A. көз алмасының ығысуын анықтау үшін 4 страница

B. Туберкулема

C. Қатерсіз ісік

D. Паразитарлы емес жылауық

E. Жоғарыда аталғандармен

?

  1. Эхинококкоз ағымында неше саты бар:

A. Бір саты

B. Үш саты

C. Екі саты

D. Төрт саты

E. Бес саты

?

  1. Эхинококкозға қандай сынама жасаған кезде анафилактикалық реакция болуы мүмкін:

A. Латекспен агглютинация реакциясымен

B. Терішілік Кацони сынамасы

C. Тікелей емес гемагглютинация реакциясы

D. Анфилогов сынамасы

E. Барлық берілген сынамалар

?

  1. Өкпе эхонокогінің сүйікті орналасатын жері:

A. Сол жақ өкпенің төменгі бөлігі

B. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігі

C. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігі

D. Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігі

E. Оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігі

?

  1. Өкпе эхинококкозы кезінде қандай операция жиі қолданылады:

A. Сына тәрізді резекция

B. Лобэктомия

C. Сегментэктомия

D. Пульмонэктомия

E. Эхинококкэктомия

?

  1. Бауыр альвеококкозы кезіндегі радикальды операция:

A. бауыр резекциясы

B. қуысты дренаждау

C. гепатостомия

D. каверноеюностомия

E. паразитарлы ісікті жартылай алып тастау

?

  1. Бауыр эхинококкозы кезінде жиі қолданылатын операция:

A. Қуысты тілмей эхинококкэктомия

B. Дельбе бойынша капитонаж

C. Қуысты дренаждау

D. Бауыр резекциясы

E. Бауыр марсупилизациясы

?

  1. Өкпенің асқынбаған эхинококктік жылауықтары кезіндегі типтік клиникалық көрінісі:

A. Кеуде клеткасындағы ауырсыну

B. Тыныштық жағдайдағы ентігу

C. Тұрақты құрғақ жөтел

D. Симптомдардың болмауы

E. Қан түкіру

?

  1. 45 жастағы науқас емханаға келесі шағымдармен келді, оң қабырға доғасы астындағы ауырсыну, әлсіздік, диспепсиялық өзгерістер, кезенді пайда болатын аллергиялық реакциялар. Ұзақ уақыт бойы ауылдық жерде өмір сүрген. УДЗ-да диаметрі 5 см-ге дейін болатын дөңгелек құрылым анықталды. Латекспен агглютинация реакциясы оң мәнді.

Сіздің диагнозыңыз қандай?

A. Бауыр абсцессі

B. Бауыр эхинококкозы

C. Бауыр ісігі

D. Альвеококкоз

E. Паразитарлы емес жылауық

?

  1. Флюорографиялық зерттеу кезінде 60 жастағы науқаста оң жақ өкпесінде дөңгелек құрылым анықталды. Науқас шағымданбайды. Ауылдық жерде тұрады.

Сіздің диагнозыңыз?

A. Туберкулома

B. Өкпе эхинокогы

C. Қатерсіз ісік

D. Өкпе ісігі

E. Солитарлық жылауық

?

  1. Флюорографиялық зерттеу кезінде 55 жастағы науқаста оң жақ өкпесінде 5х5 см дөңгелек құрылым анықталды. Науқас шағымданбайды.

Диагнозды нақтылау мақсатында қандай ақпаратты зерттеу әдісін жасаған дұрыс?

A. Өкпенің томографиясы

B. Рентгеноскопия

C. Торакоскопия

D. Латекспен агглютинация реакциясы

E. Жасанды пневмоторакс

?

  1. 45 жастағы науқаста тыныштық жағдайда, әлсіздік, дәрменсіздік, тәбетінің төмендеуі, терінің қышынуы, есекжем пайда болды. Сонынан сарғаю қосылды. 15 жыл бұрын ауылдық жерде өмір сұрген. Гепатосканированирлеу кезінде бауырдың сол жақ бөлігінде түйіндер анықталған.

Сіздің диагнозыңыз?

A. Эхинококкоз

B. Альвеококкоз

C. Бауыр абсцессі

D. Бауыр ісігі

E. Өт-тас ауруы

?

  1. 62 жастағы науқаста жоспарлы тексеру кезінде, оң жақ өкпесінің жоғарғы бөлігінде көлемі 2х2 см, контурлары тегіс емес дөңгелек құрылым анықталды. Науқас шағымданбайды.

