Йелдерде наркомания клиникасы мен ағымының түзілу ерекшеліктері
(Рохлина М.Л., Мохначев С.О., Козлов А.А., 2000)
№ | Клиникалық көріністері |
1. | Әйелдердегі героиндік наркомания алкоголизммен, наркоманиялармен және басқа психикалық бұзылыстармен жоғары тұқымқуалаушылық ауырлығымен сипатталады. Анасының алкоголизмі 8,1% жағдайда, әкесінің алкоголизмі 43,2% кездеседі, сибс туыстарының алкоголизмі мен наркоманиясы – 4,7% және 16,3% осыған сәйкес, басқа туыстарының арасындағы алкоголизм 47,1% жағдайда кездеседі. Перинатальді патология 41,2% науқастарда анықталған. Анасындағы жүктілік патологиясы басым болған (жүктіліктің I сатысындағы – барлық пациент әйелдердің 1/5-де), кеш постнатальді кезеңде жиі ұрық гипотрофиясы байқалған, жоғары қозғыштық, жылауықтық, физикалық дамуында артта қалу және гидроцефалия. |
2. | Тәрбиелеу жағдайының анализі толық емес жанұяларда зерттелген әйелдердің шамамен 1/3 тәрбиеленгендігін көрсетті. 15% жағдайда қарама қайшы, әрқилы бағыттағы тәрбие бақыланды (конкурирлеуші, ата-анасы тарапынан үйлесімсіз тәрбие беру және т.б.). Пациенттердің басым бөлігінде жанұясында жиі конфликттер болған, ал барлық науқастардың 3,8% ата-анасы тарапынан физикалық, туыстары тарапынан сексуальді жәбірлеу көрген. |
3. | Әйелдердегі тұлғаның преморбидті ерекшеліктері арасында истериодты сипаттағы мінез-құлық басым болған (эгоисттік, басқалардың зейін аударуын, қадірлеуін, аяушылықтарын аса қажет ету, өтірік айту, көзбояушылыққа бейімділік). Айқын психикалық инфантилизм өзіне көңіл аудартқызды (сенгіштік, қамсыздық, тік жандылық, қыңырлық. Тұрақсыздық (еріксіздік, сыртқы жағдайлар мен қоршаған ортаның әсеріне оңай еріп кету) 45% жағдайда анықталды. Науқастардың 1/3 мінез-құлқының негізгі сипатының акцентуациясы байқалды (стигматизация). Преморбидті кезеңде психопатияны салыстырмалы түрде сирек – 10% жағдайда диагностикалау мүмкін болды. Жасөспірімдік кезеңде жүріс-тұрыстың ата-анасының, мұғалімдердің қорғауынан құтылуға тырысумен, еркіндікті, тәуелсіздікті талап етумен, тиым салуларды жоққа шығарумен көрінетін қарсылық реакциясы түріндегі бұзылысы бақыланды. 1/3 жағдайда демонстративті үйден қашулар бақыланды. Жасөспірім жастағы антисоциальді әрекеттерді тек 13,8% әйелдер жасаған. Наркотизацияға дейінгі сотталу жағдайы (пәтерлік ұрлықтар, тонаулар) бар-жоғы 5,6% әйелерде болды. Жағдайлардың жартысында дерлік әйелдерде преморбидінде аутохтонды және реактивті түрде туындаған бірдей жиілікте көңіл-күй тербелістері бақыланды. Наркотизация басталуына дейінгі суицидальді әрекеттер әйелдердің 1/3 анықталды, соның ішінде 10% әйелдерде медикаменттермен улану және 3,8%-да аяқталған суицидальді әрекеттер болған. Аддиктивті жүріс-тұрыспен әйелдердің 1/3 –де жасөспірімдік кезеңнің өзінде басқа ПАЗ-ға тәуелділік белгілері анықталған (темекіге, алкогольге, каннабиноидтарға, первитинге, кокаинге). 12 -ден 19 жас аралығындағы жыныстық өмірдің ерте жастан басталғаны өзіне көңіл аудартады. Әйелдердің 20% наркотиктерді қабылдауды бастағанға дейін ретсіз жыныстық қатынастарда болған. |
4. | Наркотиктерді алғаш қабылдау 13 - 29 жас аралығында, 50% жағдайда 15-17 жас аралығында басталған. Жағдайдың жартысынан басымында әйелдерде ерлердегідей алғашқы наркотик марихуана болып табылды. Әйелдерде наркотикке үйірлену және героиндік наркоманияның дамуы көп жағдайда жыныстық қатынастағы наркоман - партнердің ықпалына тәуелді. Осымен қатар әйелдер наркоманиялық ортаның ықпалын (58,8%), қызығушылықты, жаңа сезімдерді басынан өткізуге тырысуды атаған (56,3%), на психогения фонында әйелдердің 15%-да; барлық науқастардың 1/10 сәнге ойланбастан еріп героин қабылдай бастаған, (ерекше субмәдениет, соңғы жылдарда пайда болған – клубтардағы, би кештерінде уақыт өткізетін топтар). Наркотикті алғаш қабылдағаннан героинді жүйелі қабылдауды бастау арасындағы кезең ерлермен салыстырғанда қысқарақ. Алғашында әйелдерде ерлердегідей героинді интраназальді қолдану басым болды, бірақ 1/3 жағдайда әйелдер героинді көктамыр