Жұмыс орнындағы мейірбике қауіпсіздігінің жалпы шаралары.

Мейірбике міндетті:

1.қолды жуу деңгейін сақтауға

2.қанмен және биологиялық сұйықтықтармен жанасқан кезде қолғап киюге

3.қолғапты шешкеннен кейін қолын жууға

4.инфицирленген материалдар төгілген немесе шашылған кезде оларды тез арада жинап алуға

5. залалсыздандыру құралдары, тәсілдері және режимі көрсетілген құжаттарға сәйкес науқасты күтуге қолданған құрал-жабдықтарды, қолданған таңу материалдарын залалсыздандыру.

Аурухана ішілік инфекцияны (АІИ) алдын-алу

АІИ-ны алдын-алу мақсатында денсаулық сақтау мекемелерінде мынадай шаралар жиынтығы жүргізіледі:

1. санитарлы-гигиениалық режим сақталынады

2. стационарға пациенттерді қабылдау тәртібі сақталынады (жалпы қарау және педикулез табылған жағдайда оны тазарту, дене қызуын өлшеу, стафилакокқа мұрын және аңқадан жұғынды алу).

3. тазалау, тазалау құралдарын залалсыздандыру және қолдану, оларды сақтауды санитарлы бөлім қадағалайды.

4. Сан Пин 90100176 06.08.97ж. «Медициналық тағайындауға арналған заттарды стерилизациялау және залалсыздандыру».

5. бөлімшедегі пациенттерге санитарлы тазалық жүргізіледі және олардың төсек жаймасы жеті күнде бір рет немесе қажет болған жағдайда ауыстырылады

6. пациенттердің жеке киімдерін және кірленген жаймаларды сақтау тәртібі сақталады.

7. залалсыздандыру, стерилизация алдындағы тазалау және мед. тағайындауға арналған құралдарды стерилизациялау №408 бұйрық және ОСТ42-21-02-85жыл ДС бұйрығына сәйкес, сонымен қатар залалсыздандыру, стерилизация алдындағы залалсыздандыру, медициналық тағайындауға арналған құралдарды стерилизациялау бойынша әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.

8. инфекциялық пациенттерді белсенді түрде анықтау жүргізіледі (ішек инфекциясына, іш сүзегі, дифтерию, вирусты гепатитке күдік туса), олармен байланыста болған адамдар бақылауға алынды.

9. тамақтану режимі сақталынады: тамақ тарату бөлмесінің, асхананың жарығы, дайындалған тамақтың таралу уақыты, тамақ қалдықтарын жинау және ыдыстарды тазалау тәртібі, тазалау құралдары және оларды сақтау, науқастың үйінен келген тамақтарды сақтау тәртібі сақталынады.

10. бөлімшеде карантинмен немесе аса қауіпті жұқпалы аурумен науқас анықталған жағдайда күдік туған пациенттер анықталған кездегі медициналық персоналдың іс-әрекеті, жедел көмек көрсету және хабар берудің сызбанұсқасы болу қажет.

11. емдеу-алдын алу мекемелерінде қалдықтарды жинау, сақтау және оларды жою тәртібі сақталынады.

Тәжірибелі мейірбике науқасты алғашқы қараған кезде-ақ оның сырқатының ауырлығына, терісінің, киімінің санитарлы жағдайына бірден назар аударады. Қазіргі кезде баспанасыз, тұрғылықты мекен-жайы жоқ көше кезіп жүретіндер ауруханаға көп түседі. Бұндай науқастарды бірден санитарлы бөлмеде қарайды, себебі олардың үстінен бас, киім және шап биттері жиі табылады. Оларға тексеру жүргізер алдында дәрігер және мейірбике резеңкелі қолғап киеді, ал ондай науқастардан шешіп алынған киімдерді бөлек ыдысқа немесе полиэтиленді қапқа салып жояды.

Бас биті бастағы шашты зақымдайды, шаш кір, сынғыш, таралмаған болады, шаштың түбінен шашқа мықтап жабысқан көптеген ақ сіркелер байқалады, олар шашты тарағанда түспейді, сондықтан оларды жою үшін шашты тақырлап алып тастайды.

Киім биті киімнің бүктелген жиегінде жүреді, олар теріні зақымдайды, теріде қасылған іздер қалдыртады, сондықтан киімдерді жоюға тура келеді. Шап биті дененің түкті жерлерінде әсіресе шап аймағында, қас, сақал-мұртта, қолтық астында жүреді.

Биттер бөртпе сүзек, және қайталамалы сүзек ауруларының тасымалдаушысы болып табылады, ауру қоздырғыштары паразиттердің тістеген орны арқылы және қасылған тері арқылы организмге енеді.

Педикулезбен бірге қышыма да анықталады. Қышыма кенесін анықтау үшін науқастың қолын: саусақтарының арасын, қолының сыртқы бетін, денесін мұқият қарау керек, ол жерлерден жұп орналасқан – кененің кіру және шығу жолдары бар бөртпелерді көруге болады. Қышыма жұқпалы ауру, сондықтан науқасты қолғап пен ұзын резеңкелі алжапқыш киіп қарау керек, қарап болған соң қолды сабынмен және залалсыздандыратын ерітінділермен тазалау қажет.

Бит табылған жағдайда науқасқа толық санитарлы өңдеу жүргізіледі — науқасты сабынмен және жөкемен жуындырып, түктерін қырады. Басын жуу үшін ДДТ сабыны немесе арнайы сусабындарды қолданады, ал олар болмаған жағдайда битті жоюдың қарапайым тәсілі қолданылады — керосин мен сұйық майды бірдей көлемде араластырып шашқа жағады. Бұл тәсіл кейінгі кезде тіпті қолданылмайды, көбінесе қышыма және битшеңдік кезінде бензилбензоаттың 20 % мазьіжиі қолданылады. Қышыма кезінде оны 2 апта бойы әр бір 2-3 күн сайын теріге толығымен 4 рет жағу керек, ал битшеңдік кезде бастағы шашқа немесе шапқа, қолтық астына, сақал-мұртқа 1-ші, 2-ші және 7-ші сөткеде жатар алдында жағады.

