Стационар жағдайындағы педиатрия 5 страница

1.Талассемия

2.Гемоглобинопатия

3.анемия

4.+Минковский –Шоффар анемиясы

5.Аутоиммунды гемолитикалық анемия

386.11жастағы қыз, аяқтарындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, мұрынынан қан кеткеніне шағымдары бар.Дәрігерлік қарау кезінде: тері қабаттары бозарған, мұрынында мақта тампондары, аяқтарында экхимоздар. Лимфатикалық түйіршіктер үлкейген, ауырмайды. Бауыр қабырға астынан+4 см, талақ +3 см. Қан талдауы: эритроциттер – 2,8х1012/л, гемоглобин – 82 г/л, лейкоцитер – 25 х109/л, бласттар - 78%, таяқшалар -1%, лимфоциттер - 17%, ЭБЖ – 56 мм\час, тромбоциттер - 20х109/л.

Төменде көрсетілген диагноздың қайсы дұрыс?

1.Лимфогранулематоз

2.Тромбоцитопениялық пурпура

3.Созылмалы миелобластты лейкоз

4.Инфекциялық мононуклеоз

5.+ лимфобласттық лейкоз

387. 5 жастағы бала, дене қызуның 39 градусқа дейін көтерілуіне, тәбетінің болмауына, жөтелге, ентікпеге шағымдары бар. Анамнезінде: 7 күн алдында тұмаумен ауырды, емдік шараларды өткізгенге қарамастан, интоксикация белгілері күшейіп, дене қызуы көтерілді. Анасының айтуынша бала ұықтаған кезде мазасыс, мұрын қанаттарының кернелуі байқалады. Дәрігерлік қарау кезінде: периоральды цианоз. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады, қабырғааралық бұлшықеттердің ішке тартылуы байқалады. Тыныс алуының жиілігі 35 рет. Қан талдау: гемоглобин – 115 г/л, лейкоциттер – 12х10/л, ЭБЖ-22 мм/с. Рентгенограммада 1 см дейін инфильтрациялық көлеңкелер, өкпе суреті күшейген. Төменде көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау тиімді?

1.Интерферон

2.Преднизолон

3.Аминогликозиды

4.+Макролидтер

5.Карбопенемдер

388. 4 жастағы бала, дене қызуына, аяқ буындарының ауруына шағымдары бар. Дәрігерлік қарау кезінде: тері қабаттары бозарған, дене қызуы 38,7 градус лимфатикалық түйіршіктер үлкейген, үлкендігі бұршақтай. Құрсақ қуысы үлкейген, бауыр қабырға астынан+1см, талақ+4см .

Диагнозды анықтау үшін қандай диагностикалық шаралады қолдану керек?

1.Трепанобипсия

2.+Миелограмма

3.Коагулограмма

4.Ультрадыбысты зерттеу

5.Рентгенография

389. 7 жастағы бала,дене қызуының 39 градусқа дейін көтерілуіне, буындардағы ауру сезіміне. 3 жыл бойы ауырады. Таңерте буындары ауырып, қимылдары ауыршылық тудырады, алдымен табан, қол саусақтарында басталып, кейін тізе, мойын буындары зақымдалған. Дәрігерлік қарау кезінде:интоксикации белгілері айқын, тізе және табан буындары деформацияланған. Мойын аймағындағы қимыл шектелген, ауру сезіммен. Иекасты, қолтық, шап аймағындағы лимфатикалық түйіндер фасоль көлеміне дейін үлкейген. Жүректің дыбыстары тұйықталған. Бауыр қабырға астынан 2,0см төмен, талақ +1,0см. Реабилитацияның қай түрі осы науқасқа тиімді көмек?

