Ішкі аурулар бойынша тесттері
*!68 жастағы әйел дәрігерге қақырықты жөтелге, ентігу, тыныс алумен байланысты кеудедегі ауру сезіміне, дене температурасының 38˚С жоғарылауына, тершеңдік, әлсіздікке шағымданды. Суық тигеннен кейін ауырған. Объективті қарап тексергенде: аускультацияда оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде майда көпіршікті сырыл естіледі.
Төменде аталған диагноздардың ЕҢ ықтималы?
*!38 жастағы ер адам ұзақ уақытқа созылған шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданды. Анамнезінде 12 жыл бойы темекі шегеді. Объективті: аускультацияда қатаң тыныс, форсирленген тыныс шығару кезінде құрғақ сырыл естіледі. Қан анализінде: лейкоциттер 7,4 х 10 9/л, ЭТЖ 19 мм/сағ. Спирография көрсеткіштері: VC(ӨТС) – 80%, FVC(ФӨТС) – 70%, FEV1 (ФТШК1) - 65%, ТТ- 80%:
Төменде аталған диагноздардың ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*!52 жастағы ер адам қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, физикалық жүктемеден кейін күшейетін тыныштық жағдайдағы ентігуге шағымданып келді. Анамнезінде: соңғы 10 жылда таңертеңгі уақыттағы тұрақты жөтел мен қақырық бөлінуін байқаған. 30 жыл бойы шылым шегеді. Объективті: кеуде клеткасы бөшке тәрізді. Аускультацияда везикулярлы тыныс әлсіреген, тыныс шығару ұзарған, таралған құрғақ сырылдар естіледі.
Төменде аталған диагноздардың ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*!22 жастағы әйел адам тұншығу ұстамасына, қиын бөлінетін қақырықты ұстамалы жөтелге, аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге, мұрын бітелуіне шағымданады. 18 жасынан бері поллинозбен ауырады. Қарап тексергенде: жағдайы орташа. Диффузды «жылы» цианоз.Аускультацияда көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Болжама диагноз: Бронх демікпесі
Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қоюға ЕҢ негізделген?
*!60 жастағы ер адам қатты ұстамалы қан жағындылары аралас жөтелге, арықтауға, әлсіздікке шағымданып келді. 40 жылдан астам шылым шегеді. Соңғы жылдары 3 рет пневмониямен ауырған. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, сырылдар жоқ. Қан анализінде: эритроциттер 3,0х1012 /л, HB - 80 г/л, түсті көрсеткіш - 0,7, лейкоциттер
10х10 9/л, тромбоциттер 460х10 9/л, ЭТЖ 75 мм/сағ.
Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қоюға ЕҢ негізделген?
*!Ауруханадан тыс пневмония диагнозы қойылған 35 жастағы науқасты ушінші күн бақылаудасыз. Ол антибактериалды терапия (пенициллин тобы) алып жатыр. Оған қарамастан жағдайы жақсармады, дене қызуы қалыпқа келмеді.
Қандай емдеу тактикасы науқасты жүргізуде ЕҢ орынды?
*!45 жастағы ер адам шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, дене температурасының 37,80С жоғарылауына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданды. Аускультацияда қатаң тыныс, құрғақ сырыл естіледі. Болжама диагноз: Созылмалы бронхит, өршуі.
Қандай препараттарды тағайындаған ЕҢ орынды?
*!Ер адам 32 жаста. Тұншығу ұстамасы және ентігуге шағымданып қабылдау бөліміне келді. Анамнезінде: бұндай ұстамалар бұрындары болған, бірақ өз бетімен басылған. Қазіргі ұстама аяқ астынан пәтер жөндеу кезінде пайда болды. Күніне 1 қорап темекі шегеді. Қарап тексергенде: терісі ылғалды,ернінде шамалы цианоз. Аускультацияда тыныс әлсіреген, құрғақ ысқырықты сырылдар.
Төменде аталғандардың қайсысын пайдалану ЕҢ тиімді?
*!20 жастағы ер адам бронх демікпесімен ауырады. Қазір уақытта шағымдары жоқ, активті, жөтел, ентігу жоқ. Соңғы айда тұншығу ұстамасы болған жоқ, пикфлуоуметрия көрсеткіші қалыптыдан 80 % - 95 % .
Төменде аталған шаралардың қайсысы науқасты жүргізу тактикасында ЕҢ маңызды болып табылады?
*!55 жастағы әйел адам аспазшы болып жұмыс істейді. Таңертеңгі уақыттағы шырышты қақырықты жөтелге, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданады. Спирометрия көрсеткіштері: ФТШК1(ОФВ1) -65 %, индекс Тиффно-60%. СОӨА, орташа ауырлықтағы дәрежесі диагнозы қойылды.
Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындаған ЕҢ орынды?
*!25 жастағы әйел адам тыныс шығаруы қиындауымен жүретін және тұншығу ұстамасына дейін ұласатын айқын ентігуге, сальбутамолмен нашар басылатынына шағымданып келді. Анамнезінде: 2 жылдан бері өзін ауру санайды, сол кезден бері серуендеу кезінде, әсіресе көктемде тыныс шығаруы қиындаған ентігудің пайда болғанын байқаған. Поликлиникаға қаралып, Бронх демікпесі диагнозы қойылған.
Төменде аталған дәрілік заттар тобының қайсысы базисті ем үшін ЕҢ тиімді болып табылады?
*!52 жасар ер кісі бөлімшеде жедел миокард инфарктымен 3 апта бойы жатыр. ЭКГ-де лет находится 3 недели в отделении по поводу острого инфаркта миокарда. На ЭКГ кезеңді түрде QRS кешенінің түсіп қалуымен жүретін P-Q интервалының біртіндеп ұзаруы байқалды. ЭКГ-де қандай патология анықталды?
*!34 жасар диффузды токсикалық зобпен ауыратын науқаста ентігу, жүрек қағуы пайда болды. Жүрек тондары қатты естіледі, ырғақ дұрыс емес. Жүрек тұшы түрткісінде қысқа систолалық шу. ЖЖЖ - 108 в 1 мин, Пульс - 78 в 1 мин, аритмиялы. ЭКГ-де : R-R- әр түрлі, волны во II,III, avF, V1 тіркемелерінде f толқындары; Р тісшесі жоқ. Науқаста қандай ырғақ бұзылысы?
