс жетіспеушілігінің көрініс беруі.

2.06.03.2015 жылдың №190 ДСМ СЗ ҚР бұйрығына сәйкес полиомиелитке қарсы (ОПВ) екпесінің асқынуын көрсетіңіз (2 дұрыс жауап):

A. Байланысқандарда 4 тәуліктен 60 тәулікке дейінгі кезеңде вакцинаға негізделген паралитикалық полиомиелит дамиды;

B. Екпе алғаннан кейін төртінші және 30-шы тәулік аралығында фебрильді құрысулардың пайда болуы;

C. Екпе алған жерде 1-ші және 3-ші тәулік аралығында келлоидты тыртықтардың пайда болуы;

D. Екпеден кейін 1-ші және 3-ші тәулік аралығында ішек дисфункциясының пайда болуы;

E. Екпе алғаннан кейін төртінші және 60-шы тәулік аралығында флегмонаның пайда болуы;

F. Екпе алғандарда 4 тәуліктен 30 тәулікке дейінгі кезеңде вакцинаға негізделген паралитикалық полиомиелит дамиды;

G. Екпе алғандарда 1 тәуліктен 3 тәулікке дейінгі кезеңде вакцинаға негізделген паралитикалық полиомиелит дамиды;

H. Байланысқандарда 1 тәуліктен 30 тәулікке дейінгі кезеңде вакцинаға негізделген паралитикалық полиомиелит дамиды.

3.1 айлық балаға патронаж кезінде, сол жақ қолтық астында тығыз, көлемі ұлғайған ойыс анықталады, лимфа түйін ауырсынусыз, пальпация кезінде флюктация анықталады, басқа лимфа түйіндері ұлғаймаған. Күнтізбемен екпелер жасалған. Вакцинацияның қандай асқынуы?

A. Келлоидты тыртықтар

B. Везикулонекротикалық реакция

C. Регионарлы лимфаденит

D. Генерализованды БЦЖ

E. Остеомиелит

4.Мектепте туберкулезге қарсы жоспарлы ревакцинация жүргізілді. Бала, 7 жаста. Баланың анамнезінде БЦЖ вакцинациясынан кейін келлоидты тыртықтар пайда болған. БЦЖ ревакцинацияға дәрігердің іс – әрекеті:

A. Күнтізбе бойынша егу

B. 6 айға дейін медициналық кейінге қалдыру

C. 1 жылға дейін медициналық кейінге қалдыру

D. Ревакцинация тиісті емес

E. Келлоидты тыртықты емдегеннен кейін

5. АбКДС вакцинациясынан кейін қандай уақытта кішентай құрыспалық ұстамалар түріндегі неврологиялық асқынулар дамуы мүмкін?

A. Екпе күні;

B. Екпеден 2 күннен кейін;

C. Иммунизациядан 3-5 күннен кейін;

D. Екпеден кейін 8-10 күндері;

E. Екпеден кейін 14-16 күндері.

6. Бала 3 айлық. 2 айлығында біріншілік АбКДС кейін афебрильді құрысулар бақылынды. Қараған кезде дені сау, анасы шағым айтпайды. Кейінгі вакцинацияға көкжөтел, дифтерия, сіреспеге қандай іс – әрекет?

A. АбКДС екпесімен вакцинацияны

B. АбКДС басқа серияларымен вакцинацияны жүргізу

C. АбКДС вакцинациясынан бас тарту;

D. АДС пайдаланып, вакцинацияны жалғастыру

E. АДС-М пайдаланып, вакцинацияны жалғастыру

7. 1 жастағы балада ККП вакцинациясынан екпеден 2 аптадан кейін клиникалық белгілер пайда болды, субфебрильді температурада қалшылдау, қозу, катаральды көрініс. Баланың жағдайын және вакцинаның қандай компонентінен бұндай реакциялар болатынын анықтаңыз?

