Диагностикасы

Түйінді жемсауды біріншілік диагностикалау әдісі ҚБ пальпациясы болып табылады. Науқаста түйінді түзіліс анықталғанда ҚБ УДЗ-сі тағайындалады, ол түйіннің өлшемі мен ҚБ көлемін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Түйінді жемсаумен өтетін түрлі ауруларға бірқатар ультрасонографиялық белгілер тән, бірақ олардың диагностикалық сезімталдығы мен спецификалығы жоғары емес. Пальпациялағанда және/немесе УДЗ кезінде анықталған диаметрі 1 см болатын түйіндер жіңішке инелі аспирациялы биопсияны орындауға көрсеткіш болып табылады (ЖИАБ). ҚБ сцинтиграфиясы функционалды автономды түйіндерді анықтауға мүмкіндік береді («ыстық» түйіндер). Кездейсоқ анықталған кіші көлемдегі түзілістердің ЖИАБ-сын жүргізу тек УДЗ мәліметтері бойынша ҚБ-дің қатерлі ісіктеріне күмән туғанда ғана орындалады. ЖИАБ-ны УДЗ бақылауы бойынша жүргізу әсіресе, кистозды компоненті бар түйінді түзілістерді анықтауда аса ақпаратты, себебі ультрадыбысты бақылау кистозды түйіннің қабырғалық солидты компонентін локальды пункция жасауға мүмкіндік береді. ҚД-дің түйінді түзілісінің пунктатын цитологиялық зерттеу қорытындылары төмендегі 3.21 кестеде келтірілгендей қорытындылар беруі мүмкін.

3.21 кесте.ҚБ-дің түйінді түзілістерінің пунктатын цитологиялық зерттеу қорытындылары

Ісікті емес аурулар 1. Коллоидты түрлі дәрежеде пролифирлеуші жемсау 2. Аутоиммунды тиреоидит 3. Жеделдеу (гранулематозды) тиреоидит
Қатерлі ісіктер 1. Папиллярлы карцинома 2. Медуллярлы карцинома 3. Анапластикалық карцинома 4. Лимфома 5. ҚД-ге экстратиреоидты ісіктердің метастазы
Қатерлі ісікке қауіп (мүмкін немесе аралық) 1. Фолликулярлы неоплазия 2. Гюртле-Ашкенази жасушаларының неоплазиясы

Цитологиялық зерттеу фолиикулярлы аденома мен жоғары сараланған фолликулярлы обырдан (Гюртле-Ашкенази жасушасынан дамитын аденома) ажырату мүмкін емес. Мұны тек алынып тасталған ҚБ-ді гистологиялық зерттеу кезінде ғана орындауға болады, яғни фолликулярлы обыр ісік инвазиясының капсула мен қантамырларға өтуімен ерекшелінеді.

ҚД-дің қызметін бағалау мақсатында ТТГ деңгейі анықталады. ҚБ сцинтиграфиясы түйінді түзілістің функционалдық белсенділігін сипаттауға мүмкіндік береді («ыстық», «суық») және ҚБ функционалды автономиясын диагностикалаудың басты әдісі болып табылады (3.9.2.2 бөлімді қараңыз). Ірі, әсіресе көкірек артында орналасқан жемсаудың кеңірдекті компрессиялау немесе ығыстыру қаупін диагностикалау мақсатында өңешті бариймен контрастаумен кеуде қуысының рентгенографиясы жүргізіледі (3.26 сурет). Көкірек артында орналасқан жемсаудың көлемін, көрші ағзалармен қарым-қатынасын нақты топикалық диагностикалау мақсатында МРТ орындалады.

диагностикасы - student2.ru

3.26 сурет.Өңешті бариймен контрастау арқылы кеуде қуысының рентгенографиясы. Үлкен көлемдегі төс артында орналасқан жемсау нәтижесінде дамитын өңештің айқын девиациясы мен

компрессиясы анықталады

Наши рекомендации