*!Науқаста жүректің қатып қалу сезімі және «жыбырлауы», жүрек қағуы байқалды. ЭКГде: ырғақ дұрыс емес, жеке қарыншалық кешендер 0,12 сек-қа дейін ұлғайған, деформацияланған, алдындағы R-R – аралықтары қысқарған олардан кейінгі пауза ұзарған, алдында Р тісшесі жоқ. Бұл науқаста қандай ритм бұзылысы?
*!65 жасар әйел, кенеттен синкопэ дамыды. Анамнезінде ұзақ жылдар бойын артериалық гиепертензия және стенокардия. Жоспарлы ем қабылдамаған. ЭКГ-де синусты тахикардия ЖЖЖ 120 рет минутына. ЖЭО солға қарай ығысқан. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. I, aVL ,V1-V3 тіркемелерінде QS, осы тіркемелерде ST сегментінің изолиниядан жоғарылауы.
ЕҢ МҮМКІН болатын диагноз?
*!45 жасар С.есімді науқас қарқынды физикалық күштемеден кейін пайда болатын және жүктемеден кейін 2 минуттан соң басылатын кеуде артындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Ауру сезімі сол қолға, иыққа беріледі. Ауру сеземінің ұзақтығы 2-5 минутқа жуық. ЕН МҮМКІН болатын диагноз қандай?
*!66 жасар И. есімдінауқас, АҚҚ 150/ 90 мм.рт.ст.,-ге дейін жоғарылауына шағымданады, 3 жыл көлемінде қант диабетімен ауырады, салмағы жоғары, бухгалтер болып жұмыс жасайды.
Аталғандардың ішінен ЕҢ МҮМКІН болатын диагноз?
*!Жас қызда АҚҚ АД 150/95 мм рт. ст. жоғарылауы фонында азғындық, саусақтарының дірілі, эмоциональды ашушаңдық, тахикардия, тәбетінің жоғарылдауы анықталды.
Артериялық қан қысымының ең мүмкін болатын себебін көрсетіңіз?
*!70 жастағы науқас, аздаған физикалық жүктемеде ентігуге, түнгі тұншығу ұстамасына, жүрек қағуына шағымданып келді. Анамнезінде – миокард инфаркты. Объективті: ортопноэ, ерін цианозы. Өкпесінде – екі өкпеде төменгі бөлімінде ылғалды майда көпіршікті сырылдаржүрек тондары тұйықталған ЖЖЖ 100 в 1 минутына. АД 130/70 мм рт. ст. бауыры ұлғайған. Аяқтарында массивті ісінулер. Диурезінің азаюы.
Ең мүмкін болатын диагнозды таңдаңыз:
*!6 жасар науқас физикалық жүктеме кезінде пайда болатын, нитроглицеримен басылатын кеуде артындағы қысып ауру сезіміне, оның сол қолға, мойынға берілуіне шағымданып келді. 1 ай көлемінде ауырады. ЭКГ – кеуде әкетулерінде ST сегментінің; теріс Т тісшесі. 2 күннен кейін ЭКГ патологиясыз.
Төменде аталғандардың ішінен ЕҢ МҮМКІН болатын диагноз:
*!57 жасар ер кісі, эпигастрий аймағындағы ауырсынуды сезді. Екі реет жеген тағамын құсты. Науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіп, асқазанын жуды. Осы шараның соңында ауру сезімі кеуде артына ауысты және сол жаққа қарай таралды, жүрек ритіміндегі өзгерістер анықталды.
Электрокардиографияда не анықталуы мүмкін?
*!Трансмуральды миокард инфарктының негізгі электрокардиографиялық белгісіне жатады:
*!58 жасар К. есімді науқас заводтың бас инженері, желке тұсындағы қатты ауру сезіміне шағымданды. Бас ауруы бұрын да психоэмоциональдық күштемеден кейін болатын. Медициналық көмекке жүгінбеген. Пульс – ырғақты, 92 уд./мин., АД – 165/90 мм рт. ст.
Алғашқы көмек ретінде науқасқа қандай препарат беру керек?
*!Рефлюкс-эзофагиттің ІІ-ІІІ дәріждесімен ауыратын науқасқа 8 апта көлемінде протонды помпа ингибиторының толық дозасымен бастапқы ем жүргізілді. Өткізілген емге қарамастан аурудың симптомдары сақталған. Қай емдік шара мақсатты болып саналады?
*!45 жасар науқас, 8 жыл көлемінде асқазанның ойық жара ауруымен ауырады. Кезекті өршу кезеңінде «тұрып қалған» иіспен кекіру, тағам аралас құсу пайда болды. Науқаста ең мүмкін болатын асқыну қандай?
*!29 жастағы науқас эпигастрийдегі аш қарынлағы ауру сезіміне, жүрек айнуға, қыжылға, кекіруге, 1 ай көлемінде іш қатуына шағымданады. Объективті: тамақтануы төмен, Мендель симптомы оң.
Қандай тексеру жүргізу керек?
*!68 жастағы ер адам, асқазандағы толу сезіміне және кекіруге шағымданады. ЭФГДС: өңештің төменгі үштен бір бөлігінде гиперемия; асқазанда – рельефінің тегістелуі және шырышты қабатының жұқарып арасынан қан тамырлары көрініп тұр; метилен көгімен бояғанда қарқынды боялған ошақтар анықталды. Биопсияда: эпителий метаплазиясы. Болашақта науқасқа биопсиямен біріктірілген ЭФГДС –ті қандай жиілікте жасау қажет?
*!32 жасар науқас тамақтанғаннан кейін 30 минуттан соң пайда болатын эпигастрийдегі ауру сезіміне, қыжылға, антацид препараттарын қолданғаннан кейінгі басылуға шағымданады. 2 жыл көлемінде өзін аурумын деп санайды. Объективті: іштің терең пальпациясында эпигастрий аймағында ауырсынады. Гастрофиброскопия: асқазанның шырышты қабаты антральды бөлігінде қызарған және ісінген. Уреазалық тест – оң. Төмендегі емдік варианттардың қайсысы берілген жағдайда ең тиімді?
