Психоактивті заттардың мидың әртүрлі нейрохимиялық жүйелеріне әсерінің жалпы заңдылықтары
(Морозов Г.В., 1981; Анохина И.П., 2001; Шабанов П.Д., 2002)
Жүйе | Негізгі өзгерістер |
Дофаминергиялық жүйе | Катехоламиндердің және бірінші кезекте дофаминнің жылдамдаған айналысының түзілуі. Психоактивті заттарды қабылдау кезіндегі дофаминнің босап шығуының және «оң бекініс» жүйесінің жылдамдауы оның кейіннен шамадан тыс бұзылуымен және тез синтезделуімен бірге жүреді. Абстиненция кезінде дофаминнің тіндік деподан босап шығуының жылдамдауы болмайды, бірақ оның жылдамдаған синтезі сақталады. Бұның нәтижесі биологиялық сұйықтықтар мен тіндердегі дофаминнің (ең бастысы бас миында) жиналуы болып табылады. Дофаминнің қандағы деңгейі абстинентті синдромның клиникалық көріністерінің ауырлығымен айқын корреляцияланады. Оның (дофаминнің) бастапқы деңгейге қарсы екі ретке жоғарылауы ауыр абстинентті синдром көрінісімен бірге жүреді, 3 ретке жоғарылағанда, ереже бойынша, абстинентті психоздар дамиды. Ремиссия кезеңінде дофамин деңгейінің төмендеуі бақыланады, оның клиникасы психикалық дискомфорт сезімімен, депрессия және психоактивті заттарға патологиялық әуестікпен бірге жүреді. Осы кезеңде дофаминдік рецепторлардың (бромокриптиннің) агонисттерін тағайындау наркотиктерге әуестікті азайтуға және ремиссияны тұрақтандыруға мүмкіндік береді. |
Серотонинергиялық жүйе | Психоактивті заттарды шектен тыс қолдану кезіндегі ОЖЖ-гі серотонин белсенділігінің төмендеуі. Серотонинергиялық антидепрессанттардың және дофаминергиялық жүйенің белсенділігіне әсерін қалыптастыратындар әсерімен ПАЗ-ға патологиялық әуестіктің азаюы. Дофаминнің шығуы серотониндік (5-НТЗ) рецепторлардың активациясы кезінде күшейеді, ал этанолды енгізген кездегі осы рецепторлардың блокадасы дофаминнің бөлінуінің алдын алады. |
Холинергиялық жүйе | Созылмалы алкогольды интоксикация кезінде холинергиялық белсенділік төмендеуі байқалады. Этанол созылмалы енгізу кезінде холинацетилаза белсенділігін төмендетеді және М-холинорецепторлардың тығыздығын жоғарылатады. Алкогольді және апиындық абстиненция кезінде холинергиялық құрылымдар белсенділігінің ұлғаюы және ми синапстарында ацетилхолиннің шамадан тыс босап шығуы бақыланады. Полинергиялық жүйе дофаминергиялық жүйенің өзгерісіне жауап ретінде екіншілік ретте патологиялық үрдіске қатысады деп пайымдалады. |
ГАМҚ-ергиялық жүйе | Этанол және седативті заттардың көпшілігі, ГАМК-ергиялық тасымалды жеңілдетеді. ГАМК-ергиялық рецепторлардың стимуляциясы седативті және миорелаксирлеуші эффекттерге алып келеді. Алкогольді созылмалы қолдану кезінде ГАМҚ-ң бензодиазепиндік рецепторлармен байланысу қабілеті бұзылады. Этанол «қара» субстанцияның ГАМК-ергиялық нейрондарының спонтанды белсенділігін азайтады. Алкогольды абстиненция және барбитураттар мен бензодиазепиндерді тоқтату кезінде мидың ГАМК-ергиялық жүйесінің тежеу белсенділігінің азаюы эпилептикалық ұстамалардың дамуына алып келуі мүмкін. Созылмалы алкогольды интоксикация ГАМК-ергиялық рецепторлы кешен арқылы этанол және бензодаизепиндерге қиылысты толеранттылық шақыруы мүмкін. |
Опиатты энкцефалинергияық жүйе | Эндогенді опиоидтар (энкефалиндер және эндорфиндер) психоактивті заттардың әсерін іске асыруда маңызды рөл атқарады. Олар ауру сезімі, эмоциональды механизмдердің және мотивациялық үрдістердің іске асырылуына қатысады. Оң бекініс жүйесінің қызметіндегі басты орынның бірін шығу тегі пептидті және пептидті емес опиоидты белсенділікпен заттар алады. Эндогенді опиоидтар және олардың агонисттері наркотиктердің әсеріне ұқсасоң бекітетін әсер көрсетеді. Алкоголизм және апиындық наркомания кезінде базальды ганглияларда, гипоталамуста, «жолақты денеде» және гипофизде энкефалиндер деңгейінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Созылмалы алкогольды және апиындық интоксикация адам миындағы в-эндорфиннің айқын жеткіліксіздігіне алып келеді. Этанол ацетальдегид көмегімен опиоидты белсенділігінен айырылған кешендер түзіп энкефалиндермен әрекеттеседі. Y-эндорфин дофаминергиялық жүйе белсенділігін азайтады және «марапаттау награды» механизмдерін тежейді. Дофаминергиялық жүйе белсенділігі төмендеген кезде гипоталамуста энкефалиндер деңгейі жоғарылайды, ал серотонинергиялықтар төмендейді. Салынып ішетін маскүнемдерде перифериялық эндорфиннің босап шығуы тұрмыстық маскүнемдермен салыстырғанда төменірек. |
Нейропептидтер және нейрогормондар | Нейропептидтер және нейрогормондар, нейромедиаторлар сияқты, жүйкелік импульстың синапстық тасымалдануына әсер етеді және адамның жүріс-тұрысы мен эмоциональды сферасын реттейді. Көптеген зерттеулерде олар жеке медиаторлардың белсенділігін реттей отырып классикалық нейромедиаторлар мен нейромодуляторлар тәрізді әсер ету мүмкіндігі бар екені көрсетілді. Аталған заттар ПАЗ-ы шектен тыс қолдану кезінде пайда болатын катехоламиндік нейромедиацияның патологиялық дисбалансын қалыпқа келтіре алады. Осындай нейропептидтердің бірі холецистокинин (ланкреозимин) болып табылады. Оны қолдану қысқа уақыт аралығында апиындық абстиненцияның басты клиникалық көріністерін тиімді басуға мүмкіндік береді. Такус препараты ұқсас (аналогты) әсер көрсетеді (церулетид) – дельта-ұйқы шақыратын пептид. |
Жасушалық аденилатциклазды жүйе | Психоактивті заттарды созылмалы қолдану кезінде, ми нейрондарында аденилатциклазалық жүйенің активизациясы және олардың метаболизмінің және функциональды белсенділігінің бұзылыстарына алып келетін циклды аденозин-3,5-монофосфат (ЦАМФ) деңгейінің жоғарылауы болады. Наркотикті бір реттік қолдану аденилатциклазалық белсенділікті тежейді, уақытша бар дисбалансты тоқтатады және нейрондардың функциональды күйін қалпына келтіреді. Осылайша, психоаткивті заттарды үнемі енгізуге қажеттілікті қамтамасыз ететін жабық шеңбер түзіледі. |