Тақырып: Зілді (қатерлі) ісіктің қоздырушылары және ауруды балау әдістері

Сабақтың мақсаты: Зілді ісіктің қоздырушыларыныңбиологиялық қасиеттерін зерттеу және зертханалық балау (диагностика) әдістері мен таныстыру.

Негізгі сұрақтары:

1. Қатерлі ісіктің (газды ісік, газды гангрена, залалды ісіну) қоздырушылары және олардың қасиеттері.

2. Аурудың ағымы және негізгі клиникалық белгілері.

3. Зілді (қатерлі) ісіктің патологиялық-анатомиялық белгілері.

4. Зілді (қатерлі) ісіктің маңызды індеттік мәліметтері

5. Зілді (қатерлі) ісіктің балауы және ажыратып балау

Қатерлі ісіктің (газды ісік, газды гангрена, залалды ісіну)

қоздырушылары - Clostridium perfringens, Clostridium septicum,

Clostridium novyi, Clostridium histolyticum, Clostridium sordellii. Cl.perfringensұзындығы3-9мкм,ені0,9-1,3мкм болып келетін

ірі таяқша тәрізді бактериялар. Қозғалмайды, талшықтары жоқ, полиморфты, бірақ көбінесе ұштары жұмырланып келген жуан таяқшалар. Зақымдалған ұлпадан жасалған жағындыда капсула болады. Өсінді ұзақ уақыт сақталса мүше қабығын түзу қабілетін жоғалтады. Спора тузуі өсіру жағдайына байланысты, негізінен өсіндіні белоктарға бай және бактериялар ыдырататын көмірсулары жоқ сілітілі ортада, сондай-ақ қолайсыз жағдайда өсірген кезде байқалады. Споралары сопақша, клетканың ортасында немесе шетін ала орналасады, ені клетка көлемінен асып түседі. Cl.perfringens – қатаң анаэроб емес, шамалы оттегі бар жерде өсе береді. Барлық сероварлары глюкоза, лактоза, мальтоазу, маннозаны және басқа да кейбір көмірсуларды қышқыл және газ түзе отырып ыдыратады. Желатинді сұйылтады, ұйыған қанды және ет кесегін баяу ыдыратады, лакмусты сүтті кірпіш түстес іртік түзе отырып ұйытады. Ет және казеин қосылған қоректік орталарда, әсіресе бактериялар ыдырататын көмірсулар қосылған қоректік орталарда жақсы өседі (1 кесте). Қатты қоректік ортада тегіс (S), кедір-бұдыр

(R) және шырышты (M) шоғырлар түзеді. Тегіс пішіндері бас кезінде өте нәзік, мөлдір болады да кейіннен сұр немесе ақ түске енеді. S-шоғырларды агар бағанының тереңінде өсірген кезде жүзім жапырағына ұқсайды. М – шоғырлар шырышты-кілегейлі, шеттері

тегіс болып келеді, ал бактерия таяқшаларының капсулалары болады. R- шоғырлары тығыз мақта түйіршіктеріне ұқсайды. Организмде капсула және клетканың ортасында немесе субтерминалды орналасатын спора түзеді. Қоздырғыш 20-500 С температура аралығында өсе береді, оптимальды температурасы 37-450 С, рН-ы 7,4.

Адамдар мен жануарлар организміндегі зардаптылығы негізінен қоздырғыштар түзетін улар мен түрлі ферменттерге байланысты.

Cl.perfringens 6 сероварға бөлінеді. Бұл бактериялар түзетін улардың антигендік қасиеттерінің айырмашылығына негізделген (2 кесте).

Cl.perfringens-тің улары қоршаған орта факторлары әсерінен жылдам бұзылады. Өлексенің ішегінде улар өзінің белсенділігін бірнеше сағат қана сақтайды. Бұл микробтардың вегетативті қалпында ауадағы оттегі, күн сәулесі, жоғары температура, қышқылдар, сілтілер, спирттер және дезинфекциялаушы ерітінділердің әсерінен бірден өледі. Бірақ споралары 6 сағат бойы қайнатқанға төзеді.