*!50 жасар әйел адам ауыр жағдайда жалпы әлсіздікке, бас айналуға, қан аралас құсуға шағымданып түсті. Об-ті: тамақтануы төмен, тері жамылғысы және шырышты қабаты иктериялы, мойын және кеуде аймағында тамырлы жұлдызшалар, алақанында – пальмарлы эритема, тілдің емізікшелері тегістелген. Іші көлемі жағынан ұлғайған, алдыңғы құрсақ қабырғасының тамырлары кеңейген, бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, тығыздалған, көкбауырдың төменгі жағы пальпацияланады.
ЭФГДС жүргізілгенде науқаста не анықталады?
*!16 жасар жасөспірім әлсіздікке, ұйқысының, назарының, бұзылуына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, соңғы уақытта жазуының өзгеруіне, мұрыннан қан кетуіне, көгерулерге шағымданады. Терісі құрғақ, гипо- және гиперпигментация ошақтары, ақшыл тырнақтар, бетінде және кеудесінде телеангиоэктазиялар анықталды. Бауыры қабырға доғасынан 1с м-ге шығып тұр, тығыз. Көкбауыры – 15х8 см. Құрсақ қуысында бос сұйықтық анықталды.. АЛТ- 28 МЕ/мл, АСТ – 24 МЕ/мл, билирубин 143 мкмоль/л, ПТИ – 45%, жалпы белок – 57 г/л, альбумин – 26 г/л. Бауыр эластографиясы – 27 кПа.
Ең мүмкін болатын диагноз?
*!Асциті, гематоспленомегалиясы бар, билирубин деңгейі – 44 мкмоль/л, альбумин – 28 г/л, ПТИ – 67% науқаста бауыр биопсиясын алу шешілген. Бауыр биопсиясы кезінде қандай асқыну болуы мүмкін?
*!47 жасар науқас соңһңғы айда 10 кг дейін бірден арықтаған, бозғылт, пальмарлы эритема, тамырлы жұлдызшалар, ішінде кеңейге венозды тор, гепатомегалия, субфебрилитет. КТ-да бауырдың келесі көрінісі (фото).
Ең мүмкін болатын патология?
*!22 жасар вирусты гепатит С-мен ауыратын, 24 апталық жүктілігі бар әйел. Соңғы 2 аптада терінің қыщынуын, әлсіздікті байқады. Биохимия: АЛТ – 1,64 ммоль/л. АСТ – 0,97 ммоль/л. Билирубин – 32,25 мкмоль/л. ПЦР HСV РНК – 105 копий/мл. қандай емдік тактика мүмкін болады?
*!56 жасар ер кісі, механик, ауруханаға эпигастрий аймағындағы, екі жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, кіші дәретінің күңгірттенуіне және нәжісінің түссізденуіне, терінің қышуына, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданып түсті. 3 ай көлемінде өзін аурумын деп санайды. Объективті: терісі иктериялы, қасыған іздері бар. ЖҚА: СОЭ – 50 мм/час, аздаған анемия 100 г/л, жалпы билирубин – 90 мкмоль/л, тікелей – 65 мкмоль/л, тимол сынамасы 5 ед., АЛТ – 0,65 моль/л. Холангиографияда үлкен дуоденальды емізікшеде контрасттың өтімділігі бұзылған. Берілгендердің ішінен қайсысы мүмкін болатын диагноз?
*!40 жасар ер кісі, әлсіздікке, эпигастрийдегі ауру сезіміне, жүрек айнуына және құсуға, аздап іш өтуіне шағымданады. Об-ті: тамақтануы төмен, тремор, пальмарлы эритема, рубинді тамшылар, эпигастрий аймағында және Мейо-Робсон нүктесінде ауру сезімді, Курлов бойынша бауыр көлемі: 16-14-11 см. Анамнезінде: соңғы аптада ішімдік қолданған 1 г/кг салмақ/тәул этанолмен есептегендеЖҚА: глюкоза – 4,8 ммоль/л, холестерин – 5,1 ммоль/л, АЛТ – 154 МЕ/мл, АСТ – 122 МЕ/мл, билирубин – 54 мкмоль/л, тікелей – 36 мкмоль/л, ГГТП -82 МЕ/л, ЩФ – 240 МЕ/л. HBsAg - отр, a-HCV – теріс.,a-HBVcoreIgG- оң.
Қандай патология болуы мүмкін?
*!23 жасар науқас, дәрігерге айқын ентігуге, 39°С –қа дейінгі қызбаға, сарғаюға шағымданып келді. Жалпы қан анализі: Нв - 48 г/л; Эр.–1,9х1012/л, Цв.п - 0,9; Лейкоциттер-15х109/л, Тромбоциттер-110х109/л, ретикулоциттер - 40%. ЭТЖ - 56 мм/сағ. Кумбс сынамасы - оң. МҮМКІН БОЛАТЫН диагнозды таңдаңыз?
*!70-жастағы науқас, «мақта тәрізді» табанға, тәб тінің болмауына, тілінің күйдірген тәрізді сезімге шағымданады. Объективті: аздаған сарғыштық, көк бауырының орташа ұлғаюы. Жалпы қан талдауында: Нв-58г/л, эритроциты-1,3х1012/л, ЦП-1,3, лейкоциты-2,8х109/л, тромбоциты -20,4х109/л, ЭТЖ-35мм/час. Эритроциттер морфологиясы – Жолли денешігі және Кебот сақиналары.
Негізгі препарат ретінде қайсысын тағайындайсыз?
*!Н. атты науқас бас ауруына, әлсіздікке, бор, құрғақ дақылдарды жегісі келетініне шағымданады. Қарап тексеруде: шырышты қабаты бозғылт, терісі құрғақ, шаштарының түсуі, койлонихия. Жалпы қан талдауы: эритроциты -3,6х1012/л, Нв-78 г/л, ЦП – 0,6; лейкоциты - 4,0х109/л, тромбоциты – 243,0х109/л, лейкоформула өзгермеген. Сарысулық темір – 4 мкмоль/л. Жалпы билирубин - 14 мкмоль/л.
