Наркоманияның клиникалық көріністері және интоксикацияның фазалылығы
(И.Н.Пятницкая, 1994)
Фаза | Клиникалық көріністері |
Бірінші фаза | Наркотикті көктамырға енгізгеннен 10-30 секунд өткен соң бел немесе іш аймағындағы жоғары көтерілетін, терідегі жеңіл сипау тәрізді жылу сезімімен көрінеді. Беті қызарады. Қарашықтар тарылады. Ауыз құрғайды. Басы жеңілденіп, кеудесінде қуаныштан жарылардай сезім барлығына көзі ашылғандай (айқындылық) сезім пайда болады. Сана тарылған, пациент зейіні денесіндегі сезімдерге ғана ауған. Осы «келіп жету» («приход») жағдайы 5 минутқа дейін созылады, тек жаңадан бастағандар сезінеді. |
Екінші фаза | Называется наркомандар «кайф», «нирвана» деп атайды, кеңпейілді әлсіреумен, еріншектік ләззатпен, тыныштықпен сипатталады. Мастану жағдайында науқас әлсіз, аз қозғалады, аяқ-қолдарында ауырлық және жылу сезімі. Қиял тәрізді фантазиялар, елестердің визуализациясы пайда болады. Қиялдар бірін-бірі ауыстырады. Сыртықы тітікенгіштер бұрмаланып қабылданады.. |
Үшінші фаза | 2-3 сағат бойындағы беткей ұйқымен көрінеді. |
Төртінші фаза | өзін нашар сезінумен, бас ауыруымен, себепсіз мазасыздықпен, кейде үрейлілікпен, қайғымен сипатталады. Жүрек айну, бас айналу, қолдың, тілдің, қабақтың майда треморы. |
Апиындық наркоманияның даму сатылары
(И.Н.Пятницкая, 1994)