РК 1. «Акушерия және гинекология» пәні бойынша ЖТД интерндерге арналған деңгейлік білімін анықтайтын тест сұрақтары
1.Өздігінен түсіктің ерте уақытындағы ең жиі кездесетін себептері:
А. Rh-фактордың сәйкес келмеуі;
В. ауыр көтеру, жарақат;
С. хромосомды аномалиялар;
D. инфекциялар;
Е. истмико-цервикальды жетіспеушілік.
2. Гестоздың ауыр критериі болып табылмайды
А. аурудың ұзақтығы;
В. соматикалық ауруларының қосылуы;
С. қағанақ суының көлемі;
D. өткізілген емнің нәтижесіздігі;
Е. ұрық бойының өсуінің тоқтау синдромы.
3. Толық емес түсіктің көрінісі:
А. жатыр мойнының жабық болуы
В. жатырда ұрық жұмыртқасы элементтерінің табылуы
С. Қан кетудің тоқтауы
D. жатырдың тез жиырылуы
Е. толғақ тәрізді ауырсынудың тоқтауы
4. Науқас К.15жаста, 1 жыл бойы іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы айларда сыртқы жыныс мүшелерінің керіп ауыру сезімі мазалайды. Соматикалық сау. Етеккірі жоқ. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Екіншілік жыныс белгілері жеткілікті дамыған. Пальпация жасағанда қасаға үстінен дөңгелек құрылым анықталады, жоғарғы шекарасы қасағадан екі көлденең саусаққа жоғары. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда көгілдір түсті томпаюлар көрінеді . ректальды тексерілді: кіші жамбас қуысында дөңгелек құрылым анықталды, жаңа туылған баланың басының өлшемімен, консистенциясы тығыз эластикалық, тексергенде ауруырсынады. Науқаста қандай аменорея байқалады?
А. физиологиялық
В. шынайы біріншілік
С. шынайы екіншілік
D. жалған біріншілік
Е. жалған екіншілік
5. Жүкті әйелдің босануға физиопсихопрофилактикалық дайындығының 1-ші сабағының мазмұны:
А. жыныс жүйесінің қысқаша құрылысы және қызметі
В. босану ізашарлары жайлы түсінік
С. босану кезеңі және ұзақтығы
D. нәресте туылуы және босанудан кейінгі алғашқы сағаттары
Е. емшекпен емізудің принциптері
6. ҚР ДСМ сай жүкті әйел физиологиялық ағымдағы жүктілігінде неше рет әйелдер кеңісіне баруы қажет:
А. 5-6
В. 7-8
С. 10-12
D. 12-14
Е. 14-20
7. Науқас Л. 21 жаста, етеккірдің келмеуіне, 1,5жыл бойы бедеулікке шағымданады . соматикалық сау. 13 және 18 жасында шат аймағындағы жарығына операция жасалған. Науқас тұратын аймақта жақын туыстар арасында некеге тұрғандар бар. Етеккір мүлдем келмеген. 19жастан бастап жыныстық қатынаста. Контрацептивті заттарды қолданбайды. Обьективті: науқас дұрыс дене бітімді, бойы 165, салмағы 69кг. Екіншілік жыныс белгілері жақсы дамыған. Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, түктенуі әйел типті. Қынап ұзындығы 8-9см, соқыр біткен, жатыр және оның қосалқылары екі жақтан анықталмайды. Ары қарай зерттегенде жыныс хроматині -0, кариотип 46 XY. Науқаста қандай аменорея байқалады?
А. физиологиялық
В. жалған екіншілік
С. шынайы екіншілік
D. криптоменорея
Е. шынайы біріншілік
8. Жүкті әйелдердің жоғары қауіп қатер тобын анықтау мына жол арқылы жүреді:
А. анамнез жинау, диспансеризациялау, онкоцитология жағындысын бағалау
В. анамнез жинау, патронаж жасау, УДЗ қорытындысын бағалау
С. лабораторлы зерттеу, УДЗ қорытындысын бағалау және допплерометрия
D. анамнез жинау, лабораторлы зерттеу, перинатальды фактор қаупін бағалау
Е. перинатальды фактор қаупін бағалау, қынаптың тазалыққа жағындысын бағалау
9. Жүкті әйел 28 жаста әйелдер кеңесінде «Д» есепте тұрады. Анамнезінен: созылмалы пиелонефрит ремиссия сатысында, асқынусыз 2 рет жедел босану. Осы жүктілігі үшінші, 34-35 аптада преэклампсияның жеңіл дәрежесімен асқынды. Осы жүктілігі қандай қауіп қатер тобына жатады:
А. төмен
В. орташа
С. жоғары
D. жеңіл
Е. ауыр
10. Жүкті әйел 28 жаста әйелдер кеңесінде «Д» есепте тұрады. Анамнезінен: созылмалы пиелонефрит ремиссия сатысында, асқынусыз 2 рет жедел босану. Осы жүктілігі үшінші, 34-35 аптада преэклампсияның жеңіл дәрежесімен асқынды. Жүкті әйел қандай дәрежедегі ауруханаға жатқызылуы керек:
А. бірінші
В. екінші
С. үшінші
D. төртінші
Е. бесінші
11. Науқас К.15жаста, 1 жыл бойы іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы айларда сыртқы жыныс мүшелерінің керіп ауыру сезімі мазалайды. Соматикалық сау. Етеккірі жоқ. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Екіншілік жыныс белгілері жеткілікті дамыған. Пальпация жасағанда қасаға үстінен дөңгелек құрылым анықталады, жоғарғы шекарасы қасағадан екі көлденең саусаққа жоғары. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда көгілдір түсті томпаюлар көрінеді . ректальды тексерілді: кіші жамбас қуысында дөңгелек құрылым анықталды, жаңа туылған баланың басының өлшемімен, консистенциясы тығыз эластикалық, тексергенде ауру сезімді. Дұрыс ем тағайындаңыз?
