Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары

Кпені жасанды желдетуде ұзақ уақыт жатқан науқаста дене қызуының жоғарылауы, тынысының әлсіреуі, қақырығының көбейуі анықталды. бронхоскопияда: бронхтардың айқын қызаруы, негізгі бронхтардың түтігі сұр-жасыл түсті сұйық іріңді құраммен толған. қақырықты еккенде көкірің таяқшасы (pseudomonas aeruginosa) анықталды.

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Төмендегі антибиотиктер комбинациясының қайсысы барынша тиімді?

* Кларитромицин+норфлоксацин

* Цефуроксим+ линкомицин

* Доксициклин + ровамицин

* Ампициллин + канамицин

* +Цефтазидим+ амикацин

61! Науқаста операциядан кейін дене қызуы ұзақ уақыт жоғарылап, ентігу, жөтел, дем алғанда кеудесінде ауыру сезім пайда болды. Рентгенограммада оң өкпенің төменгі төменгі бөлігінде гомогенді қараю байқалады. Плевральды пунктатты еккенде алтынды стафилококктың метициллин-резистентті штамы алынды. Таңдау препараты қайсысы?

* Амоксициллин/ клавуланат

* Моксифлоксацин

* Цефтриаксон

* + Ванкомицин

* Меропенем

!62 Науқаста гектикалық температура, әлсіздік, кеуде қуысында ауыру сезім. Компьютерлік томографияда перифериялық абсцесс анықталды. Бронхоскопияда ірің анықталмады.


Ошақты санациялаудың тиімді әдісі?

* Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru +Қуысты трансторакальды дренаждау

* Экстракорпоральды детоксикация

* Бронх арқылы дренаж

* Плевра пункциясы

* Лобэктомия

!63 НауқасК, оң өкпенің төменгі бөлігінің абсцесімен арнайыланған бөлімге ауыстырылды. Дене қызуы 1 айдан көп сақталған, астенизацияжәне интоксикация симптомдары үдеуде. Кешенді қабынуға қарсы және микрофлораның сезімталдығын ескере отырып антибактериальды терапия, абсцесс қуысын бронх арқылы дренаждау жүргізілді. Анализдерінде лейкоцитоз, анемия, гипопротеинемия, мочевина және билирубиннің жоғарылауы.

Науқасты ары қарай жүргізу тактикасы:

* +Лобэктомия жасау

* Емге преднизолон қосу

* Парентеральды антибиотиктердің мөлшерін жоғарлату

* Абсцесс қуысын трансторокальды дренаждау

* Бронхоскопияда абсцесс қуысын дренаждау

64! Науқас Ю., 74 жаста, бұрын плеврит диагнозы қойылып, кешенді қабынуға қарсы және антибактериальды терапия жүргізілген, екі рет плевральды қуыс пункцияланып антибактериальды парепарат енгізілген. Стационардан шыққан 1 айдан кейін бақылау жасап қарағанда – шағымы жоқ, жағдайы стабильді, дене қызуы қалыпты, қан анализінде патология жоқ. УДЗда оң синуста 50 мл сұйықтық анықталды.

Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз?

* Емге саңырауқұлаққа қарсы препараттарды қосу

* Емге антибактериальды препараттарды қосу

* Плевральды қуысты диагностикалық пункциялау

* +Терапиясыз динамикада бақылау

* Плевральды қуысты антибиотиктер енгізіп пункция жасау

65! Науқас М. 23 жаста, бала кезінен көп мөлшердегі іріңді қақырықпен жөтелі бар. Соңғы жылда жөтелі жиілеген, қан түкіру қосылған, дене қызуы жоғарылаған. Анализдерінде гипопротеинемия, гипербилирубинемия, зәр қышқылының деңгейінің жоғарылауы. Рентгенограммада қап тәрізді кеңейген бронхоэктаздар, оң жақ төменгі бөлікте пневмосклероз, көкірекаралықтың оң жаққа ығысуы.

Науқасты жүргізу тактикасының қайсысы барынша тиімді?

* +Лобэктомия

* Бронхиальды тамырдың эмболизациясы

* Муколитикалық препараттарды тағайындау

* Бронхоскопиялық дренаж

* Профилактикалық антибактериальды терапия

66! Өкпе абсцесін шақыратын микроорганизмдер?

* Пневмококк

* +Алтынды стафилококк

* Аденовирус

* Пфейффер таяқшасы

* Цитомегаловирустар

67! Бронхоэктаз ауруына тән белгіні таңдаңыз?

* Дене температурасының 40С дейін көтерілуі, тершеңлік

* Тахикардия

* +Көп мөлшердегі іріңді қақырықпен жөтел

* Тұтқыр қақырықты жөтел

* Брадикардия

68! Науқас 19 жаста, Келгендегі шағымдары: көп мөлшердегі иісті шырышпен ірің аралас қақырыққ, қан қақыруға, дене температурасының 38С дейін көтерілуіне, шаршағыштыққа, ентігуге. Анамнезінде бала кезінен бастап қақырық аралас жөтел бар. Соңғы 5 жылда өршуі жиілей бастады. Сідің болжам диагнозыңыз?

* ӨСОА

* +Бронхоэктаз ауруы

* Бронх демікпесі

* Созылмалы бронхит

* Өкпе поликистозы

69! Өкпе абсцессіне аталған белгілердің қайсысы тән?

* Ірің аралас шырышты қақырық, ентігу

* Кеудедегі ауру сезімі, құрғақ жөтел

* +Қалтырау мен жоғары қызба, ірің аралас көп мөлшердегі (>200мл) шырышты қақырық

* Аз көлемдегі шырышты қақырық

* Қан түкіру

70! Студент қыз И., 19 ж. Емтихан кезінде тұмаумен ауырды, өз бетінше ем қабылдамады. Науқастың жөтелі күшейіп, ентігуі үдей түсті, Дене температурасы 400С, әлсіз. Дене температурасының көтерілуіне байланысты асперин таблеткасын қабылдап тұрды. Науқас жағдайының нашарлауына байланысты 1- айдан соң дәрігер қарауына келді. Кеуде қуысы рентгенограммасында сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде горизонталды деңгейдегі сұйықтықпен көлеңке қуыс. Өкпе түбірі қалындаған.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

* +Сол жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі абсцесс

* Сол жақ өкпедегі ателектаз

* ӨСОА

* Өкпе гангренасы

* Эксудатты плеврит

71! Өкпе гангренасы- бұл;

* +Зақымданған өкпе тінінің некроздануымен ихорозды ыдырауы

* Өкпе тінінің карнификациясы немесе өкпе пневмосклерозы

* Бронх қабырғасы шырышты қабытының ісінуі

* Бір неменсе бірнеше қоршалған ошақ іріңді некрозданған қуытармен

* Альвеолалар қабырғасының және оны қоршаған тідердің зақымдануы.