Дәрігерлік тактика?

A. Мерзімдік операция

B. Құрылымды биопсиямен трансторакальды пункциялау

C. Жоспарлы түрде операция

D. Диспансеризация жағдайында динамикалық бақылау

E. Диагнозды верификациялау үшін қосымша тексеру

?

  1. 80 жастағы науқаста УДЗ-де бауырдың оң жақ бөлігінде көлемі 8х8 см сұйықтық деңгейі бар жылауық анықталды. Қанында эонозофилия. Кацони сынамасы оң мәнді.

Науқасқа қандай операция көрсетілген?

A. Бауыр резекциясы

B. Жылауықты УДЗ бақылауымен пункциялау

C. Дельбе бойынша капитонаж

D. Жылауықты марсупилизациялау

E. Эхинококкэктомия

?

  1. 60 жастағы науқаста тыныштық жағдайда, дене қызуы 380С –қа дейін жоғарылауы, оң жақ қабырға доғасы астындағы ауырсыну, жалпы әлсіздік пайда болды. Кейіннең сарғаю, терінің қышынуы, есекжем қосылды. УДЗ-де – бауырдың сол жақ бөлігінде контурлары анық 6х6 см дөңгелек құрылым анықталды. Өт қабында тастар.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

A. Бауыр альвеококкозы

B. Бауыр эхинококкозы

C. Өт-тас ауруы

D. Холангит

E. Бауыр абсцессі

?

201. Анальды жарық диагнозын бекітуге қандай зерттеуді жүргізу жеткілікті:

A. тік ішекті саусақпен зерттеу

B. колоноскопия

C. аноскопия

D. ирригоскопия

E. ректороманоскопия

?

202. Дефекация актінен кейінгі қан кету қай ауруға тән емес:

A. геморрой

B. анальды жарық

C. тік ішектің қатерлі ісігі

D. ишио-ректальды парапроктит

E. тік ішектің дивертикулы

?

203. Геморройдың диагностикасында қандай аспаптық зерттеудің түрі тиімді:

A. тоқ ішектің УДЗ-ы

B. ирригоскопия

C. лапароскопия

D. эндовидеолопароскопия

E. ректороманоскопия

?

204. Ишио-ректальды парапроктитке не тән емес:

A. жамбас түбіндегі ауырсыну

B. жоғары температура

C. ауырсынулы дефекация

D. аралық терісінің өзгерісінің болмауы

E. анустан шырыштың бөлінуі, аралықтың ісінуі

?

  1. Параректальды жыланкөздің клиникалық көрінісі немен сипатталмайды:

A. ірің ағуымен

B. асқынулардың кезеңділігімен

C. қалыпты температурамен

D. тұрақты жоғары температурамен

E. ірің бөлінуімен

?

206. Тік ішек ауруларымен науқастарды зерттеу әдістеріне жатпайды:

A. ректороманоскопия

B. ирригоскопия

C. аноскопия

D. интестиноскопия

E. саусақтық зерттеу

?

  1. Жедел анальды жарыққа не тән:

A. артқы тесік аймағындағы дефекация кезінде күшейетін ауырсыну, анальды аймақтағы қышыну

B. дефекациядан кейінгі алқызыл қанның бөлінуі, шырышты-қанды бөліністер

C. дефекация кезіндегі және одан кейінгі жіті ауырсыну, одан кейінгі қан тамшыларының бөлінуі, созылмалы іш қату

D. жиі сұйық нәжіс, тенезмдер, дене қызуының жоғарылауы

E. артқы тесік аймағындағы дискомфорт және "бөгде затты" сезіну

?

  1. Геморрой кезінде қандай симптом байқалмайды:

A. лента тәрізді канал

B. іш қатулар

C. түйіндердің түсуі

D. қан кету

E. артқы тесік аймағындағы қышыну

?

  1. Созылмалы парапроктитке не тән:

A. гематурия

B. аралық терісіндегі жыланкөздік тесіктің болуы

C. дефекация актының соңынды бөлінетін алқызыл қан

D. іштің төменгі бөліміндегі ауырсыну

E. іш өту

?

  1. Анальды жарықтың негізгі клиникалық көрінісін атаңыз:

A. дефекация кезіндегі ауырсыну

B. дефекациядан тыс қан кету

C. қышыну

D. дефекациядан кейінгі ауырсыну

E. тұрақты ауырсынулар

?