A. қызылша вакцинасына энцефалитикалық реакция

B. паротитті вакцинадан серозды менингиттің көрінісі

C. кызылша вакцинасына аллергиялық реакция

D. ККП вакцинациясына қалыпты реакция

E. қызамық профилактикалық вакцинасына энцефалитикалық реакция

8. Балада біріншілік екпеде АбКДС вакцинасынан кейін 2 күні аллергиялық бөртпе, құрысулар, температура 39°С жоғары, «мозговой крик». Вакцина жасауға ары қарайғы сіздің іс – әрекетіңіз:

A. күнтізбемен индивидуальды егу

B. қалыпты уақытта егу

C. АбКДС вакцинасын жасау қарсы көрсетілген

D. иммунизация АДС – М анатоксинімен жалғастырылуы мүмкін

E. барлық екпеден абсолютты қарсы қорсеткіш

9. Қызылша вакцинациясынан кейінгі асқыну:

A. салқын абсцесс

B. фебрильды құрысулар

C. келлоидты тыртықтар

D. ішек дисфункциясы

E. флегмона

10. Екі жасар балаға 2 апта бұрын АбКДС екпесін салған. 15-ші күні кенеттен түнде кеуденің барлық бөлігінде массивті ісіктер пайда болған. Анасарка. Зәр шығаруы азайған. Жалпы жағдайын бағалаңыз, болжам диагноз қойыңыз? Аталған жағдай 2 апта бұрын алған екпенің әсерінен болуы мүмкін бе? (2 дұрыс жауап)

A. Жедел гломерулонефрит;

B. Аллергиялық реакция;

C. Нефротикалық синдром;

D. Жедел пиелонефрит;

E. Жүрек жетіспеушілігі;

F. Осы жағдай екпеден кейінгі асқыну ретінде бағаланады;

G. Осы жағдай екпеге әдеттегі реакция ретінде бағаланады;

H. Осы жағдай қосымша ауру ретінде бағаланады.

№ 8 Тақырып: Арнамалы иммундық алдын алу. Вакцинадан кейінгі асқынуларды емдеу және мониторингі

Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:

№1 есеп:

8 жастағы қыз балаға жоспарлы түрде тұмауға қарсы вакцинация жасалған. Вакцинациядан кейін 5 минутта ауа жетпеу сезімі, «металл» реңді дөрекі үрлеген жөтелге шағымданды. Тұншығу арта түсті. Кенет тыныс алу қиындаған, югулярлы шұңқыр анық тартылған. Дауысы «қарлыққан» , кезеңді түрде- «металл» реңді дөрекі үрлеген жөтел. Қарағанда: қыз баланың санасы ашық, бірақ сұрақтарға қиындықпен жауап береді, айналасына бағдарсыз. Тері жамылғысының цианозы тез артып, жайылмалы сипатқа ие болуда. Тыныс алуы қиындаған. Өкпеде перкуторлы дыбыс өзгермеген, тынысы везикулярлы, барлық бөлікте естіледі, ТЖ 50 рет минутына. Жүрек шекаралары кеңеймеген, тондары ырғақты, дыбысты. ЖСЖ 116 рет минутына. АҚҚ 120/70 мм.сбб.

№1 Есепке тапсырма:

1.Диагноз қойыңыз және негіздеңіз.

2.Бастапқы патологиялық симптомды атаңыз, мүмкін болатын этиологиясы.

3. Мектептің медициналық бөлмесіндегі біріншілік шұғыл көмек.

4. Дәрігердің кейінгі тактикасы.

№2 есеп:

6 жаста қыз бала, жасына сай өсіп дамыған. Баснына өткерген аурулары: желшешек, ЖРВИ- жылына 3-4 рет.

Балабақшада 8 күн бұрын қызылшаға қарсы ревакцинация жасалды. Сол күні кешке ата-анасы баласымен циркқа барады. Келесі күні- температура 37,5°С дейін, жөтел және мұрынның бітелуі пайда болды. Аймақтық дәрігер ЖРВИ анықтап, симптоматикалық ем тағайындады. 4-нші күні қыз бала балабақшаға оралды.

Екпеден кейін 12-нші күні температура 38,5°С дейін көтеріледі, мұрын бітелуі, жөтелу, тамағында ауырғандық, қышитын бөртпе пайда болады.