Cl. perfringens-тің уларының антигендік құрылымына байланысты бөлінетін 6 сероварының әрқайсысы әртүрлі ауру тудырады. Ол аурулардың клиникалық белгілері мен патанатомиялық өзгерістері бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Атап айтқанда:

А серовары (C. welchii) жануарларда және адамда газды гангренаны тудырады, адамдардың тағамдық улануына себепші болады, бұзаулар мен шошқалардың жыбырлақ (энтеротоксемия) ауруының қоздырушысы, сондай-ақ қой, ешкі, сиырдың өліеттенетін желінсауын тудырады.

В серовары (Lambdysenteriibacillus) қозы, лақ, бұзау, торай,

құлын, балапандардың анаэробтық дизентериясын (некротикалық энтерит) тудырады.

С серовары (B. palidus) қойлардың геморрагиялық энтеротоксемиясын, кейде бұзау, қозы, торай, ешкі, түйелердің энтеротоксемиясын тудырады.

Dсеровары (B. ovitoxicus) қой энтеротоксемиясының қоздырушысы болып табылады (жұмсақ бұйрек), сонымен қатар ешкі, бұзау энтеротоксемиясы кезінде де бөлінеді.

Eсеровары (Cl. PerfringenstypE) бұзаулар мен қозылардың энтеротоксемиясы кезінде бөлінеді.



Fсеровары (B. enterotoxicus) адамдардың некротикалық энтеритінің қоздырғышы ретінде сипатталады.

Cl. septicum–грамоң боялатын,полиморфты,қозғалатын(перитрих), капсула түзбейтін ұзындығы 4-5 мкм және ені 0,8 мкм таяқшалар. Клетканың ортасында немесе шетін ала орналасатын спора түзеді. Қоректік орта мен штам түріне қарай қысқа, жуан болып келеді немесе ұзын жіпшелер түзеді. Соңғысы өлекседе, бауырдың көк ет жақтағы беткейінен аңғарылады.

Cl. septicum нағыз анаэроб. Қатты қоректік орталардың бетінде шеттері шашақталып келетін диаметрі 4 мм жылтыр, жартылай мөлдір шоғырлар түзеді, жайылып өсуі де мүмкін. Көбінесе R-пішінді шоғырлар түзеді. Агар бағанының тереңінде жүзім жапырағына немесе жүрекке ұқсаған шоғырлар түзеді. Қанды агарда екінші тәулікте жіңішке гемолиз аймағы пайда болады.

Глюкоза, мальтоза, лактоза, галактоза, фруктоза және салицинді қышқыл және газ түзе отырып ыдыратады, глицерин мен маннитті ыдыратпайды, желатинді қойыртпақтандырады және лакмусты сүтті қышқыл мен газ түзе отырып ұйытады.

Cl. septicum декстроз қосылған кәдімгі ет пептон сорпасында (рН 7,6-7,8), Мартен сорпасында, казеиннің қышқылды және ферментативті гидролизатынан даярланған қоректік орталарда уларын түзе отырып жақсы өседі. Cl. septicum түзетін негізгі у - өлімге соқтыратын (летальді), өліеттендіретін, оттегіге төзімді гемолитикалық ά (альфа) уы. Ол С лецитиназаларға жатпайтын фермент. Ақ тышқандарға күре тамыр арқылы көп мөлшерде енгізгенде эндокардта, эпикардта және паренхиматозды ағзаларда нүктелі қанталаулар тудырады. Одан басқа β (дезоксирибонуклеаза), γ (гиалуронидаза) уларын, C.perfringens-тің θ-уымен антигендері ортақ оттегіге төзімсіз белсенділігі жоғары δ-(дельта) гемолизин түзеді. Сондай-ақ бұл бактерия түзетін фибринолизин, коллагеназа ферменттері ауруды асқындыра түседі.