  1. Жіті анальды жарық кезінде тоқ ішекті кешіктірмейтін зерттеуге не көрсеткіш болып табылады:

A. аурудың жедел басталуы

B. дискомфорт және толық емес дефекация сезімі

C. кезеңдік іш қатуларға шағымдану

D. науқастың егде жасы

E. артқы тесіктен қан және шырыштың бөлінуі

?

  1. Жіті анальды жарыққа қандай ауырсынулар тән:

A. тұрақты

B. дефекациядан кейінгі

C. дефекация кезіндегі

D. дефекация алдында

E. түнгі кезде

?

  1. Созылмалы геморройдың қазіргі заманғы жіктелуінің негізіне не алынған:

A. геморроидальды түйіндердің көлемі

B. геморроидальды түйіндердің түсуінің жиілігі

C. түйіндердің тромбозының жиілігі

D. геморроидальды түйіндерден қан кету

E. сыртқы түйіндердің болуы немесе болмауы

?

  1. Геморроидальды түйіндердің түсуін тік ішектің түсуін ажырататын негізгі белгілері:

A. түсетін бөлігінің ұзындығы

B. шырышты қабаттың түсі

C. қанның алқызыл түсті болуы

D. түсетін розетканың бөлімдік құрылысты болуы шырышты қабатының қатпарларының ұзына бойы болуымен

E. артқы тесікте ауырсынулардың болмауы

?

  1. Созылмалы парапроктитке не тән:

A. гематурия

B. аралық терісіндегі жыланкөздік тесіктің болуы

C. дефекация актының соңынды бөлінетін алқызыл қан

D. іштің төменгі бөліміндегі ауырсыну

E. іш өту

?

  1. 46 жастағы науқас С., үлкен дәретке барғаннан кейін жағымсыз сезім пайда болуына, анальды өзек аймағындағы қышынуға, нәжіспен араласпайтын алқызыл түсті қан кетудің болуына шағымданады. Қарағанда: Хилтон сызығынан төмен, «7 сағат» аймағында күшену кезінде пайда болатын ісік тәрізді ұзына бойы, ұшында жаралары және геморрагия іздері бар құрылым анықталады.

Болжам диагноз қойыңыз?

A. Жедел ішкі геморрой. Геморроидальды қан кету

B. Созылмалы сыртқы геморрой. Геморроидальды қан кету

C. Созылмалы ішкі геморрой. Геморроидальды қан кету

D. Жедел сыртқы геморрой. Геморроидальды қан кету

E. Жедел ректальды қан кету

?

217. 46 жастағы науқас С., үлкен дәретке барғаннан кейін жағымсыз сезім пайда болуына, анальды өзек аймағындағы қышынуға, нәжіспен араласпайтын алқызыл түсті қан кетудің болуына шағымданады. Қарағанда: Хилтон сызығынан төмен, «7 сағат» аймағында күшену кезінде пайда болатын ісік тәрізді ұзына бойы, ұшында жаралары және геморрагия іздері бар құрылым анықталады.

Қандай аурулармен ажыратпалы диагностика жүргізу қажет?

A. Тік ішек ісігімен

B. Тік ішектің түсуімен. Тік ішектің қанайтын жарығымен

C. Тік ішек ісігімен. Тік ішек ісігімен. Тік ішектің түсуімен. Тік ішектің қанайтын жарығымен

D. Тік ішек ісігімен. Тік ішектің қанайтын жарығымен

E. Тік ішек ісігімен. Тік ішектің түсуімен. Тік ішектің қанайтын жарығымен

?

  1. Науқас З. 18 жаста, үлкен дәретке барған кезде, күшенгенде пайда болатын аралық аймағындағы қарқынды ауырсынуларға, дене қызуының 39,0 дейін жоғарлануына, қалтырауға шағымданады. Анальды аймақты қарағанда анустың оң жағындағы теріде гиперемия, ісіну және ұлпалардың өзгерісі, пальпация кезінде айқын ауырсыну және флюктуация анықталады.

Болжам диагноз қойыңыз?

A. Жедел тері астылық паропроктит

B. Созылмалы тері астылық паропроктит

C. Жедел шырыш астылық паропроктит

D. Жедел пельвиоректальды паропроктит

E. Созылмалы ишеоректальды паропроктит

?