Үйде қарағанда: уланудың сәл анық симптомдары, конъюнктиваның аздап қызаруы. Беттің,кеуденің, аяқ-қолдарының өзгермеген терісінде –бірікпейтін дақты-папулезды бөртпе. Вакцина егілген жерде диаметрі 1см тығыздалу. Араны қызарған. Миндалинасы болбыр, ісінген, сары түсті жабындымен. Мойын, жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Физикальды өкпе және жүрек жағынан патологиясыз. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры +1см.

№2 Есепке тапсырма:

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. Вакцинадан кейінгі кезеңд бағалаңыз.

3. СЭС шұғыл хабарлама жіберуге бола ма?

4. Балаға қосымша тексеру қажет пе?

5. Ем тағайындаңыз.

6. Үйде баланы жүргізу жолы.

7. Шығарылғаннан кейін балаға қандай емдеу-сауықтыру шараларын өткізуге болады?

8. Қызылша бөртпесіне клиникалық сипаттама беріңіз.

9. Қызылша вакцинасын енгізгеннен кейін дамуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

10. Қызылшаға қарсы вакцинадан кейін басқа вакциналарды қандай мерзімде жасауға болады?

11. Қызылшамен бірге бір уақытта вакцинаның қандай түрін балаға егуге болады?

12. Баланы ауруханаға жатқызу көрсетілген бе?

13. Аурудың мүмкін қоздырғышы, оның негізгі сипаттамасы?

№ 9 тақырып: «Ерте жастағы балалардағы рахит. Анықтау критерийлері. Ажырату диагностикасы. Фармакотерапияның негізгі принциптері. Фототерапияға көрсеткіш. Алдын алу, динамикалы диспансерлік мониторингтің және қалпына келтіру негізгі принциптері».

Білімнің алғашқы деңгейін бағалау үшін тест сұрақтары:

1. Балада Мешел ауруының дамуына бейімдейтін факторларды бағалаңыз (3 дұрыс жауап):

A. анасының жасы <17 және >35 жас, токсикоздар;

B. бейімделген қоспалармен ерте жасанды тамақтандыру;

C. анасының экстрагенитальды патологиясы (АІЖ , бүйрек патологиясы);

D. жүктілік кезінде және туылғаннан кейін жеткіліксіз инсоляция;

E. анасының жасы 30 жас, анасында емделмеген анемия;

F. шала туылу, морфофункциональды жеткіліксіз дамуы;

G. күні жеткен жүктілік, токсикоздар;

H. анасының созылмалы аурулары.

2. 2,5 айлық бала қараша айының басында туылды, ана сүтімен қоректенеді. Соңғы 2-3 аптада мазасыз, нашар ұйықтайды, ұйықтап жатқанда шошынып оянады, тершең. Емшекті бұрынғыға қарағанда нашар емеді. Ұлы дәреті тұрақсыз. Қарағанда бозғылт, терісі ылғал, шүйдесінде шашы жоқ. Тіндерінің тургоры азайған. Қаңқаның көзге көрінетін деформациясы жоқ. Үлкен еңбектің жиектері басыңқы. Ішкі мүшелері патологиясыз. Осындай жағдайда аурудың қандай сатысы болуы мүмкіндігін бағалаңыз?

A. бастапқы кезең

B. өршу кезеңі

C. реконвалесценция кезеңі

D. қалдық өзгерістер кезеңі

E. продромальды кезең

3. Қабылдауда 8 айлық бала. Анамнезінен 1-нші жүктіліктен, мерзімінде туылған, 3400 салмақпен. 1,5 айынан жасанды тамақтанады. Тамақтануы бұзылған, қосымша тамақтану уақытында берілмеген. Анасының айтуынша басын 2,5 айынан бастап ұстайды, 7 айында отырған, тұрмайды. Ұлы дәреті тұрақсыз. Қарағанда: әлсіз, тершең. Тері жамылғылары бозғылт. Жалпы бұлшықет гипотониясы. Басы төрт бұрышты, маңдай томпағы шығыңқы. Үлкен еңбегі 2,0х 2,5 см., жиектері басыңқы. Тістері жоқ. Кеуде клеткасы бүйірінен қысылған, аппертура ашық. Айқын «білезіктер». Іші «бақа тәрізді», жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см-ге шығыңқы. Балада қанның биохимиялық анализінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