Cl.septicum мен Cl.chauvoei ұқсас еритін антигендер түзеді. Алайда олар бірдей емес. Бұлардың өсінділерінің сүзінділері тек өздеріне тән сары сулармен ғана бейтараптандырылады. Сондай-ақ бұл микробтар споралық антигендері бойынша да ұқсас екендігі белгілі болды, бірақ мұнда да О-антигендері бойынша ажыратылады.

Cl.septicum (А типі) мен Cl.chauvoei-ны (В типі) бір-бірімен шатастырмас үшін төмендегі кестеде келтірілген белгілерді пайдалануға болады (2 кесте).



Cl.septicum вегетативті қалпында оттегіге сезімтал, споралары қоршаған орта факторларына әжептеуір шыдамды және аз уақыт қайнатқанға төзімді.

Cl. novyi(Cl.oedematiens) -түзу немесе сәл иілген көлемі4-10х1-2 мкм, 25-ке дейін талшықтары (перитрих) бар қозғалғыш ірі таяқшалар. Капсула түзбейді. Клетканың шетін ала орналасатын спора түзеді. Грамоң боялады, бірақ уақыт өткен сайын клетка оң боялатын қасиетін жоғалтады. Жас клеткалар анилин бояуларымен жақсы боялады. Споралары қоректік заттары жұтаң, сілтілі ортада жақсы түзіледі. Анаэростаттарда ұсталған агары бар аяқшаларда кейбір штамдары 48 сағаттан кейін-ақ дөңгелек шырынды және жартылай мөлдір, ал кейде беті жеңіл-желпі дәншелі-дақты шеттері тегіс емес шоғырлар түзеді. Глюкоза қосылған агарда қоздырғыш айналасында айқыш-ұйқыш шатасқан жіпшелері бар линзаға, мақта, қар түйіршіктеріне ұқсаған шоғырлар түзеді. Ал 36-48 сағаттан кейін агар түзілген газдың әсерінен жарықшақтанып жарылып кетеді. Китта-Тороцци ортасында алғашында бірқалыпты лайланып өскенімен кейіннен іртік тұнба тұзеді. Глюкоза мен мальтозаны ыдыратады, индол түзбейді, күкіртсутегін бөлмейді, протеолитикалық қасиеттері шамалы.

Cl. novji 4 компоненттен тұратын күрделі у түзеді. Бұл қоздырғыштың уының белсенділігі басқа клостридалардың уына қарағанда жоғары.

- ά (альфа-у) – леталды,қантамырларының(капиллярларды)өткізгіштігін бұзады, нәтижесінде сұйықтық пен белоктар сыртқа шығады (экссудация). Ұлпаларды өліеттендіреді, желатинозды домбығуға шалдықтырып, жануарды өлімге ұшыратады.

- β (бета-у) – фосфолипаза(лецитиназа)С-өліеттендіретін,өлімге ұшрататын, гемолитиқалық қасиеті бар. Сау ұлпаны коагуляциялық және колликвациялық өліеттендіріп микроорганизмнің денеге тереңдеп ендеуіне жол ашады. Осылайша инфекция дененің сау бөліктерін бірте-бірте жаулап ала береді. Инфекция дамыған жерде жергілікті альтернативті қабынуын, ұлпаның домбығуын және өліеттенуін, бұлшық ет талшықтарының арасындағы дәнекер ұлпасының іруін, тромбоз және тамырлардың бүлінгендігін байқауға болады.

- γ (гамма –у) –фосфолипазаD-өліеттендіреді,гемолитикалықәсер етеді.

- δ (дельта-у) –оттегіне түрақсыз гемолизин.



Токсиндерден басқа улы ферменттер түзеді – гиалуронидаза, фибринолизин, дезоксирибонуклеаза, протеиназа.

Cl. novji 4 сероварға бөлінеді. Бұл ол түзетін улардың антигендік қасиеттерінің әртүрлігіне байланысты

Cl. novji А типі адамдарда газды гангрена, қойларда брадзот ауруын тудырады. ά (альфа), γ (гамма), δ (дельта) уларын түзеді.