72! Абсцесспен ауырған науқаста қатты жөтелден соң оң жақ кеуде тұсында кенеттен пайда болған ауру сезімімен ентігу пайда болды. Қарап тексергенде: оң жақ кеуде қуысы тыныс алу актіне қатнаспайды, қабырға аралықтары кеңейген. Перкуторлы- тимпанитті дыбыс. Науқаста қай асқыну орын алды?

* Өкпе ателектазы

* +Пневмоторакс

* Өкпе инфаркті

* Өкпе эмфиземасы

* Эксудатты плеврит

73! Дәрігерге 35 жастағы науқас ауыз толтырып тастайтын жағымсыз иісті ірің аралас қақырықпен жөтелге, жалпы әлсіздікке, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінде жас кезінен бастап бронхитпен жиі ауырады. Тексергенде саусақтары « барабан таяқшалары » , тырнақтары «сағат әйнегі» сияқты. Аускултацияда қатаң тыныс, екі жақ өкпесінің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

* Туберкулез

* Созылмалы өкпенің обструктивті ауруы

* Өкпе абсцесі

* Пневмония

* +Бронхоэктаз ауруы

74! Гектикалық қызбасы бар науқаста көп мөлшерде өткір иісті іріңді қақырық бөлінеді. Анамнезінде 2- ай алдын пневмониямен ауырған. Өз бетінше 5- күн цефазалин қабылдаған. Перкуторно сол жақ өкпенің 5-6 қабырға арасынан бастап дыбыт тұйықталған, стетоскопты басқанда ауырсыну байқалады. Қақырық анализин микроскопиялық тексергенде жасушалық детриттер, көп мөлшердегі лейкоциттер, бұзылған эластик талшықтар, гематоидин кристалдарымен холестерин және май қышқылдары. Науқасқа қандай ем тағайындауға болады?

* +Оперативті ем

* Бронх ағашының лаважы

* Флораға сезімтал антибиотик

* Антибиотиктерді эндобронхиальді құю

* Бронхолитиктер

75! Бронхэктаз ауруындағы патоморофологиялық өзгерістер:

* Бронх шырышты қабатының ісінуі

* Бронх бойымен өкпе тінінің фиброздануы

* +Бронхтардың қапшық тәрізді кеңеюімен олардың іріңге толуы

* Өкпе тінінің фиброздануы

* Өкпе альвеоласындағы инфильтративті және пролефаративті өзгерістері

76! Пневмония ауруының жиі қоздырғышын атаңыз?

* Moraxella cataralis.

* Chlamudia pneumonia

* Legionella pneumonia

* +Streptococcus pneumonia

* Eshericia coli

77! Науқас З., 32ж., дәрігерге жағымсыз иісті үлкен көлемдегі қақырықпен жөтелге, субфибрильді температураға, ентігуге, оң жақ кеуде тұсындағы ауырсыну сезіміне шағымданды. Ауруын суықтанумен байланыстырады. Перкуторлы оң жақ өкпесінің 7-8 қабырға аралығында дыбыстың тұйықталуы. Аускультацияда әлсәз дыбыспен сол аймақта ірі және орта көпіршікті ылғалды сырылдар. ЖСЖ 102 рет мин. АҚ 100/70 мм с.б.б. сіздің болжама диагнозыңыз және тактикаңыз?

* Өкпе гангренасы, ауруханаға жатқызу

* Бронх демікпесі, амбулаторлы түрде ем қабылдау

* +Оң өкпенің абсцессі, ауруханаға жатқызу

* Ауруханадан тыс пневмония, ауруханаға жатқызу

* Бронхоэктаз ауруы, амбулаторлы ем қабылдау

78! Науқас И., 26 ж. дәрігерге мына шағымдармен келді: құрғақ жөтелге, қалтырауға, оң жақ кеуде тұсының тыныс алғанда күшейе түсетін ауыру сезімі. Анамнезінде: 1 ай алдын гриппен ауырып, ем қабылдамаған. ЖСС 110 рет /мин. АҚ 90/60. Кеуде торының рентгенографиясы: оң жақ өкпенің 4 қабырға аралығыны дейін гомегенді қараю. Науқасқа плевралды пункция жасалғанда көп мөлшерде лейкоциттер (15*109 ), нейтрофилдер 90%, глюкоза мөлшері азайған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

* Геморрагиялық плеврит.

* Экссудативті плеврит.

* Құрғақ плеврит.

* +Плевра эмпиемасы

* Өкпе гангренасы

79! Өкпе гангренасы кезіндегі қақырық сипатын таңдаңыз?

* Сары түсті, іріңмен, көп мөлшерде лейкоциттер және эритроциттер

* Ақ түсті, тұтқыр, көп мөлшерде лейкоциттермен эпителийлер.

* Ірің араласқан тұтқыр, 2-қабатты

* +Қара түсті, жағымсыз иісті, іріңмен, 3-қабатты

* Жасыл түсті, шырышты, көп мөлшерде лейкоциттер

80! Пневмониямен ауырған 45 жастағы науқаста 9-күні қан аралас іріңді қақырық пайда болды. Тексергенде дене температурасы 39С. С№ Өкпе ренгенографиясында 5-6 қабырға арасында деструкцияланған гомогенді қараюлар. Науқаста пневмониямен асқынудың кай түрі болды?

* Қурғақ плеврит

* +Пневмонияның абцеспен асқынуы

* Пневмоторакс

* ТЭЛА

* Пневмония, өкпе ісінуімен асқынған

81! Науқас А, 54 жаста, дене қызуының жоғарлауына 39оС, кеуденің оң жағының ауруына, тот басқан қақырықпен жөтелге шағымданады.Суықтанғаннан кейін жедел ауырған. Қарап тексергенде: оң өкпенің дем алу актісінде қалып отыруы, оң жақ алдыңғы беткей бөлігінде қысқарған перкуторлы дыбыс, майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Қандай диагноз болуы мүмкін?

* Плеврит

* Саркоидоз

* Туберкулез

* +Пневмония

* Өкпе эмфиземасы

82! Науқас цитостатикалық ем қабылдауда, дене қызуының жоғарлауына, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, қан қақыруға шағымданды.Рентгенде төмендегі көрініс-фото

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Қақырықты зерттеу нәтижесінің қайсысы болуы мүмкін?