1.Физиоем

2.Бальнеотерапия

3.Иглорефлексотерапия

4.Гелиотерапия

5.+Емдік физкультура, массаж

390.13 жастағы бала, дене қызуының 39*С дейін көтерілуіне, жүрек ауруына, тізе буындарындағы ауру сезіміне шағымдары бар. 8 күн бұрын ангинамен ауырған. Дәрігерлік қарау кезінде: тері қабаттары бозарған, миндалиналары гипертрофияланған. Лимфотикалық түйіршіктері үлкейген. Жүрегінің оң шегі төс сүйектің оң шетінде, жоғарғы шегі III қабырға, сол шегі – Vқабырға аралығында орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа орналасқан. Жүрегінің соғу дыбыстары басылған, өкпе артериясында 2 дыбысының акценті бар табан буындары қызарған, ісіген.

Төменде көрсетілген диагносздардың қайсы дұрыс?

1.Миокардиодистрофия

2.Созылмалы тонзилит

3.Ревматойдті артрит

4.Ревматикалық кардит

5.+Ревматикалық ауру

391.2 айлық қыз. Анасы бронхиалды астмамен ауырады. Кесаревтілігі арқылы туылған. Туылған кезде салмағы 4200грамм, ұзындығы - 56 см. Бала белсенді. Үлкен еңбегі 3x3 см. Тыныс алуы пуэрильды. Жүрек тондары анық. Іші жұмсақ, бауыры қабырға астынан 1 см шығыңқы. Үлкен дәреті күніне 2 рет, ботқа тәрізді,сары түсті. Профилактикалық егудің жоспары қандай?

1.Салыстырмалы медициналық бақылау

2.Абсолюттік медициналық бақылау

3.Әдеттегідей тәсілдермен күнтізбе бойынша

4.+Әдеттегі уақытта алдын ала дайындықпен

5.Аялаушы әдіспен Жеке күнтізбе бойынша

392.5 күнді қыз. Бірінші жүктіліктен. Туылған кездегі салмағы 3300 грамм, денесінің ұзындығы 52 см, 3-ші күні сүт бездері қатайып, қынаптан қан бөлінді. Іші жұмсақ. Үлкен дәреті ботқа тәрізді, күніне 6 рет. Қанның биохимиялық талдауында: тура емес билирубин 140 мкмоль\л, тура билирубин жоқ. Осы балада дамыған жағдайды атаңыз?

1.Нәресте маститі

2.Нәрестенің гемолитикалық ауруы

3.Нәрестенің физиологиялық диспепсиясы

4.+Жыныс дағдарысы

5.Нәрестенің токсикалық эритемасы

393. 11 айлық бала. Психомоторлық дамуында артта қаладытөмен, осы белгі өмірінің екінші жарты жылында белгілі болды. Анасының айтуынша 7 айдан бастап тырысулар пайда болды. Тері қабаттары бозарғандығы мен шаштары ақшыл, тілі үлкен,қыли көзділік. Қан мен несеп талдауы қалыпты. Анасы несебінде “тышқан” иісінің бар екенін айтты.

Төмендегі әдістедің қайсысы ең бірінші жасалынады?

1.Проба Сулкович

2.+Проба Феллинга

3.Общий анализ крови

4.Общий анализ мочи

5.Электролиты пота

394. Афтозды стоматиттің негізгі емдеу әдісі?

1.Преднизолон

2.Нистатин

3.Калий перманганатының ерітіндісі

4.Шиповник майы

5.+Ацикловир

395. Мектепте мұғалім 12 жасар, 5 сыныптың үздік оқушысының жинақсыз, тітіркенгіш екенін байқады. Қызда жазу үлгісі өзгерді, еңбек сабағында тапсырмаларды нашар орындай бастады. Обьективті: қолдарында, бет бұлшық еттерінде, еріксіз, қинайтын қозғалыстар байқалады, ЖСЖ – 100 рет минутына. Жүрек тондары түйықталған. Жалпы қан анализі: эритроциттер - 3,8х1012/л, гемоглобин – 120 г/л, лейкоциттер - 12х109/л, ЭТЖ - 25 мм/час.