Cl. novjiВ типіά (альфа) және β (бета) уларын түзеді. ά (альфа) уы – ұлпалардың өліеттенуін, желатинозды домбығуын тудырып, жануарларды өлімге ұшыратады. Тамырлардың өткізгіштігін арттырып сұйықтық пен белоктың сыртқа шығуын (экссудат) қамтамасыз етеді. β (бета) уы – ұлпаны өліеттендіріп, микроорганизмдердің организмге тереңдеп ендеуіне жол ашады. Осыдан барып зақымдану организмнің басқа аумағына біртіндеп тарала береді. Одан басқа эпсилон у, протеиназа мен гиалуронидаза ферменттерін түзеді.

Cl. novji С типі бұғыларда созылмалы түрде өтетін остеомиелит тудырады. γ (гамма–у) түзеді.

Cl. novyiD типі ірі қара малда жиі, шошқамен қойларда сирек індетті иктерогемоглобинурия тудырады. β (бета), η (эта), θ (тета) уларын түзеді. Бета-у миозинді ыдырататын, бұлшық еттерді зақымдайтын тропомиозиназа ферменті болып табылады

Cl. histolyticumграмоң,қозғала алатын(перитрих),капсуласызтаяқша. Клетканың ортасында және субтерминалды орналасатын спора түзеді. Факультативті анаэроб, аэробты жағдайда спора түзбейді және нашар өседі. Анаэробты жағдайда қанды агардың бетінде жақсы өседі, бұл кезде 24-48 сағаттан кейін төмпешік тәрізді, мөлдір, жылтыр шеттері тегіс және жіңішке гемолиз аймағы бар шоғырлар түзеді. Агар бағанының тереңінде қозғалатын штамдар ортасы тығыз, мамыққа ұқсаған шоғырлар түзеді, ал қозғалмайтын штамдар жүзім жапырағына ұқсаған шоғырлар түзіп өседі.

Бұл микроорганизмінің бір ерекшелігі ол бір де бір қантты ыдыратпайды, бірақ өте күшті протеолитикалық, яғни белокты ыдыратқыш қасиетке ие (ол оның желатинді және ұйыған сарысуды сұйылтуынан көрінеді). Қарқынды өсу үстіндегі өсіндінің бетіне қойылған ет кесегі дереу протеолизге ұшырайды. Бұл кезде индол түзілмейді, бірақ көп мөлшерде күкіртсутегі бөлінеді.

Cl. histolyticum сұйық қоректік ортада бес компоненттен тұратын күрделі у түзеді. (3 кесте)

3 кесте - Cl. histolyticum уының құрамы



ά (альфа) Өлімге ұшырататын, өліеттендіретін фактор
β (бета) Коллагеназа. Ол нативті, коллагенді, азокол және
  желатинді ыдырататын, ақ тышқандарға күре тамыр
  арқылы жібергенде өлтіреді, өлімге ұшырататын,
  өліеттендіретін фактор
γ (гамма) Протеиназа. Ол цистеин арқылы белсенді күйге
  келеді, желатин, азокол, казеинді ыдыратады,
  коллагенге әсері жоқ, өлімге соқтыратын фактор
δ (дельта) Протеиназа. Ол кальций иондарының қатысуымен
  белсенді күйге енсе, цистеин бар кезде керісінше,
  белсенділігінен айрылады, эластинді ерітеді
  (сондықтан эластаза деп те аталған), гемолитикалық,
  өлімге соқтыратын фактор
ε (эпсилон) Оттегіге төзімсіз гемолизин, ауадағы оттегімен
  тотығып, белсенділігін бірнеше күнде жоғалтады.

Cl. sordellii–жеке, 2-3тен бірігіп,кейде тізбектеліпорналасатын, ұштары жұмырланып біткен полиморфты таяқшалар, грамоң, қозғалады (перитрих), капсула түзбейді. Клетканың ортасында немесе шетін ала орналасатын спора түзеді.