A. Р төмендеуі, алкалоз, сілтілі фосфатазаның артуы

B. Са төмендеуі, ацидоз, сілтілі фосфатазаның азаюы

C. Са төмендеуі, Р төмендеуі, сілтілі фосфатазаның артуы

D. сілтілі фосфатазаның артуы, Р төмендеуі, диспротеинемия

E. Са төмендеуі, Р төмендеуі, сілтілі фосфатазаның төмендеуі

4.Балаларда Мешел ауруының II дәрежесіне тән белгілерді көрсетіңіз (3 дұрыс жауап):

A. сүйек деформациялары

B. бас сүйектерінің жұмсаруы

C. тіс шығу реттілігінің бұзылуы

D. гиперфосфатемия

E. бұлшықет гипотониясы

F. үлкен еңбегі жиектерінің босауы;

G. ауыр анемия;

H. жоғары тершеңдік

5. Мешел ауруының бастапқы сатысына тән (2 дұрыс жауап):

A. қан анализінде өзгерістер

B. сүйектердің аса сынғыштығы

C. вегетативті жүйке жүйесінің өзгерісі

D. айқын сүйек өзгерістерінің болуы

E. жүрек-қантамыр жүйесінің өзгерістері

F. қызыл түсті дермографизм

G. сүйектік деформациялар

H. гепатоспленомегалия.

6.Қабылдауда 11 айлық бала. Анасының айтуынша бала ұзақ уақыт бойы құрысуға қарсы ем, темір препараттарын қабылдаған. Соңғы кезде жиі терлейді, мазасыз, нашар ұйықтайды. Дәрігер қарағаннан кейін диагноз қойды: Мешел ауруы ІІ, жеделдеу ағымды, өршу кезеңі. Мешел ауруының дамуына қандай препаратты қабылдаудың әсер еткенін бағалаңыз?

A. диазепам

B. фенобарбитал

C. поливитаминдер

D. кальций глюконаты

E. темір препараттары

7.2 күндік балада анық көрінетін краниотабес анықталды, сіз не қажет деп ойлайсыз:

A. СФС (КЩС) анықтау

B. Бас сүйек рентгенограммасын жасау

C. Бақылаумен шектелу

D. Д дәруменін тәулігіне 5000 MБ дейін бірден тағайындау

E. Люмбальды пункция жасау

8. Балаға 7 ай. Дәрігер қарағанда Мешел ауруының 2 дәрежесі анықталды. Емдеу мақсатында «Д» дәрумені 3 мың. МБ/тәу., кальций глицерофосфаты, цитрат қоспасы тағайындалды. Динамикада сылбыр, дене қызуы 37,4 дейін көтерілді, салмақ қоспай қалды. Тексеруде Сулкович реакциясы + + + +. «Д» дәруменінің тағайындалған мөлшерін анасы дұрыс сақтамағаны анықталды. Жағдайын бағалап, болжам диагнозды қойыңыз:

A. «Д» гипервитаминозы

B. спазмофилия

C. дисбактериоз

D. тағамдық улану

E. ішек инфекциясы

9. Мешел ауруының әрбір кезеңі мен ағымына остеомаляцияның айқын үрдістері - краниотабес, "етікшінің төсі", "құс төсі", гаррисон жүлгесі тән :

A. Жедел ағымы, өршу кезеңі

B. Жедел ағымы, бастапқы кезеңі

C. Жеделдеу ағымы, өршу кезеңі

D. Жеделдеу ағымы, қалдық өзгерістер кезеңі

E. Жеделдеу ағымы, бастапқы кезең

10. Мешел ауруының бастапқы кезеңіне келесі рентгенологиялық көрініс тән:

A. өсу зонасының үздікті тығыздалуы

B. сүйектердің қалыпты оссификациясы

C. өсу зонасының кеңеюі және анық еместігі

D. сүйек эпифизінің тостағанша тәрізділігі (блюдцеобразные)

E. аз мөлшерлі остеопороз

Тақырып № 9: Ерте жаста балалардағы рахит. Анықтау критерийлері. Ажырату диагнозы. Фармакотерапияның негізгі принциптері, фототерапияға көрсетпе. Алдын -алу және қалпына келтірудің негізгі принциптері.

Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:

№1 есеп:

Анасы 5 айлық баласымен ЖТД кезекті профилактикалық қабылдауына келді.

Бала IV жүктіліктен, жүктіліктің I жартысы токсикозбен өткен. Мерзімінде босану, стимуляциямен бірге. Дене салмағы 3600 г, ұзындығы - 53 см болып туылған. Бірден жылаған. 2 айға дейін табиғи тамақтандырған, кейін «Малютка» қоспасын берген. Рахиттің профилактикасы ретінде 2 айға D3 витаминін қабылдау тағайындалған, 1,5 ай бойы тұрақты қабылдамаған. Күнтізбеге сәйкес 2 айында 1 екпе салынған, екпеге реакциясы бақыланбаған. 3 айында дәрігер қабылдауына келмеген.

Анасы соңғы 2 айда баланың қатты терлеуін, ұйқы кезінде шошынуын, памперсте аммиактың өткір иісін байқаған.

Қарағанда: Дене салмағы 7200 г, ұзындығы - 64 см. Шүйде жалпаюы және шаштары түсуі, бас сүйектерінің жебе тәрізді және лямбдо тәрізді жігі иілгіштігі, үлкен еңбегінің жиегінің жұмсаруы байқалады. Кеуде қуысының төменгі аппертурасының кеңейуі, Гаррисон жырасы, қабырғасын пальпациялағанда «тасбиық» байқалады. Үлкен еңбегі 4,0x4,0 см. Бұлшық ет гипотониясы, аяқта тұруы қиын. Терінің табиғи қатпарларында аздап бөртпе элементтері, тұрақты қызыл дермографизм байқалады. Кілегей қабаты таза. Тынысы пуэрильді, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ- 120 рет мин. Іші үлкен, керіліп жайылған, ауырсынбайды. Бауыры +2,5 см, талағы +0,5 см. Үлкен дәреті күніне 2-3 рет, ботқа тәрізді.

№1 Есепке тапсырма:

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. Осы жағдайға алып келетін факторларды атап көрсетіңіз.

3. Баланың физикалық дамуын бағалаңыз.

4. Остеоидті тіннің гиперплазиясы дегеніміз не?

5. Клиникада осы синдромдар қандай жаста жетекші рөл атқарады?

6. Қандай қосымша зерттеулер жүргізілуі керек?

7. Осы ауруға тән несепте қандай заттардың жоғары экскреция байқалады?

8. Осы ауруда фосфор-кальций алмасуы қалыпты жағдайда қандай болады?

9. Балада қандай ақаулар орын алып отыр?

10. Екпе салуға бола ма?

11. Сулкович реакциясы дегеніміз не?

12. Осы ауруда арнамалы профилактика және емдеуді жүргізу.

№2 есеп:

Витя П. 10 айлық, емханада екпе бөлмесінде болды. Кезекті екпе жүргізу кезінде қысқа уақытты клонико-тоникалық құрыспалар пайда болды. Баланың дене қызуы қалыпты. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, дене қызуы 36,6ºС, жоғары тыныс жолдарында катаральды көріністер жоқ. Терісінде жұқпалы бөртпелер жоқ, құрғақ, араны таза. Айқын сүйектік өзгерістер көрінеді: басы төрт бұрышты, кеуде қуысы тасбиық тәрізді, аяқ-қолдары білезік тәрізді. Аяқтары «О-тәрізді» қисайған. Тісі - 4 (2/2), эмальдар ақауымен. ЖСЖ - 120 рет минутына, жүрек тондары әлсіреген, жүрек ұшында систолалық шу. Өкпеде тынысы пуэрильді, сырылдар естілмейді. Іші аздап кепкен, ұлғайған, пальпацияда ауырсынбайды. Бауыры 2 см қабырға доғасынан шығыңқы, талақ пальпацияланады.

№2 Есепке тапсырма:

1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Балада тырысу синдромының себептері?

3. Балада жоғары тырыспалық симптомда дайындықты фантомнан көрсетіңіз.

