Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензия. Преэклампсия және эклампсия кезінде шұғыл көмек көрсету принциптері.
412. Ерте токсикоздың даму себептеріне келесі қызметтердің бұзылыстары жатады:
*+ зат алмасудың нейроэндокринді реттелуінің
* зәр шығару жүйесінің
* асқазан-ішек жолдарының
* эндокринді жүйенің
* иммунды жүйенің
413. Жүкті әйелдерде ерте токсикоздың жеңіл дәрежесінде құсу жиілігі (рет):
*+ 5 ке дейін
* 10 ға дейін
* 15 ке дейін
* 3 реттен аз
* 20 дан көп
414. Жүкті әйелдерде ерте токсикоздың орташа дәрежесінде құсу жиілігі (рет):
*5 ке дейін
*+ 10 ға дейін
* 15 ке дейін
* 3 реттен аз
* 20 дан көп
415. Жүкті әйелдерде ерте токсикоздың ауыр дәрежесіндегі құсу жиілігі (рет):
* 5 ке дейін
* 10 ға дейін
* 3 реттен аз
* 30 реттен көп
*+ 11 реттен көп
416. Жүкті әйелдердегі толассыз құсу түсінігі синониміне сәйкес келетін құсудың дәрежесі:
* Жеңіл
* Орташа
*+ Ауыр
* Компенсацияланған
* Декомпенсацияланған
417. Птиализм – жүктіліктің 1-жартысының асқынуы, ол сипатталады:
* құсумен
* жүрек айнумен
*+ сілекей ағумен
* иіс сезубұзылысымен
* көңіл күйінің тұрақсыз болуымен
418. Құсудың жеңіл дәрежесінде жүкті әйелдерді бақылау және емдеу жүргізіледі, жағдайында:
* терапия бөлімшесі
*+ әйелдер кеңесі
* гинекология бөлімшесі
* жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі
* гастроэнтерология бөлімше
419. Жүктіліктің 1-жартысындағы токсикоздарға жатады:
* симфизиопатия
* жүкті әйелдердің ісінуі
*+ жүкті әйелдердің құсуы, птиализм
* жүктілікпен шақырылған гипертензия
* аяқ көктамырларының варикозды кеңеюі
420. Құсудың жеңіл дәрежесінде жүкті әйелдердің дене салмағының азаюы құрайды (кг)
* 0-0,9
* + 1-3
* 4-6
* 7-9
* 10-12
421. Құсудың жеңіл дәрежесінде жүкті әйелдердің дене салмағының азаюы бастапқыдан аспайды (%):
*+5
* 7
* 9
* 11
* 20
422. Құсудың орташа дәрежесінде жүкті әйелдердің дене салмағының азаюы құрайды (кг)
* 0-2
* + 3-5
* 6 -8
* 9-11
* 12-14
423. Құсудың орташа дәрежесінде жүкті әйелдердің дене салмағының азаюы бастапқыдан аспайды (%):
* 1-5
* +6-10
* 11-15
* 16-20
* 21-25
424. Толассыз құсу кезінде жүкті әйелдердің дене салмағының азаюы құрайды (кг):
* 1
* 2-3
* 4
* 5
* + 5-тен көп
425. Толассыз құсу кезінде жүкті әйелдердің дене салмағының азаюы бастапқыдан аспайды (%):
* 1-3
* 4-5
* 6-7
* 8-9
* +10-нан жоғары
426. Жүкті әйелдің толассыз құсуына, 2 аптаның ішінде 7 кг салмақ жоғалтуына, диурездің төмендеуіне байланысты жүргізілген қарқынды кешенді емнен нәтиже болмаған жағдайда, көрсетіледі:
* гемодиализ
* диетотерапия
* + жүктілікті үзу
* жүктілікті ары қарай жалғастыру
* детоксикацияның экстракорпоральды әдістері
427. Жүктіліктің 1 жартысындағы токсикоз кезіндегі сусызданудың ауырлық дәрежесі келесі деңгей бойынша анықталады:
* + гематокриттің
* гемоглобиннің
* тромбоциттердің
* эритроциттердің
* лейкоциттердің
428. Жүкті әйелдің птиализміне байланысты 2 аптаның ішінде 7 кг-ға арықтағанына, гипотонияға, тахикардияға 110 рет минутына, диурездің төмендеуіне, креатинин мен қалдық азоттың жоғарылауына, зәрдегі ацетонның (+++) пайда болуына байланысты жүргізілген қарқынды кешенді емнен нәтиже болмаған жағдайда, көрсетіледі:
* гемодиализ
* диетотерапия
* + жүктілікті үзу
* жүктілікті ары қарай жалғастыру
* детоксикацияның экстракорпоральды әдістері
429. Жүктіліктің 1-жартысындағы токсикоздың ауытқулы түріне жатады:
* жарық сезуінің бұзылуы
* көктамырлардың варикозды кеңеюі
* қозғалыс координациясының төмендеуі
* + дерматоз, гепатопатия, остеомаляция
* ұйқысыздық, қозғыштық, ашуланшақтық
430. Жүкті әйелде жүктіліктің 8 аптасында 1000 мл-ге дейін сілекей ағу, 2 аптада 3 кг салмақ жоғалтқаны, гипотония, минутына 110 ретке дейінгі тахикардия, диурез төмендеуі байқалады, қанда азот қалдығы мен креатинин мөлшері жоғарылаған, зәрде ацетон +++. Клиникалық көрініс келесі патологияға сәйкес:
* Ерте токсикоз. Жүктілік остеопатиясы.