Cl. sordellii – қатаң анаэроб емес, қоректік ортаның бетінде 24-48 сағаттан кейін-ақ шеттері тегіс емес сәл көтеріңкі ақ-сұр түсті шоғырлар түзеді. Қанды агарда шоғырлар айналасынан жіңішке гемолиз аймағын байқауға болады. Агар бағанындағы шоғыры чечевицаға немесе жүрекке ұқсайды, кейде шет жағына қарай шашырап өсуі де мүмкін.

Көмірсулардан мальтоза, фруктоза, глюкозаны ыдыратады. Лактоза мен сахарозаны ыдыратпайды. Желатин мен ұйыған сары суды сұйылтады.

Уытты штамдары Cl. novji-дің ά (альфа)уына ұқсайтын у түзеді, сондай-ақ оттегіне төзімді гемолизин θ (тета)уын және көбінесе ақ тышқандардың аздап үй қоянның эритроциттерін ерітіп жіберетін лецитиназа С, уреаза, фибринолизин түзеді.

Қатерлі ісіктің қоздырғыштарының барлығы анаэробты болғандықтан оларды өсіруге Китт-Тароцци, Вильсон-Блер, Цейслердің глюкозды-қанды агары, Мартен сорпасы, ет-пептонды желатина сияқты қоректік орталарды пайдаланады. Қолайлы өсу температурасы 37-380 С



Қатерлі ісік жіті түрде өтеді және әдетте 1-3 күннің ішінде өліммен аяқталады.

Маңызды клиникалық белгілері

Температура тұрақты түрде жоғары, кейде қалыпты да болады. Тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілейді. Тамыры ретсіз, әлсіз, ал жануар өлетін кезде үзіліссіз жіп сияқты соғады. Кілегей қабықтары көгерген. Жануар аяқ астынан күйзеліске түсіп, азықтан бас тартады. Күйіс қайыруы тиылады, сауылатын сиыр болса – сүті тоқтайды. Кейде іш өту байқалады. Дененің қандай да бір жарақаттанған жерінің төңірегінде немесе қиналып туған болса жыныс ағзаларының төңірегінде сықырлауық ісік пайда болады. Ол алғашында ауырсынғыш, ыстық, тығыз, көкшіл-күңгірт түсті (терісі ашық түсті жануарларда) болып келеді де артынша салқын, қамыр сияқты қалыпқа енеді. Сезімталдығы ортасынан бастап жоғала береді. Ісінген жердің жүні оңай жұлынады. Кесіп көргенде қызыл-күңгірт түсті көбікті сұйықтық ағады. Туғаннан кейінгі асқынулар кезінде ісік жыныс тесігінің маңына таман орналасады. Қынаптың кілегей қабығы домбығып, қызарып тұрады және иісі аса жағымсыз, кейде дифтеритикалық қабыршықтар мен ыдыраған ұлпалардың қалдықтары араласқан сұйықтық ағуы мүмкін. Ісік біртіндеп шап, жамбас және қарынның төменгі жағына қарай таралады. Жыныс ағзаларының

қатты ауырсынуы салдарынан жануар ыңқылдап, бүрісіп қалады. Пішкеннен кейінгі асқынуларда ен мен қарынның төменгі қабатында домбығу пайда болады; маңайы бозғылт тартып, ісінеді. Жарақат секреті іріңдік сипаттан лас-қоңыр түсті, жағымсыз иісті шіріген сипатқа көшеді. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, ісінген, ауырсынғыш.

Жылқыларда да дерт жарақат төңірегіндегі, ал қатерлі ісік туғаннан кейінгі асқыну ретінде пайда болса жыныс ағзаларының төңірегіндегі сықырлауық ісік тен басталады. Әсіресе бұлшық еттер қалың орналасқан жерлердегі (сан, жал, арқа т.б.) жарақаттар маңында газды ісік жиі пайда болады. Жергілікті өзгерістер жануардың жалпы жағдайының күрт төмендеуіне ұласады: температурасы жоғарылап, тамыр соғысы бұзылады, тыныс алысы ауырлап, жиілейді, қатты күйзеліп азықтан бас тартады, кілегей қабықтары қызарады. Ауру аяғына таман іші өтуі мүмкін.