А. оперативті ем- аналық без ісігін алып тастау
В. консервативті ем
С. оперативті ем- жатырдың қосалқыларымен бірге қынап үстілік ампутациясы
D. қыздық пердені крест тәрізді жару
Е. лапаротомия, іш пердені ашқан сәтте оперативті ем көлемін анықтау
12. Науқас 49 жаста,анамнезінде 3 қалыпты босану және 2 жасанды түсік асқынусыз болған, 2-3 ай аралығында кідіріспен болатын қалыпты емес етеккірді байқаған.3 апта бұрын қан аралас бөліністер пайда болған,қазіргі уақытқа дейін жалғасуда.Гинекологиялық тексеру кезінде ешқандай ақау анықталмаған. Қан аралас бөліністер белгілі мөлшерде.Болжам диагноз:
А. аденомиоз
В. дисфункциональды қан кету
С. эндометрия рагі
D. субмукозды жатыр миомасы
Е. жатыр мойнының рагі
13. Жүктілік кезінде максимальды АҚК жоғарылауы:
А. 1-ші триместрде
В. 2-ші триместр басында
С. 2-ші триместр соңында
D. 3-ші триместр басында
Е. 3-ші триместр соңында
14. Алғашқы босанушы әйел 30жаста, патология бөліміне бас ауруына ,ұйқының бұзылуына шағымданып келді. АҚҚ-140/80 мм.с.б. Зәрде белок, тізе аймағы көгерген. Жүктілік 37 апта, баспен келуі.Ұрықтың жүрек соғысы анық 140 рет/мин.Сіздің диагнозыңыз:
А. жүктіліктің водянка беременной
В. нефропатия
С. преэклампсия
D. эклампсия
Е. гипертониялық ауру
15. Науқас 33 жаста кейде тері қышынуына, бет және шеткі мүшелердің ісінуіне, етеккірінен бір апта бұрын олигоурияға шағымданады Етеккір қызметі бұзылмаған. Анамнезінде бір криминалды түсік. Гинекологиялық тексерулерде патологиялар анықталмады. Алдын ала диагноз?
А. невроз;
В. альгодисиенорея;
С. пиелит;
D. экзема;
Е. етеккір алды синдром.
16. Агенезия дегеніміз не?
А. жетілмеген мүшелер
В. туа біткен мүшелердің болмауы
С. мүшелердің бір бөлігінің болмауы
D. мүшелер деформациясы
Е. жыныс аппаратының төменгі немесе ортаңғы бөліктерінің бітісуі.
17. Плацента арқылы өтеді:
А. алкоголь
В. морфин, барбитураттар
С. пенициллин, стрептомицин
D. тиоурацил, эфир
Е. Қышқылдар
18. Аплазия деген не?
А. мүше бөліктерінің болмауы
В. жетілмеген мүшелер
С. жыныс аппаратының төменгі немесе ортаңғы бөліктерінің бітісуі
D. мүшелердің ұлғаюы
Е. туа біткен мүшелердің болмауы
19. Науқас 35 жаста етеккір алды синдроммен ауырады. Осы жаста қолдануға қолайлы гормональды терапияны атаңыз:
А. эстриол;
В. норколут;
С. сустанон-250;
D. эстрадиол-ди-пропионат;
Е. амбосексс.
20. Дисфункционалдық жатырдан қан кету деп аталады:
А. қан кету, жатырдың органикалық өзгерістеріне байланысты
В. жатыр қосалқыларының қабынуы кезіндегі қан кету
С. аналық без гормоны секрециясының бұзылысы себебінен қан кету
D. Верльгоф ауруымен ауырғанда жыныс жолдарынан қан кету
Е. басталған түсік тастау кезіндегі қан кету
21. Науқас 31 жаста, ауырсынуға, 9 күнге дейін келетін етеккірге шағымданады. Циклдың 10 күні келіп қаралды. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. Бөлінділер қоңыр түсті, аз. PV: жатыр көлемі қалыптыдан жоғары. Қозғалысы шектелген, жатыр қосалқылары анықталмайды,күмбездер бос, терең. Етеккір алдында қайта қарағанда: жатыр 7-8 апталық жүктілікке сай.
Сіздің диагнозыңыз?
А. жатырдас тыс жүктілік.
В. жатыр миомасы.
С. аденомиоз.
D. эндометрит.
Е. жатырлық жүктілік
22. Нәрестенің резус-факторы жүктіліктің қай мерзімінде құрылады:
А. 6-8 апта
В. 10-12 апта
С. 20-22 апта
D. 27-28 апта
Е. 30-32 апта
23. Нәрестенің гемолитикалық ауруы қай жағдайларды жиі дамиды:
А. анасында резус-теріс, нәрестеде резус-оң
В. анасында резус-оң, нәрестеде резус-теріс
С. анасында резус-теріс, нәрестеде резус-теріс
D. анасында резус-оң, нәрестеде резус-оң
Е. анасында резус-теріс, әкесінде резус-оң
24. Жүкті әйел 36 жаста, іштің төменгі бөлігіндегі керіп тұрған тәрізді ауру сезіміне, аздаған қанды бөліндіге шағымданып келіп түсті. Объективті жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен көзге көрінетін шырышты қабаты әдеттегі түстес. АҚҚ 90/50 мм с.б.б. Пульсі 100 рет минутына. Аяқтарында ісінулер бар, зәріндегі белок деңгейі - 1,5 г/л; жатыры жүктіліктің 35-36 аптасына сәйкес ұлғайған, қатайған, нәрестенің ұсақ бөліктері пальпацияланбайды. Диагноз қойыңыз:
А. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсия жеңіл дәрежесі.
В. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Плацентаның жатуы.
С. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсия орташа дәрежесі.
D. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Көпсулық. Нәрестенің антенаталдық өлімі..
Е. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсия ауыр дәрежесі.
25. Науқас 23 жаста Диагноз: мерзіміне жеткен жүктілік. Жамбастың өлшемдері:23-26-28-18.Іш айналымы 110см, жатыр түбінің биіктігі 38см, нәресте жатуы ұзына бойы, жамбаспен жатуы, кіші жамбас қуысының кіреберісіне тірелген. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 140 рет, анық ырғақты. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны жетілген, диоганальдық коньюгата-11,5см. Диагноз қойыңыз:
А. Жүктіліктің 38-39 аптасы.Жамбаспен жатуы
В. Жүктіліктің 38-39 аптасы.Жамбаспен жатуы.Тар жамбас
С. Жүктіліктің 38-39 аптасы.Жамбаспен жатуы.Жалпы бір қалыпты тарылған тар жамбас
D. Жүктіліктің 38-39 аптасы.Жамбаспен жатуы.Ірі нәресте. Жалпы бір қалыпты тарылған тар жамбастың 1 дәрежесі
Е. Жүктіліктің 38-39 аптасы. Бөксемен жатуы. Жалпы бір қалыпты тарылған тар жамбас
26. Басталған түсікке көрсетпе:
А. госпитализация;
В. ұрық жұмыртқасын инструментальды жолмен алып тастау;
С. антибиотиктер қабылдау;
D. амбулаторлы жағдайда ем қабылдау ;
Е. жиырылытқыш заттарды қолдану.