Ең дұрыс диагнозды атаңыз:

1.Невроз

2.+Хорея

3.Истерия

4.Психоз

5.Бас миының ісігі

396. 8 жастағы бала. Жүректегі, тізе буындарындағы ауру сезіміне, ентігуге, жүрек соғуының жиіленуіне, дене қызуының көтерілуіне шағымдары бар.Дәрігерлік қарау кезінде: еріндері, беті, қол-аяқтары көгерген, мойын тамырларының соғуы байқалады. Дене қызуы 390С дейін көтерілген, тамыр соғуы минутына 100 рет. Жүрегінің оң шегі төс сүйектің оң шетінен 1 см сыртқа, жоғарғы шегң III қабырға, сол шегі – Vқабырға аралығында орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа орналасқан. Жүректің соғу дыбыстары басылған, жүрек төбесінде систоликалық шу естіледі.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсы дұрыс?

1.Жалпы белок және фракциясы

2.Серомукоид

3.Сиалды сынама

4.+Антистрептолизин-О

5.Жалпы қан анализі

397.8 жастағы қыз. Буындарындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, дене қызуының 38,50С дейін көтерілуіне шағымдары бар. Пенициллин алған кезде бөртпе шыққан. Дәрігерлік қарау кезінде: тамыр соғуы минутына 102 рет. Жүрегінің оң шегі төс сүйектің оң шетінен 1 см сыртқа, жоғарғы шегң III қабырға, сол шегі – V қабырға аралығында орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа орналасқан. Жүректің соғу дыбыстары басылған, жүрек төбесінде систоликалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер - 3,8х1012/л, гемоглобин – 120 г/л, лейкоциттер - 18х109/л, ЭБЖ - 43 мм/с.

Қандай дәріні осы жағдайда қолданған дұрыс?

1.Цефтриаксон 50 мг х 1 рет

2.Гентамицин 7,5 мг х 3 рет

3.Азтреонамб 90 м х 3 рет

4.Ципрофлоксацин 20 мг х 2 рет

5.+Эритромицин 50 мг х 3 рет

398.12 жастағы қыз. Қызыл иегінің қанталауына, тамақтанған кезде пайда болатын ауру сезіміне, денеқызуының 380С дейін көтерілуіне шағымдары бар. Дәрікерлік қарау кезінде: қызыл иектері ісген, қанталған, төменгі жақтың қызыл иектерінде ойық жаралар байқалады.

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен дұрысты таңдаңыз.

1.Стоматит

2.Аузы уылу

3.Хейлит

4.Глоссит

5.+Гингивит

399. 8 жастағы қыз. Іші мен аяқтарындағы ауру сезіміне шағымдары бар.Дәрігерлік қарау кезінде: дене қызуы 38,80С. Бозарған, лимфатикалық түйіршіктердің барлық топтары бұршақтай үлкейген. Бауыр 7-8-12 см, талақ кіндіктің деңгейінде. Қан талдауы: эритроциттер - 2,0 х1012/л, Hb - 72 г\л, түсті көрсеткіш 0,9, лейкоциттер 44,4 х 109/л, базофилдер - 3, эозинофилдер - 5, миелобласттар - 6, промиелоциттер - 3, миелоциттер - 10,жас - 4, таяқшалар 9, лимфоциттер -21, моноциттер 4, ЭТЖ 48 мм/с, тромбоциттер 120 х109/л.

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен дұрысты таңдаңыз.

1.Сепсис

2.Лимфогранулематоз

3.Апластикалық анемия

4.+Созылмалы миелолейкоз

5.Гоше ауруы

400. 7 айлық қыз. Шағымдары: тоникалық тырысулар . Обьективті: толық, басы гидроцефалиялық пішінде. Маңдай және төбе төмпешіктері айқын. Краниотабес. Үлкен еңбегі 2*2 см, шеттері жұмсақ. «Акушер қолы» симптомы. Кеуде клеткасы килет тәрізді, төменгі апертура қайырылған. Тіндерінің тургоры төмендеген. Балтыр бұлшық еттер кернелген. Іші үлкен, бауыры қабырға доғасынан +3 см шығыңқы , көкбауыры палпацияланбайды.

Препараттың қайсысын тағайындаған дұрыс?

1.Д дәрумені

2.Цитратты қуыс

3.Магний препараты

4.+Кальций препараты

5.Фосфар препараты

Наши рекомендации