219. Науқас З., 18 жаста үлкен дәретке барған кезде, күшенгенде пайда болатын аралық аймағындағы қарқынды ауырсынуларға, дене қызуының 39,0 дейін жоғарлануына, қалтырауға шағымданады. Анальды аймақты қарағанда анустың оң жағындағы теріде гиперемия, ісіну және ұлпалардың өзгерісі, пальпация кезінде айқын ауырсыну және флюктуация анықталады. Дизурия жоқ.

Қандай аурулармен ажыратпалы диагностика жүргізу қажет?

A. Аппендикулярлы абсцесс

B. Уретраның жыртылуы

C. Дуглас абсцессі

D. Аралықтың абсцессі

E. Уретрит

?

220. Науқас И., 30 жаста, 1 жыл көлемінде мазалайтын іріңді бөлінісі бар аралық аймағындағы жыланкөзге шағымданады. Қараған кезде, аралық аймағының терісінде аздағын іріңді бөлінісі бар, маңайндағы терісі мацерацияланған жыланкөз анықталды. Пальпациялағанда тері асты клетчаткасында тығыз тартпа (тяж) анықталады.

Болжам диагноз қойыңыз?

A. Жедел парапроктит. Жыланкөздік түрі

B. созылмалы парапроктит.

C. Созылмалы парапроктит. Жыланкөздік түрі

D. Жедел парапроктит.

E. Абсцесс қалыптасуымен асқынған парапроктит

?

  1. Науқас 40 жаста, созылмалы геморроймен 6 жыл көлемінде ауырады. 2 тәулік бұрын алкоголь және ащы тағам қабылдағаннан кейін артқы өтіс аймағында жөтелгенде, қозғалғанда күшейетін ауырсыну пайда болды. Қарағанда, анальды тесік аймағында «7 сағат» үлкейген, түсі көкшіл, пальпация кезінде айқын ауырсынатын геморройдальды түйін анықталады.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

A. Созылмалы геморрой, кавернозды синустың тромбозы

B. Жедел геморрой, геморроидальды түйіннің тромбозы

C. Жедел геморрой, ишеоректальды түйіннің тромбозы

D. Созылмалы геморрой, қан кетумен асқынған

E. Жедел геморрой, қан кетумен асқынған

?

222. Жедел парапроктиттің дамуына себепші болатын бейімдеуші факторлардың арасында жиі кездесетіні:

A. геморрой

B. медициналық емшаралар кезінде тік шырышты қабатының зақымдалуы

C. тік ішектің шырышты қабатының микрожарақаттары

D. тік ішектің оқ тиген жарақаттары

E. тік ішекке көршілес мүшелердегі қабыну аурулары

?

223. Созылмалы парапроктитке тән белгі болып табылады:

A. гематурия

B. аралық терісінде жыланкөздік өзектің болуы

C. дефекацияның соңында алқызыл түсті қанның бөлінуі

D. іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну

E. іш өту

?

224. Тік ішектің жыланкөздерін зерттеуде қолданылады:

A. сыртқы қарау және пальпация

B. тік ішекті саусақпен зерттеу

C. жыланкөздік жолды бояу және зондтау

D. фистулография

E. барлық аталғандар

?

225. Геморройға келесі симптодар тән:

A. жиі сұйық нәжіс, тенезмдер, шырышты-қанды бөліністер, дене қызуынынң кезендік жоғарлауы

B. дефекациядан кейінгі қатты ауырсыну, одан кейін бөлінетін тамшылап қан кету, созылмалы іш қатулар

C. тұрақсыз үлкен дәрет, кейде қан араласқан, «құмалақ» тәрізді

D. артқы өтіс аймағындағы тұрақты ауырсынулар, алкоголь және ащы тағамдар қабылдағаннан кейін күшейетін, анальды аймақтағы қышыну

E. дефекация кезіндегі алқызыл түсті қан кету, геморроидальды түйіндердің ұлғаюы

?

  1. Ойық жара түзілуінің алғашқы үрдісі немен байланысты:

A. сутегі иондарының кері диффузиясымен

B. антарльды қышқылнейтралдаушы қызметінің декомпенсациясымен

C. ұлтабардың қышқылнейтралдаушы қызметінің бұзылысымен

D. гастродуоденальды аймақтың қорғаушы және агрессиялық факторларының тепе-теңдігін бұзушы механизмдермен

E. ұйқы безінің секреторлы қызметінің төмендеуімен

?