27. Босанушы 24жаста патологиясы палатасына 38 апталық жүктілікпен түсті. Дене салмағы-70кг, бойы - 160 см. Іш айналымы 110 см,жатыр түбінің биіктігі-45см. Жатыр қалыпты тонуста, 3 ірі бөлімдер анықталды, көбісі кішкентай бөлімдер. Сіздің диагнозыңыз?
А. Жүктілік 38 апта.Ірі көлемді ұрық
В. Жүктілік 38 апта. Көп сулы.
С. Жүктілік 38 апта.семіздік.
D. Жүктілік 38 апта.көп ұрықты.
Е. Жүктілік 38 апта.Жатыр миомасы
28.Уақытынан асып кеткен жүктілікте ұрық ішілік гипоксия дамудың себептері:
А. ұрықтың гемоглобин деңгейінің төмендеуі
В. қалыпты орналасқан ұрық жолдасының уақытынан бұрын ажырауы
С. ұрық жолдасының қартаюы
D. жатыр-ұрық жолдасының қан айналымы бұзылысы
Е. ана қанындағы оттегі қорының төмендеуі
29. Босанушы 26 жаста, екінші жүктілік. Бірінші жүктілік жедел босанумен болған, босанудан кейін эндометрит болған.Толғақ қысқа, әлсіз. Жыныс жолдарынан белгілі мөлшердегі қанаралас бөліністермен келді. Кіші жамбасқа басымен келуі. Ұрықтың жүрек соғысы 140рет/мин. Қынаптық тексеру барысында:жатыр мойны 4см ашылған, ұрық жолдасының шеті көрінеді.Ұрықтың суы бүтін. Қан аралас бөлініс жеткілікті. Не істейміз?
А. босануды консервативті жүргізу
В. ұрық шарын ашу
С. кесар тілігі отасына кірісу
D. босану барысын жылдамдату
Е. спазмолитиктер енгізу
30.Сильверман шкаласы бойынша бағалау:
А. орташа жағдайда
В. тыныс жүйесі жағдайы
С. бұлшық ет жүйесі жағдайы
D. жүйке жүйесі жағдайы
Е. тері жамылғысы жағдайы
31. Фетоплацентарлық жетіспеушілік дамуы жиі неге әкеледі:
А. жүктіліктің кеш гестозы
В. бүйрек ауруларына
С. гипертониялық ауруға
D. жүктіліктің анемиясы
Е. семіздік
32. қайта босанушы,жүктілік мерзімі 32апта,патология бөліміне түсті,ұрықтың көлденең орналасуы,іштің төмен тартып ауырсынуына шағымданады.Ұрық соғысы анық,ырғақты,жүрек соғысы 140рет/мин.Қынаптық тексеру:жатыр мойны аз ғана қысқарған,цервикальды өзек саусақ ұшын ғана өткізетін,келуі бөлімі анықталмайды.Акушерлік тактика:
А. кесар тілігі
В. сыртқы ұрық айналымы
С. жүктілікті сақтап қалуға арналған шаралар
D. ұрықты сыртқы-ішкі айналым арқылы және экстракция арқылы босандыру
Е. амниотомия
33. Гестоздың ауыр түрінде жедел босандыруға көрсеткіш болып табылады :
А. емнің нәтижесіздігі
В. олигурия;
С. ұрық өсуінің тоқтауы
D. полиурия;
Е. бас ауру.
34. Әйелдер кеңесіне алғашқы рет аяғы ауыр әйел ішіндегі нәрестесінің әлсіз қозғалысына шағымданып келді. Жүктілік уақыты — 35-36 апта, жатыр түбі кіндік пен семсер тәрізді өсіндінің арасында,ұрықтың жүрек соғуы тынық , ритмді, аяқтарында ісік, қосқан салмақы - 10 кг.Қандай зерттеу әдісі ең қолайлы?
А. гормональды зерттеу әдісі ( эстриолды анықтау);
В. функциональды пробалармен қосарланған кардиотахография;
С. сыртқы акушерлік зерттеу әдісі;
D. УДЗ;
Е. КТГ.
35. 23 жасар бірінші босанушы босану үйіне үйінде ұстаған эклампсия ұстамасынан соң келіп түсті. Жүктілік — 37-38 апта,жағдайы ауыр , АҚҚ - 150/100 мм рт. ст., пульс - 98 рет/мин. Аяғында айқын ісік, санасы тежелген .
Жүктіге көмек көрсету түрін таңдаңыз:
А. қолданылатын ем нәтижесінде жүктілікті сақтау
В. Тез арада кесарева тілігіне алу
С. 2-3 күн бойы қосарланған интенсивті терапия алу
D. интенсивті терапия фонында жедел кесар тілігі операциясын жасау
Е. босануды қоздыру және акушерлік қысқыштарды қолдану
36. Қынап арқылы зерттеуде: жатыр мойны тегіс, толық ашылған, қағанағы жоқ, ұрық басымен келуі, кіші жамбасқа тіреліп тұр.
Пальпациялағанда мұрны, аузы және иегі анықталады, сегізкөзге қараған. Бет сызығы сол қиғаш өлшемде. Босану ісігі иекте орналасқан. Орналасудың қандай түрі ?
А. шүйдемен;
В. бетпен;
С. маңдаймен;
D. алдыңғы баспен.
Е. бөксемен
37. Михаэлис ромбысын анықтағанда: вертикальды өлшемі -12см, горизонтальды - 9см. Қандай жамбас формасына сәйкес?
