Эпигастрий аймағына суық қою
* Көк тамырды эндоскопиялық бунақжіптеу (лигирование)
! Әйел 25 жаста, күніне 5 рет болатын ботқа тәрізді нәжіске, іштің кебуіне, дефекациядан кейін басылатын іштің ауырсынуына, іште діріл сезімі, толық тыныс ала алмау сезіміне шағымданады. Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық зерттелуінде патологиялық өзгерістер анықталмады. Нәтижелі жүргізу тактикасы қандай?
* Спазмолитиктер + пробиотиктер
* Антибиотиктер + пребиотиктер
* Психотропты терапия + лоперамид
* Пребиотиктер + диоктаэдриялық смектит
* 5-НТ3-рецепторының антагонистері + пробиотиктер
! Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Мүмкін болатын диагноз қандай?
* Ішектің қатерлі ісігі
* Гранулематозды колит
* Ишемиялық колит
* Амебиаз
Бейспецификалық жаралы колит
! Ер адам, 28 жаста, бронхоэктаз ауруы өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Қандай диагностика әдісі осы симптомдардың себебін анықтауға мүмкіндік береді?
* Жалпы қан анализі
Нәжісті микробиологиялық зерттеу
* Ирригоскопия
* Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеу
* ФГДС
! Пиелонефриттің өршуі салдарынан стационарлық ем қабылдап жатқан 78 жастағы әйел адамэпицентрі кіндік маңы аймағындағы іштің барлық бөлігінде айқын ауырсынудың, құсудың пайда болуына байланысты кезекші дәрігерді шақырды. Қарағанда: суық жабысқақ тер, дене t 380С, АҚ 80/60 мм.с.б., ЖЖЖ 100 рет мин., іштің кебуі, құрсақ қабырғасында ауырсыну, аускультацияда ішек перистальтикасы шуының болмауы. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, ЭКГ: Гис шоғырының оң жақ аяқшасының блокадасы, құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында ішек ілмектері пневматизациясының жоғарылауы. Клиникалық жағдайдың мүмкін болатын себебі қандай?
* Жедел миокард инфарктысының абдоминалды түрі
* Жедел ішек түйнелісі (непроходимость)
Жоғарғы мезентериалды артериялар тромбозы
* Созылмалы панкреатиттің өршуі
* Бос құрсақ қуысына ойық жараның перфорациясы
! Ер адам, 50 лет, темекіні көп шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсыну, қышқылмен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының препараттарын қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Пикфлоуметрияда тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы шамалы төмендеген. Мүмкін болатын диагноз қандай?
Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру
* Созылмалы гастрит
* ЖИА. Күш түсу стенокардиясы
* Бронх демікпесі
* Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы
! Ер адам, 30жаста, эпигастрий аймағында кезеңді түрде аш қарынға ауырсыну, қыжылдау, лоқсу, қышқылмен кекіруге шағымданады. Объективті: пилородуоденалды аймақта шектелген ауырсыну. ФГДС: антральды аймақта шырышты қабаттың гиперемиясы мен ісінуі, қатпарлардың гиперплазиясы, антралды спазм. Қандай зерттеу әдісі патологиялық үдерістің этиологиясын анықтауға мүмкіндік береді?
* Асқазан ішілік рН-метрия
* Жалпы қан анализі
Уреазды сынама
* Асқазан рентгенографиясы
* Дуоденалды сүңгілеу
! Ер адам, 55 жаста «Ұлтабар буылтығының ойық жара ауруы, НР ассоцирленген, рецидивті ағымды» диагнозымен. Құрамында протонды помпа ингибиторы (ППИ), кларитромицин және амоксициллин енген қосарланған терапия нәтижесінде толық ремиссия мен НР эрадикациясы болды. Науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы қандай?
* Н2 –блокаторларымен үзілулік (прерывистое) курстық терапия
* Антибиотиктермен демеу (поддерживающая) терапиясы
* Хирургиялық емдеу
* Цитопротекторлармен курстық терапия
ПИИ демеу терапиясы
! Әйел адам, 20 жаста, тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы (перебои), ауа жетпеу сезімдеріне, ентігуге, жиі кекіруге шағымданады. Объективті: сол жақ қабырға астын перкуссиялауда IV қабырға аралыққа дейін тимпаниялық дыбыс. Рентгенологиялық зерттеуде диафрагманың жоғары тұруы анықталды, асқазанның үлкен газдық қабы (большой газовый пузырь) көрінді. Жоғарыда аталған симптоматиканың ұзақ болуы қандай патологияның дамуына әкелуі мүмкін?