* +Грам теріс қышқыл тұрақты бациллалар

* Нейтрофильды цитоз

* Эозинофильды цитоз

* Атипиялық клеткалар

* Куршман спиральдары

83! Үнемі жүрекше фибрилляциясы бар науқас кеуде клеткасындағы ауыру сезімге, тыныштықтағы ентігуге, қан тукіруге шағымданады. ТАЖ- 30 рет минутына, перкуторлы дыбыстың қысқаруы және алдыңғы беткейінде әлсіз тыныс. ЖСЖ - 120 рет минутына, ырғағы дұрыс емес. АД – 90// 60 мм с.б.б.

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек:

* Спирография

* Бронхография

* Торокоскопия

* +Ангиопульмонография

* Компьютерлік томография

84! Науқас рентгенограммасында –сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде массивті гомогенді көлеңкесі. Қабырға аралықтары кеңейген, кеуде аралық көлеңкесі оң жаққа ығысқан.

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Науқасқа қандай іс-шара жүргізу керек?

* +Плевральды пункцию

* Бронхиальды лаваж

* Емдік бронхоскопия

* Жарықты түзету операциясы

* Компьютерлік томография

85! Науқас суықтанғаннан кейін жедел ауырды. Жағдайының ауырлауына байланысты интенсивті терапия бөлімшесіне госпитализацияланды. Кеуде клеткасының рентгенограммасында тікелей проекциясында (жатқан қалыпта) оң өкпенің тотальды көлеңкесі, кеудеаралық ағзалар ығыспаған. Қан анализінде лейкоцит – 14 мың, эритроцит – 3,3 млн. ЭТЖ – 65 мм / сағ.

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Қандай диагноз болуы мүмкін?

* +Оң өкпенің тотальды пневмониясы * Оң өкпенің төменгі бөлігінің циррозы * Оң өкпеннің орталық ісігі * Оң өкпенің аспергиллезі * Өкпе-пульмональды саркоидоз
 

86! Науқас У., 23 жаста , жедел ауырған, жөтел, дем алғанда кеуденің ауруы, дене қызуының жоғарлауы. Рентгенограммада өкпенің сол жақ бөлігінде контуры анық емес қараю көрінеді, сол өкпенің түбірі кеңейген. Қақырық анализінде - нейтрофилдер, бірен-саран эритроциттер, бактерия.

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Емдеуді қай препараттан бастау керек?

* Тиенам

* Преднизолон

* Рифампицин

* +Амоксицилин

* Ципрофлоксацин

87! Науқас П., жол апатынан кейін келіп түсті.

Рентгенограммада өкпенің сол жақ бөлігі анық емес, коллабирленген өкпенің (стрелка) шеті көрінеді. Кеуде аралық ығыспаған.

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Бірінші кезекте қандай іс-шараны жүргізу керек?

* +2-қабырғааралыққа плевральды пункция жасау

* 7-қабырғааралыққа плевральды пункция жасау

* Емдік бронхоскопия жасау

* Операция - торакотомия

* Бронхиальды лаваж жасау

 
   

88! КТ да - оң өкпе жоғарғы бөлігінің араласқан бронхоэктазы анықталды (тубулярно- мешотчатые ) . Стрелкамен көрсетілген қуыста- жұмсақ тін, артқы қабырғаға жақын орналасқан- симптом «погремушки».

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Төмендегі аурулардың қайсына бұл сиптом тән?

* Силикоз

* Саркоидоз

* +Аспергиллез

* Өкпе абсцесс

* Өкпенің поликистозы

89! 67 жастағы ер адамды ентігу, іріңді қақырықпен жөтел мазалайды. Жөтел дене қалпын өзгерткенде, кеудесін алдыға еңкейткенде пайда болады. Компьютерлік томографияда 4-7 реттегі бронхтардың цилиндрлі, қап тәрізді кеңейуі анықталды.

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Қандай диагноз болуы мүмкін?

* Өкпе абсцесі

* Өкпе туберкулезі

* Өкпе альвеококкозы

* +Бронхоэктатикалық ауру

* Фиброздаушы альвеолит

90! 24 жастағы науқаста қайталанған спонтанды пневматоракс анықталды. Балалық кезінен жиі суықтанатын. Компьютерлік томографияда (фото) майда бронхтар мен альвеолалардың қап тәрізді кеңейуі және сол өкпенің жоғарғы бөлігінің интерстициальді тінінің тығыздалуы байқалады.

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Бұл жағдайда қандай емдеу жолы барынша тиімді?

* Дренажды процедураларды тағайындау (массаж, тыныс гимнастикасы)

* Базистіқабынуға қарсы терапияны жүргізу

* Цитостатикалық препараттарды тағайындау

* Антибактериальды терапияны тағайындау

* +Лобэктомия жасау

91! Науқас 74 жаста, пневмониямен антибактериальды терапия алған. Динамикада жағдайы жақсармаған, әлсіздік, арықтау, кеудесіндегі ауыру сезім күшеюде. Бақылау компьютерлік томографиясында - жоғары тығыздықты тегіс емес контурлы ошақтың көлемі ұлғайған.

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Қақырықты зерттеу нәтижесінің қайсысы болуы мүмкін?

* Грам-теріс қышқыл тұрақты бациллалар

* Нейтрофильды цитоз

* Саңырауқұлақ мицеллиі

* +Атипті жасушалар

* Гантель тәрізді денелер

92! Науқас реанимация бөлімшесіне күшейген ентігумен, кеуде қуысындағы ауыру сезіммен, қан жағындылары бар жөтелмен келіп түсті. Ангиографиялық зерттеуде өкпе артериясының төменгі тармағының кесілгені тәрізді (стрелкамен көрсетілген).

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Бұл патологияны скринингтеу үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

* Қақырықта атипиялық жасушаларды анықтау

* Жуындыда темірлі бөлшектерді (железистых гыбок) анықтау

* Дисфералды сынаманы жүргізу пробы

* Тропонинді анықтау

* +Д димерді анықтау

93! Бронх-өкпелік патологияның жиі өршуі бар баланың рентгеноскопиялық зерттеуінде жұқа контурмен сақина тәрізді көлеңке анықталды.

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Қандай диагноз болуы мүмкін?

* Аспергиллез

* Туберкулома

* +Өкпе кистасы

* Өкпе абсцесі

* Өкпе ісігі

94! 69 жастағы науқаста ентігуі күшеюде, қақырықсыз жөтел пайда болды, рентгенограммада өкпе бөлігінің ателектазы анықталды. Диагнозды нақтылау үшін қантай зерттеу әдісі ақпаратты?

* Спирография

* Технецимен сцинтиграфия

* Өкпе тамырларының ангиографиясы

* +Диагностикалық бронхоскопия

* Өкпенің магнитті- резонансты томографиясы

95! Науқас К., 35 жаста аз мөлшердегі қақырықпен жөтелге, ентігуге, шаршағыштыққа, жамбасында эритематозды бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Рентгенограммада бронхопульмональды топ лимфа түйіндерінің екі жақты ұлғаюы, өкпе түбірінің құрылымы бұзылған, олардың сырты бұдырлы.