А. жалпы тегіс тарылу
В. қиғаш ығысқан
С. жалпақ
D. көлденең тарылу
Е. қиғаш тарылу
38. Ұрық жолдасының келуінің клиникалық белгілері
А. іштің төменгі бөліміндегі ауырсыну
В. жатыр формасының өзгеруі
С. жатыр тонусы өзгерісі
D. әр түрлі интенсивті қан кету
Е. ұрықтың жүрек соғысының өзгерісі
39.Қалыпты орналасқан ұрық жолдасының уақытынан бұрын ажырауында жатырды алып тастаудың негізгі көрсеткіші:
А. жатыр гипотониясы
В. жатырдың жиырылуы
С. миоматозды өзектер болуы
D. қосымша мүйіздің болуы
Е. жатыр қабырғасының қанмен имбибациясы
40. Науқас К.15жаста, 1 жыл бойы іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы айларда сыртқы жыныс мүшелерінің керіп ауыру сезімі мазалайды. Соматикалық сау. Етеккірі жоқ. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Екіншілік жыныс белгілері жеткілікті дамыған. Пальпация жасағанда қасаға үстінен дөңгелек құрылым анықталады, жоғарғы шекарасы қасағадан екі көлденең саусаққа жоғары. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда көгілдір түсті томпаюлар көрінеді . Ректальды тексерілді: кіші жамбас қуысында дөңгелек құрылым анықталды, жаңа туылған баланың басының өлшеміндей, консистенциясы тығыз эластикалық, тексергенде ауру сезімінсіз.
Дұрыс диагноз таңдаңыз?
А. аналық без ісігі
В. жатыр миомасы
С. қыздық перденің атрезиясы
D. хорионкарцинома
Е. жатыр саркомасы
41. 22 жасар К.Гинекология бөліміне етеккірдің 2,5айға кідірунен кейін қан кетумен тусті.Қынаптық тексеруде: жатыр мойны қысқарған,мойын өзегі 2 саусақ өткізеді.Жатыр жүктіліктің 6-7 аптасына үлкейген,жұмсақ.Қосалқы бөліктер анықталмайды диагноз қойыңыз:
А. Жүктілік 8-9 апта.Жартылай түсік.
В. Жүктілік 6-7 апта.Басталған түсік.
С. Жүктілік 6-7 апта.Түсік қаупі.
D. Жүктілік 8-9 апта.Толық түсік.
Е. Жүктілік 6-7 апта.Жартылай түсік.
42. Қайта босанушы әйел 22-23 аптада іштің төмен тартып ауру сезіміне шағымданып түсті . Анамнезінде: бірінші жүктілік,31-32 апта мезгілінен бұрын босанумен аяқталды, 25-26 аптасында бір өзіндік түсік болған . Қынап арқылы тексеруде : жатыр мойны 1,5 см қзарған , жұмсарған,жатырөзегі 1 саусаққа өтімді , қағанақ суы бүтін. Нәрестенің төменгі бөлігі кіші жамбас қуысының кіреберісінен жоғары орналасқан . Дұрыс диагноз қойыныз:
А. Жүктіліктің 22-23 аптасында . Басталған түсік .
В. Жүктіліктің 22-23 аптасы . Жартылай түсік
С. Жүктіліктің 22-23 аптасы . Кеш түсік қаупі .
D. Жүктіліктің 22-23 аптасы . Түсік қаупі .
Е. Жүктіліктің 22-23 аптасы . Жүрістегі түсік
43. 24 жастағы алғаш босанушы толғақ тәріздес іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, жыныс жолдарынан қан аралас шырыштың бөлінуіне шағымданып келді. Соңғы етеккір 9 апта бұрын болған. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны 3 см ұзын, сыртқы өзегі жабық, жүктіліктің 7-8 аптасына дейін жатыр денесі ұлғайған . Қосалқылары анықталмайды. Білінер-білінбес қан аралас бөлінділер анықталады . Дұрыс диагноз қойыныз :
А. Жүктіліктің 7-8 аптасы. Түсік қауіптілігі
В. Жүктіліктің 7-8 аптасы . Басталған түсік
С. Жүктіліктің 7-8 аптасы . Жүрістегі түсік
D. Жүктіліктің 7-8 аптасы. Жартылай түсік
Е. Жүктіліктің 7-8 аптасы. Толық аяқталмаған
44. Жүкті әйел ауыр жағдайда жеткізілді. Осы жүктілігі -5ші. Алғашқы екеуі мерзімімен босанумен аяқталды, 3-шісі кесар тілігі операциясы арқылы, операциядан кейін екі апта дене температурасы көтерілді, 4-жі жүктілігі жасанды түсік арқылы үзілген. Таңертең төсекте бүйіріне қарай аунағанда, кенеттен іштегі ауру сезімін байқады, әлсіздік, нәресте қимылын сезбейді. Объективті қарағанда: пульсі минутына 120 ерт. АҚҚ -90/50 мм с.б.б, мұздай тер басқан, апатипті. Жатыры жүктіліктің 35-36 аптасына сәйкес ұлғайған, пальпация кезінде ауру сезімді, әсіресе төменгі сегмент аймағында. Нәрестенің жатуы ұзынша, басымен жатыр. Нәрестенің жүрек соығысы тыңдалынбайды. Құрсақ қабырғасы арқылы нәрестенің ұсақ бөлшектері пальпацияланады. Қаныптан көп емес қанды бөлінділер бөлініп жатыр.
Диагноз қойыңыз:
А. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Жатыр тыртығы. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзіміне бұрын сылынуы.
В. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Жатыр тыртығы. Жатырдың жыртылу қаупі.
С. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Жатыр тыртығы. Басталған жатырдың жыртылуы. Өлі нәресте.
D. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Жатыр тыртығы. Жатырдың толық жыртылуы. Өлі нәресте. Геморрагиялық және ауру сезімді шок.
Е. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Тұрақсыз жатыр тыртығы. Нәрестенің гипоксиясы. Плацентаның жатуы.
45. Қанның резус факторы теріс болғанда жүктіліктің қай мерзімінде нәресте эритроцитімен ана сенсибилизациясын төмендеу мақсатында арнайы емес десенсибилизациялық терапия курсы жүргізіледі:
А. 4-6, 10-12, 28-30 апта
В. 6-8, 14-16, 20-22 апта
С. 8-10, 16-18, 24-26 апта
D. 10-12, 22-24, 32-34 апта
Е. 12-14, 20-22, 34-36 апта
46. Жүктіліктің қай мерзімінде резус-сенсибилизациясы бар әйелдерді перзентханаға босандыруға жібереді:
А. 32-24 апта
В. 34-36 апта
С. 36-38 апта
D. 38-40 апта
Е. 40-42 апта
47. Жүкті әйел ауыр жағдайда жеткізілді. Осы жүктілігі -5ші. Алғашқы екеуі мерзімімен босанумен аяқталды, 3-шісі кесар тілігі операциясы арқылы, операциядан кейін екі апта дене температурасы көтерілді, 4-жі жүктілігі жасанды түсік арқылы үзілген. Таңертең төсекте бүйіріне қарай аунағанда, кенеттен іштегі ауру сезімін байқады, әлсіздік, нәесте қимылын сезбейді. Объективті қарағанда: пульсі минутына 120 ерт. АҚҚ -90/50 мм с.б.б, мұздай тер басқан, апатипті. Жатыры жүктіліктің 35-36 аптасына сәйкес ұлғйаған, пальпация кезінде ауру сезімді, әсіресе төменгі сегмент аймағында. Нәрестенің жатуы ұзынша, басымен жатыр. Нәрестенің жүрек соығысы тыңдалынбайды. Құрсақ қабырғасы арқылы нәрестенің ұсақ бөлшектері пальпацияланады. Қаныптан көп емес қанды бөлінділер бөлініп жатыр.