* Созылмалы гастриттің
* Диафрагманың өңештік саңылауы жарығының
* Ойық жара ауруының
* Эмфиземаның
* Диафрагма жарылуының (разрыв)
! Ер адам, 50 жаста, ішімдікті көп қабылдайды. Тамақтанғаннан кейін үдейтін іштің жоғарғы бөлігінде аурысыну, лоқсу, іштің кебуі, диарея, салмақ жоғалтуға шағымданады. Қандай диагностикалық әдіс зақымдалған мүшенің сыртқы секреторлы қызметінің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді?
* рН-метрия
* Уреазды сынама
* Дуоденалды сүңгілеу
Эластазды сынама
* Глюкозотолерантты сынама
! Әйел адам, 35 жаста, тәулігіне 3 ретке дейін сулы көпіршікті көп мөлшерде болатын нәжіске, іштің жоғарғы бөлігінде ауырсынуға, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Бірнеше күн бұрын Тунистен келген, ол жерде теңіз өнімдеріне жасалған экзотикалық тағамдар қабылдаған. Нәжіс бактериологиялық себіндісінде энтеротоксигенді Escherichia coli анықталды. Патологиялық өзгерістердің мүмкін болатын себептері қандай?
* Созылмалы панкреатиттің өршуі
* Бейспецификалық жаралы колит
* «Саяхатшылар диареясы»
* Іш жүргізетін препараттарды қабылдау
* Псевдомембранозды колит
! Әйел адам, 52 жаста, майлы, ащы тағамдарды қабылдағаннан кейін сол жақ қабырға астында ауырсыну, лоқсу, құсуға шағымданады. Объективті: тері жамылғысы физиологиялық реңді, пальпацияда оң жақ қабырға астында ауырсынудың күшеюі, Мерфи симптомы оң. Зертханалық көрсеткіштерінде қабыну өзгерістері жоқ. Бауыр сынамалары өзгеріссіз. УДЗ: өт жолдары кеңеймеген, өтімді, өт қабы қуысында диаметрі 5-7 мм, көлемнің 1/3 бөлігін толтыратын конкременттер анықталды. Шолу рентгенограммасында конкременттер көлеңкесі анықталмады. Консервативті терапия барысында қандай препарат нәтижелі?
* Метронидазол
* Вазилип
* Церукал
Урсофальк
* Холецистокинин
! Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, дене салмағының иөмендеуіне, лоқсуға, ауызда ащы дәмнің болуына, оң жақ қабырға астында ауырлық сезіміне, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауына, терінің қышуына, қызыл иектің қанағыштығына, зәрдің қара түсті болуына, нәжістің ағаруына шағымданады. Объективті: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Мүмкін болатын диагноз қандай?
Созылмалы вирусты гепатит
* Созылмалы холецистит
* Созылмалы панкреатит
* Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
* Гемолитикалық анемия
! γ-глютамилтранспептидаза, 5-нуклеотидаза, сілтілі фосфотаза белсенділігінің артуы, гиперхолестеринемия, тура фракция есебінен гипербилирубинемия қандай синдромның биохимиялық көрсеткіштері болады?
* Мезенхималды-қабынулық синдром
Холестаз синдромы
* Цитолиз синдромы
* Портокавальды шунттау синдромы
* Гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік синдромы
! Әйел адам, 25 жаста, тәулігіне 5 ретке дейін жиі ботқа тәрізді нәжіс, дефекациядан кейін басылатын әш кебуі мен іште ауырсынуға, ішкі дірілдеу мен толық емес тыныс алу сезіміне шағымданады. Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық зерттелуінде патологиялық өзгерістер жоқ. Мүмкін болатын диагноз қандай?
* Тиреотоксикоз
* Іш жүргізетін препараттарды қабылдауға реакция
* Гранулематозды колит
* Бейспецификалық жаралы колит