Негізгі преперет ретінде қайсысын тағайындау керек?
*!З. атты 38 жасар науқас, қызылиектерінің қан аққыштығына, тамағындағы ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Объективті: науқастың жағдайы ауыр. Дене қызуы– 39,2ºС. Тері жамылғылары және көрінетін шырышты қабаты бозғылт, денесінің терісінде көптеген петехиялар мен зкхимоздар. Қызыл иегі тарамдалған, миндалиналарында – некрозды жабынды. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақ дұрыс ЖСЖ 82 уд. 1 минутта. Пальпацияда бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, көкбауыр 3 см ұлғайған. ЖҚА: Нв – 75 г/л, эритроциты – 2,5х1012/л, ЦП – 0,9, лейкоциты – 150,5х109/л, бласттар – 98%, с-1%, лимф-1%, тромбоциты – к/а бірен-саран, ,ЭТЖ 35 мм/сағ.
ЕҢ МҮМКІН болатын диагнозды атаңыз?
*!25 жасар Ж. есімді науқас, 1 жыл көлемінде жүйелі қызыл жегімен ауырады. Емханаға тері жамылғылары мен склерасының бірден сарғаюына, кіші дәретінің күңгірттенуіне, 39ºС-қа дейінгі қызбаға, айқын әлсіздікке шағымданып келді. ЖҚА: эритроциты 1,4 х 1012/л, Hb 45 г/л, ЦП 0,96, лейкоциты 17,7 х 109/л, тромбоциты – 254,0 х 109/л. Лейкоформулада: таяқшалы-ядролы – 7%, сегментті ядролы – 54%, моноциттер – 5%, эозинофилдер 3%, базофилдер 1%, лимфоциттер – 30%. Ретикулоциттер 50%. Жалпы билирубин 67 мкмоль/л, тікелей емес фракциясы – 54 мкмоль/л, АЛТ 0,23 Ед/л, АСТ 0,32 Ед/л.
Науқаста қандай асқыну дамыған?
*!20 жасар науқаста, терісінде геморрагиялық бөртпе, менораггия. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. ЖҚА: Нв-110 г/л; Эритроциты - 3,8х1012/л; Цв.п-0,9; Лейкоциты - 5,1х109/л, лейкоформула өзгермеген. Тромбоциты - 10х109/л; ЭТЖ-17мм/сағ. Қан ағу уақыты – 30мин, белсендірілген бөліктік тромбопластиндің уақыт– 45 с, фибриноген 4,5 г/л, қанды қоюдың ретракциясы бұзылған. .
Төмендегі диагноздың қайсысы ЕҢ МҮМКІН болады?
*!40 жастағы ер адам, АҚҚ-ң 180/120 мм с.б.-на дейін жоғарылауына, бас ауруына шағымданды. Анамнезінен белглі болғандай, соңғы 10-12 жылда АҚҚ-ң жоғарылауы байқалған, бірақ қандай да бір шағымдары болмағандықтан, медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге қаралмаған. Әкесінде гипертония болған, 60 жасында жүрек ұстамасынан қайтыс болған. Объективті: науқастың артық салмағы бар, шеткері ісінулер жоқ. АҚҚ 150/95 мм с.б.. айтуынша, несеп түсі өзгермеген. ЖҚТ: Нв 140 г/л, ЭТЖ 5 мм/сағ. Қанның б/х талдауында: жалпы белок 70 г/л, креатинин 200 мкмоль/л (2 апта бұрын креатинин 215мкмоль/л болған), мочевина 9,8 ммоль/л, холестерин 7,1 ммоль/л, калий 4,0 ммоль/л. ЖНТ: белок 0,33 г/л, лейк 0-1 к/а, эритр 4-5 к/а. УДЗ-де: ОБ 10,5х4,0см; СБ 10,6х4,2см., несеп іркілісі жоқ. ЭхоКГ-да СҚ гипертрофия белгілері.
*!22 жастағы әйел адам, белдегі тұрақты ауру-сезіміне шағымданумен қаралды. қарағанда: температура 36,00С, ісінулер жоқ, АҚҚ 110/70 мм с.б, іші жұмсақ, ауру-сезімінсіз. Зертханалық: дизурия жоқ, ЖҚТ-да Нв 122 г/л, Ле 7,8х109 г/л; несепте: белок жоқ, салыст.тығ. 1020, тұнбада жалпы эпителий 8-10 к/а, лейкоциттер 4-6 к/а, эритроциттер 0-1 к/а, ШСЖ 128 мл/мин. Бүйрек УДЗ-де: өлшемдері ОБ 11х3,9, СБ 11,2х4,0 см, АТЖ «деформациясы». Бүйрек УДЗ-нің көрсеткішін қалай бағалауға болады?
*!23 жастағы қыз. Дәрігерде «Созылмалы гастродуоденит» диагнозымен бақыланады. Айтарлықтай шағымдары жоқ. АҚҚ – 110/70 мм с.б. Кезекті зерттеуде несепте бактериурия анықталды, Л - 0-1 к/а, Эр – жоқ. Несепті бак. себуде: Е.coli 1 мл-де 105 мкр. Денелері себілді. Бұл науқастағы емдеу тактикаңыз қандай?
*!25 жастағы әйелде суықтанғаннан кейін табандары ісіне бастады, АҚҚ 150/100 мм с.б., протеинурия 1,65 г/л, микрогематурия. Жедел гломерулонефрит диагнозы қойылды. Пенициллинмен, гипотензивті және диуретикалық дәрілермен ем жүргізілді. Алайда нәтиже болмады. 2 айдан бері бетінің, табанының ісінулері сақталған, тұрақты протеинурия (4,8 г/л-ге дейін), АҚҚ 130/90 – 150/100 мм с.б.
Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдісін тағайындау қажет?
*!25 жастағы әйел адам, 8 жылдан бері ҚД-ң 1 типімен ауырады. Қандағы қант деңгейін бақылай отырып, инсуллин препараттарымен емделеді. Соңғы жылдары несепте альбуминурия 100-150мг/тәу. Анықталып жүр.
Бұл жағдайда қандай препарат және қандай мақсатпен бағайындау қажет?