Емдеу тактикасын таңдаңыз:
А. наркоз беру, гемотрансфузияны бастау, лапаротомия жасау
В. диагнозды дәлледеу үшін УДЗ жүргізу
С. қан құю, ВГГК фонжасау, босандыру
D. спазмолитиктер, анальгетиктер енгізу, қан құю және бақылауды жалғастыру
Е. Кесар тілігін шұғыл бастау
48. Перзентханаға алғаш босанушы әйел келіп түсті, 19 жаста, іштің төменгі бөлігінде керіп тұрғандай ауру сезіміне шағымданады. Босанудың басталғанына 12 сағат, сусыз кезең 4 сағат болған. Жамбас өлшемдері: 25-28-31-17 см. Пульсі минутына 96 рет, ырғақты. АҚҚ 120/80 мм с.б.б мерзімі жеткен жүктілік, нәресте басы кіші жамбастың кіреберісіне бекіген. Жатырдың төменгі сегменті ауру сезімді, контракциялық сақина кіндік деңгейінде. Нәрестенің жүрек соғысы 10 рет минутына, аритмиялық, тұйықталған. Күшенулер бірінің артынан бірі болып жатыр. PV: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ. Нәресте басы кіші жамбастың кіреберісіне бекіген, жебе тәрізді жігі көлденең өлшемде, қасағаға жақын. Мүйіске қол жетеді. Диагоналдық коньюгата 11,5 см.
Сіздің диагнозыңыз:
А. Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жалпы бір қалыпты тарылған тар жамбас, І дәрежесі. Қағанақ суының ерте кетуі. босанудың ІІ кезеңі.
В. Жүктіліктің 39-40 аптасы. Артқы төбемен қондырылу
С. Жүктіліктің 39-40 аптасы. Нәрестенің басталған жедел гипоксиясы.
D. Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жәй жалпақ жамбас, І дәрежелі тарылу. Қағанақ суының ерте кетуі. Артқы төмебен қондырылу. Жатырдың жыртылу қаупі. Нәрестенің жедел гипоксиясы.
Е. Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың ІІ кезеңі. Босану әрекетінің әлсіздігі.
49. Rh(-) қайшылықты факторы бар әйелдерге резус-сенсибилизациясының алдын-алу мақсатында енгізілетін препараттың атын атңыз:
А. антирезус-иммуноглобулин
В. жаңа мұздатылған плазма
С. преднизолон
D. иммунорм
Е. димедрол
50. Ультрадыбыстық бақылаудың көмегімен жасалатын кіндік тамырынан пункция алу арқылы нәрестенің жағдайын зерттейтін әдіс қалай аталады:
А. амниотомия
В. амниоскопия
С. амниоцентез
D. лапароцентез
Е. хордоцентез
51. Перзентханаға алғаш босанушы әйел келіп түсті, 19 жаста, іштің төменгі бөлігінде керіп тұрғандай ауру сезіміне шағымданады. Босанудың басталғанына 12 сағат, сусыз кезең 4 сағат болған. Жамбас өлшемдері: 25-28-31-17 см. Пульсі минутына 96 рет, ырғақты. АҚҚ 120/80 мм с.б.б мерзімі жеткен жүктілік, нәресте басы кіші жамбастың кіреберісіне бекіген. Жатырдың төменгі сегменті ауру сезімді, контракциялық сақина кіндік деңгейінде. Нәрестенің жүрек соғысы 10 рет минутына, аритмиялық, тұйықталған. Күшенулер бірінің артынан бірі болып жатыр. PV: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ. Нәресте басы кіші жамбастың кіреберісіне бекіген, жебе тәрізді жігі көлденең өлшемде, қасағаға жақын. Мүйіске қол жетеді. Диагоналдық коньюгата 11,5 см.
Қажетті емдеу әдістерін таңдаңыз:
А. окситацинмен босануды ынталандыру
В. акушерлік қысқыш
С. нәрестенің вакуум- экстракциясы
D. кесар тілігі
Е. нәрестені бөлшектеп алу
52. Жүктілік кезінде ұрықтың гипоксиясы қандай клиникалық белгілер береді:
А. аускультация кезіндегі тахикардия
В. жасыл қағанақ суының құйылуы
С. ұрықтың қозғалу белсенділігінің өзгеруі
D. іш шеңберінің өлшемдер динамикасының болмауы
Е. жатыр түбінің тұру биіктігінің өлшемдер динамикасының болмауы
53. Менструалдық цикл мен етеккірдің ұзақтығы қанша:
А. орташа 28 күн, ұзақтығы 5 күн;
В. 35 күн, ұзақтығы 7 күн;
С. 18 – 20 күн, ұзақтығы 1 – 2 күннен кем;
D. 40 – 50 күн, ұзақтығы 8 – 10 күн;
Е. 60 күн, ұзақтығы 14 күн.
54. Жыныстық жетілу қанша кезеңнен тұрады:
А. 5 кезең;
В. 3 кезең;
С. 6 кезең;
D. кезеңдерден тұрмайды;
Е. 2 кезең.
55. Жыныстық жетілудің қандай кезеңдерін ажыратамыз:
А. препубертатты, пуберттатты кезеңнің 1 және 2 фазасы;
В. пуберттатты кезеңнің 1 фазасы, постпубертатты;
С. препубертатты, пубертатты кезең, постпубертатты;
D. бастапқы,соңғы;
Е. постпубертатты.
56. Пубертатты кезеңнің 2-фазасына тән:
А. бойдың тез өсуі;
В. бойдың өсуінің кідіруі;
С. менархе, бойдың өсуінің кідіруі;
D. инволютивті өзгерістер
Е. иммунитеттің төмендеуі
57. Репродуктивті жүйені қанша орталық реттейді:
А. 2;
В. 3;
С. 4;
D. 5;
Е. 6 .