Ұзын шашты науқастардың басынан бит табылған жағдайда арнайы сабын сулар қолданылып, 10% сірке қышқылының ерітіндісіне батырылған мақтамен сүртілген тістері жиі орналасқан тарақпен шашты бірнеше рет тарайды.

Науқастарды жуындыру қабылдау бөлімінің жуынатын бөлмесінде жүргізіледі. Жағдайы ауыр науқастарды ваннаға түсірер алдында олардың астына жайма жаяды, орындыққа отырғызып душқа түсіреді. Үйінен таза, жуынып келген науқастарға тек аурухананың киімдері беріледі.

Жағдайы ауыр науқастарға, оның ішінде миокард инфарктісі, пневмония, инсульт, гипертониялық криз, бронх демікпесінің ұстамасы және босанатын әйелдерге қабылдау бөлімінде жуынуға рұқсат етілмейді. Ол науқастардың терісі сабынды суға батырылған жаймамен сүртіп, құрғатады.

Қабылдау бөліміне ауыр жағдайдағы науқас түскенде мейірбике оның ауыз қуысын қарап, басын бір жақ қырына қаратып, фурациллин ерітіндісіне батырылған дымқыл шүберекпен құсық қалдығынын тазартады.

Сопор немесе кома жағдайындағы науқастың тілі тыныс жолдарын бітеп қалмау үшін олардың төменгі жағын ашып резеңкелі ауа түтігін қояды.

Хирургиялық және гинекологиялық науқастарды санитарлы өңдеуде олардың шашы, шап аралығындағы түктерді ұстараның көмегімен қырып алып тастайды. Ұстарамен қырылатын аймаққа алдын-ала сабынды көбікті жағады, теріні зақымдап алмай, абайлап ұстарамен қыру қажет.Түктерді қырғаннан кейін теріні жылы сумен жуып, құрғатып сүртеді. Теріні тіліп алған жағдайда міндетті түрде теріні дезинфекциялайды.

Бастың ашық жарақатын дәрігер нейрохирург өңдейді. Шашты алмас бұрын аққан қанды сутегінің асқын тотығы немесе фурациллин ерітіндісіне батырылған мақтамен сүртеді. Алдымен жараның айналасындағы шашты қияды, одан соң қажет болған жағдайда шашты толығымен қырады.

Кейбір жағдайда ауруханаға өз-өзіне қарай алмайтын қарт, әлсіреген адамдар түседі.Әдетте олардың аяқтарындағы тырнақтары үлкен болып өсіп кетеді. Егер науқасқа операция жасау қажет болса санитарка немесе мейірбикеге науқасқа операция алдындағы санитарлы өңдеу жүргізу жоспары бойынша олардың аяғын өңдеуге тура келеді. Бұл шараны жүргізер алдында резеңкелі қолғап киеді. Егер мүмкіндік болса науқас аяғын бірнеше минутқа сабынды суға салады, тек содан кейін ғана тырнақтары алынады. Науқас жағдайы өте ауыр болса сабынды суға батырылған шүберекпен сүртіліп, құрғатып оның аяғына таза бахил кигізеді. Науқастың жағдайы жақсара бастаған кезде ғана бөлімшеде оның аяғына санитарлы тазалау жүргізіліп тырнақтары алынады, бұл жұмысты леген, суқұйғыш беріп науқастың туыстарына үйретіп, оларға жүктеуге болады.

Науқасқа санитарлы тазалық жүргізу 15—25 мин. уақытқа созылады. Неғұрлым көп тәжірибе жинаған сайын мейірбике кез келген науқасқа санитарлы тазалық жүргізуді тез және еппен орындайды.

Гигиеналық ваннаны дайындау және жүргізуді орындауда белгілі бір реттілігі болады.

1. Ваннаны залалсыздандыруды кіші мейірбике жүргізеді, ал ол жоқ болған жағдайда мейірбикенің өзі орындайды. Залалсыздандырған кезде міндетті түрде қолғап киеді. Ваннаның ішін сабынды жөкемен немесе щеткамен,«Санит» тәрізді жуғыш ұнтақпен мұқият жуып, 0,5 % хлорлы әк немесе 2 % хлорамин Б ертіндісімен залалсыздандырғаннан кейін ішін ыстық сумен шаяды.

2. Ваннаға жылы су толтырады (шамамен 35—37 °С), судың температурасын термометрмен өлшенеді, бірақ көп жағдайда қолмен анықтауға болады (суға алақанның сыртқы бөлігінің терісін тигізу арқылы); ваннаны суға жартылай толтырады. Су деңгейі науқастың семсер тәрізді өсіндісінің тұсынан келу қажет.

3. Науқастың ванннаға ыңғайлы отыруына көмектеседі, аяғының басына тіреуіш қойылады. Суда сырғанап кетпес үшін денесінің астына жайма төселеді.Науқастың алдымен денесін, одан соң басын жуады және шайындырады, алдымен денесі сосын басын құрғатап сүртеді. Науқастың жағдайы кенеттен нашарласа — жүрек соғуы жиілесе, ентігу, жүрек немесе басқа да аймақта ауырсыну сезімдері байқалса, басы ауырса — жуындыруды дереу тоқтатып, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіледі. Науқасқа ваннадан шығуына көмектесіп, дәрігер шақырылады.

Наши рекомендации