Бұл жағдайда қандай ауруды ойлауға болады?
А)Муковисцидоз
В)Ішек инфекциясы
С)Целиакия
D)Фенилкетонурия
Е)Лактазаның жетіспеушілігі
56. Ауруханаға 9 айлық бала анасымен келіп түсті. Дене салмағы 7200г, бой ұзындығы 69 см. Туылған кездегі салмағы 3500г, бой ұзындығы 52см. 5 айға дейін ауырмаған, дамуы қалыпты, аралас тағам береді. 6 айлығында сүт ботқасын берген. Көкөніс езбесін (пюре) алмаған. Ботқаны қабылдаудан бастап нәжісі сасық иісті, сұйық болып өзгерген, нашар қорытылған. Салмақ қосуы азайған. 6 айлығында ЖРВИ-мен ауырған, симтоматикалық ем қабылдаған.
Осы баланы емдеуде қандай ем тиімді болып табылады
А)Антибиотиктерді тағайындау
В)Белогы шектелген диета қабылдау
C)Көп мөлшерде ас қорыту ферменттерін беру
D) Тағамнан дәнді дақылдарды шектеу
Е)Примадофилюс тағайындау
57. 6 айлық бала аймақтық дәрігердің қабылдауына анасымен келді. Алғашқы жүктіліктің бірінші жартысы токсикозбен өткен, мерзімінде туылған. Туылған кездегі дене салмағы 3400г, бой ұзындығы 51 см. 5 айлығында салмағы 5500г, қазіргі уақытта 6000г, бой ұзындығы 65см. Тәбеті төмен, терісі қызарған, іш пен аяқ-қолдағы май қабаты азайған. Сіздің болжам диагнозыңыз?
А)Нормотрофия
В)Гипостатура
С) I дәрежелі гипотрофия
D) IІ дәрежелі гипорофия
Е)Паратрофия
58. Салмағы 7800 г, бойы 60 см 1 жастағы қыз бала анасымен ауруханаға түсті. Жүктіліктің
Айында анасы ЖРВИ-мен, герпетикалық инфекциямен ауырған. Мерзімінде босанған, туылған кездегі дене салмағы 2600г, бой ұзындығы 48 см. 5 айға дейін салмағы дұрыс қосылған. Одан кейін физикалық және психомоторлық дамуы бәсеңдеген. 6 айға дейін емшекпен емізілді. 6 айлығында көкөністік езбелер (пюре), ботқалар, 8 айлығында етті фарш алған. Бірнеше рет ЖРВИ-мен ауырған. Көптеген бұзылыстар анықталған. Анасымен әкесінің бойының ұзындығы 160 және 155 см.
Баланың салмақ пен бой көрсеткішін қалай бағалауға болады?
А)Гипостатура
В) I дәрежелі гипотрофия
С) II дәрежелі гипотрофия
D) III дәрежелі гипотрофия
Е) Паратрофия
59. Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 4 айлық ұл бала анасымен түсті. Салмағы 4100 г. Туылған кездегі салмағы 3500г, ұзындығы 51 см. Анасы сиыр сүтін береді, 2 айлығында жедел ішек инфекциясымен ауырған, ЖРВИ-мен жиі ауырады. Тексеру барысында әлсіздік, тәбеті жақсы. Тері жамылғысы бозғылт түсті, тері асты май қабаты азайған.Терісі әжімделген, қыртысталған, тегістелмейді.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
А)Гипостатура
В) I дәрежелі гипотрофия
С) II дәрежелі гипотрофия
D) III дәрежелі гипотрофия
Е) Паратрофия
60. Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 4 айлық ұл бала анасымен түсті. Салмағы 4100 г. Туылған кездегі салмағы 3500г, ұзындығы 51 см. Анасы сиыр сүтін береді, 2 айлығында жедел ішек инфекциясымен ауырған, ЖРВИ-мен жиі ауырады. Тексеру барысында әлсіздік, тәбеті жақсы. Тері жамылғысы бозғылт түсті, тері асты май қабаты азайған.Терісі әжімделген, қыртысталған, тегістелмейді. Бұл балаға қандай ем көрсетілген?
А) Белок коррекциясы
В) Ас қорытқыш ферменттер
С)Поливитаминдер беру
D) Белокты, глюкозаны, майларды парентеральды енгізу
Е) Минералды элементтер корррекциясы
61. 8 айлық қыз бала анасымен аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Жүктілік қалыпты өткен, босану кезеңі жедел. Туылған кездегі салмағы 3200г, ұзындығы 50см. Ана сүтін емеді. 6 айдан бастап қосымша тамақ берген. Сүтті ботқаны жақсы көреді. Көкөністерден жасалған пюрені қаламайды. Салмағы 10.800г, бойы 72 см. Терісі бозғылт, бұлшық еттер мен тіндердің тонусы төмендеген, терлегіш.
Баланың жағдайын бағалаңыз?
А) Гипостатура
В) II дәрежелі гипотрофия
С) III дәрежелі гипотрофия
D) Нормотрофия
Е) Паратрофия
62. Нашар отбасынан шыққан 7 айлық бала аймақтық дәрігердің бақылауында келді. Ата-анасы ішімдік ішеді. Бала жасанды тамақтануда болған, қосымша тамақтар енгізілмеген. Гипотрофияның 3-ші дәрежесі анықталған.
Дәрігер не себепті бұндай диагноз қойды?
А)Дене салмағы қалыптыдан 10%-ға төмен
В) Дене салмағы қалыптыдан 20%-ға төмен
С) Дене салмағы қалыптыдан 30%-ға төмен
D) Дене салмағы қалыптыдан 15%-ға төмен
Е) Дене салмағы қалыптыдан 25%-ға төмен
63. Аймақтық дәрігер қабылдауына 4 айлық қыз бала анасымен келді. Гипотрофияның 1-ші дәрежесі анықталған.