58. Жатырдан тыс жүктіліктің жиі орналасу орнын атаңыз:
А. аналық бездер
В. жатырдың рудиментарлы мүйізі
С. жатыр түтікшелері
D. іш перде мүшелері
Е. жатыр мойны
59. Төменде аталған аурулардың қайсысы жатырдан тыс жүктіліктің жиі кездесетін себебі болып табылады?
А. жатыр дамуының ақаулары, жыныс мүшелерінің дұрыс орналаспауы
В. жатыр қосалқыларының қабыну аурулары, түсіктер
С. жатырдың ісіктері
D. эндометриоз
Е. аналық бездің ісіктері
60. Жатырдан тыс жүктілік кезінде жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің бөліну себебі болып табылады?
А. қанның ұйығыштығының бұзылысы
В. децидуальды қабықтың сылынуы
С. эндометрийдің гиперплазиясы
D. эндометрит
Е. жатыр түтікшелерінің перистальтикасының жоғарылауы
61. Дамып келе жатқан жатырдан тыс жүктіліктің диагнозын нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қолданылады?
А. артқы күмбез арқылы іш қуысына пункция жасау
В. жатыр қуысын диагностикалық қыру
С. жатыр қуысын зондтау
D. УДЗ
Е. кульдоскопия
62. Түтіктің интерстициальді бөлігіндегі жүктілік көбінесе жүктіліктің қай мерзімінде үзіледі?
А. 1 – 2 аптасында;
В. 3 – 4 аптасында;
С. 5 – 6 аптасында;
D. 7 – 8 аптасында;
Е. 11 – 12 аптасында.
63.Кіші жамбастың нағыз конъюгатасы тең:
А. 9 см
В. 21 см
С. 13 см
D. 11 см
Е. 28-29 см
64. Уақытына жеткен жүктіліктің ұрық айналасындағы физиологиялық судың мөлшері
А. 500 мл
В. 501 - 1000 МЛ
С. 1001 - 1500 мл
D. 1501 - 2000 мл
Е. 2000 мл және одан көп
65. Жүкті әйел 28 жаста босану үйіне қанды бөліністермен түсті. Жүктілік 3-ші, 2 босану болған.10апталығында жоғары дене қызуымен тұмау болған, 12аптасында стационарда басталған түсікпен емделген.Соңғы етеккірі 4ай бұрын болған.Обьективті қарағанда: АҚҚ - 120/65 мм.с.б. Пульс - 72 рет/мин.Жатыр түбі 24 см қасағадан биік . Жатыр консистенциясы тегіс емес, ауырсынусыз. Ұрық бөліктері, қозғалысы, жүрек соғысы анықталмайды.
Қынаптық тексеру: жатыр мойны жиналған, цервикальды өзек бір саусақ өткенде жұмсақ тін анықталады, ішкі аранында орналасқан. Ұрық бөліктері анықталмайды.Сіздің болжам диагнозыңыз:
А. басталған кеш түсік.
В. ұрық жолдасының орналасуы
С. жатыр миомасы
D. қалыпты орналасқан ұрық жолдасының уақытынан бұрын ажырауы
Е. Ұрық көпіршігі
66. Ұрық айналасындағы судың жасыл түсті болу себебі:
А. ұрықтың созылмалы гипоксиясы
В. ұрықтың жедел гипоксиясы
С. ұрықтың антенатальды өлімі
D. ұрықтың гемолитикалық ауруы
Е. амниотикалық сұйықтықтың алмасуының бұзылысы
67. Жүкті әйелде, сифилиспен ауырады, ұрықтың ең жиі инфекциялануы қай уақытта болады:
А. 1-2 айында жүктіліктің
В. 3-ші айында
С. 4-5 ші айында
D. 6-7ші айында
Е. 8-9ші айында
68. Науқас Э. 23 жаста. 3 апта етеккір кідіруінен кейін , жыныс жолдарынан жабысқақ қанаралас бөліністердің болуына байланысты жатырдың шырышты бөлімінде қыру болған. Қыру барысында децидуальды реакция және хорион кірпікшелері анықталған. Сіздің болжам диагнозыңыз?
А. дисфункциональды жатырдан қан кету
В. хориокарцинома
С. жатырлық жүктілікте толық емес түсік
D. жатырдан тыс жүктілік
Е. көпіршікті (пузырный занос)
69. Жүктілерде ауыр дәрежелі құсуда бірінші бағаланатын:
А. АҚҚ деңгейі
В. дене салмағынынң азаюы
С. құсудың жиілігі
D. субферилитеттің болуы
Е. диурез
70. Жедел жәрдем машинасымен жүкті әйел келді.Әйелдер кеңес орталғында болмаған ,бас ауруына,көрудің нашарлауына,құсуға шағымданады. АҚҚ- 180/120 мм.с.б.Төменгі бөлімдерде айқын ісік.Тексеру барысында ұстамалар болды.Сіздің диагноз?
А. ауыр дәрежелі нефропатия
В. преэклампсия
С. эклампсия
D. гипертониялық ауру
Е. эпилепсия
71. Жиі ерте босануда болатын асқынулар:
А. босану күштерінің аномалиялары
В. инфицирлену
С. ұрық айналасындағы судың ерте кетуі
D. интранатальды ұрық өлімі
Е. гипоксия
72. Жатыр түбі биіктігіне байланысты жүктілік мерзімін бейнелейтін кесте қалай аталады:
А. партограмма
В. гистерограмма
С. гравидограмма
D. кардиотокограмма
Е. электрокардиограмма
73. Жүкті әйел 32 жаста әйелдер кеңесінде «Д» есепте тұрады. Анамнезінде біріншілік бедеулік 6 жыл бойы. Зерттеу кезінде созылмалы арнайы инфекциялар анықталды- ЦМВ, ВПГ, токсоплазмоз. Осы жүктілікте нәрестеде қандай асқынулар болуы мүмкін?