*!36 жастағы әйел адамның капиллярлы қандағы гликемия деңгейі ашқарынға 5,6 ммоль/л. Қайта тексеру кезінде гликемия ашқарынға 5,7 ммоль/л. Шағымдары жоқ. Бойы 162 см, салмағы 97 кг. Бел мен мықын аумағының ара қатынасы 1,6. Артериальды қан қысымы 132/85 мм с.б.б..
Қандай болжама диагноз БАРЫНША мүмкін?
*!26 жасар әйел шаршағыштыққа және ауыру сезімді етеккірдің болуына шағымданып келді. Жүктілікті жоспарлауда. Денсаулығы жақсы, ешқандай дәрілік заттарды қолданбайды. Қандағы ТТГ концентрациясы 7,2 мМЕ/л (қалыптыда 4,0 дейін), тиреоидты гормондар қалыпты.
Қандай қосымша зерттеу әдістері БАРЫНША мақсатты?
*!48 жастағы ер адамды 6 ай бойы ауыздың құрғауы, шөлдеу мазалайды. Бойы 178 см, салмағы 113 кг, тері жабындысы құрғақ. Гликемия ашқарынға 8,2 ммоль/л, тамақтан кейін 9,9 ммоль/л. Дәрігер ем тағайындап, жағдайын қадағалау қажет екенін түсіндіріп айтты. Қандай көрсеткішке жету БАРЫНША мақсатты?
*!46 жастағы әйел ұзақ уақыт бойы пероральды гидрокортизонмен орынбасушы терапия қабылдайды. Тіс дәрігеріне тісіндегі ауру сезімімен қаралу кезінде тісжегі анықталып, тіс экстракциясы тағайындалған.
Тіс экстракциясына байланысты қандай ем коррекциясы БАРЫНША көрсетілген
*!54 жастағы әйел жұтыну кезінде тамағындағы жағымсыз әсердің болуына шағымданады. Дәрігер қалқанша безінің пальпациясы кезінде айналасындағы тіндерге жабыспаған, ауру сезімінсіз, диаметрі 1 см түйінді анықтады. Қалқанша безінің УДЗ диаметрі 1 см түйін анықталды.
Қандай қосымша диагностикалық зерттеу жүргізу БАРЫНША мақсатты?
*!40 жастағы ер адам шаршағыштыққа, артық дене салмағына, терісінің құрғауына шағымданды. Қарап тексеру кезінде: тері-асты май қабатының таралуы «алма» типті, тілі ылғалды, терісі құрғақтау, бауыры ұлғаймаған. Артериальды қан қысымы 135/85 мм с.б.б. Бойы 174 см, салмағы 109 кг, бел аумағы 113 см. Гликемия капиллярлы қанда ашқарынға 5,6 ммоль/л.
Қандай ем тағайындау БАРЫНША мақсатты?
*!57 жастағы әйел соңғы 2 жыл бойы тиреостатикалық терапия қабылдаған.Алайда препаратты ретсіз және бақылаусыз қабылдаған. Соңғы апта ішінде қосылған респираторлы ауру фонында қан қысымының төмендеуін, әлсіздік, терісінің қараюын байқаған. Артериальды қан қысымы бірнеше реттік өлшеу кезінде 90-85/60-55 мм с.б.б.
Қандай зерттеу нәтижесі БАРЫНША мүмкін?
*!40 жасар әйел, мұғалім, дене салмағының артуына, бетінде түктердің шамадан тыс өсуіне, теріде кенеттен қанқұйылулардың пайда болуына шағымданады. Соңғы 3 жылда осы белгілер үдей түскен. Қан сарысуындағы кортизол 700 нмоль/л (қалыптыда 50-450 нмоль/л)
Қандай зерттеу нәтижесінің болуы БАРЫНША мүмкін?
*!Ер адамда 12 жыл бұрын ашқарынға гликемия 8,2 ммоль/л жоғарылауына байланысты ем тағайындалған. Соңғы уақытта 5 кг арықтаған. Қарап тексеру: бойы 178, салмағы 68 кг. Метформин 2000 мг және диабетон 90 мг ретті түрде қабылдауына қарамастан, шөлдеу және полиурия мазалайды. Ашқарынға гликемияны өзіндік бақылау 15 ммоль/л, тамақтан кейін 18 ммоль/л.
Қандай ем жүргізу әдісі БАРЫНША мақсатты?
*!53 жастағы ер адамда 1 жыл бұрын ашқарынға 9,8 ммоль/л гликемия анықталды. Дәрігер метформин 1000 мг/тәу. тағайындаған. Жұмысындағы күйзелістік жағдайдан кейін төс артындағы қатты ауыру сезімін байқады. Жедел жәрдем шақыртты. Жүрек ұстамасына күдіктеніп, стационарға жатқызылды. Гликемия 10,5 ммоль/л.
Қандай ем әдісін жүргізу БАРЫНША мақсатты?
*!45 жастағы әйел эндокринологқа тері қызаруы, қорқыныш сезімі, жүрек соғуы, парестезия, ентігу, іштегі, бел аймағындағы ауыру сезімімен жүретін қан қысымының жоғарылауына шағымданып келді. Науқастың айтуынша, ұстама бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылады. Қандағы гликемия - 6,2 ммоль/л. Гликемиялық профиль: 08.00-5,1 ммоль/л, 11.00-6,4ммоль/л. Қандағы метанефриндер мен бос катехоламиндер концентрациясы 2 есе жоғарылаған.
Науқасқа төменде берілген препараттардың қайсысы БАРЫНША көрсетілген?
*!Жасөспірім 15 жаста, ауруханаға 38,2′С дейін көтерілген дене қызуына, сол жақ тілерсек, тізе, шынтақ және оң жақ иық буындарындағы көшпелі сипаттағы ісінулер мен ауру сезіміне, жеңіл физикалық жүктеме кезінде пайда болатын ентігуге, жүрек тұсындағы шаншаған ауру сезіміне шағымданып түсті. 2 апта бұрын іріңді баспамен ауырған. Қарап тексергенде: Жүректің сол жақ шекарасы 5 қабырға аралығында бұғана ортанғы сызығы бойымен, тахикардия, жүрек ұшында систоликалық шу. Жоғарыда аталған буындардың барлығы қызарған, ісінген, сипап қарағанда ауырады.