227. Ұлтабардың ойық жарасына тән емес шағымды атаңыз:

A. ауырсынулардың тамақ ішкеннен кейін 1-1,5 сағаттан кейін пайда болуы

B. сарғаю

C. ауырсынулардың бел аймағына таралуы

D. түнгі ауырсынулар

E. құсу

?

228. Ойық жара ауруы кезіндегі ауырсынулардың негізгі сипаттамасын атаңыз:

A. толғақ тәрізді сипатқа ие

B. ас ішумен байланысты

C. құсықпен болады

D. семсер тәрізді өсінді астында орналасуы

E. әдетте күндізгі уақытта болады

?

229. Асқазанның ойық жарасына не тән емес:

A. нақты нозологиялық ерекшелікке ие

B. айқын антро-кардиальды экпасиямен гастриттің болуы

C. асқазан бездерінің антро-фундальды қосылуының кардииға қарай ығысуымен редукциясы

D. қышқыл түзілуінің гормональды текті басым болуы

E. 40 жастан кейінгі түзілу

?

  1. Ұлтабар ойық жарасына күдік туындағанда бірінші кезекте не жүргізеді:

A. асқазан секрециясын зерттеу

B. қан сарысуындағы гастрин деңгейін анықтау

C. холецистография

D. құрсақ қуысы мүшелерінің шолу рентгеноскопиясы

E. эзофагогастродуоденоскопия

?

  1. Эндоскопиялық зерттеу нені диагностикалауға мүмкіндік бермейді:

A. гастрит типін

B. Меллори-Вейс синдромын

C. асқазанның ерте қатерлі ісігін

D. Золлингер-Эллисон синдромын

E. асқазан шыға берісі стенозының сатысын

?

  1. Ойық жара ауруы кезіндегі информативті зерттеу әдісін атаңыз:

A. эритроциттердің тұну жылдамдығы

B. асқорыту жолының жоғарғы бөлімдерінің рентген зерттеуі

C. фиброгастродуоденоскопия

D. ультрадыбыстық зерттеу

E. дуктография

?

  1. Ұлтабардың ойық жарасының асқынуына аталған белгілердің қайсысы тән емес:

A. ашқарынға ауырсыну

B. тамақтанғаннан 30 мин. кейінгі ауырсыну

C. тамақтанғаннан 2,5 сағаттан кейінгі ауырсыну

D. оң жақта эпигастрии аймағындағы ауырсыну

E. қыжылдау, қышқылмен кекіру

?

  1. Ұлтабардың ойық жарасын қандай аурулармен ажыратпалы диагностика жүргізбейді.

A. созылмалы холецистит

B. созылмалы колит

C. созылмалы аппендицит

D. созылмалы панкреатит

E. мезоаденит

?

  1. Төменде көрсетілген анатомиялық бөлімдердің қайсысы асқазанда болмайды:

A. кардиальды бөлімі

B. асқазанның мойыны

C. асқазанның денесі

D. антральды бөлімі

E. пилорикалық бөлігі

?

  1. Асқынулардың қайсысы асқазандық болып табылады:

A. қан кету

B. түйін түзілу

C. нәжістің тоқтауы

D. іш кету

E. инвагинация

?

  1. Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасының тесілуіне тән симптом:

A. көкет астындағы «орақ» симптомы

B. Щеткина-Блюмберг симптомы

C. Гален-Клойбер симптомы

D. нәжістің тоқтауы

E. анурия

?

  1. Меллори-Вейс синдромы дегеніміз не:

A. асқазан ойық жарасының тесілуі

B. асқазанның кардиальды бөлігінің шыршты қабатының ұзына бойы жыртылулары

C. ойық жараның жабылған тесілуі

D. тері жамылғыларының сарғаюы

E. дисфагия

?

  1. Асқазанның пенетрацияланатын ойық жарасының жиі кездесетін асқынуы:

A. ойық жарасының малигнизациясы

B. асқазан қалтқысының стенозының дамуы

C. мүшеаралық жыланкөздің түзілуі

D. перфорация

E. қан кету

?

  1. Гастродуоденалды қан кетулердің себептерін диагностикалауда маңызды болатын зерттеуді таңданыз:

A. УДЗ

B. гастродуоденоскопия

C. асқазанның R-скопиясы

D. асқазанға зонд орнату

E. нәжісті жасырын қанған тексеру

?