А. нәресте даму ақауы
В. ірі нәресте
С. изосерологиялық сәйкессіздік
D. нәрестенің көлденең жатуы
Е. нәрестенің жамбаспен жатуы
74. Қандай жүктілік мерзімдерінде скринингті УДЗ жүргізіледі:
А. 3-5, 12-16, 20-24, 28-32 аптада
В. 6-8, 16-18, 28-30 аптада
С. 12-16, 20-24, 32-34 аптада
D. 18-10, 24-28, 38-40 аптада
Е. 18-24, 28-32, 36-38 аптада
75. Ұрықтың көлденең орналасуында кездесетін асқыну:
А. қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі
В. жүкті әйелдердің ісігі
С. құрсақ ішілік гипоксия
D. антенаталды ұрықтың шетінеуі
Е. нәрестенің туа пайда болған ақаулары
76. Ұрықтың көлденең орналасуында босанудың бірінші кезеңіне тән:
А. қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі, кіндік бауының түсіп қалуы
В. аса күшті босану толғағы
С. кіндік бауының түсіп қалуы
D. нәресте қолдарының қайырылып қалуы
Е. жатыр жыртылуы
77. Мезгілі жеткен жүктілікте қайта босанушы әйелді сыртқы акушерлік тексеру барысында: ІӨ- 105 см, ЖТБ – 36 см, пальпацияда сол жақтан ұрық басы, оң жақтан жамбас анықталады, кіші жамбасқа жатқан бөлігі анықталмайды. Диагнозыңыз:
А. Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен жатуы. Бірінші позиция.
В. Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың көлденең жатуы. Бірінші позиция.
С. Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен жатуы. Екінші позиция.
D. Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың көлденең жатуы. Екінші позиция.
Е. Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың қиғаш жатуы. Екінші позиция.
78. Мезгілі жеткен жүкті әйелде ұрықтың көлденең жауы анықталды. Босандыру жоспарының тиімді әдісін табыңыз:
А. кесар тілігін жоспарлы түрде жасау
В. кесар тілігін жедел түрде жасау
С. босану әрекетінің басталғанына дейін ұрық басымен келуі үшін сыртқы бұруды жасау
D. босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау
Е. босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрық басымен келуі үшін сыртқы – ішкі бұруды жасау.
79. .20жастағы тұрмыстағы әйел өзін жүктімін деп әйелдер кеңесіне келді қайта тіркеуге тұру үшін.(етеккір кідірісі 10күн). Тексеру кезінде:жағдайы орташа, іші жұмсақ, ауырсынусыз, АҚҚ-120/80мм.с.б., пульс 72рет/мин. Гинекологиялық тексеріс барысында: жатыр ұлғаймаған, оң жақ жатыр қосалқыларының ұлғайғаны анықталды, қынаптың шырышты бөлімінің цианозы. Кіші жамбастың ультрадыбыстық тексеруде прогрессирленген түтіктік жүктілік.
Әйелдер кеңесі дәрігерінің дұрыс тактикасы:
А. науқасты жедел госпитализациялау.
В. больничный лист беріп науқасты қандағы ХГ титрін анықтауға жолдама беру
С. Әйелдер кеңесіне келесі келу күнін белгілеу
D. Кульдоцентоз жүргізу
Е. Медикаментозды ем тағайындау
80. 26 жастағы науқас етеккірге дейінгі 5 күнде жағдайының нашарлауына шағымданады, дене салмағының қосылуына, сүт бездерінің ауырсыну сезіміне, тітіркенгіштігіне, көңіл күйінің болмауына, бас ауруына. Етеккір басталысымен жоғарыдағыдай шағымдар жойылады. Гинекологиялық тексеру кезінде патологиялық өзгерістер жоқ. Бұл жағдайдың туындауына тікелей әсер ететін гормон
А. Эстрогендер
В. Андрогендер
С. Глюкокортикоидтар
D. Прогестерон.
Е. Эстрадиол
81. 23 жастағы алғашқы босанушы үйінде эклампсия ұстамалары болғаннан кейін босану үйіне жеткізілген. Жүктіліктің 37-38 апта, ауыр дәрежелі, АҚҚ - 150/100 мм.с.б., пульс – 98рет/мин. Аяғында айқын көріністі ісіктер, санасы тежелген. Жүктілікті жүргізу тактикасын анықтаңыз:
А. Ем нәтижесінде жүктіліктің пролонгирленуі
В. 2-3 күн комплексті интенсивті терапияның жүргізілуі
С. комплекті интенсивті терапия көрінісінде жедел кесар тілігі отасын жасау арқылы босандыру
D. акушерлік қысқыштар қолдану арқылы толғақты шақыру
Е. Преднизолон тағайындау
82. Сыртқы жатыр мойнының араны нақты қалыптасуы:
А. 5-ші тәулікте
В. 7-ші тәулікте
С. 14-ші тәулікте
D. 21-ші тәулікте
Е. 28-ші тәулікте
83. Әйелдер кеңес беру дәрігері 36 апта жүктіліктің жамбастық орналасуын көрсетті. Жүкті әйелде соматикалық және акушерлік ақау жоқ. Дәрігердің әрекеті:
А. Жедел босану үйіне жатқызу
В. таздық орналасудың өзгерісіне емдік гимнастика беру
С. 38 апталығында госпитализациялау
D. Босану басталғанда ғана госпитализациялау
Е. Босану уақытында туу тактикасын ойластыру
84. 23 жастағы алғашқы босанушы үйінде эклампсия ұстамалары болғаннан кейін босану үйіне жеткізілген. Жүктіліктің 37-38 апта, ауыр дәрежелі, АҚҚ - 150/100 мм.с.б., пульс – 98рет/мин. Аяғында айқын көріністі ісіктер, санасы тежелген. Жүктілікті жүргізу тактикасын анықтаңыз:
А. Ем нәтижесінде жүктіліктің пролонгирленуі
В. 2-3 күн комплексті интенсивті терапияның жүргізілуі
С. комплексті интенсивті терапия көрінісінде жедел кесар тілігі отасын жасау арқылы босандыру
D. акушерлік қысқыштар қолдану арқылы толғақты шақыру
Е. Комплексті ем нәтижесінен кейін босандыру
85. Нағыз уақытынан асып кеткен жүктіліктің ұрық айналасындағы су:
А. ашық
В. жасылдау
С. сарығыш
D. қоңыр
Е. геморрагиялық
86. 3 дәрежелі анатомиялық тар жамбастың нағыз конъюгатасы:
А. 11-12 см
В. 9-11 см
С. 6,5 см-ден кіші
D. 6,5-7,5 см .
Е. 7,5-9 см
87. Анатомиялық тар жамбас кезінде босанудың бірінші сатысында жиі кездесетін асқынулар:
А. босанудың аномалиялар
В. кіндіктің түсуі,кіші бөліктенуі
С. бастың дұрыс орналаспауы
D. уақытынан бұрын ұрық айналасындағы судың кетуі
Е. инфекция
88. Отбасылық амбулаторияның дәрігер гинекологына жұкті әйел 18 апталық жұктілігімен келді, 2 аптаның ішінде дене салмағының тез өсуіне шағымданады. Объективті: іш айналымы 93см, жатыр түбінің түру биіктігі 20 см. Аяқ-қолдарында ісіну жоқ. АҚҚ, PS қалыпты. Ең ықтимал диагноз және зерттеу әдісі қайсысы?