* Ерте токсикоз. Жүктілікке байланысты құсу
* +Ерте токсикоз. Птиализм
* Жедел панкреатит
* Жедел дизентерия
431. Жүкті әйелде жүктіліктің 8 аптасында 1000 мл-ге дейін сілекей ағу, 2 аптада 3 кг салмақ жоғалтқаны, гипотония, минутына 110 ретке дейінгі тахикардия, диурез төмендеуі байқалды, қанда азот қалдығы мен креатинин мөлшері жоғарылаған, зәрде ацетон +++. Қойылған диагноз: Жүктіліктің 8-9 аптасы. Ерте токсикоз. Птиализм. Жүргізілетін іс-әрекет:
*+Госпитализация, кешенді дезинтоксикациялық, инфузиялық, жалпы жағдайды жақсартушы терапия
* Гастроэнтерологта диетотерапия, жалпы жағдайды жақсарту терапиясы
* Әйелдер кеңесінде диспансерлік бақылау
* Гастроэнтерология бөлімшесіне жатқызу
* Госпитализация, жүктілікті үзу
432. Егер, жүкті әйелдің қан қысымын, 30 минуттан кем емес аралықта екі рет өлшеуден кейін систолалық қысымы ≥140 мм.с.б.бнемесе диастоликалық қысымы ≥90 мм.с.б.б. болса, бұл – сәйкес келеді:
* Орташа артериалды гипертензияға
* +Жеңіл артериалды гипертензияға
* Ауыр артериалды гипертензияға
* Преэклампсияға
* Эклампсияға
433. Егер жүкті әйелдің қан қысымын, 30 минуттан кем емес аралықта екі рет өлшеуден кейін систолалық қысымы ≥160 мм.с.б.бнемесе диастоликалық қысымы ≥110 мм.с.б.б.болса, бұл – сәйкес келеді:
* Орташа артериалды гипертензия
* Жеңіл артериалды гипертензия
* +Ауыр артериалды гипертензия
* Преэклампсия
* Эклампсия
434. Жүктілік кезінде артериалдық гипертензияны дәлелдеу үшін қан қысымын екі рет келесі аралықта өлшеу керек:
* +30 минут
* 3 сағат
* 6 сағат
* 9 сағат
*12 сағат
435. Преэклампсия – бұл артериальды гипертензияға қосылған:
* цилиндрурия
* + протеинурия
* лейкоцитурия
* макрогематурия
* микрогематурия
436. Созылмалы артериалды гипертензиясы бар жүкті әйелдерде жиі кездесетін асқынулар болып табылады:
* Мерзімінен асқан жүктілік
* Өзіндік түсік
* Мерзімінен бұрын босану
* +Преэклампсия
* Көпсулық
437. Жүктілікке байланысты гипертензияның патогенезінде синтезінің жоғарылауы маңызды рөл атқарады:
* Пролактиннің
* Окситоциннің
*+Тромбоксанның
* Простациклиннің
* Простагландин Е-нің
438. Жүктілікпен шақырылған ісінулердің келесі диагностикалық белгілері:
* Ісінулер, қан қысымының жоғарлауы
* Ісінулер, протеинурия
* Ісінулер, бас айналу
* Ісінулер, тырысулар
* +Ісінулер
439. Жүктілікпен шақырылған гипертензияның, келесі диагностикалық белгісі:
* Ісінулер, бас айналу
*+ Қан қысымының жоғарлауы
* Қан қысымының жоғарлауы, ісінулер
* Қан қысымының жоғарлауы, тырысулар
* Қан қысымының жоғарлауы, протеинурия
440. Жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап, босанғаннан кейін 6 апта ішінде қалпына келетін гипертензия аталады:
* Эклампсия
* Преэклампсия
* +Гестационды гипертензия
* Жүктілікпен шақырылған ісінулер
* Созылмалы артериалдық гипертензия
441. Жүктілікке дейін немесе жүктіліктің 20-шы аптасына дейін пайда болған және босанғаннан кейін 6 аптаға дейін сақталатын гипертензия, аталады:
* Эклампсия
* Преэклампсия
* Жүктілікпен шақырылған ісінулер
* Жүктілікпен шақырылған гипертензией
* + Созылмалы артериалдық гипертензия