  1. Жайылған фибринозды-іріңді перитонитпен бірге жүретін тесілген ойық жара кезінде операцияның қай түрін таңдаған дұрыс:

A. асқазанның резекциясын

B. пилоропластикамен ойық жараны тілу

C. антрумэктомиямен ваготомия

D. пилоропластика және ойық жараны тілумен ваготомия

E. тесілген саңылауды тігу және құрсақ қуысын дренаждау

?

  1. Іріңді перитонит жағдайындағы асқазанның ойық жарасының тесілуінде таңдау операциясы болып табылады:

A. асқазанның резекциясы

B. ойық жараны тілумен діңдік ваготомия және пилоропластика

C. ойық жараны тігумен діндік ваготомия және пилоропластикамен

D. тесілген саңылауды тігумен (селективті проксимальды ваготомия) ваготомия

E. шынайы антрумэктомия

?

243. жастағы науқаста, тыныштық жағдайында эпигастрий аймағындағы қарқынды ауырсыну, жүрек айнуы пайжа болды. Тері жамылғылары бозарған. АҚ 100/60 мм.с.б. Пульсі- минутына 100 с. Пальпациялағанда іші тақтай тәрізді қатайған.

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

A. жедел панкреатит

B. асқазанның тесілген ойық жарасы

C. жедел холецистит

D. ішек өтімсіздігі

E. жедел аппендицит

?

244. Асқазан пилорикалық бөлімінің ойық жарасының тесілуінен 2 күн өткен 32 жастағы науқаста, операция кезінде құрсақ қуысындағы үлкен көлемді іріңді жалқық, жіңішке ішек ілмектері, бауыр, көкет фибринмен жабылған, ішектік ілмектер құрамымен созылғандығы анықталды.

Табылған операциялық асқыныс тесілген ойық жараның қандай асқынуына жатады?

A. жергілікті сірлі перитонит

B. жайылған сірлі-фибринозды перитонит

C. диффузды фибринозды-іріңді перитонит

D. жайылған фибринозды-іріңді перитонит

E. құрсақ қуысының абсцесстері

?

245. 40 жастағы науқас 2 сағат бұрын асқазанның резекциясы операциясын басынан өткізді. Тұрақты назогастральды зонд бойынша қан аға бастады. Қан кетудің ырғағы сағатына 500 мл. Қарқынды орын басушы гемостатикалық терапия жүргізілуде.

Хирургтың тактикасы?

A. қарқынды гемостатикалық терапия

B. эндоскопиялық қан ағуды тоқтату

C. динамикалық бақылау

D. мерзімді операция

E. гемостатикалық препаратармен асқазанды жуу

?

246. Науқас 52 жаста, тыныштық жағдайында жалпы әлсіздік, көз алдында қара дақтардың пайда болуы, іш кету, қара түсті нәжіс пайда болды. АҚ-100/60 мм..с.б. Пульсі минутына 90 с. Ойық жаралық анамнезі жоқ.

Осы жағдайдың ақпаратты диагностика әдісі?

A. құрсақ қуысының УДЗ

B. құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

C. ФГДС

D. компьютерлік томография

E. ирригоскопия

?

247. 56 жастағы науқас асқазанның ойық жарасымен ұзақ жылдар бойы ауырады. Бірнеше рет стационарлық және амбілаторлық ем қабылдаған. Бұрында 2 рет асқазан-ішектік қан кетуді басынан өткізген. Осының алдында жеңіл дәрежедегі қан кету болған, ол тұрақты түрде тоқтаған.

Одан арғы емдеу тактикасы?

A. мерзімді операция

B. жоспарлы операция

C. ойық жараны консервативті емдеу

D. динамикалық бақылау

E. өмірлік көрсеткіштерге байланысты операция

?

248. 46 жастағы науқас эпигастрии аймағындағы ас қабылдағаннан кейін қысқа уақытқа басылатын тұрақты ауырсынуларға, 8 кг-ға арықтағандығына шағымданады. Асқазанның рентгеноскопиясы жасалған, бұрыш аймағында пішіні 1,5х1,0 см қатпарлардың конвергенциясымен «ниша» анықталған. Асқазанның қабырғалары эластикалық, перистальтикасы сақталған.

Наши рекомендации