Диагнозды дәлелдеу үшін қандай лабораторлы зерттеулер қажет?
*!Ер адам 45 жаста, клиникаға жүрек тұсындағы қысып жатқандай ауру сезімге, жүрек қағысының жиілегеніне, тұншығу ұстамаларына, аяғында пайда болған ісінулерге, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде - созылмалы тонзилит. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозарған. Балтырлары ісінген. Буындары өзгеріссіз. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары: оң жақ шекарасы - төстің оң қырынан 2 см сыртқа, жоғарғы шекарасы – ІІ қабырғада, сол жағы – бұғана орталық сызығынан 2 см сыртқа орналасқан. Жүрек ұшында систоликалық және пресистоликалық шу, І тон күшейген, өкпе сабауында ІІ тон акценті. Пульс-92 рет минутына. Бауыр қабырға доғасынан 4 см төмен орналасқан.
Ең ықтимал диагнозды қойыңыз?
*!Әйел 55 жаста, мұғалім, механикалық сипаттағы, кешке, физикалық жүктемеден кейін пайда болатын тізе буындарындағы ауру сезімге, таңертегілік 15 минутқа созылатын құрысуға шағымданады. Қарап тексергенде: «о» тәрізді дефигурация, тізе буындарының сықырлауы. Қол басы буындары рентгенограммасында: остеофиттер мен буын саңылауының тарылуы. Қанның жалпы анализінде- ЭТЖ 8 мм/сағ. Райт реакциясы мен Хадлсон реакциялары теріс.
Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?
*!Әйел, 56 жаста, фасовщица, қимылдағанда және түнде пайда болатын, қол басы майда буындарының ауру сезіміне шағымданады, 5 жылдан астам ауырады. Ауру біртіндеп басталған. Қарап тексергенде: шеткі саусақ аралық буындар қалыңдаған, олардың бүйірінде бұршақ пішінді түйіндер сезіледі. Қол басы буындарының рентгенограммасында: остеофиттер мен буын саңылауының тарылуы. Қанның жалпы анализінде өзгеріссіз.
Жоғарыда табылған түйіндер қалай аталады?
*!Ер адам 60 жаста, көлік жүргізуші, кешке күшеетін оң жақ тізесінің ісінуі мен ауруына шағымданады.Таңертең ұзақ демалыстан кейін, қимыл бастаған кезде ауруды сезеді, сосын ол сезім азайып, кешке қайтадан мазалайды. Аталған буындағы ауру сезімі баспалдақтан түсіп келе жатқанда да байқалады. Қарап тексергенде: сол жақ тізе ісінген, активті және пассивті қозғалыс ауырсынумен, қозғалғанда сықырлар естіледі.
Осы ауруға тән рентгенограммадағы өзгерістерді ата?
*!Ер адам 35 жаста, мойын, кеуде және бел-сегізкөз омыртқаларындағы ауру сезім мен қозғалыстың шектелуіне, өкшелерінің, жамбасының ауруына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісі боз, бөртпелер жоқ. «Сұрайшы» кейіпте. Кеуде торшасының регидтілігі. Кеуде торшасы тыныс алу экскурсиясының шектелуі. HLAB27 оң. Омыртқа жотасының кеуде бөлімінің рентгенограммасында: «бамбук таяқшасы симптомы».
Бұл ауруға қандай буындардың зақымдалуы тән?
*!Ер адам 40 жаста, оң аяғының І ндағы ауру сезімге, дене қызуының 39′С дейін көтерілуіне, қалтырауға шағымданады. Ауруын кеше көп көлемде алкаголь ішуімен байланыстырады. Қарап тексергенде: науқас толық, оң аяғының І бақайы ісінген, қызарған, түлеп жатыр. Буындағы қимыл-қозғалыс шектелген, қозғалғанда ауру сезімі күшееді. Ішкі ағзалар өзгеріссіз.
*!Ер адам 28 жаста, оң жақ тілерсек пен сол жақ тізе буындарының ауруына, ісінуіне және буын қызметінің шектелуіне, көздерінің қызаруына, кіші дәретке отырғанында ауырсынудың болуына шағымданады. 2 апта ішінде жайлап ауырды. Қарап тексергенде: зақымдалған буындардың дефигурациясы, қызаруы. Табандарының түлеуі. Тері бөртпелері жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты
Бұл аурудың дамуына, науқаста қандай инфекция ісер етуі мүмкін?
*!Әйел 26 жаста, қол басы майда буындарының ауруы мен ісінуіне, беттерінің қызаруына, жүрек қағысының жиілеуіне, әлсіздікке, арықтауға, ауыздың шырышты қабатында ойық жаралардың пайда болуына, зәрдің күңгірттенуіне шағымданады. Босанғаннан кейін 3 айдан соң ауырған. Қарап тексергенде: саусақаралық буындарды сипағанда науқас ауырсынады, беті мен мұрынның үстінде эритема, «декольте» аймағының гиперемиясы. Жүрек тондары тұйықталған, ЖЖЖ 150 рет минутына. ҚЖА – эритроциттер – 3,8 × 1012 /л, түстік көрсеткіш – 0,86, лейкоциттер – 2,1 × 109 /л, ЭТЖ – 48 мм/сағ.
Диагнозды анықтауға қандай лабораторлы зерттеу көмектеседі?
*!Әйел К., 40 жаста, қол және аяқ басы буындарының ауруына, жаурағыштыққа, салқында саусақтарының жансыздануына шағымданады. Қарап тексергенде: бетінде «жұлдызшалар» тәрізді тамырлы тор. Қол басы бүгу контрактурасында, башпайлары мен саусақтарында ойық жаралар. Рейно синдромы. Өкпеде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, жүрек ұшында систолалық шу. ЖЖЖ – 80 рет минутына. Артериалды қан қысымы – 150/90 мм.с.б. Қанда: эритроциттер -4,5×1012/л, гемоглобин-110 г/л, лейкоциттер- 5× 109/л. ЭТЖ – 18 мм/сағ.