442. Жүктіліктің 35 аптасында әйелдер кеңесіне қаралуға келген жүкті әйелдің қан қысымы 140/90 мм.с.б.б.-на көтерілуі байқалады. Жүргізілетін іс-әрекет:
* Дереу перзентханаға жатқызу
*+ АҚҚ өлшеуді 30 минуттан кейін қайталау
* Кардиологтың консультациясы
* Терапевттің консультациясы
* ЭКГ жасау
443. Жүкті әйелдерде жүктіліктің 2-жартысында артериалдық гипертензияға протеинурияның қосылуы аталады:
* эклампсия
* + преэклампсия
* жүктілікпен шақырылған ісінулер
* жүктілікпен шақырылған гипертензия
* созылмалы артериалдық гипертензия
444. Жүкті әйелде артериалдық қан қысымының жоғарлауымен және протеинуриямен көрінетін көпмүшелі синдром:
* Эклампсия
* + Преэклампсия
* Жүктілікпен шақырылған ісінулер
* Жүктілікпен шақырылған гипертензия
* Созылмалы артериалдық гипертензия
445. Преэклампсияның негізігі клиникалық көрінісі:
* протеинурия, бактериурия
* ісінулер, протеинурия, гематурия
* артериалдқы гипертензия, ісінулер
* артериалдқы гипертензия, цилиндрурия
* + артериалдық гипертензия, протеинурия
446. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), преэклампсияның жеңіл дәрежесімен жүкті әйелге қажет:
* амбулаторлы ем
* + мұқият бақылау
* 1-ші деңгейдегі босануға көмектесетін мекемелерде емделу
* 2-ші деңгейдегі босануға көмектесетін мекемелерде емделу
* 3-ші деңгейдегі босануға көмектесетін мекемелерде емделу
447. Преэклампсияның жеңіл дәрежесінде, мерзімі жеткен жүктілікте және жатыр мойны Бишоп шкаласы бойынша -9 балл болса, көрсетіледі:
* +амниотомия, толғақ 2 сағаттан кейін болмаса – босануды қоздыру
* қағанақ қабының төменгі бөлігін саусақпен ажырату
* өзіндік босану әрекетін күту
* жоспарлы кесар тілігі
* шұғыл кесар тілігі
448. Преэклампсияның ауыр дәрежесіне тән:
* АҚҚ 130/80 мм.с.б.б., тәулігіне 0,033 грамм протеинурия
* АҚҚ 140/90 мм.с.б.б., тәулігіне 0,3 грамм протеинурия
* АҚҚ 150/90 мм.с.б.б., тәулігіне 0,3 грамнан көп протеинурия
* + АҚҚ 160/110 мм.с.б.б., тәулігіне 0,3 грамнан көп протеинурия
* АҚҚ 180/120 мм.с.б.б., талмалар, тәулігіне 3 грамм протеинурия
449. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), преэклампсияның ауыр дәрежесімен жүкті әйелге қажет:
* амбулаторлық ем
* мұқият бақылау
* 1-ші деңгейдегі босануға көмектесетін мекемелерде емделу
* 2-ші деңгейдегі босануға көмектесетін мекемелерде емделу
* +3-ші деңгейдегі босануға көмектесетін мекемелерде емделу
450. Сульфат магний терапиясы және гипотензивті ем көрсетіледі:
* преэклампсияның жеңіл дәрежесінде
* + преэклампсияның ауыр дәрежесінде
* гестациялық гипертензияда
* жүктілікпен шақырылған ісінулерде
* созылмалы артериалдқы гипертензияда
451. Преэклампсияның ауыр дәрежесін емдеу кезіндегі магний сульфаттың патогенетикалық әсері:
* тыныштандыратын
* зәр айдайтын
* токолитикалық
* аурусыздандыратын
* + тырысуға қарсы
452. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде күттірмейтін көмек көрсетуде қолданатын негізгі препарат:
* допегит
* диазепам
* эуфиллин
* карбамазепин
* + магний сульфаты
453. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), преэклампсияның ауыр дәрежесі диагнозы қойылған жағдайда, келесі сағаттар ішінде босандыруды жүргізу қажет:
* 1-6
* 7-12
* 13-18
* +24-48
* 49-72
