Жастағы науқаста «Мерез» диагнозы қойылғаннан 10 жыл өткен соң несеп шығару қиындады, жансыздануды, дене жыбырлауын, дене шаншуын 6 страница

сезе бастады. Тексеру барысында сіңірлік рефлекстердің төмендеуі анықталды. Науқаста сезімталдықтың нейрогендік бұзылыстарының қайсы типтік түрі байқалды?//

атетоз//

атрофия//

миастения//

гипостезия//

+парестезия

***

Эпикритикалық ауырсынуға тән://

жайылған түрде болуы//

қабылдау табалдырығының жоғары болуы//

+зақымданғаннан кейін өте жылдам басталуы//

өткізгіш талшықтардың түрі - миелинсіз, С типі //

тітіркендіргіштерді жойғаннан кейін ауырсынудың узақ уақыт сақталуы

***

Гиперактивті нейрондар кешені осы кезде қалыптасады://

антиоксиданттарды енгізгенде//

+гипоксиялық зардапталуда//

кальций каналдарына ингибиторлардың әсері//

натрий каналдарына ингибиторлардың әсері//

қозуға стимуляцияның болмауы

***

Ауырсынуға келесі анатомиялық құрылымдар сезімтал емес://

париетальдық ішперде//

+висцералық ішперде//

шажырқай//

перикард//

артериялар

***

Сезімталдықтың диссоциациясы осы кезде дамиды://

жұлын көлденеңінен толық зақымданғанда//

+жұлынның жартылай бүйірлік зақымдануында//

көру төмпесінің патологиялық процестерінде//

жұлынның алдыңғы мүйізіндегі жасушалар зақымданғанда//

жолақ дене зақымданғанда

***

Бас миының гипоксиялық зардапталуға тұрақтылығы осы жағдайда жоғарылайды://

NMDA‑рецепторлары белсенгенде//

+глутаматергиялық денервацияда//

глутаматтық рецепторларының белсендіргіштері әсер еткенде//

нейрондарда NO‑синтетаза белсенділігі жоғарылағанда//

нейрондар беткейінде ГАМҚ-рецепторларының саны азайғанда

***

Ишемиялық инсультті дамытатын өзгермелі қауіп факторына жатады:

жынысы//

жас шамасы//

+темекі тарту//

тұқым қуалаушылық//

дене салмағы индексінің төмендеуі

***

Ишемиялық инсульттің негізгі себебі болып табылады://

өспемен бас миы тамырларының қысылуы//

+ бас миы тамырларының атеросклерозы//

гипертензиялық криздар//

қаңқа –ми жарақаттары//

феохромоцитома

***

Науқас 74 жаста, денесінің оң жақ бөлігінің әлсіздігіне, сөйлеуінің қиындауына шағымданады. Анамнезінде–артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы. Тексергенде денесінің оңжақ бөлігінің гемипарезі және гемианестезиясы байқалды, Бабинский рефлексі оң нәтижелі. Миды компьютерлік томография жасағанда қан құйылу белгілері жоқ. Жоғарыда көрсетілген бұзылыстар науқаста дамығанын дәлелдейді://

+ишемиялық инсульт//

геморрагиялық инсульт//

субарахноидальді қан құйылу//

артериовенозды мальформация//

гемореологиялық окклюзия

***

Субарахноидалды қан құйылудың жиі себебі саналады://

диабеттік ангиопатия//

психостимуляторларды қабылдау//

алкогольдік энцефалопатия//

ми қантамырларының атеросклерозы //

+артериялық аневризманың жарылуы

***

Науқаста ми қанайналымының қауырт бұзылысынан кейінгі ерте кезеңде зардапталған церебралдық тамырда қанағыс қалпына келгеніне қарамастан, неврологиялық симптомдардың айқындығы өрши берді. Науқаста неврологиялық симптомдардың күшеюінің себебін атаңыз://

