C), d) жауаптары дұрыс

***

22.Глюкокортикостероидтарды буын ішіне енгізу басым ұсынылады://

глюкокортикостероидтардың жоғары дозасын бір уақытта қабылдау//

айқын экссудативті компонентпен моно- және олигоартритте//

айқын экссудативті көріністермен буындардың көптеген зақымдалуында//

буындарда экссудативті өзгеріссіз артралгия болғанда//

остеоартрозда

***

23. Ревматоидты артритпен науқастарға базисті препарат тағайындауға көрсеткіш болып табылады://

сүйектік эрозиялардың және деформацияның үдеуі//

2 дәрежелі активтілік//

айқын синовиитпен полиартрит//

ұзақ уақыттық құрысу//

ауру сезімі синдромының айқындылығы

***

24.Науқас 40 жаста, ревматоидты артритпен 3 жылдан бері ауырады, тәулігіне 1000 мг напроксенмен емделген, оң әсерлі. Науқаста тізе буынының айқын артриті ұзақ уақыттан бері сақталуда. Созылыңқы артритті буын ішіне препарат енгізу арқылы емдеу мәселесі қарастырылуда. Қандай препаратты таңдаған жөн://
артепарон//
дипроспан//
новакаин//
румалон

***
25. Ревматоидты артритпен науқаста холецистоэктомиядан кейін 4-ші күні тізе буынында ауру сезімі, ісіну және жергілікті температурасының жоғарылауы пайда болды. Ем тактикасы қандай?//

инфекциялық артритті жоққа шығару үшін буынның пункциясы//

СЕҚҚП тағайындау//

физиоем тағайындау//

преднизолон тағайындау//

дәрілік препараттар тағайындаудан аулақ болу

***

***

26. Науқас 47 жаста, суықтағаннан кейін қол саусақтарында ісіну мен ауру сезімі пайда болды. Өткір ауру сезімі басылғаннан кейін таңертеңгілік құрысу пайда болып, зақымдалған буындар саны көбейді. Ревматоидты артрит диагнозы қойылып, натрий диклофенагы тағайындалды. 8 айдан кейін процестің активтілігі аздап қана азайды, жаңадан буындар зақымдануы қосылды, рентгенологиялық қол саусақтарының сүйек-шеміршектік деструкциясы пайда болды. Емдеу тактикасын таңдаңыз://

диклофенакпен емді жалғастыру//

диклофенакты басқа СЕҚҚП-пен ауыстыру//

глюкокортикостероидты препараттар тағайындау//

базисті препараттардың біреуін қосу//

қосымша физиоем тағайындау

***

27. Науқас буындарындағы ауру сезіміне шағымданады, рентгенографияда омыртқа аралық дисктердің (шеміршек) кальцификациясы анықталған. Лаборант науқастың тұрып қалған зәрінің қоңыр-қара түсіне мән берді. Осы жағдайда қандай ауруға күдіктенуге болады//

порфирияға//

Аддисон ауруына//

охроноз (тұқым қуалайтын)//

Қант диабеті//

Қалқанша безінің гиперфункциясы

***
28. 28 жастағы ер кісіде 3 айдан аса созылған балтыр-табан буынының моноартриті бар. Аталған симптомдар Рейтер ауруына күдік туғызады, мынадан басқа//

Цирцинарлы баланит//

көптүрлі экссудативті эритемалар//

ұрттың шырышты қабатының жаралануы//

кератодермия//
конъюнктивит
***

29. 17 жастағы жігітті спортпен шұғылданғаннан кейін пайда болатын бел аймағындағы ауру сезімі мен құрысу мазалайды, бірнеше күнге созылады. Қарағанда: буындары мен омыртқасында өзгерістер анықталмады. Омыртқа мен сегізкөз-мықын буындарының рентгенограммасында өзгеріс жоқ. ЭТЖ-13 мм/сағ. HLA B27 анықталды. Емдеу тактикасы қандай?//

