Бронхообструктивті синдром. Бронх демікпесі. Астмалық статус. Обструктивті бронхит. СОӨА. Балалардағы ерекшелік.

#1

!Комалық жағдайдағы науқастың тыныс жолдарының обструкциясының негізгі себебі

A. ауызжұтқыншақта трахеобронхиальді секреттің жиналуы

B. көмей жұтқыншақта бөгде зат

C. тілдің түбірінің төмен тусуі

D. ларингоспазм

E. эпиглоттит

#2

!Демікпе статусының II сатысына тән ЕҢ негізгі белгіні атаңыз

A. тахикардия

B. қатаң тыныс

C. цианоздың айқындылығы

D. мойын көктамырларының пульсациясы

E. өкпеде тыныс шуларының болмауы

#3

!Ауруханаға дейінгі кезеңде демікпе статусының III сатысында жүргізілетін ЕҢ дұрыс әрекет

A. b-блокаторлар енгізу

B. кальций антагонистерін енгізу

C. тыныстық аналептиктерін енгізу

D. стероидты емес қабынуға қарсы дәріні енгізу

E. жан сақтау бөлімшесіне шұғыл түрде госпитализациялау

#4

!Бронх демікпесі кезінде тыныс бұзылуының ЕҢ басты себебі

A. бронхоспазм

B. өкпелік ателектаз

C. өкпе вентиляциясының күшеюі

D. альвеолярлы мембрананың қалыңдауы

E. бронхтардың шырышты қабаттарының ісінуі

#5

! Бронх демікпесінің клиникасына ТӘН БЕЛГІ болып табылады

  1. экспираторлы ентігу
  2. инспираторлы ентігу
  3. тот басқан қақырық аралас жөтел
  4. өкпеде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар
  5. өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы

#6

!Бронх демікпесінің ауырлық дәрежесін анықтауға арналған ЕҢ ЖИІ қолданылатын диагностикалық аспап

A. спирометр

B. глюкометр

C. пикфлоуметр

D. пульсоксиметр

E. пневмотахометр

#7

!Шынайы дифтериялық крупқа ТӘН БЕЛГІЛЕР:

A. қатаң, үрген тәрізді, дауысты жөтел

B. стеноз кенеттен пайда болады, жиі түн мезгілінде

C. дауыс қарлығуының тұрақсыздығы, афония болмайды

D. дауыс қарлығуының өршуі, тұрақты афонияға ауысуы

E. таңдай бездерінде жабындылардың болуы, оның тез алынуы

#8

!Селективті b2-адреномиметикті атаңыз:

A. беротек

B. атровент

C. эуфиллин

D. эпинефрин

E. преднизолон

#9

!Төмендегі препараттардың қайсысы субкомпенсирленген круп кезінде маңызды (бірінші кезекте) болып табылады ?

A. тавегил

B. но-шпа

C. эуфиллина

D. анальгин

E. дексаметазон

#10

!Тұмау кезінде ЕҢ тиімді препарат:

A. но-шпа

B. лоратадин

C. ацикловир

D. рибавирин

E. ремантадин

#11

! Тұмауға иммунопрофилактика жүргізуге қолайлы кезең

A. наурыз- сәуір

B. ақпан-наурыз

C. қазан-қараша

D. желтоқсан-қаңтар

E. тамыз-қыркүйек

#12

! Парагрипп вирусына тән болып табылатын шырышты қабық зақымдануы

A. мұрынның

B. көмейдің

C. бронхтың

D. альвеола

E. бронхиола

#13

!Аталғандардың ішінде бронх демікпесінің клиникасына ТӘН БЕЛГІ

A. инспираторлы ентігу

B. өкпедегі ысқырықты сырылдар

C. тот басқан қақырық аралас жөтел

D. өкпеде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар

E. өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы

#14

!Науқас Н. 42 жаста, ауаның жетіспеуіне, ентікпеге, әлсіздікке, бас айналуға, жүрек соғысына шағымданады. Анамнезінен: 3 жылдан бері бронх демікпесімен ауырған. Өз уақытысында емделмеген. Жедел жәрдемді тұншығу ұстамасы болғанда шақырады. Науқас есі анық, мазасыз (эйфория). Тері қабаты бозарған, ылғалды, әлсіз акроцианоз байқалады. Өкпеде ысқырықты сырылдар. Тыныс алу жиілігі 25-30/мин, ЖЖЖ - 110 мин, АҚ 130/70 с.б.б.

Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?

A. созылмалы бронхит өршу сатысы

B. ауруханадантыс пневмония, орта ауырлық дәрежесі, ТЖ І

C. бронх демікпесі, орта персистирленгенағымды,ТЖ II

D. бронх демікпесі, ауыр персистирленген ағымды, ТЖ I

E. өкпенің созылмалы обструктивтіауруы, ауыр ағымда

#15

!Науқас 60 жаста. Анамнезінде: Ес түссіз саябақтан табылған, қасында ингалятор Бередуал жатыр. Обьективті: жағдайы өте ауыр, науқас комалық жағдайда. Дене бітімі астеникалық, кеуде торы эмфизематозды. Терісінде дақты цианоздар байқалады. Көз қарашығы кеңейген, тынысы беткей – ТАЖ минутына 40 -тан асады. Пульс аритмиялық жиі, қолға әлсіз сезіледі. АҚ 70\30 мм.сб.б. құрсақ қуысы жұмсақ, ауру сезімінсіз, бауыры ұлғаймаған.

Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?

A. бронх демікпесі, демікпелік статустың 1-дәрежесі, ТЖ III дәрежесі.

B. ЖИА. инфарктан кейінгі кардиосклероз. Өкпенің интерстициальді ісігі

C. екі жақты ауруханадан тыс пневмония, орташа ауырлық дәрежелі ТЖ – 1-дәрәжесі

D. ауру сезімінсіз екі жақты пневмония, ауыр дәрежесі, ЖТЖ 2-дәрежесі

E. өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, ауыр ағымды, ЖТЖ 3-дәрежесі

Жауап эталондары

Наши рекомендации