ішіне енгізе бастады. Әйелдерде героинді эпизодты қолдану ұзақтығы шамамен 4,1 айды құрады. Ал 31% жағдайда әйелдер эпизодты қабылдау сатысынан өтпей героинді бірден жүйелі қолдануды бастаған (ерлерден 2 ретке жиі). Әйелдердегі барлық клиникалық синдромдар мен наркоманиялардың асқынулары ерлермен салыстырғанда қысқа уақыттың ішінде түзілген. Әйелдерде героинге психикалық тәуелділік 2 апта өткеннен кейін түзілген (героинді 2-3 рет қабылдағаннан кейін), бұл әйелдің наркоман- партнері арқылы наркоманның ішкі дүниесімен, сезімдерімен таныстығымен және осындай сезімдерді алуға «дайындығымен» түсіндіріледі. Сонымен қатар барлық әйелдердің 2/3 –де наркотикті алғаш қабылдау кезінде жағымсыз сезімдер бақыланған – әсіресе жүрек айну, қайталамалы құсу, ерлермен салыстырғанда 2 жыл бойында жүйелі қабылдағаннан кейін де сақталып тұрған. Әйелдерде 2 ретке жылдамырақ толеранттылық өсе бастаған. Бірақ, героинді енгізудің тәуліктік жиілігі және героиннің максимальді тәуліктік дозасы ерлермен салыстырғанда төмен болған. Жиі психопатологиялық бұзылыстармен манифесттенетін тоқтату синдромы 2 ретке жылдамырақ түзіледі (үрей, мазасыздық, тітіркенгіштік, көңіл-күйдің тербелістері, ұйқы бұзылысы, алгиялық синдром). Абстиненция кезеңінде әйелдер жиі жалпы жайсыздыққа шағымданған, өздерінің жағымсыз сезімдерін нақты айта алмаған. Стационарда науқас әйелдердің көпшілігінің жүріс-тұрысы демонстративтілікпен, өзіне аса көңіл аударуды талап етумен, айтқан шағымдарының тұрақсыздығымен, өз денсаулығының жайына фиксацияланумен ерекшеленген. Абстинентті синдромның басылу дәрежесіне сәйкес жиі наркотиктерге патологиялық әуестікті жасыратын айқын тәуліктік аффективті лабильділікпен және сенестоипохондриялық, субдепрессивті бұзылыстармен, шағымдарды соматизациялауға бейімділікпен көрініс бергенәйелдерде жиі аффективті бұзылыстар байқалған. |
5. | Барлық әйелдердің 1/3 наркотизацияға критиканың болмауымен, қалғандарында наркотизацияға формальді вербальді критика оған жеңілтек көзқараспен, сауығуға бағыттылықтың тұрақсыздығымен, болашаққа нақты жоспарларының болмауымен бірге жүрген тұлға бұзылыстары түзілді. Көп жағдайда емделуге ниеттену туыстары тарапынан болды. Әйелдерде наркотизация үрдісінде психопат тәрізді бұзылыстар түзілді, оның құрылымында истероидты, истеро-қозғыш сипаттағы жүріс-тұрыс, жоғары конформдылық басым болды. Оларға әртүрлі дәрежеде өтірікшілдік, эгоисттілік, эмоцияларды басқару әлсіздігі, тұрақсыздық және ниеттерінің тұрақсыздығы тән болды. Әйелдердің жүріс-тұрысы демонстративтілікпен, өзіне аса көңіл аударуды талап етумен субдепрессивті, және де гипоманиакальді жағдайларға бейімділікпен көрініс берген аффективті лабильділікпен, айтқан шағымдарының тұрақсыздығымен, басқаларға тәуелділікпен, көнбістікпен ерекшеленді. Сексуальді тежеусіздікпен қатар наркотизация басталуынан кейін 63% жағдайда сексуальді белсенділіктің төмендеуі, сексуальді контакт кезінде суықтық, жиіркеніш сезімінің пайда болғаны анықталды. Мастану және абстиненция жағдайында да жиі суицидальді ойлар байқалған. |
6. | Әйелдерде героиндік наркоманияның негізгі асқынуларының бірі деп менструальді цикл бұзылысын санауға болады. Наркоманиямен зардап шегетін әйелдер, балаларының тәрбиесіне қатыспай, балаларын өздерінің жеке мақсаттарын, паразиттік тенденцияларын қанағаттандыру құралы ретінде қолданған. |
7. | Ремиссия кезінде әйелдерде жиі ипохондриялық, апато-абулиялық, дисморфофобиялық бұзылыстар байқалды, осы бұзылыстарды басу үшін олар психотропты заттарды қабылдаған. |
8. | Абстинентті синдром және наркотикке патологиялық әуестікті басу үшін әйелдерде литий препараттарын, антидепрессанттар, жаңа атипті нейролептиктер (солиан), тырысуға қарсы препараттар (депакин хроно), психотерапиялық әсер етумен бірге ноотроптарды қолдану ұсынылады. Әйелдердегі наркоманияның сүйемелдеуші (рецидивке қарсы) терапиясы үшін медикаменттерді таңдау наркотикке патологиялық әуестік варианттарының психопатологиялық ерекшеліктеріне байланысты. |