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Диагнозды нақтылау үшін қантай зерттеу әдісі ақпаратты?

* +Лимфа түйіндерінің биоптаттарын гистологиялық зерттеу

* Сыртқы тыныс функциясын зерттеу

* Өкпенің радиоизотопты сканирлеуі

* Кеуде аралықтың томографиясы

* Торакоскопия

96! Кеуде қуысы рентгенографиясында өкпе суретінің толық қараюы мына ауруға тән:

* +Эксудатты плеврит

* Өкпе абсцессінде

* Өкпе туберкулезде

* Өкпе эмфиземасына

* Созылмалы обструктивті өкпе ауруына

97! Бронхоэктаз ауруының диагностикасында дұрыс мәлімет беретін әдіс саналады:

* Кеуде қуысы рентгенографиясы

* +Өкпенің КТ

* УДЗ

* Ангиопульмография

* Спирография

98! Кеуде қуысы рентгенографиясында оң жақ өкпеде айналасында майда усақ ошақтары бар контуры анық емес, көлемі 1,5-2см болған көлеңке бар. Сіздің болжама диагнозыңыз?.

* Пневмония

* ӨСОА

* Бронхиальды демікпесі

* Өкпе абцсесі

* +Өкпе туберкулезі

99! Спирографиялық әдіспен тексергенде Бронх демікпесіне тән көрсеткішті көрсетіңіз?

* Өкпенің тіршілік сыйымдылығы

* +Өкпенің форсирленген тірішілік сыйымдылығы

* Өкпенің максимальды вентиляциясы

* Тыныс алудың резервті көлемі

* Тыныс шығарудың резервті көлемі

100! Созылмалы өкпетекті жүрек кезіндегі рентгенографиялық белгілер:

* Өкпе түбірінде инфильтраттың болуы

* Өкпенің төменгі және ортаңғы бөліктерінде симметриялы түрдегі инфильтаттар

* Барлық өкпе аймағында диаметрі 1-2см болған көптеген ұсақ ошақтар

* +Артерияның конусы мен бағанасының ісінуі

* Өкпе аймағында бұлынғыр әйнек тәрізді тұнықтығының азаюы

101! Бронхографиялық зерттеуде: брохтардың әртүрлі формада кеңеюі, олардың жақындасуы мен тармақтардың болмауы.

Қай ауру туралы ойлауға болады?

* Созылмалы пневмония

* ӨСОА 2 дәрежелі, бронхитикалық форма

* ИФА

* Өкпе абсцесі

* Өкпе абцесі

* +Бронхоэктаз ауруы

102! Берілген өкпе КТ да құрылымы біртекті көлемі 1,8 см дөңгелек көленке көрсетілген. Өкпе түбірімен плевраға қарай «жол» және «радиальды сызық» регионарлы лимфангит түрінде көрінеді. Қай ауру туралы ойлауға болады?

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

* VI сегментте оң жақ өкпеде туберкулема

* VI сегменте оң жақтық ошақтық пневмония

* VI сегментте оң жақтық өкпе абсцесі.

* +VI сегментте оң жақтық өкпеде перифериялық жалпақ клеткалы рак

* Оң жақ өкпе туберкулезі ыдырау сатысында

103! Төмендегі көрсетілген өкпе рентгенографиясында эмфизема фонында екі жақтық қалың дессименацияланған, түбінде инфильтратты көрініс.

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Қандай ауру туралы ойлайсыз?

* Екі жақтық пневмония

* Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

* +Диссеминирленген өкпе туберкулезі

* Өкпе саркоидозы 1 дәрежесі

* Өкпе саркоидозы 2- дәрежесі

104! Пневмонияның сепсиспен асқынуының қатерлі ісік метастазынан ерекшелігін көрсетіңіз?

* Жайылған ошақтар санымен

* Зақымдану локализациясымен

* Көлеңкенің көлемімен

* Көлеңкенің формасымен

* +Процесстің динамикасымен

105! ӨСОА мен науқастың спирография көрсеткіші:

ӨТС 53%, ФТШК 46%, ФТШК/ӨТС 47%. Қорытынды жасаңыз?

* Өкпе вентиляциясы қызметінің бұзылысы рестрикциялық тип бойынша 1дәрежеде

* Өкпе вентиляциясы қызметінің (ӨВҚ)бұзылысы рестрикция тип бойынша 2дәреже

* ӨВҚ бұзылысы ресртикциялық типте 3 дәреже

* ӨВҚ бұзылысы обструктив бойынша 2дәреже

* +ӨВҚ обструктивті тип бойынша 3дәреже

106! Бронхоэктаз ауруын анықтауда ақпаратты әдіс:

* Рентгенография

* Томография

* +Бронхография

* Ангиопульмонография

* Торакоскопия

107! Диагноз қоюда бронхоскопиялық тексеруге көрсеткіш болып табылады:

* +Өкпе ателектазы

* Бронхиальды демікпе

* Обструктивті бронхит

* Өкпе туберкулезі

* Экусудативті плеврит

108! Бронхиальды демікпе диагностикасында қолданылатын әдісті көрсетіңіз?

* +Спирография

* Рентгенография

* Өкпе КТ

* Бронхография

* ФБС

109! Бронх обструкциясын айқындайтын сезімтал көрсеткішті көрсетіңіз?

* ФЖЕЛ/ОФВ1 төмендеуі

* ФЖЕЛ төмендеуі

* ЖЕЛ және ОФВ1төмендеуі

* Тиффно индексінің төмендеуі

* +ОФВ1 и ФЖЕЛ төмендеуі

110! Науқас 28 жаста, дәрігерге субфибрилді температураға, оң жақ кеудесіндегі ауру сезіміне, тыныштық кезіндегі ентігуге, тершеңдікке шағымданып келді. Анамнезінде 15 күн бойы жоғары температура мен жөтелге байланысты өз бетінше цефозалин қабылдаған. Тексергенде науқастың жағдайы ауыр, ТЖ- 40рет мин. суық тер басқан, еріндері көгерген. ЖСЖ- 120 рет мин. Кеуде клеткасының оқ жақ жартысы тыныс алуда қалып отырады. Рентгенограммада келесі сурет көрсетілген.

Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары - student2.ru

Қай ауру турысында ойлайсыз?

* Құрғақ плеврит

* Плевра мезотелиомасы

* +Эксудатты плеврит

* Төменгі пневмония.

* Спонтанды пневмоторакс

111! Науқас М. 45 жаста, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге шағымданады. 15 жылдан бері бронхөкпелік патологиямен зардап шегеді. Обьективті: саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді, кеуде қуысы бөшке тәрізді, тынысы қатаң, дем шығаруы ұзарған, өкпенің барлық бөлігінде құрғақ ызылды сырылдар естіледі. Қандай диагноз БАРЫНША нақтырақ?