4. Қандағы Са, Р, ЩФ қалыпты көрсеткішін көрсетіңіз.

5. Көктамыр ішіне егілетін кальций глюконат ерітіндісінің мөлшерін есептеңіз.

№ 10 Тақырып: Әр жастағы балаларда темір тапшылық анемия. Анықтау критерийлері. Ажырату диагнозы. Клиникалық хаттама бойынша тиімді фармакотерапия. Алдын- алу, динамикада диспансерлік мониторингтің және қалпына келтірудің негізгі принциптері.

Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. 6 айлық бала ЖРВИ ауырған, учаскелік дәрігер тексеру барысында тері жамылғысының бозарғанына назар аударды, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Жалпы қан анализі НВ-96г/л,эритроциттер-3,3х 10, Ц.П -0,8, полихроматофилия, анизоцитоз анық байқалады. Баладағы анемия ауруының патогениткалық механизмінің қайсысы басым:

A. Ақуыз жетіспушілігі

B. Дәрумен жетіспушілігі

C. Теміржетіспеушілігі

D. Гемолитикалық

E. Апластикалық

2.Балалардағы темір тапшылық анемиясының дамуындағы қауіптілік факторыны:

A. Қарқынды босану

B. Тар жамбастық (анасының)

C. Ұзаққа созылған сусыз кезең

D. Ұрықтың асфиксиясы

E. Көп ұрықты жүктілік

3. Егерде балада анемия анықталса БЖАИЖ бойынша, анасына медициналық қызметкерге қайта қаралу мерзімін айтып бер:

A. 1 күннен екйін

B. 2 күн

C. 5 күн

D. 10 күн кейін

E. 14 күннен кейін

4. Темір тапшылық анемиясы бар науқастардың геммограммасына тән:

A. Гемоглобин мен эритроциттер санының төмендеуі, эритроциттер гипохромиясы, ретикулоциттер санының төмендеуі;

B. Гемоглобиннің төмендеуі, эритроциттердің гипохромиясы және анизоцитозы, ретикулоциттердің қалыпты саны;

C. Гемоглобиннің төмендеуі, эритроциттердің гипохромиясы, макроцитоз, ретикуоциттердің түгелге жақын болмауы;

D. Гемоглобиннің төмендеуі, эритроциттердің нормохромиясы мен нормоцитозы, ретикулоциттер санының көбеюі;

E. Гемоглобиннің төмендеуі, эритроциттердің нормохромиясы және анизоцитозы, ретикулоциттердің қалыпты саны.

5. Құнарлы тамақтану кезіндегі тағамның құрамындағы темірдің тәуліктік сіңірілу көрсеткіші:

A. 1,0-1,5мг

B. 2,0-2,5мг

C. 3,0-3,5мг

D. 4,0-4,5мг

E. 5,0-5,5мг

6.Диспансерлеудің клиникалық хаттамасына сәйкес ТТА сырқаттанатын балдарды жүргізудің ЖТД әрекетін біріктіріңіз (2 дұрыс жауап)

A. ЖТД қарау жиілігі жылына 4 рет , ЖҚА, ЖЗА- 4 рет жылына, гематолог қарауы - 3 рет жылына;

B. ОМҚ қарау жиілігі жылына 4 рет, ЖТД-2 рет жылына, гематолог қарауы көрсеткіштермен. Көрсеткіштері қалыпқа келгеннен кейін 6-12 айдан кейін есептен шығару;

C. Гематологтың қарау жиілігі жылына 2 рет, ЖТД 4 рет жылына, ОМҚ 6 рет жылына;

D. ЖТД қарау жиілігі жылына 2 рет, ЖҚА,ЖЗА – 2 рет жылына, гематолог қарауы 3 рет жылына;

E. ЖҚА лейкоцитарлы формуланы, ретикулоциттерді, тромбоциттерді есептеумен, гематокритті, эритроциттер морфологиясын, түсті көрсеткішті, MCV, RDW анықтау, ЭТЖ 4 жылына;

F. ЖҚА, ЖЗА, құрт жұмыртқасына нәжісті тексеру – 2 рет жылына. Көрсеткіштер қалыпқа келгесін 2-5 айдан кейін есептен шығару;

G. ЖҚА, ЖЗА, құрт жұмыртқасына нәжісті тексеру – 2 рет жылына. Көрсеткіштері қалыпқа келгесін 6-12 айдан кейін есептен шығару;

H. ЖҚА, ЖЗА, құрт жұмыртқасына нәжісті тексеру – 4 рет жылына. Көрсеткіштері қалыпқа келгесін 10-12 айдан кейін есептен шығару.

