Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы

Неврология» пәні

№ 13 БИЛЕТ   1. Жұлынның топографиялық анатомисы. Жұлынның сегменттік және өткізгіш жүйесі. Жұлынның зақымдалу синдромдары. 2. Үдемелі бұлшықеттік дистрофиялар. Клиникасы, қосымша зерттеу әдістері, диагноз критерийлері, медико-генетикалық кеңес. Науқасты қарау ерекшеліктері. Болжамы. 3. Инсульттің қалпына келетін және қалпына келмейтін қауіп факторы. Инсульттің біріншілікті және екіншілікті профилактикасы.     Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.
«Астана Медициналық Университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні  
№ 14 БИЛЕТ 1. Үшкіл нервтің анатомиясы және қызметі. Зерттеу әдістері. Әр деңгейдегі зақымдалу симптомдары мен синдромдары. 2. Омыртқа остехондрозы. Қауіп факторы. Омыртқааралық дискінің жарығы мен протрузия патогенезі. Бұлшықет-тоникалық және радикулопатиялық синдром клиникасы. Омыртқа остехондрозының емі. Жедел, жеделше кезеңінің емі. Ремиссия кезіндегі емі. Ортопедикалық профилактика. 3. 62 жастаға ер адам кенеттен оң көзі көрмей қалды, сол қол саусақтары ұйып, жансыздану, беттің ассиметриясы болдды. 2минуттан соң неврологиялық белгілер төмендеді. Анамнезінде: 2 жыл бұрын миокард инфарктісі, аяқтағы облитерациялаушы атеросклерозбен сырқаттанады. Диагноз қойыңыз, себебі қандай? Қосымша зерттеу әдістері? Госпитализацияға көрсеткіштер? Жүргізілетін тактика?     Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.    
«Астана Медициналық Университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Құйымшақ нервінің зақымдалу симптомы. Бұлшықет күші мен әсерін анықтайтын тесттер. Алмұрт тәрізді бұлшықет зақымдалу синдромы. Клиникасы. Емі.

2. Бас-ми жарақаты(БМЖ). Мидың біріншілікті зақымдалуы, эпидемиологиясы, патофизиологиясы. Клиникалық формалары. БМЖ диагностикалау, интенсивті емдеу принциптері, асқынулары.

3. 29 ж ер адам спортпен айналысу уақытында мойын-шүйде аймағында қатты бас ауру, құсу, есеңгіреумен ауысатын қозуды сезінді. Қарау барысында ошақтық неврологиялық симптомдар айқын емес, шүйде бұлшықетінің серпімділігі мен Кернинг симптомы анықталады. Болжамды диагноз? Диагностика және емдеу тактикасы?

Кафедра меңгерішісі_____________________Жусупова А.С.

«Астана Медициналық Университеті» АҚ

Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы

Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Есту аппаратының анатомиясы. Орталық және шеткі бас айналу.

2. Созылмалы күнделікті бас ауыру, патогенезі, клиникасы, диагноз критерийлері. Фармокотерапия және профилактика әдістері.

3. 45 жастағы әйел сонғы жарты жылда мойын бұлшықетінің кернелуі мен периодты күшейетін омыртқаның мойын бөлігінде ауырсыну пайда болды.Сонғы айда мойындағы ауырсыну күшейіп, сол қолдың бас бармағында жансыздану байқалды. Қарау барысында: мойын бұлшықетінде ауырсыну мен айқын дефанс. Гипестезия түбірлік типі (корешковый тип) бойынша С6 аймагында сол жақта. Аяқ-қол күштері сақталған. Буындық рефлекстер екі-жақты сақталған. Болжамды диагноз?Диагнозды нақтылау үшін қандай әдіс жүргізесіз? Емдеу тактикасы?

Кафедра меңгерушісі_____________________Жусупова А.С.

«Астана Медициналық Университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Экстрапирамидалық жүйе. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Зақымдалу синдромдары

2. Жедел қабынулық демиелизденуші полинейропатия. (Синдром Гийена-Барре). Диагностикасы және емдеу. БМСК кезеңінде алғашқы көмек көрсету.

3. 4ай бұрын науқас А тырысусыз естен тану мен ұстама пайда болуына шағымданып невропатологка қаралды. Ұстама уақытында науқас байланыссыз сөйлейді. Ұстама ұзақтығы 3минут. Ұстамадан кейін науқас ұйықтайды. Болжамды диагноз? Салыстырмалы диагноз немен жүргізуге болады?

Кафедра меңгерушісі_____________________Жусупова А.С.

«Астана Медициналық Университеті» АҚ

Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы

Неврология» пәні

№ 18БИЛЕТ 1. Жұлынның топографиялық анатомисы. Жұлынның сегменттік және өткізгіш жүйесі. Жұлынның зақымдалу синдромдары. 2. Бет ауырсынуы. Этиология. Классификация. Диагностика. Емі. 3. Науқас А 5 мамырда дене температурасының 38 градусқа көтерілуі, қатты бас ауру, жүрек айну, құсу, дірілдеу, жайсыз сезіну шағымдарымен қабылдауға келді. Анамнезінде: бірнеше апта тауда дем алған. Дәрігер қабылдауында генерализденген талма болды. Талмадан соң қарау барысында есеңгіреген, Кернинг симптомы, шүйде бұлшықеттерінің ригидті. Болжамды диагноз? Сіздің алгоритм бойынша әрекетіңіз?   Кафедра меңгерушісі____________________Жусупова А.С.

«Астана Медициналық Университеті» АҚ

Наши рекомендации