* +Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

* Созылмалы іріңді бронхит

* Бронхоэктаздық ауру

* Ошақты пневмония

* Өкпе эмфиземасы

112! Антихолинергиялық бронходилататорлар тобының препараты (М-холинолитик), бронхтардың тегіс бұлшық етінің мускариндік рецепторларына (М3-рецепторлары) холинолитикалық әсер етеді, бронхоспазмды, шырыштың гиперсекрециясын жояды, туссогенді аймақтағы кезбе нервтің афферентті ұштарының белсенділігін, шырышты қабаттардың ісінуін тежейді. Нәтижесінде 1секундтағы форсирленген дем шығару көлемі (ОФВ1) және өкпенің форсирленген өмірлік көлемі (ФЖЕЛ) жоғарылайды. Бронхолитикалық әсері 24 сағат сақталып, қысқа әсерлі b2-агонисттерге қажеттілікті төмендеті. Бұл қандай препарат болуы мүмкін?

* +Тиотропия бромиді (Спирива)

* Натрий кромогликаты (Интал)

* Фликсотид (Флутиказон)

* Даксас (Рофлумиласт)

* Фенспирид (Эреспал)

113! ӨСОА ауыратын 65 жастағы науқаста аздаған күштеме кезіндегі ентігу, аз мөлшерлі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, зәр көлемінің азаюы анықталған. Объективті: акроцианоз, мойын тамырлары ісінген, эпигастрий аймағында пульсация, өкпе артериясындағы II тонның акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісіктер. Науқастың ЭКГ - да төмендегілердің қайсысы байқалуы мүмкін?

* АV - блокада

* Сол қарыншаның гипертрофиясы

* Сол жүрекшенің гипертрофиясы

* +Оң қарыншаның гипертрофиясы

* Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасы

114! Ер адам 67 жаста, қиын бөлінетін қақырықпен ұстамалы жөтелге, ауыр дем шығарумен ентігуге, жүрек қағуына, аяқтарының тізесіне дейінгі ісінуіне, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. 30 жылдан көп темекі тартқан. Объективті: диффузды цианоз, бөшке тәрізді кеуде қуысы; аускультативті: өкпенің барлық бөлігінде құрғақ ызылды сырылдар, өкпе артериясында II тонның акценті, гепатомегалия, асцит. ЖСЖ – 110 рет минутына. ЭхоКГ: оң жүрекше және оң қарынша қуысының кеңейуі, лақтыру фракциясы - 36%. Төмендегі препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындау керек?

* +Фуросемид

* Амброксол

* Эссенциале

* Преднизолон

* Амоксициллин

115! 53 жастағы әйел физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге, қиын бөлінетін қақырықпен жөтелге, жүрек қағуына шағымданады. 20 жылдан астам бронхөкпелік патологиямен ауырады, суық мерзімде 2-3 рет өршиді. Объективті: саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді, кеуде қуысы бөшке тәрізді. Аускультативті: өкпенің барлық бөлігінде құрғақ ызылды сырылдар, тыныс шығару ұзарған. ТАЖ 26 рет минутына. Спирографияда: ОФВ1 68 %; ОФВ1/ФЖЕЛ 95 %

Науқастың базисті терапиясында қай препаратты тағайындаған БАРЫНША дұрыс?

* +Тиотропия бромиді

* Преднизолон

* Сальбутамол

* Амброксол

* Будесонид

116! Ер адам52 жаста, жүрек қағуына, басының ауруына, құлақтағы шуға, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, күштеме кезіндегі ентігуге шағымданады. 30 жылдан бері темекі тартады. Обьективті: қатаң тыныс, құрғақ ызылды сырылдар, дем шығаруы ұзарған. АҚҚ 160/90 мм с.б.б., ЖСЖ 90 рет минутына . Дәрігер амброксол, амоксиклав бұлшық етке, эгилок(метопролол) 50 мг/тәул, беродуал ингаляциясы, кардиомагнил тағайындады. 2 күннен кейін жағдайы нашарлап, ентігу күшейген.Төмендегі кандай препарат науқас жағдайының нашарлауына алып келді?

* Кардиомагнил

* Амоксиклав

* Амброксол

* Беродуал

* +Эгилок

117! Науқас 58 жаста, құрылысшы, ӨСОА ұзақ уақыттан бері ауырады. Соңғы айларда күніне бірнеше рет болатын, кейде түнде дем шығарудың қиындауымен тұншығу ұстамасы пайда болған. Ұстамалар темекі түтінінен, күшті иістерден қозады. Жүрген кезде ентігудің күшеюіне шағымданады. Аускультацияда : өкпеде көп мөлшерде ысқырықты сырылдар естіледі. Науқасқа дифференциялды диагностика жасау үшін төмендегі әдістердің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

* Эхокардиография

* Бес минуттық жүру тесті

* +Бронходилататормен сынама

* Кеуде клеткасының рентгенографиясы

* Аллергенмен скарификационды сынама

118! Науқас аз мөлшерлі қақырықты ұстама тәрізді жөтелге, жүктеме кезіндегі ентігуге, шаршағыштыққа шағымданады. Диагностикалық мақсатта бронходилататорды қабылдап спирография жасады. Нәтижесінде: ОФВ1 қалыптыдан 75 % аз ; ОФВ1/ФЖЕЛ қалыптыдан 68 % аз.

Науқаста сыртқы тыныс функциясы бұзылысының қандай түрі және дәрежесі анықталды?

* Обструктивті түрі I дәрежесі

* +Обструктивті түрі II дәрежесі

* Обструктивті түрі III дәрежесі

* Аралас түрі II дәрежесі

* Рестриктивті түрі I дәрежесі

119! Науқас Т., 60 жаста, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге , физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, жүрек қағуына шағымданады. 15 жылдан бері бронхөкпелік патологиясымен ауырады. Бұрын көп жыл темекі тартқан. Обьективті: қатаң тыныс, дем шығаруы ұзарған, өкпенің барлық бөлігінде құрғақ ызылды сырылдар естіледі. Науқасқа базисті терапия мақсатында төмендегі препараттың қайсысын БАРЫНША тағайындаған дұрыс?