тоқ ішекті рентгенологиялық зерттеу//

сәулелік жарықпен көзді тексеру//

бір аптаға вольтарен тағайындау//

спортпен шұғылданудан үзіліс жасауды ұсыну//

физикалық жүктемені жоғарылатуды ұсыну

***

30. 12 жастағы балада футбол ойыны барысында тізеде ауырсыну пайда болды. Оған Осгуд-Шлаттер ауруы диагнозы қойылды. 3айдан соң ахилл сіңірінің тендииті дамыды. Тексеру барысында HLA B27 анықталды. Қандай ауру туралы ойлауға болады://

Ревматизм//
Ревматоидты артрит//

Ювенильді ревматоидты артрит.Спондилоартропатия//

Жарақаттан кейінгі артрозоартрит//

Лайм ауруы

***
31. 35 жастағы әйел жүктіліктің үшінші триместрінде бір айдан бері мазалайтын жамбас-сан буыны аймағындағы бір жақты ауру сезіміне шағымданып келді. Ауру сезімі тұрақты, сыздап ауырады, тыныштықта және арқаға жатқанда басылмайды. Жүрісі сенімсіз, бүккенде және ішкі ротацияда ауру сезімі бар. Рефлексері қалыпты. Лабораторлы тесттер патологиясыз, тек қана ЭТЖ-50 мм/сағ. Науқасты жүргізу тактикасын таңдаңыз://

диагностикалық іс-шараларсыз жүктіліктің барлық ағымында науқасты бақылау//

ұрықты экрандаумен жамбас-сан буынын рентгенологиялық зерттеу. Тыныштық сақтау және ацетоменофен қабылдау//

ауру сезімі басылғанша әдеттегі дозада СЕҚҚП тағайындау//

компьютерлі томография, сан сүйегі басының остеонекрозын жоққа шығару үшін магнитті-резонансты зерттеу//

жүктілікті үзу, изотопты сканирлеу

***

32. Сіз ЖҚЖ-мен ауыратын, артритпен ауыратын және буындардағы қатты ауру сезіміне шағымданатын науқасты жүргізесіз. Бұл науқаста қол саусақтарының айқын деформациясы дамуы мүмкін бе?//

ЖҚЖ кезінде ұсақ буындардың зақымдалуы ірі буындардың да зақымдалуына әкеледі//
ЖҚЖ кезінде ұсақ буындардың зақымдалуы деформация мен бұзылысқа сирек әкеледі//
ЖҚЖ кезінде буындардың зақымдалуы жиі эрозиялардың дамуына әкеледі//
ЖҚЖ кезінде буындардың зақымдалуы сіңірлердің үзілуінен деформацияға әкелуі мүмкін//
ЖҚЖ кезінде буын синдромы созылмалы, үдемелі сипатқа ие
***

***
33. Науқас 30 жаста. Клиникаға омыртқадағы тұрақты ауру сезіміне, әсіресе, бел аймағында, қозғалысының шектелуіне шағымданып келді. Алғашқы рет ауру сезімі 5 жыл бұрын пайда болды, субфебрилитетпен қатар жүрді, кейіннен дене қызуы жоғарылаған емес. Жылыту шараларымен емделді. Бір жылдан кейін омыртқада құрысу күшейді. Қарағанда: бозғылт, арықтаған. Омыртқада қозғалыс шектелген, арқа және сан бұлшықеттерінің айқын атрофиясы. Тынысы везикулярлы, сырыл жоқ. ТАЖ-минутына 20 рет, ЖЖЖ-66 рет минутына, АҚҚ- 110/60 мм сын.бағ. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Сіздің диагнозыңыз://