Қандай базисті препарат тағайындаған дұрыс:
*!Ер адам, 40 жаста, қол басы майда буындарының, тізелерінің, шынтақтарының, білезіктерінің ауру сезіміне шағымданды. Қарап тексергенде: проксималды саусақ аралық, тізе, шынтақ, білезік буындарының ісінуі, қимыл-қозғалыстарының шектелуі ҚЖА: ЭТЖ 35 мм/сағ. СРБ оң, Ревматоидты фактор оң, АЦЦП оң. Қол басы рентгенограммасында- эпифизарлы остеопороз, буын саңылауының тарылуы, бірең-сараң эрозиялар.
Қандай базисті препарат тағайындаған дұрыс:
*!44-жастағы әйел адам, Созақ аудуны, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. 10 мамырда ауырған. 4 күн бойы дене температурасы көтеріліп, әлсәздік, басының ауруы, данасінің сырқырауы, бел аймағындағы ауру сезімі мазалаған. Бүгін мұрны аздап қанаған. Дене температурасы 39,00С. Беті мен мойны қызарған, конъюнктивит, аңқасы гиперемияланған. Оң жақ қолтығында бірең-сараң геморрагиялық элементтер анықталады. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыры 1,0 см.
Жағдайды қалай жіктеуге болады (15.12.2006 ж. шыққан ҚР ДСМ 623 на сай)?
*!49-жастағы ер адам, Жанақорған ауданы, Қазалорда облысынң тұрғыны. 15 мамырда ауырған, дене температурасы көтеріліп, әлсіздік дамыған, басы ауырған, денесі сырқыраға, бел аймағы қатты мазалааған. Емханада емделген. Ауруының 4-ші күнімұрны аздап қанаған. Қарап тексергенде: дене температурасы 39,00С, беті мен мойны қызарған, конъюнктивит анаықталады, аңқасы гиперемияланған. Инъекция орындарында гематомалар байқалады. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыры1,0 см. Эпид.анамнезі: ауырмастан бір апта бұрын шабына жабысып тұрған кенені алып тастаған.
Жағдайды қалай жіктеуге болады (15.12.2006 ж. шыққан ҚР ДСМ 623на сай)?
*!18-жастағы ер адам, Туркестан қаласының , Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. 5 мамырда ауырған, дене температурасы көтерілген, құсқан, әлсіздік мазалап, іші өткен, басы ауырып, денесі сырқыраған. Ауруының 3-ші күнімұрны аздап қанаған. Қарап тексергенде: дене температурасы 39,00С, беті мен мойны қызарған, аңқасы гиперемияланған. Инъекция орнында гематомалар. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыры !!!1,0 см. Эпид.анамнезі: ауырырдан бір апта бұрын кене басып кеткен қойларды қырқуға қатысқан, қолғап кимеген, кенелердің қаны бетіне шашыраған. Ауруханаға жатқызылған. 8.05. ИФА әдісімен КҚГҚ вирусына антиденесін анықтағанда IgM, IgG теріс нәтиже берді.
ИФА нәтижесінің теріс болуының себебі қандай?
*!19 жастағы ер адам дәрігерге 25.09 күні келген. Шағымдары: әлсіздік, тәбеттің төмендеуі. Ауру 19.09 күні басталған: дене қызуы 37,80С-қа дейін жоғарылаған, жүрек айнуы, 2 рет құсу, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі мазалаған. 24.09 күні склераларының сарғаюын және зәр түсінің қоңырлануын байқаған. Объективті: тері жабындылары мен шырышты қабаттары сарғайған. Кеудесінде бірлі-жарлы «тамыр жұлдызшалары» байқалады. Бауыры 1,5 см-ге ұлғайған, консистенциясы тығыздау. ИФА нәтижесі: antiHAV IgM, antiHBcore IgM, antiHBe IgG.
Сипатталған клиникалық жағдайдағы ЕҢ ықтимал диагноз?
*!30 жастағы әйел адам (жүктілік мерзімі 24-25 апта) 7 күн бұрын ауырып бастаған. Шағымдары: жүрек айнуы, көп рет құсу, айқын әлсіздік, мұрыннан қан кету. Объективті: Жағдайы ауыр. Әлсіз. Тері мен шырышты қабаттары сарғайған. Көк тамыр инъекциялар орнында – тері астылық геморрагиялар. Іші жүктілік есебімен ұлғайған. Жатыры жұмсақ. Бауыр көлемі қалыпты. Зәр түсі қоңыр. Қанның биохимиялық анализінің нәтижесі: АЛТ-1230 ед/л, билирубин жалпы - 135,6 ммоль/л, тікелей - 98,6 ммоль/л. ИФА: anti-HЕV IgM.
Қандай тактика ЕҢ дұрыс болып табылады?
*!23 жастағы ер адам әлсіздікке, тәбеттің жоғалуына, ірі буындарының ауыру сезіміне, дене қызуының 37,8°С-қа дейін жоғарылауына, зәр түсінің қоңырлануына шағымданып дәрігерге келген. 10 күн бойы ауырады; кеше склералары мен терісінің сарғаюын, буындарындағы ауыру сезімінің күшеюін және жалпы жағдайының нашарлауын байқаған. Эпиданамнез: 2 жыл бұрын - холецистэктомия. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері мен шырышты қабаттары сарғайған. Буындары өзгермеген. Гепатомегалия. Зәр түсі қоңыр, нәжісі сұр түсті. Қанда: билирубин-143 мкмоль/л (тікелей-91, тікелей емес-52), тимол сынамасы– 4 бірлік., АЛТ – 240 Ед/л, АСТ – 180 Ед/л.
ЕҢ ықтимал диагноз:
*!27 жастағы ер адам ауруханаға ауруының 5-ші күні түскен. Шағымдары: әлсіздік, t - 39,0°С, бұлшық еттер мен буындардың ауыру сезімі, тәбеттің жоғалуы, оң жақ қабырға астындағы айқын ауыру сезімі. Анамнез: 8 ай бұрын жедел вирусты В гепатитпен ауырған. Ауруханадан шыққан соң өзін қанағаттанарлы сезінген. Көк тамырға есірткі қабылдайды. Объективті: жағдайы ауыр. Айқын сарғыштық. Іші кепкен, оң жақ қабырға астында ауыру сезімді. Бауыры 3,5 см-ге ұлғайған, ауыру сезімді. Спленомегалия. Зәр түсі қоңыр. Жалпы билирубин-192 мкмоль/л (тікелей-130, тікелей емес-62), тим.сынама-16 ед., АЛТ-1020 Ед/л, АСТ-800 Ед/л.