Маңызды патологоанатомиялық белгілері



Ісінген жердегі тері асты дәнекер ұлпасы қызғылт-сары жалқаяққа толған, газ көпіршіктері байқалады және шіріген иіс шығады. Осындай өзгерістер бұлшық етте де байқалады. Бұлшық ет талшықтары газбен ығыстырылған, борпылдақ, сынғыш, оңай үзіледі, қанталаған. Құрсақ қуысы аздап қызғылт түсті сірілі сұйықтық байқалады; тамырлары қанға толған, сірі қабығының кейбір жерлерінде нүктелі, дақты және жолақты қанталаулар көрінеді. Қан күңгірт түсті, нашар ұиыған. Ішектің кілегейлі қабығы қызарған, ісінген, қыртыстары қанталаған. Мезентералды лимфа түйіндері ісінген, кесіп қарағанда суланып тұрады, қанталағанын байқауға болады. Егер ауру туғаннан кейінгі асқыну ретінде пайда болса жатыры жиырылмаған; сірі жамылғысынан көптеген нүктелі және жолақты қанталаулар көзге түседі. Қынап пен жатырдың қабырғалары және олардың төңірегіндегі дәнекер ұлпа домбыққан, кілегей қабықтары кейбір жерлерінде дифтеритикалық қабыршықтармен және иісі жағымсыз лас-қоңыр түсті жалқаяқпен көмкерілген және өліеттенген. Талағы қалыпты немесе сәл ұлғайған. Кеуде қуысында гиперемия немесе өкпенің ұлғаюы байқалуы мүмкін (өлер алдындағы жанталастың салдары), жүрек бұлшық еті қалыңдаған, ішкі және сыртқы қабықтары (эпи-, эндокард), кеуденің ішкі қабығы (плевра) қанталаған.

Ауруды балау барысында нені ескеру керек

Балау кезінде ең алдымен қарасан мен қатерлі ісіктің сықырлауық ісіктен басталатынын ескеру керек. Бұл жерде келесі жайтқа мән беру керек: қарасанмен жас малдар; қатерлі ісікпен – негізінен ересек сиырлар ауырады. Одан басқа сықырлауық ісіктің жарақат (піштіргеннен кейін) немесе сыртқы жыныс ағзаларында, кейіннен шап, жамбас, қарынның төменгі жағында орналасуы – дерттің қатерлі ісік екенін білдіреді. Сойып зерттеген кезде бұлшық еттегі өзгерістер сипаты да бұл екі ауруды бір-бірінен ажыратуға септігін тигізеді: қарасанда еттер күңгірт-қызыл түсті, құрғақтау, ал қатерлі ісікте анағұрлым ашық түсті және ылғалды болады. Қатерлі ісік кезінде бауырда және талақта қарасанға тән өліеттену ошақтары болмайды. Ал топалаңнан айырмашылығы қарасанда ісінген жер сықырлап тұрады; сойып қарағанда талағы өзгермеген (өзгерсе де мардымсыз), қаны ұйыған және онда топалаңға тән бациллалардың капсуламен қапталған тізбегі кездеспейді. Күдіктенген жағдайда материалды зертханаға аттандырады. Бактериологиялық зерттеуге глицериннің 30 %-дық ерітіндісіне салып ісінген жердегі өзгеріске



ұшыраған бұлшық етті немесе стерильді пробиркаға болмаса пипеткаға тоғытылып, бекітілген жалқаяқты жібереді.

Жылқылардың қатерлі ісігін балау негізінен клиникалық және патологоанатомиялық белгілерге сүйене отырып жүргізіледі. Жылқыларда қатерлі ісікті жамандатпен және қандыдақ ауруымен (петехиалды қызба) шатастырады. Қандыдақ ауруы өздігінен пайда болмайды, ол сақау, пневмония және басқа да іріңді аурулардың асқынуы ретінде кездеседі. Ісіктер симметриялы түрде мүшелердің – бастың, аяқтардың екі жағында орналасады. Мұндай жағдайда көбінесе ауруға шалдыққан жылқының басы ұлғайып, гиппопотамның басына ұқсап кетеді. Ісіктер өте тығыз, сықырламайды және ең бастысы жарақаттармен, ауыр өткен туулармен байланыссыз. Сондай-ақ қандыдақ ауруында мұрын, ауыз қуыстары мен қынаптың кілегей қабығы жаппай қанталап кетеді. Температура көбінесе қалыпты күйінде қалады.