омыртқа жотасының остеохондрозы //

Анкилоздаушы спондилоартрит//

Бруцеллез//
Туберкулезді спондилоартрит//

Ревматоидтық артрит

***

34. 64 жастағы науқас 12 жл бұрын басталып, біртіндеп өршіген екі қолдың дистальді фалангааралық буындарының қозғалысы шектелуіне шағымданады. Қарағанда екі қолдың дистальді фалангааралық буындардағы түйінді ісінулері, саусақтар деформацияланған, қозғалысы шектелген. Ішкі ағзалар жағынан патология анықталған жоқ, қан және зәр талдауы қалыпты. Диагноз қойыңыз://

Ревматоидты полиартрит//

Деформациялаушы буындар остеоартрозы//

ревматикалық полиартрит//

реактивті артрит//

туберкулезді артрит

***
35. 46 жастағы науқаста 3 ай бұрын өршуші ағымды дерматомиозит (күңгірт параорбитальді ісінулер, бұлшықет әлсіздігі, қызбашашалумен дисфагия, ЭТЖ-40 ммсағ) диагнозы қойылды. Преднизалон 15мг тәуліктік мөлшер емі ауруға айқын көмектескен жоқ. Кортикостероидтарға резистенттіліктің қай себебін ең алдымен болжауға болады?//

Дерматомиозит диагнозы қате//

инфекция//
преднизолонның жеткіліксіз мөлшері//

стероидты емнің асқынуы//

ісік

***
36. 40 жастағы науқас ұзақ уақыттан бері ревматолог бақылауында. Соңғы уақытта ентігу күшейді, аяқтарда ісіну пайда болды. Тексергенде: ұртында көгерулер, жүрекгі солға және жоғарыға кеңейген, жүрек ұшында діріл. Аускультацияда жүрек ұшында 1 тон қатты естіледң, екінші тонның екі еселенуі, ырғақ дұрыс емес. Бауыр қабырға доғасынан 3см шығып тұр, балтыр ісінуі. Аускультативті көрініс тән мынаған://

Митральді жетіспеушілікке//

Аортальді жетіспеушілікке//

митральді стенозға//

трикуспидальді жетіспеушілікке//

аортальді стенозға

***
37. 23 жастағы ер кісі тізе және балтыртабан буынындағы айқын ауру сезіміне, температурасының 37,5 дейін жоғарлауына, ауырсынумен зәр шығаруға, несепағардан іріңді бөліндіге шағымданады. Науқастағы аурудың түрі қандай://

Рейтер синдромы //

гонококкты полиартрит//

ревматикалық шабуыл//

ревматоидты артрит//

реактивті артрит

***

38. 52 жастағы науқас, құрылысшы оң қолының I, II және III саусақтары аймағындағы жансыздану, ине шаншу сезіміне, кейде қозғалысы бұзылысына шағымданады. Жағымсыз әсерлер түнде және таңертең күшейеді және білезіктен шынтаққа қарай өрлейтін иықтың ішкі беткейіндегі ауру сезімімен жүреді. Күндіз әсерлер мазаламайды. Сіз күдіктенесіз://

омыртқаның мойын-кеуде бөлігі остеохондрозының түйінді синдромы//

Перифериялық нейропатия//

Стеноздаушы тендовагинит//

алақан-фаланг буындардың деформациялаушы остеоартрозы//

Карпальді канал синдромы (n. Medianus-тың басылуы)

***
39. 32 жастағы әйел профилактикалық қарауға келді. Анамнезінде буындарды зақымдаумен және эндокардитпен жүрген алғашқы ревматикалық шабуыл 14 жасында болған. Шағымдары әлсіздік, тез шаршау, физикалық жүктемеден соң ентікпе, табанның сыртқы беткейінде кешке пайда болатын ісіктер. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза, бозғылт. Жүрек тондары тұйықталған, аса дөрекі пансистоликалық шум естіледі. Балтырлары ісінген. Сіздің тактикаңыз://

Динамикада бақылау//

Ревматологқа консультацияға жолдама беру//

Кардиохирургқа консультацияға жолдама беру//

Антибиотиктер және фуросемид тағайындау//

Наши рекомендации