Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізуі

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік

Медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы:Жалпы медицина

Пәні:Коммуникативтік дағды-2

Кафедрасы:Жалпы тәжірибелік дәрігер

Курсы:2

Тақырыбы:Дәрігердің әріптестерімен коммуникативтік дағдысын бағалау әдісі. Конструктивті сынаудың негізі

Орындаған:Ержанова Н

Тексерген:Нургалиев Н.М

Тобы:202«Б»

Ақтөбе 2016ж

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1)Дәрігер жане оның әріптестері.

2) дәрігерлік қатынастардың ерекшелігі

3) жоғары тұрған әріптестермен қатынас

4)басшының кіші әріптестерімен қатынасы

Орытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Әріптестерімен қарым- қатынасында дәрігер адал, әділ жане шыншыл болып, олардың білімі мен тәжірибесін мойындағаны жөн. Ол медициналық іс- әрекетті бағалайтын объективті критерилерді жасауға қатысуы жане оның іс әрекетін әріптестері әділ түрде қарастырып, бағалауына ұмтылуы қажет. Дәрігер өз білімі мен тәжірибесіне сай,әріптестері туралы жағымсыз сөздер айтудан аулақ болуы керек

Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізе алу дәрежесі дәрігердің науқаспен, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас құра алуына оң әсерін тигізері сөзсіз. Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік аламыз.

.

Әріптестермен өзара әрекеттесудің негізгі этикалық қағидалары:

1)Дәрігер өмір бойы өзін емдеу өнеріне үйреткен адамдарды сыйлап жане пір тұтып өтуі керек;

2)Дәрігер медициналық қауымдастықтың намысын қорғап жане жақсы дәстүрлерін сақтауы керек;

3)Дәрігерлер бір біріне сыйласымдылықпен жане құрметпен қарауыкерек;

4)Дәрігер мекеменің басқа медициналық жане көмекші персоналына құрметпен қарауға жане олардың біліктіліктерін көтеруге жағдай туғызуға міндетті.

Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізуі

Ежелгі заманда дәрігерлер саны өте шамалы болағндықтан, олар бір өздері қызмет атқарып, басқа әріптестерімен көп қатынасқа түспеген. Қазіргі таңда дәрігерлер саны күрт өскендіктен, медициналық амандардың да саны артты. Және диагностикалық және емдеу технологияларын, ақпараттарды қолдануыға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандарда жұмыс атқарады. Сондықтан, бүгінгі таңда дәрігер жұмы бабына орай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды қызметкерлерімен, науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады. Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, қарамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты.

Науқасқа тиімді ем шараларын тағайындау үшін емдеуші дәрігер, мамандығы басқа әріптестерімен дұрыс қарым-қатынас жасауы өте маңызды болады.

Дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялық мамандықтарда, төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор. Мұнда дәрігердің жайлы мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, өркөкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қызмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жұмыс нәтижесін жоққа шығарады. Әріптес”- ”Коллега”сөзі латынның collega, яғни кабинеттегі серіктес, оның өзі Col-”бірге” жане Legare ”көмекші” деген мағына білдіреді. “Мойындау”(profess) ”профессионал” (кәсіби маман) ұғымы өз бастауын орта ғасырлық ағымның тілінен алады, ол кезде “мойындату”деген діни орденге кіру дегенді білдіретін. 12 ғасырдың басында бұл сөздің мағынасы діни қағидаларға беріктігін немесе достық, немесе сүйіспеншілік деп түсіну бағытына қарай жылжыды. Уақыт өте келе, бұл сөз эксперт немесе білім саласындағы маман дегенді білдіретін болды.

Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.

Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер, дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.

Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуын күмән тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелігіне науқас күмәнданып, басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Науқас дәрігерге сенім білдірсе, қарапайым емге де күмәнсіз қарайды. Сондықтан, әр дәрігер және де басқада медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек. Аурухана не емханада әңгімелесіп отырған науқастар пікірлесе отырып өздерінің сенімін ақтамаған дәрігер туралы негативті мәліметті таратып жібере алады. Бұл дәрігердің, бөлімшенің, медициналық мекеме мен ондағы дәрігерлер ұжымының беделін жоққа шығаруы мүмкін.

Сонымен, дәрігер өз жұмыс атқаруда көптеген адамдармен қарым-қатынас орнатады, және бұл қатынастардың дәрігер үшін, оның жұмысының нәтижелігі үшін маңызы зор. Сондықтан да, дәрігер коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алуы керек.

Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т.б. дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

Қарым-қатынас – адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Дәрігер жұмысының нәтижелілігі мен дәңгейі, дәрежесі, оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас дағдыларына да байланысты екені анық.

Қатынасуда субьектілер сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация – адамдардың қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербальды емес коммуникация – қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану(жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұқпаттаса келе, бірін бірі түсініп, танысады.

Өзара қарым-қатынас жасау үшін, кем дегенде екі адам болуы қажет, олардың әрқайсысы субьект ретінде саналады. Коммуникатор – ақпарат жіберуші адам. Коммуникант – ақпарат қабылдаушы адам. Коммуникация арнасы – жіберушіден, қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы. Адамдардың өзара қатынасқа түсуі – олардың әрекеттеріне тікелей байланысты. Қажеттілігіне қарай, қатынасқан адамдар әрекеттесіп, өзара мәлімет жинастыра келе, түсінушілік тудыруға тырысады. Қатынасу арқылы адам өз басының ерекшеліктерін, мақсатын, басқа адамға түсіндіріп, білдіруге ықпал жасайды. Қатынасудың түрлері және даму барысы адамдардың әлеуметтік жағдайына, олардың қоғамдағы орнына, қоғам заңдары мен құқық ережелеріне байланысты болады.

Наши рекомендации