* +Ипратропия бромиді

* Преднизолон

* Сальбутамол

* Амброксол

* Будесонид

120! Темекі тартатын 60 жастағы ер адам қиын бөлінетін шырышты – іріңді қақырықты жөтелге , ентігуге, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне шағымданады. Аускультацияда –ұзарған дем шығару фонында шашыранды құрғақ сырылдар , оң жақ жауырын асты аймақта ылғалды майда көпіршікті сырылдар естіледі, сол жерде перкуторлы дыбыс тұйықталған.Рентгенограммада: оң өкпенің төменгі бөлігінде көптеген инфильтративті көлеңкелер анықталған. Лейкоциттер – 14 мың, ЭТЖ - 22 мм/сағ.
Қандай препаратты науқасқа БАРЫНША тағайындаған тиімді?

* Ципрофлоксацин

* Эритромицин

* Ампициллин

* +Амоксиклав

* Бисептол

121! Ер адам 67 жаста , көп темекі тартады, аздаған физикалық күштеме кезіндегі ентігу, шырышты –іріңді қақырықты жөтел, жүрек қағуы мазалайды. Қарап тексергенде: ТАЖ -35 рет минутына, ерін – мұрын үшбұрышының цианозы, бөшке тәрізді кеуде қуысы. Аускультацияда әлсіреген тыныс, дем шығару кезіндегі құрғақ сырылдар. ЖСЖ – 92 рет минутына, ырғағы дұрыс. Қанда: лейкоц.- 10,6 мың., эритроциттер-5,8 млн, гемотокрит – 50%, ЭТЖ- 2 мм/сағ. Антибиотиктер, муколитиктер, бронходилататорлар, оксигенотерапия тағайындалған.
Емдеу жоспарына қосымша қандай препаратты қосу қажет?

* +Гепарин

* Дигоксин

* Курантил

* Варфарин

* Пентоксифиллин

122! Әйел 53 жаста, жүрек қағуына, қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге шағымданады. 18 жасынан бері темекі тартады. Объективті: тынысы қатаң, ызылды сырылдар, дем шығаруы ұзарған. ТАЖ- 22 рет минутына, АҚҚ – 110/70мм с.б.б. ЭКГда: III, aVF, V1-V2 әкетулерінде f толқындары, ЖСЖ – 95-120 рет минутына. Барлық кеуде әкетулерінде әлсіз теріс Т тісшесі. ЭхоКГ: Оң жүрекше мен оң қарынша қуыстарының кеңейуі. Лақтыру фракциясы – 50%. Амбробене, беродуал ингалциясы, цефтриаксон, сальметерол, кардиомагнил, оксигенотерапия тағайындалды. Емдеу жоспарына қосымша қандай препаратты тағайындаған жөн?

* Преднизолон

* Фуросемид

* +Амиодарон

* Предуктал

* Панангин

123! Ер адам 59 жаста, жүрек қағуына, эпизодты бас айналуына, аз мөлшерлі қақырықты жөтелге, ентігуге шағымданады. 30 жастан бастап темекі шегеді. Объективті: тынысы қатаң, ызылды сырылдар бүкіл өкпе алаңында, дем шығаруы ұзарған. ТАЖ- 22 рет минутына, АҚҚ – 110/70мм с.б.б. ЭКГда: III, aVF, V1-V2 әкетулерінде f толқындары, ЖСЖ – 55-93 рет минутына. Барлық кеуде әкетулерінде әлсіз теріс Т тісшесі. ЭхоКГ: Оң жүрекше мен оң қарынша қуыстарының кеңейуі. Қанда: эритроциттер-5,8 млн, гематокрит 51%, ЭТЖ 2 мм/сағ. Индап, серетид, беродуал, аспирин, дигоксин қабылдайды. Ұзақ терапия үшін емдеу бағдарламасына қосымша қандай препарат қосу қажет?

* Гепарин

* Курантил

* +Варфарин

* Верапамил

* Пентоксифиллин

124! ӨСОАмен ауыратын 62 жастағы ер адамда тыныс жеткіліксіздігі, екіншілік эрироцитоз, декомпенсацияланған өкпе текті жүрек . Кенеттен төс артындағы ұстамалы қатты ауру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде : ТАЖ – 24 рет минутына, ЖСЖ – 100 рет минутына, АҚҚ 100/60 мм с.б.б. Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындағанда тыныс жетіспеушілік күшейуі мүмкін?

* Изокет

* Аналгин

* +Морфин

* Баралгин

* Нитроглицерин

125! 55 жастағы темекі тартатын әйел қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, дем шығаруының қиындауымен ентігуге, дене қызуының 38°С жоғарлауына шағымданады. Амоксиклав инъекциясынан кейін қолында және ішінде қышымалы бөртпелер пайда болған. Анамнезінде йод, пенициллин, ципрофлоксацин, гентамицин және тетрациклинге аллергиясы бар. Амоксиклавты төмендегі препараттардың қайсысымен алмастыруға болады?

* Левофлоксацин

* +Азитромицин

* Доксициклин

* Линкамицин

* Тобрамицин

126! М-холиноблокатор тобына кіретін препарат?

* Сальбутамол

* +Спирива

* Беротек

* Алупент

* Астмопент

127! Бронхиальды ұстаманы анықтайды:

* +Спирография

* Бронхоскопия

* Қандағы газды тексеру

* Эхокардиография

* ЭКГ

128! СОӨА пайда болуына ықпал етеді:

* Жоғарғы тыныс жолдарының созылмалы ауруы

* Тірек-қимыл жүйесінің патологиясы

* +Темекі шегу, өндірістік поллютанттар әсері

* Өкпе ауруларының тұқым қуалауына бейімділік

* Семіздік

129! Науқас С. 48 жаста, айқын экспираторлы ентігу, құрғақ жөтел, жүректің қатты қағуы, әлсіздік шағымдарымен ауруханаға түскен. Объективті: еріндердің көгеруі. ЭКГ – оң қарынша гипертрофия белгілері, тахикардия. Кеуде клеткасының рентгенографиясында өкпе ауданы эмфизематозды, өкпе суреті деформацияланған. Диагнозды анықтау мақсатында бірінші орында қандай зерттеулер жүргізу қажет?

* Қақырық анализі

* +Фармакологиялық сынамамен спирография

* Кеуде клеткасын УДЗ

* Кеуде клетка мүшелерінің КТ

* ЭХОКГ

130! Науқас С., 48 жаста, СОӨА ауырады. айқын экспираторлы ентігу, құрғақ жөтел, жүректің қатты қағуы, әлсіздік шағымдарымен ауруханаға түскен. Объективті: еріндердің көгеруі. ЭКГ – оң қарынша гипертрофия белгілері, тахикардия. Кеуде клеткасының рентгенографиясында өкпе ауданы эмфизематозды, өкпе суреті деформацияланған. Бұл науқасқа қандай ем тағайындауға болады?