Диагноз қою әдістері Зерттеуге арналған материал:

Ісіктен алынған ұлпа экссудаты, зақымданған бұлшық еттері, ұлпалардың, жыныс мүшелерінің бөліктері, қынаптан шыққан жағындылар, қабынуға шалдыққанда жекелеген мүшелер - бүйректер, бауыр, жүрек, лимфа түйіндері, т.б. Егер материалды дереу зертханаға жеткізуге мумкіншілік болмаса, оны глицериннің 30-40 % стерильді судағы ерітіндісімен консервілеуге болады. Анаэробтық инфекцияларға зерттеуге өлексені соймай-ақ кесіп алуға болатын ет кесектері анағұрлым жақсы материал болып табылады. Ет кесектерін кептірілген күйінде жіберуге де болады. Ол үшін ұсақ ет кесектерін құрғақ, қараңғы жерде немесе стерилді Петри аяқшасында 36-37 0С температурада термостатта кептіруге болады.

Қатерлі ісікке диагноз қою әдістері

Зерттеу әдістері   Нәтижелері
   
Микроскопиялық зерттеу Жағындыда Грам оң боялған
(жағындыларды Муромцев таяқша тәрізді микроорганизмдер
және Грам әдістермен бояуға басым кездеседі.
болады)    
     


Себінді жасау.       Қоздырушылар анаэробтар, Китт-
Китт-Тароцци   ортасымен Тароцци ортасы лайлануы 24-48
ЕПА және ЕПС, сонымен сагаттан кейін көрінеді. Өсіндінің
қатар қанты бар қанды агарға морфологиясын, қозғалмалылығын
себінді жасайды. Анаэробты анықтап, керек жағыдайда
орталар қолданады, рН көмірсулар және индикатор
көрсеткіш 7,4-7,6, Мартен қосылған қоймалжын агарға
ортасы, мүйізді малдың сахаролитикалық қасиеттерін
үйытылған стерилді қан анықтау үшін, ал сүтке, ми
сарысуы, қоймалжын агар ортасына, желатинға және
және т.б.         үйытылған қан сары суына
            протеолитикалық қаситеттерін
            анықтауға себінділер жасайды.
Биосынама қою (теңіз Зақымдалған жануарларды 7-8 күн
шошқасы)         бақылайды.      
Теңіз шошқасын тері асты 16-48 сағаттан кейін жануарлар
немесе бұлшық еті арқылы өледі. Сойып зерттегенде олардың
зақымдалған   ұлпалардан организмінен газды ісіктің негізгі
физиологиялық   ерітіндіде патологиялық анатомиялық
дайындалған эмульсиямен 1,0 өзгерістерін көруге болады.  
мл мөлшерінде зақымдайды        

Бақылау сұрақтары:

1. Қатерлі ісік қандай белгілерімен ерекшеленеді?

2. Қоздырушыларын атаңыз?

3. Қатерлі ісік қоздырушыларын өсіру үшін қандай жағдайлар мен қоректік орталар қажет?

4. Қатерлі ісік қоздырушыларының негізгі морфологиялық белгілері қандай?

5. Қатерлі ісік әртүрлі жануарларда қалай өтеді?

6. Өлген жануарларда қандай қатерлі ісікке тән патанатомиялық белгілер кездеседі?

7. Қатерлі ісікті қандай аурулардан ажырату керек?