+нейрондардың реперфузиясы //

нейрондардың бүрісуі//

нейрондардан кальцийдің шығуы//

нейрондардың осмолярлығының төмендеуі//

глутаматтық рецепторлардың тежелуі

***

Нейрондарда қайтымсыз өзгерістер дамуы үшін перфузия деңгейі://

80 мл/100 г/мин-1//

50 мл/100 г/мин-1//

35 мл/100 г/мин-1//

20 мл/100 г/мин-1//

+10 мл/100 г/мин-1 және одан да аз

***

Ишемиялық жартылай көлеңке (пенумбра) аумағында орналасқан://

қайтымсыз зардапталған нейрондар//

қалпына келу деңгейі жоғары нейрондар//

қайтымсыз зардапталған нейроглия жасушалары//

биоэлектрлік белсенділігі жоғары нейрондар//

+функциясы тұрақсыз, бірақ өмір сүруге қабілетті нейрондар

***

Айқын денервациялық синдром осының салдарынан дамиды://

десимпатизацияның//

жартылай декортикацияның//

+нерв жүйесінің ағзалар және тіндермен байланысының ажырауының //

ми қыртысының қыртыс асты құрылымдармен байланысының ажырауының //

орталықты және перифериялық вегетативті нерв жүйесінің ажырауының

***

Ишемиялық инсульттің патогенезінде маңызды://

АҮФ күшейтіліп түзілуі//

+глутаматтық эксайтоуыттылық//

NMDA-рецепторлар белсенділігінің тежелуі//

нейроннан кальцийдің қарқынды шығарылуы//

антиоксиданттардың жоғарылауы

***

Инсульт кезінде NMDA-рецепторларының белсенуі қабаттасады://

калийдің жасушаға көп енуімен//

+кальцийдің жасушаға көп енуімен//

липидтердің асқын тотығуының тежелуімен//

протеолиздік ферменттердің белсенділігі тежелуімен//

АМРА-рецепторлар белсенділігі тежелуімен

***

Пирамидальді гиперкинездер дамығанын айғақтайды://

хорея//

атетоз//

тремор//

бұлшықет фибрилляциясы //

+клонусты құрысқақ

***

Ми ишемиясында ошақтық некроз дамуы осыған негізделген://

митохондриалық ферменттер белсенділігі жоғарылауына//

нейротрофиялық факторлар белсенділігі күшеюіне //

тежеуіш әсері бар аминқышқылдарының деңгейі жоғарылауына//

+глютамат-кальцийлік каскад әрекеттеріне//

NMDA-peцепторлар гипореактивтілігіне

***

Ми ішіне қан құйылуының негізгі себебі://

эмболия//

бассүйек-милы жарақат//

артериовеналық мальформация//

+біріншілікті артериялық гипертензия//

бас миы тамырларын ісікпен басуы

***

Ишемиялық инсульт клиникасында, геморрагиялық инсультқа қарағанда, басым болады://

ми ісінуі//

ми тінінің қысылуы//

+ошақты симптоматика//

жұлын-милық сұйықтықта қанның болуы//

бассүйекішілік қысымның жоғарылауы

***

Науқаста апноэлық кезеңдермен қабаттасатын мойнының, бетінің және дене бұлшықеттерінің тартылуымен көрінетін клонустық құрысқақ дамыды. Аузынан көпіршіктенген сілейкейдің бөлінуі байқалды. Көз қарашығы ұлғайған, жарыққа реакциясы жоқ. 2 минутқа созылған ұстамадан кейін бұлшықеттердің босаңсуы дамыды. Осы патология дамуының негізінде жатады://

нейрондардың қозымдылығының төмендеуі//

нейрондармен разрядтарды генерациялаудың тежелуі //

көк дақтың аумағында дофаминдік нейрондардың ыдырауы//

стриатумда холинергиялық жүйенің белсенділігінің басым болуы//

+гиперсинхрондық разрядтармен қатар нейрон белсенділігінің артуы

***

Эпилепсиялық ошақ дамуының негізінде жатады://

тежеуші механизмдердің белсенуі //

+күшейтілген қозу генераторлары//

оң байланыстардың белсенуі төмен болуы//

патологиялық жүйенің жойылуы//

детерминанттық құрылымның ыдырауы

***

Эпилепсия кезінде байқалады://

ГАМҚ- және дофаминергических жүйелердің белсенуі //

ми тінінде метаболизмдік алкалоздың дамуы//

+нейрондардың мембранасында деполяризация процестерінің күшеюі //

липидтердің асқын тотығуының тежелуі//

ацетилхолиндік медиаторлар белсенділігінің тежелуі

***

Менингиалдық симптомдар дамығанын көрсетеді://

+дене және аяқ-қолдардың ұзын бұлшықеттерінің сіреспелілігі//

бұлшықеттердің жиырылу функциясының әлсіреуі//

аяқ-қолдардың бұлшықеттерінің әлсіз параличі//

дене және аяқ-қолдардың треморы//

Наши рекомендации