454. Жүкті әйелде жүктіліктің 34 аптасында преэклампсияның ауыр дәрежесі диагнозы қойылғаннан кейін келесі уақыт аралығында босандыру дұрыс:
* 1-2 апта
* 3-4 апта
* 2-11 сағат
* 12-23 сағат
* +24-48 сағат
455. Эклампсиямен түскен босанушы әйелде магнезиалды ем оң нәтиже берсе, емді босанғаннан кейін жалғастыру керек (кем дегенда):
* 1 сағат
* +1 тәулік
* 1 апта
* 1 ай
* 1 квартал
456. Жүкті әйелде эклампсияға байланысты тырысуларда күттірмейтін көмек басталады:
* + сол жақ қырына жатқызу, механикалық асфиксияны болдырмаудан
* арқасымен жатқызу, жұмсақ тіндердің жарақаттарын болдырамаудан
* магнезиалды терапияны бастаудан
* промедолды көк тамырішіне енгізуден
* оттегі беруден
457. Жүктіліктің 34 аптасында қарқынды терапия бөлімшесінде эклампсиямен жатқан жүкті әйелге тырысуға қарсы және гипотензивті ем жүргізу кезінде, 6 сағаттан кейін тырысу ұстамасы қайталанды. Жағдайы тұрақталғаннан соң қынаптық тексеру жүргізілді: жатыр мойны Бишоп бойынша -5 балл. Жүргізілетін іс-әрекет:
* Симптоматикалық емдеу барысында жүктілікті жалғастыру
* 3 тәулік емдеу, нәтиже болмаған жағдайда-босандыру
* Босану әрекетін индукциялау
* +Шұғыл кесар тілігі
* Жоспарлы кесар тілігі
458. Жүктіліктің 37 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Босанудың І кезеңі. Нәресте өміріне қауіп төну диагнозы қойылған босанушы әйел үшін босанудың келесі түрі қарастырылады:
* Қынаптық
* Вакуум-экстракция
* Акушерлік қысқыш
* Жоспарлы кесар тілігі
* +Шұғыл түрде кесар тілігі
459. Оперативті босануға қарағанда, табиғи босану жолдары арқылы босану қолайлы болып саналады:
*+ преэклампсия кезінде
* аяқпен жатуда
* планцента жатуында
* нәрестенің көлденең орналасуында
* қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуында
460. Эклампсияға тән негізгі белгілердің бірі болып табылады:
* АҚҚ 180/110 мм.с.б.б. дейін көтерілуі
* бас ауруы
* протеинурия
* + талмалар
* ісінулер
461. Эклампсияның келесі диагностикалық белгісі бар:
* Ісінулер
* Ісінулер, протеинурия
* Ісінулер, бас айналу
* Эпилепсиядан туындаған тырысулар
* + Басқа патологиямен байланысы жоқ тырысулар
462. Жүкті әйелдегі эпилепсия мен басқа да белгілі патологияларға байланыссыз жайылған тырысулар аталады:
* +Эклампсия
* Преэклампсия
* Жүктілікпен шақырылған ісінулер
* Созылмалы артериалдық гипертензия
* Жүктілікпен шақырылған гипертензия
463. Эклампсия, перэклампсияны емдеуде таңдамалы әдіс болып табылады:
* + Магнезиалды терапия
* Карбамазепин
* Эуфиллин
* Диазепам
* Допегит
464. Эклампсиямен түскен жүкті әйелге, магнезиалды емді бастау керек:
*+ дереу талмадан кейін
* талмадан 1 сағаттан кейін
* дереу босанғаннан кейін
* босанғаннан 2 сағаттан кейін
* талма кезінде
465. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), зәрдегі белок деңгейінің 0,3 грамм/тәуліктен артық немесе 4 сағаттан кейін 2 рет алынған зәрде 0,3 грамм/литр болса, аталады:
* Бактериурия
* Цилиндурия
* + Протеинурия
* Лейкоцитурия
* Микрогематурия
466. Жүкті әйелдің тәуліктік зәріндегі белоктың келесі деңгейі протеинурия ретінде бағаланады:
* 0,003 г және одан жоғары
*0,03 г және одан жоғары
*+0,3 г және одан жоғары
* 3,0 г және одан жоғары