7.Егер сіз баланы ИВБДВ бойынша тексерген кезде алақанының айқын түрде бозарғанын анықтадыңыз, қалай жіктейсіз:

A. Гипотрофия

B. Гиповитаминоз

C. Анемия

D. Анемияның ауыр түрі

E. Анемия жоқ

8. Клиникалық хаттамаға сәйкес ерте жастағы балаларда ДСӘҰ (ВОЗ) ұсынысы бойынша темір препаратының тәуліктік емдік мөлшерін көрсетіңіз:

A. 1 мг/кг

B. 3 мг/кг

C. 5 мг/кг

D. 8 мг/кг

E. 10 мг/кг

9.Клиникалық хаттамаға сәйкес амбулаторлы жағдайда балалардағы ТТА диагностика мен емінің қауіпсіз әдістерін және тиімді емдеу индикаторларын таңдаңыз (3 дұрыс жауап):

A. Тәбетінің, жағдайының, физикалық белсенділігінің, көңіл-күйінің жақсаруы;

B. Ретикулоциттердің қалыпқа келуі;

C. Тері және көзге көрінетін жамылғылар түсінің қалыпқа келуі;

D. Hb, лимфоциттердің қалыпқа келуі;

E. Hb 110 г/л болғанда жағдайының жақсаруы;

F. Hb, эритроциттердің қалыпқа келуі;

G. Тәбетінің жақсаруы, Hb 110 г/л болғанда жағдайының жақсаруы;

H. Hb 110 г/л болғанда физикалық белсенділігінің артуы;

10.Нақтылаңыз, БЖАИЖ сәйкес сау, күні жеткен балдарда ТТА арнамалы профилактикасын бастайды және аяқтайды (2 дұрыс жауап):

A. 1-нші аптада бастайды;

B. 15-нші күні бастайды;

C. 20-ншы күні бастайды;

D. 1 айынан бастайды;

E. 6 айынан бастайды

F. 3 айында аяқтайды;

G. 5 айында аяқтайды;

H. 7 айында аяқтайды;

№ 10 Тақырып: Әр жастағы балаларда темір тапшылық анемия. Анықтау критерийлері. Ажырату диагнозы. Клиникалық хаттама бойынша тиімді фармакотерапия. Алдын- алу, динамикада диспансерлік мониторингтің және қалпына келтірудің негізгі принциптері.

Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:

№1 есеп:

Анасы 3-айлық баласымен аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Шағымдары жоқ. Бала III жүктіліктен, жүктіліктің I триместрі гестозбен және анемиямен өткен III триместрінде ЖРВИ бастан кешкен. Алдыңғы жүктіліктен (ұл бала 1,5жаста ,4жаста қыз бала) Бала мерзімінде дүниеге келген, туған кездегі салмағы 3050 г,бойы- 52 см. Нәрестелік кезеңі ерекшеліксіз өткен. 1 айға дейін ана сүтімен қоректенген, кейін «Агу» қоспасын берген. 3 ай ішінде қосқан салмағы - 2100 г. 2,5 айында ЖРВИ өткізген.Үйінде симптоматикалық ем алған.

Қарағанда тамақтануы,жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай Тері қабаттары және кілегей қабаттары таза,бозғылт,құрғақ. Лимфа түйіндері қалыпты. Өкпеде пуэрилді тыныс , сырыл жоқ.Жүрек тондары анық ырғақты. Іші жұмсақ,ауырсынбайды.Бауыры қабырға доғасынан+2 см шығыңқы. Талағы пальпацияланбайды. Нәжісі күніне 2 рет, ботқа тәрізді,ашық сұр түсті. Диурез қалыпты.

Наши рекомендации