* +Антибиотиктер, бронхолитиктер

* Бронхолитиктер

* b-адреноблокаторлар

* Кальций антагонисттері

* Диуретиктер

131! Науқас Л., 53 жаста. СОӨА диагнозымен ауруханаға келіп түскен. Шағымдары айқын тыныштық күйдегі ентігу, эпигастральды аймақтағы пульсация, құрғақ жөтел, аяқтарында ісік. Сіздің болжама диагнозыңыз?

* Пневмония

* Бронхоэктатикалық ауру

* Бронх демікпесі

* + СОӨА. Созылмалы декомпенсирленген өкпе текті жүрек

* Экссудативті плеврит

132! Науқас К., 55 жаста қиындықпен шығатын қақырықты жөтелге, физикалық күштегі ентігуге шағымданады. Шылым шегеді. 20 жылдай уақыт бронхөкпелік патологиясы бар. Объективті: тынысы қатаң, өкпенің барлық бөлігінде құрғақ сырылдар, дем шығаруы ұзарған. Берілген диагноздың қайсысы ең негізгі?

* Пневмония

* Бронх демікпесі

* Бронхоэктатикалық ауру

* Созылмалы іріңді бронхит

* +СОӨА 2 сатысы., аралас типті, өршу сатысы

133! Науқас Т., 66 жаста қиындықпен бөлінетін шырышты-іріңді сипатта қақырықты жөтелге, физикалық күште күшейетін ентігуге, дене қызуының 38С дейін жоғарлауына шағымданады. Моншадан кейін жіті ауырған. Тәулігіне 25 талға дейін шылым шегеді, анамнезінде созылмалы бронхит. Аускультацияды әлсізденген тыныс фонында ұзарған дем шығару кезінде, екі жағында құрғақ сырылдар естіледі, оң жағында жауырын астында перкуторлы дыбыс тұйықталған, майда көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенологияда оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтративті жайылған контуры бар көлеңке анықталды. Лейкоциттер – 12 мың., СОЭ - 22 мм/сағ. Төмендегі берілген диагноздың қайсысы ең негізгі?

* Созылмалы іріңді бронхит, өршу сатысы

* СОӨА, орташа ауырлық дәреже, өршу сатысы

* Созылмалы бронхит, жеңіл дәрежесі, өршу сатысы

* +СОӨА, өршу сатысы, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы

* Созылмалы бронхит бронхоэктазбен, өршу сатысы

134! Науқас Ж., 48 жаста, СОӨА ауырады, пневмония диагнозымен науқас ауруханада ем қабылдануда. Клиникалық жақсару бақылағаннан кейін соңғы 3 тәулікте дене қызуы 38°С дейін жоғарлаған, үздіксіз жөтел пайда болған. Науқас жағдайының нашарлауына байланысты, себебін анықтау мақсатында төмендегі берілген зерттеу әдістерінің қайсысы ең негізгі?

* Өкпенің КТ

* +Бронхоскопия

* Қақырық анализі БК-ке

* Атипиялық клеткаға қақырық анализі.

* Қан жағындысы

135! Науқас 64 жаста, СОӨА көп жылдар бойы ауырады. Дене қызуының жоғарлауына, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, салқын тиюден кейін пайда болған тершеңдікке шағымданады. Рентгенологиялық оң жақ өкпе тінінің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталды. Цефазолин, линкомицин дәрілері тағайындалған. Қақырық себіндісінде 3-ші күні – пневмококктар анықталған. Сіздің ары қарайғы тактикаңыз:

* Тетрациклин + метрогил + лазолван

* Амоксиклав + гентамицин + бромгексин

* +Кларитромицин + амброксол + тиатропиум бромид

* Пенициллин + амброксол + сальбутамол

* Цефазолин + преднизолон + бромгексин

136! СОӨА ауыратын 72-жастағы науқаста тыныштық күйдегі ентігу, шырышты-іріңді сипатта қақырықты жөтел, дене қызуының 37,6 С жоғарлауы. Объективті: ТЖ - 30 рет минутына, ЖСЖ – рет минутына. Аускультативті өкпеде қатаң тыныс фонында құрғақ ызылдаған тыныс естіледі. Төмендегі берілген препараттардың қайсысы ең негізгі болады?

* Гентамицина б/е

* +Кларитромицин, атровен

* Сальбутамол

* Ингаляциялық вентолин

* Пенициллин, беротек

137! Науқас, 65 жаста, шылым мөлшерден тыс шегеді. Аралас ентігуге, қиындықпен бөлінетін ұстымы тәрізді жөтелге, жүрек тұсындағы иррадиациясыз, қысқан сипаттағы ауыру сезіміне, оттегі ингаляциясынан кейінгі жағдайының жақсаруына шағымданады. Объективті: оң жақ жүрек шекарасының кеңеюі, өкпе артериясында II тон акценті және қосарлануы. Кешенді терапия құрамына қандай топтағы препарат қолайлы болып табылады?

* β2-адреноблокаторлар

* Жүрек гликозидтері

* +Кальций каналының антагонистері

* Диуретиктер

* ААФ ингибиторлары

138! Созылмалы обструктивті өкпе аурумен ауыратын 62 жастағы науқасты зерттеу кезінде ОФВ1=35% болған. Қандай комбинациялық препараттар ең тиімді болып табылады?

* Ипратропиум бромид+амбробене + интал + гепарин

* Ипратропиум бромид + теотард + интал + амоксициллин

* Ипратропиум бромид + сальбутамол + эфедрин + ацетилцистеин

* +Ипратропиум бромид + сальбутамол + теофиллин + преднизолон

* Ипратропиум бромид + теофиллин + амоксициллин + ацетилцистеин

139! Науқас 56 жаста. СОӨА орташа ауырлық дәрежеде. Қаралған кезінде өршу үрдісі жоқ. Ең тиімді терапия схемасына болады:

* Қақырықтүсіруші

* Антибиотиктер

* +Пролонгирленген М-холинолитиктер (тиотропиум бромид)

* Пролонгирленген симпатомиметиктер (сальметерол)

* Ингаляциялық глюкокортикостероидтар

140! Науқса К., 55 жаста қиындықпен шығатын қақырықты жөтелге, физикалық күштегі ентігуге шағымданады. 20 жылдан астам уақыт бронхөкпелік патологиямен ауырады. Шылым шегеді. Объективті: тынысы қатаң, барлық бөлігінде ызылдаған құрғақ сырылдар естіледі, тыныс шығаруы ұзарған. Төмендегі берілген диагноздың қайсысы ең негізгі?

* Пневмония

* Бронх демікпесі

* Бронхоэктатикалық ауру

* Созылмалы іріңді бронхит

* +Созылмалы обструктивті ауру

141! СӨОА 3 сатысымен науқаста гепатомегалия, балтырындағы ісіктер анықталды. Науқаста қандай аускультативті өзгеріс БАРЫНША болуы мүмкін?

