Етеккір циклінің бұзылыстары
@ Аменореямен ауыратын науқастарға функционалды гормоналды сынамалар келесі мақсатта жасалады: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, С, гинекология, етеккір циклінің бұзылыстары)
А. Жатыр аномалиясының диагностикасы
В. Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуын диагностикасы
+С. Репродуктивті жүйенің зақымдалу деңгейін анықтау
D. Түрік ершігі құрылысын анықтау
Е. Жатыр рецепторларының сезімталдығын анықтау
@ Жүктілік немесе босану кезінде массивті қан кетудің нәтижесінде дамитын патологиялық синдром қалай аталады: (жабық, дәріс, 1 ұпай, А, гинекология, етеккір циклінің бұзылыстары)
+А. Шихан
В. Симмондс
С. Бабинский- Фрелих
D. Киари-Фроммель
Е. Кастрациядан кейінгі синдром
@ Науқас К.,25 жаста гинекологқа етеккірінің болмауына, әлсіздіке шағымданып келді. 1 жыл бұрын босанған, көп мөлшерде қан кеткен, гемотрансфузия жасалған. Босанған соң гипогалактия, кейінен лактация толығымен тоқтады. Объективті: әйел арықтаған, сүт бездері гипотрофияланған, түктенуі айқын емес. Сыртқы жыныс мүшелері атрофияланған, депигментирленген. РV: жатыр мойны кішкентай, жатыр денесі гипотрофияланған, қосалқылары анықталмайды. Аталған аурулардың қайсысында осы клиникалық көрініс болады: (жабық, тәжірибелік сабақ, 3 ұпай, С, гинекология, етеккір циклінің бұзылыстары)
А. Шерешевский-Тернер синдромы.
В. Бабинский- Фрелих.
+С. Шихан синдромы
D. Моррис синдромы (тестикулярлы феминизация).
Е. Лоренс-Муна-Бидля синдромы.
@ Аменорея, гирсутизм, бедеулік, семіздік, аналық бездің екі жақты ұлғаюы симптомокомплекс көрсетілген диагноздың қайсысына тән: (жабық, тәжірибелік сабақ, 3 ұпай, D, гинекология, етеккір циклінің бұзылыстары)
А. Адреногениталды синдром
В. Иценко-Кушинг синдромы
С. Киари-Фроммель синдромы
+D. Штейн-Левенталь синдромы
Е. Лоренс-Муна-Бидля синдромы
@ Көп мөлшерлі етеккір аталады: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, В, гинекология, етеккір циклінің бұзылыстары)
А. Полименорея
+B. Гиперменорея
C. Пройоменорея
D. Спаниоменорея
E. Опсоменорея
@ Дисфункциональді жатырлық қан кету аталады: (жабық, дәріс, 1 ұпай, С, гинекология, етеккір циклінің бұзылыстары)
А. Жатырдағы өзгерістерге байланысты қан кету
B. Жатыр қосалқыларының қабыну аурулары кезіндегі қан кету
+C. Аналық бездердің гормондарының ретті секрециясның бұзылуы нәтижесіндегі қан кету
D. Верльгоф ауруы кезіндегі жыныс жолдарынан қан кету
E. Басталған түсік әсерінен қан кету
@ Меноррагия – бұл: (жабық, ТӨЖ, 1 ұпай, В, гинекология, етеккір циклінің бұзылыстары)
А. Ациклдық жатырлық қан кету
+B. Циклдық жатырлық қан кету
C. Етеккір кезіндегі ауырсынулар
D. Көп мөлшерлі етеккір
E. Етеккір циклының ұзақтығының қысқаруы
@ Науқас У. 13 жаста, гинекологиялық бөлімге жыныс жолдарынан 10 күн бойы мөлшерлі, ауырсынусыз қанды бөліністер бөлінуіне шағымданып түсті . Етеккірі 12 жастан, ретсіз. Қан кету етеккір циклының 4 айға кешігуінен кейін басталған. Анамнезінде жиі суық тиіп ауырған. Ректальді зертттеуде патология жоқ. Сіздің диагнозыңыз: (жабық, тәжірибелік сабақ, 3 ұпай, С, гинекология, етеккір циклінің бұзылыстары)
А. Вергольф ауруы
B. Аналық бездің гранулезоклеткалық ісігі
+C. Ювенильді қан кету
D. Эндометрий аденокарциномасы
E. Субмукозды жатыр миомасы
@ Жыныстық жетілу кезеніндегі дисфункциональды жатырлық қан кетулер қандай түрде өтеді: (жабық, дәріс, 2 ұпай, А, гинекология, етеккір циклінің бұзылыстары)
+A. ановуляторлы, фолликулдың атрезиясы
B. ановуляторлы, фолликулдың персистенциясы
C. ациклды овуляторлы қан кету
D. ациклды қан кету
E.сары денешіктің персистенциясы
@ Киари-Фроммель синдромында келесі симптомдар тән: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, А, гинекология, етеккір циклінің бұзылыстары)
+A) аменорея, галакторея
B) гипертрихоз, қант диабеті
C) семіздік, гирсутизм
D) басішілік гипертензиясы
E) гиперполименорея түріндегі етеккір циклының бұзылысы
@ Аналық бездің қажу синдромының негізгі емі? (жабық, дәріс, 2 ұпай, А, гинекология, етеккір циклінің бұзылыстары)
+А.табиғи менопауза жасына дейін орын толтырушы гормоналды терапия
В. 3-4 цикл бойы овуляцияны үстемелдеу
С. 3-4 цикл бойы циклдық витаминотерапия
D. физиоем – эндоназалды электрофорез, жаға аймағының массажы
Е. фитоэстрогендер
@ 37 жасқа дейінгі әйелде екіншілік аменорея, екіншілік бедеулік, «леп» келуі симптомдары қай сидромға тән? (жабық, дәріс, 3 ұпай, В, гинекология, етеккір циклінің бұзылыстары)
А. Штейн-Левенталь синдромы
+В. аналық бездің ерте қажу синдромы
С. профессор Серовтың синдромы
D. резистентті аналық без синдромы
Е. гонадалар дисгенезиясы