Қатерлі ісіктің (залалды ісінуінің) негізгі анаэробтарының морфологиялық және өсінділік қасиеттері

Аталуы Қозғал   Капсула   Спора түзуі ж/е Қанды агардың Сүт Желатин Ми Ұйытылған
  ғыштығы   түзуі   спораларының бетіндегі шоғырлары     қосылған сарысу
              төзімділігі                 қор. орта  
B chavoei Қозға   Жоқ   24-48 сағаттан кейін Түйме, жүзім жапыра Баяу 3-5 күннен Қараймайды. Сұйылтпайды.
  лады         түзеді. Споралары 2-15 ғы тәрізді ортасы ұйытады. кейін   Инволюциялық
              минут қайнатқанға тегіс шоғырлар. Қор. (3-8 күн) қойыртпақта   пішіндер.
                төзімді.   орта сәл көтерілген.   нады.   споралар
                    Гемолиз            
                  Қатерлі ісіктің қоздырғыштары      
Cl. Қозға     Жоқ   24-48 сағаттан кейін Шеттері шашақтал- Баяу 3-5 күннен Қараймайды. Сұйылтпайды.
septicum лады         түзеді. Споралары 2-15 ған, нәзік тармақтары ұйытады. кейін   Инволюциялық
            минут қайнат-қанға бар, түссіз. шамалы (2-5 күн) қойыртпақта   пішіндер.
            төзімді.     гемолиз. Кейде дөңге қышқылт нады.   споралар
                    лек, нәзік тармақ- ым иісі      
                    тары бар, түйіршікті болады.      
                    шоғырлар            
Cl. novyi Қозға     Жоқ   48 сағаттан кейін түзеді. Дөңгелек, түссіз не Баяу 3-5 күннен Қараймайды. Сұйылтпайды.
  лады         Споралары 20-60 минут сұр     шоғырлар. ұйытады. кейін   Инволюциялық
            қайнат-қанға төзімді. Гемолиз     (4-10 қойыртпақта   пішіндер.
                              күн) нады.   споралар
Cl. Жоқ     Жануар   Спораны тек белок- Дөңгелек,   түйме 8-10 3-5 күннен Қараймайды. Сұйылтпайды.
perfringens       организ   тарға бай қор. орта- тәрізді томпақ, сұр- сағаттың кейін   Инволюциялық
        мінде   ларда түзеді (жұм- жасыл түсті шоғыр- ішінде қойыртпақта   пішіндер.
        ж/е   ыртқа ортасы, ұйы-ған лар.     шоғырлар жылдам нады.   споралар
        ұйыған   сарысу). органи-змде айналасында үлкен ұйытады      
      сарысуд   түзбейді. Спо-ралары 8- гемолиз     аймағы (қатыққа      
        а түзеді   90 минут қайнат-қанға көрінеді.     айналды      
            төзімді.               рады.)      
Cl. Қозға     Жоқ   24-48 сағаттан кейін Ұсақ,     дөңгелек, Казеинді Жақсы өседі. 3-6 күннен Баяу
histolyti лады         түзеді. Споралары 60-90 ортаға сіңіп өсетін еріте лайланады. кейін Сұйылтады.
cum           минут қайнат-қанға түйіршік   тәрізді отырып Қойыртпақта қарайады.  
            төзімді.     шоғырлар.     ұйытады. нады.    


Тақырып: Зілді (қатерлі) ісіктің қоздырушылары және ауруды балау әдістері - student2.ru

41 сурет. Сүтте (сол жақта) және Китт-Тароцци ортасында (оң жақта) 24 сағат өсірілген Cl. perfringens

Тақырып: Зілді (қатерлі) ісіктің қоздырушылары және ауруды балау әдістері - student2.ru

42 сурет. Cl. perfringens қантты агардағы тізбектері

43 сурет. Қантты қанды агарда 24 сағат өсірілген Cl. perfringens культурасы

Тақырып: Зілді (қатерлі) ісіктің қоздырушылары және ауруды балау әдістері - student2.ru

44 сурет. Cl. perfringens –

өсіндісімен зарарланған теңіз шошқасы: бұлшық және көк еттінде геморраягия және газ көпіршіктерінің пайда болуы

Наши рекомендации