А. Жұктіліктің 18 аптасы. Суегіздік. Қынаптық зерттеу.
В. Жұктіліктің 18 аптасы. Жұктілікпен шақырылған ісіну. Жалпы зәр анализі
С. Жұктіліктің 18 аптасы. Суегіздік. Ультрадыбысты зерттеу.
D. Жұктіліктің 18 аптасы. Жұктілер шемені.
Е. Жұктіліктің 18 аптасы. Суегіздік. Кардиотокография.
89. Әйелдер кеңесіне 29 жастағы жүкті әйел, ішінің төменгі бөлігі мен бел аймағының ауырсынуына шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 15-16 апта. Анамнезінде: бір босану жєне ұш медициналық тұсік болған. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойнының қынаптық бөлігінің үзындығы 2,5 см, сыртқы аңқасы үңірейіп түр, цервикалді өзекше жабық, жатыр жұктіліктің мерзіміне сәйкес үлғайған, жыныс жолдарынан бөліністер шырышты, аз мөлшерде. Төменде аталған диагноздардың қайсысы сай келеді?
А. өздігінен түсік болу қаупі
В. өздігінен басталған түсік
С. дамымаған жүктілік
D. ұрық көпіршігі
Е. плацентаның төмен орналасуы
90. .Гестациялық гипертензия дегеніміз не?
А. Артериялық қысымның жоғарылауы және протеинуриямен көрінетін көпжұйелі синдром
В. Жұктіліктің бірінші триместрінде кездесетін гипертензия
С. Жұктіліктің 20 аптасынан кейін пайда болатын, АҚ босанғаннан кейін 6 апта ішінде қайта қалыпқа келетін гипертензия
D. Бір рет өлшегенде диастолалық қысымы 110 мм. сын.бағ. асатын немесе тең болатын жағдай
Е. Жүктілік пен босануды асқындыратын, бүрын пайда болған гипертензия
91. Жүкті әйелде, жүктілігінің 37 аптасында байқалды: АҚ 140/90 мм.сын.бағ., жалпы зәр анализінде - белок 0,35 г/тәулігіне. Ең ықтимал диагноз қайсысы?
А. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі
В. Преэклампсияның орташа дәрежесі
С. Преэклампсияның ауыр дәрежесі
D. Эклампсия
Е. Жүктілікпен шақырылған гипертензия
92. Жүкті әйел, жүктілік мерзімінің 30 аптасында жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданып келді. Анамнезінен: жүктілігі – 4, алда бірінші босануы түр, жыныс жолдарынан қанды бөліністер осыған дейін де жүктіліктің 21 және 27 апталарында болған. Ең ықтимал диагноз қайсысы?
А. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бүрын ажырауы
B. Плацентаның төмен орналасуы
C. Жатыр жыртылуы
D. Аралықтың жыртылуы
E .Сыртқы жыныс мүшелерінің варикозды кеңеюі
93. Қыздардың пубертатты кезеңінде жыныстық дамудың бұзылуы «жасырын» вирилизация типі бойынша кездессе, оны немен емдейді?
А. Орын басушы терапия эстрогендермен
В. Орын басушы терапия гестагендермен
С. Глюкокортикоидтармен, ұстап тұрушы дозада
D. Антогонистер гонадотропин-релизинг-гормонымен
Е. Эстроген-гестогенді терапиямен
94. Екіншілік дисменореяны ең жиі шақыратын себептердің біріне не жатады?
А. Эндометриоз
В. Кисталар
С. Цервикалді өзекшенің стенозы
D. Жабысу процессі
Е. Кіші жамбас көк тамырларының варикозды кеңеюі
95. Қандағы хориондық гонадотропиннің максимальді концентрациясы жуктіліктің қай мерзімінде тіркеледі?
А. 5-6 аптада
В. 8-10 аптада
С. 14-16 аптада
D.. 35-36 аптада
Е. жұктіліктің барлық мерзімінде бірдей болады
96. 29 жастағы жүкті әйел келді. Анамнезінде 2 өздігінен түсіктер, 15-16 және 21-22 апталық мерзімде, бір мерзімінен бұрын босану. Балалары жоқ. Гирсутизм анықталған жоқ. Қан тобы бірінші, резус оң. Қандай патология туралы ойлау керек?
А. истмико- цервикалдық жетіспеушілік
В. психоэмоционалды қобалжу
C. аналық без гипофункциясыа
D. анамен ұрық қанының иммунологиялық сәкессізідігі
E. жұктіліктің барлық мерзімінде бірдей болады
97. Анамнезінді жүктілікті көтере алмаушылық бар әйлдерді жүктілік кезінде жатыр мойнына тігіс салу мақсатымын қай мерзімде аймақты дәрігер стационарға жолдама беру қажет:
А. 5-6 апта
В. 13-17 апта
C. 9-10 апта
D. 20аптадан соң
E. жүктілікке дейін
98. Тыныс тұншықпасының ағымы әдетте жүктіліктің қай триместрінде нашарлайды:
А. 1 триместірде
В. 2 триместірде
C. 3 триместірде
D. 1 триместірде+2 триместірде
E. 2 триместірде+3 триместірде
99. Қабыну процесін емдеу үшін жүктілерге қандай антибиотиктер қарсы көрсетіледі, біреуінен басқасы:
А стрептомицин
В. пенициллин
C. левомицитин
D. тетрациклин
E. цифлоксины
100. Леопольд-Левицкийдің екінші тәсілін орындау кезінде анықталды: жатырдың оң жақ бүйірінде ұрықтың ірі, тығыз, қозғалмалы бөлігі пальпацияланады. Ең ықтимал диагноз қайсысы?
А. Ұрықтың үзынынан жатуы, баспен келіп түр, 1 позиция.
В. Ұрықтың көлденінен жатуы, 1 позиция
С. Ұрықтың көлденінен жатуы, 2 позиция
D. Ұрықтың қиғаш жатуы
Е. Ұрықтың үзынынан жатуы, жамбаспен келіп түр