* Семсер тәрізді өсінді негізінен систолалық дыбыс

* Сол жақта 2ші қабырға аралықта диастолалық дыбыс

* Жүрек ұшында систолалық дыбыс

* Жүрек ұшында қатаң 1 тон

* Аортада II тон акценті

142! Ер адам 47 жаста соңғы жылдары біртіндеп күшейген физикалық күштемеден кейінгі жүрек соғуына, ентігуге шағымданды. Анамнезінде тыныс алу жүйесінің аурулары жоқ. .Қарап тексергенде: кеуде клеткасы деформацияланған: айқын кифосколиоз, дем алу экскурсиясы шектелген, қорап тәрізді перкуторлық дыбыс, тынысы әлсіреген. ТАЖ 20 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, төстің сол жағында 2 ші қабырға аралығында II тонның акценті. ЖСЖ 84 рет мин. Дамыған асқынуды диагностикалау үшін БАРЫНША ақпаратты зерттеу әдісі:

* Спирография

* Бронхоскопия

* Бронхография

* +Эхокардиография

* Фонокардиография

143! Ер адам 65 жаста аздаған физикалық күштемеден соң экспираторлы ентігуге, аздаған қақырықпен жүретін ұстама тәрізді жөтелге шағымданады. 30 жылдай темекі шеккен. Терісі жылы, диффузды цианоз, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді. Кеуде клеткасы «бөшке тәрізді» перкуторлы-қораптық дыбыс, аускултативті - қатаң тыныс, дем шығаруы ұзарған, сирек құрғақ сырылдар. Эпигастральді пульсация, жүректік лүпіл пальпацияланады. Қандай өзгерістер электрокардиограммада БАРЫНША айқын болады?

* PQ интервалының қысқаруы

* Биік R - I, AVL әкетулерінде

* I, II, аVR әкетулерінде rSR комплексінің пайда болуы

* Терең , кеңейген Q тісшесі - II, III, aVF әкетулерде, ST элевациясы

* +Биік Р тісшесі - II, III, AVF әкетулерде, терең S - I, V5, V6. әкетулерде

144! Экссудативты плевритпен науқастың спирографиялық зерттеуінде беткей тыныстың қандай функциясы бұзылуы анықталады?:

* +Көбінесе рестриктивті сипатта

* Көбінесе обструктивті сипатта

* Форсирленген тыныс шығару көлемінің жоғарлауы

* Өкпенің қалдық көлемінің жоғарлауы

* Минуттық көлемінің жоғарлауы

145! Ер адам 65 жаста жиі ентігуге, әсіресе таңертең мазалайтын аз мөлшердегі қақырықты жөтелге шағымданады. Кеуде клеткасының рентгенограммасында өкпелік алаңның мөлдірлігінің жоғарлауы, диафрагма куполдарының түсуі, қабырғалардың горизонтальді орналасыуы анықталады. ЭКГ да –электр осінің оңға ығысуы, терең S тісшесі - I, V5, V6. әкетулерде.

Спирограмма қандай өзгерістір БАРЫНША болуы мүмкін ?

* Өкпе вентилляциясының максимальды жоғарлауы

* Форсирленген дем шығарудың көлемінің жоғарлауы

* Өкпенің өмірлік сыйымдылығының жоғарлауы

* Өкпенің қалдық көлемінің төмендеуі.

* +Тиффно индексінің төмендеуі.

146! Ер адам ӨОСА ауырады, жүрген кездегі ентігудің күшеюіне, бас ауруына шағымданады. Аяқтарында ісінулер, оң қабырға астында ауырлық сезімі пайда болған. Сварщик болып жұмыс істейді, темекі шегеді. Берілген асқынудың дамуында басты фактор БАРЫНША мүмкін болып табылады:

* Миокард дистрофиясы

* Митралді қақпақшаның жеткіліксіздігі

* Сол жақ жүрекшенің жиырылуының төмендеуі

* Сол жақ қарыншаның миокардының жиырылуының төмендеуі

* +Оң жақ қарыншаның миокардының жиырылуының төмендеуі

147! Қандай шудың пайда болуы өкпенің ауыр гипертензиясының белгісі болып табылады:

* Жүрек ұшында систолалық шу

* Сол жақ 2-ші қабырға аралығында систолалық шу

* +Сол жақ 2ші қабырға аралықта диастолалық шу

* Оң жақ 2 ші қабырға аралықта систолалық шу

* Оң жақ 2 ші қабырға аралықта диастолалық шу

148! 28 жастағы ер адам дәрігердің кабинетіне қатты қозған, қызбаланған күйінде кірді. Сөйлей алмайды, ауаны аузымен жұтады, беті қызарған, бірақ диффузды жаңадан басталған цианоз анықталады. Жұтқыншақты қараған кезде тіл түбірінің, жұтқыншақ қуысын жалған байламдармен жабылған ісінулер байқалады. Науқасқа бірінші кезекте қандай шұғыл көмек көрсету керек?

* +Коникотомия

* S-тәрізді түтікшені енгізу

* Маска арқылы ылғал ауа беру

* Көк тамырға адреналин енгізу

* Көк тамырға преднизолон енгізу

149! Созылмалы өкпе текті жүректің мүмкін болатын рентгенологиялық көрнісі:

* Аорты доғасының кеңейуі

* Өкпе алаңының мөлдірлігінің төмендеуі

* Өкпе түбірінің кеңейуі және деформациялануы

* Ретрокардиальді кеңістіктің азаюы

* +Өкпе артериясының орталық тармақтарының пульсациясының күшеюі

150! Науқаста тыныс алу жеткіліксіздігінің диагностикасында БАРЫНША мәліметті әдіс:

* Бронхоскопия

* Өкпенің рентгенографиясы

* Физикалық зерттеу

* Өкпенің компьютерлік томографиясы

* +Қанның газдық құрамын зерттеу

151! Ер адам Т,34 жаста, іріңді қақырықты жөтелге , ентігуге, қалтырауға, дем алғанда кеуде клеткасының ауруына шағымданды. Объективті: температура 390С. ТАЖ -30 рет мин. Перкуторлы екі жақты жауырынның төменгі бұрыштарында өкпелік дыбыстың қысқаруы . Спирографиия көрсеткіші: ЖЕЛ-38%, ОФВ1-39%, Тиффно индексі (ОФВ1/ЖЕЛ)-78%, МВЛ-45%, МОД -181%. Науқаста тыныс алу бұзылысының қай түрі және сатысы?

* Рестриктивті 1 сатысы

* Рестриктивті 2 сатысы

* +Рестриктивті 3 сатысы

* Обструктивті 3 сатысы

* Аралас тип 3 сатысы

Наши рекомендации