* 33,0 г және одан жоғары
467. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), жүкті әйелде 4 сағаттан кейін 2 рет алынған зәрде келесі мөлшерде (грамм/литр) белок анықталса протеинурия болып саналады:
* 0,003
* 0,03
* + 0,3
* 3,0
* 33
468. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), жүкті әйелдерде 4 сағаттан кейін келесі жиілікте зерттелген зәрдегі белоктың мөлшері 0,3 грамм/литрдан артық болса, протеинурия болып саналады:
* бір рет
* +екі рет
* үш рет
* төрт рет
* бес рет
469. Преэклампсия немесе эклампсияны емдеуде зерттелген, нәтижелі және қауіпсіз әдіс болып табылады:
* Допегит
* Диазепам
* Эуфиллин
* Карбамазепин
* +Магнезиалды терапия
470. Преклампсия мен эклампсияны емдеу үшін қолданылатын тырысуға қарсы әсерлі препарат:
* Диуретик
* Эуфиллин
* Спазмолитик
* +Магний сульфаты
* Шүйгіншөп (валериана) тұнбасы
471. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде, талмаға қарсы симптоматикалық емде қолданылатын, 10-15 минут ішінде көк тамырға баяу енгізілетін 25% -20,0 сульфат магний ерітіндісіне сәйкес келетін құрғақ зат салмағы(грамм):
* 1
* 3
* +5
* 7
* 8
472. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде, мерзімі жеткен жүктілікте және Бишоп шкаласы бойынша 5 балл болса, магнезиалды терапиямен бір мезетте келесі шара көрсетіледі:
* амниотомия, толғақ 2 сағаттан кейін болмаса –босануды қоздыру
* өзіндік босану әрекетін күту
* шұғыл түрде кесар тілігі
* + простагландиндермен босануды индукциялау
* жоспарлы түрде кесар тілігі
473. Преэклампсиясы бар жүкті әйелде жүктіліктің 32 аптасында плацентаның мезгілінен бұрын сылыну белгілері пайда болды. Перзентханаға шұғыл түрде жатқызылды. Жүргізілетін іс-әрекет:
* Преэклампсияның қарқынды терапиясы және босануды индукциялау
* Қарқынды терапия және жүктілікті сақтау
* Босануды қоздыру мен босануды ынталандыру
*+Шұғыл түрде кесар тілігі
* Жоспарлы түрде кесар тілігі
474. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емде қолданылатын, 10-15 минут ішінде көк тамырға баяу енгізілетін сульфат магнийдың 5 грамм құрғақ затына сәйкес келетін ерітінді мөлшері:
* 25% -5,0
* 25% -10,0
* 25% -15,0
* +25% -20,0
* 25% -25,0
475. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емде қолданылатын, сульфат магнийдың 5 грамм құрғақ заты, көк тамырға баяу және келесі уақыт аралығында енгізіледі:
* 1-9
* +10-15
* 16-20
* 20-25
* 26-30
476. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емде қолданылатын, сульфат магнийдың 5 грамм құрғақ заты, келесі әдіс бойынша енгізіледі:
* + көк тамырға баяу
* көк тамырға тез
* көк тамырға тамшылатып
* бұлшықетке баяу
* энтералды
477. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық ем мақсатында, көк тамырға үздіксіз енгізілетін, сульфат магний ерітіндісінің енгізу уақытының ұзақтығы (сағат):
* 1-11
* +12-24
*25-36
* 37-48
* 49-60
478. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емдеу мақсатында қолданылатын магний сульфатының сүйемелдеуші мөлшерінің құрғақ заты, келесі мөлшерді құрайды (грамм/сағат):
* +1-2
* 3-4
* 5-6
* 7-8
* 9-10
479. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емдеу мақсатында қолданылатын магний сульфатының сүйемелдеуші мөлшері, физиологиялық ерітіндінің келесі мөлшеріне ерітіледі:
* +25% -80,0 МgSO4 + 0,9%-320,0 NaCl
* 25% -70,0 МgSO4 + 0,9%-330,0 NaCl
* 25% -60,0 МgSO4 + 0,9%-340,0 NaCl
* 25% -50,0 МgSO4 + 0,9%-350,0 NaCl
* 25% -40,0 МgSO4 + 0,9%-360,0 NaCl
480. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емдеу мақсатында қолданылатын 320,0 физиологиялық ерітіндісіндегі 25%-80,0 магний сульфатының сүйемелдеуші мөлшері, енгізіледі:
* энтеральді
* артерияішілік
* көктамырға үздіксіз
* +көктамырға тамшылатып
* бұлшықетке баяу
481. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емдеу мақсатында қолданылатын, 1 сағатта 1 грамм құрғақ затқа сәйкес келетін, 320,0 физиологиялық ерітіндісіндегі 25%-80,0 магний сульфатының сүйемелдеуші мөлшерін, көктамырға тамшылатып енгізу жылдамдығы құрайды (тамшы/сағат):
* +11
* 22
* 33
* 44
* 55
482. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емдеу мақсатында қолданылатын, 1 сағатта 2 грамм құрғақ затқа сәйкес келетін, 320,0 физиологиялық ерітіндісіндегі 25%-80,0 магний сульфатының сүйемелдеуші мөлшерін, көктамырға тамшылатып енгізу жылдамдығы құрайды (тамшы/сағат):
* 11
* +22
* 33
* 44
* 55
483. Жүктіліктің 36 аптасында, преэклампсияның ауыр дәрежесін 24 сағат көлемінде емдеу нәтижесіз болды, жатыр мойнын простагландиндермен босануға дайындағаннан кейін, жатыр мойны «жетілмеген» (Бишоп бойынша – 5 балл), нәрестенің жүрек соғысы анық, минутына 140 рет. Жүргізілетін іс-әрекет:
* амниотомия жасау
* босануды индукциялау
* + кесар тілігін жасау
* консервативті емді 48 сағаттқа дейін жалғастыру
* жатыр мойнын дайындауды 24 сағатқа дейін жалғастыру
484. Преэклампсиямен босанушы әйелде босануды ауырсыздандыру әдісі:
* + перидуралды анестезия
* эндотрахеалды наркоз
* спиналды анестезия
* маскалық наркоз
* промедол енгізу
485. Эклампсия кезінде талманың басталғаннан келесі уақыттан кешіктірмей босандыру қажет (сағат):
* 1
* 6
*+12
* 18
* 24
486. Эклампсия кезінде, талмаға қарсы симптоматикалық емде қолданылатын, 10-15 минут ішінде көк тамырға баяу енгізілетін 25% -20,0 сульфат магний ерітіндісіне сәйкес келетін құрғақ зат салмағы(грамм):
* 1
* 3
* +5
* 7
* 8
487. Жүкті әйелде жүктіліктің 32 аптасында жағдайы ауыр, ес түссіз, артериалдық қан қысымы 180/100 мм.с.б.б, жайылған ісіну, диурез төмендеген, жатыры қозбаған, нәресте ұзынынан орналасқан, басымен жатыр, нәрестенің жүрек соғысы минутына 140 рет, анық, ретті. Жүктіліктің 32 аптасына қосымша диагнозы:
*+ Эклампсия. Кома
* Вирусты менингит
* Преэклампсияның ауыр дәрежесі
* Жедел бүйрек жетіспеушілігі
* Жедел ми қанайналысының бұзылысы
488. HELLP синдромы келесі патологияның асқынуы болып табылады:
* +преэклампсияның
* ерте токсикоздың
* гестациалық пиелонефриттің
* жүктілікпен шақырылған ісіктің
* созылмалы артериалды гипертензияның
489. Эритроциттің гемолизі, бауыр ферменттерінің концентрациясының жоғарылауы, тромбоцитопения – бұл келесі патологияның негізгі белгілері:
* преэклампсияның
* ерте токсикоздың
* + HELLP – синдромның
* жүктілікпен шақырылған ісінудің
* созылмалы артериалды гипертензияның