ЕҢ ықтимал диагноз:
*!Әйел адам,18 жаста аймақтық дәрігерге тез шаршағыштыққа,әлсіздікке,салмағының азаюна, майлы тамақ жеген соң күшейетін оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, тәбетінің төмендеуіне шағымданып, қаралды.Қарап тексергенде: Тері жабындысы құрғақ,түсі өзгермеген, қасыған іздер байқалады,бетінде тамыр торшалары бар,тілі өңезделген, бауыры 1.5 см-ге ұлғайған. УДЗ-де- бауыр паренхимасы өзгерген, бауыры ұлғайған. Биохимиялық анализде: Жалпы билирубин- 20мкмоль/л (тікелей – 4, тікелей емес– 16), тимоловая сынамасы – 11 ед, АЛТ – 110 Ед/л, АСТ – 70 Ед/л. В санитарлық кітапшасында – HbsAg – теріс.
ЕҢ ықтимал диагноз:
*!Ер адам, 42 жаста, белсенді шағымдары жоқ, операция жасаушы хирург.Тез, жиі шаршағыштығын байқайды. Тері және шырышты қабаттарының түсі өзгермеген. Бауыры 2 см-ге ұлғайған. УДЗ-де бауыр паренхимасы өзгерген,гепатоспленомегалия. Биохимиялық анализде: Жалпы билирубин- 18мкмоль/л (тікелей – 4, тікелей емес– 16), тимоловая сынамасы – 11 ед, АЛТ – 30 Ед/л, АСТ – 40 Ед/л. ИФА оң нәтижелі-аnti-НСV, ПТР- оң HCV RNА, генотип 1, вирусты жүктеме 2600000 МЕ/мл.
ЗЗ қаулы бойынша ЕҢ ықтимал мақсатты іс-әрекет:
*!Әйел, 37 жаста, орталық клиникалық ауруханаға ес-түссіз жеткізілген. Тері жабындысы аздап сарғыш түсті,бірең-сараң геморагиялық бөртпелер бар. Аузынан «бауырлық» иіс шығады. Жүрек тондары бәсеңдеген.Тамыр соғысы ырғақты,толымы әлсіз, минутына 120 .Перкуссияда бауырдың төменгі шеті оң жақ бұғана ортаңғы сызығы бойынша 2 см қабырға доғасынан жоғары анықталынады.Зәрі катетер арқылы, аз мөлшерлі, қою түсті. Ауруханаға түсер алдында,бір апта бұрын әлсіздік , буынының сырқырауын, тәбет төмендеуін байқаған.
ЕҢ ықтимал диагноз :
*!24 жастағы ер адам, келісім бойынша әскерде қызмет етеді, даладағы полигонда болған, ауруының 3-ші күні түскен. Таңертең дене температурасы 39,8С0 дейін көтерілген, кешке іші бүріп ауыра бастаған, іші өткен, басында 2-3 рет көп мөлшерде сұйық, кейіннен нәжісі мардымсыз болып, 15-20 ретке дейін жиілеген, дәретке жалған шақырулар мазалаған. Левомецитин ішкен, нәтижесіз, ішінің ауруы күшейіп, нәжісінде қан пайда болған. Анамнезінде: 18 жасында спецификалық емес жаралы колиттен ем алған. Объективті: Жағдайы ауыр. Тілі өңезделген. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауырады. Сигма тәрізді ішек тығыздалған, пальпациялағанда ауырады. Нәжісі аз мөлшерде, шырыш және қан араласқан.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*!Жедел жәрдемді үйге шақыру. Ер адам, 30 жаста. Ауырғанына 3 күн болған . Жөнді қуырылмаған гриль тауығын жегеннен кейін бір тәуіліктенсон жедел ауырған. Эпигастрии, кіндік аймағында ауру сезімі, жүрек айну, көп рет құсу, жиі тәуілігіне 15 рет үлкен дәретке барған, нәжісінің сипаты сұйық. Объективті: дене қызуы – 35,7ºС. Іші кеппеген, пальпация кезінде эпигастрии және оң мықын аймағында ауру сезімі бар. Ішек спазмы жоқ. АҚҚ - 80/50. Пульс - 120 с. мин. Таңертеннен бері зәрі болмаған. Нәжісі көп мөлшерде, жасыл түсті шырыш араласқан, иісі жағымсыз.
Науқаста қандай асқынудың дамуы ең ықтимал ?
*!Әйел адам, 28 жаста, жүктіліктің 8-9 аптасында, ауруы жедел басталған, 2-ші қаңтар күні, дене температурасы, қалтыраумен 39,0°С-ға дейін жоғарылаған, маңдайы солқылдап, басы қатты ауырады, мұрыны бітелген, тамағының жыбырлауы, құрғақ жөтелі болған. 31-ші желтоқсанда қонақта катаральды белгілері бар адаммен қатынаста болған. Ауруының екінші күні, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Қабылдау бөлімшесінде: жалпы жағдайы ауыр, беті қызарған, склера қан тамырлары инъекцияланған, терісі ылғалды, акроцианоз. Аңкасында айқын гиперемия. Мұрыны бітелген.Тынысы везикулярлы,сырыл жоқ. ТЖ-26 минутына. Жүрек үндері бәсеңдеген, пульс-108 мин, ҚҚ-100/60 мм.с.б.б.
Вирусқа қарсы қай препаратты және қандай мөлшерде тағайындау дұрыс?
*!2 аптадай қиын бөлінетін шырышты қақырықты жөтел, қан түкіру, үдейе берген әлсіздік, түнгі уақытта болатын тершеңдік 45 жастағы Д. деген еркекті мазалады. Соңғы айда 3-4 кгсалмаққа жүдеді.
Төменде аталған зерттеу әдістерінің қайсысы өте маңызды?
*!30 жастағы Т. еркек терапевтке кешке қарай температурасы 37,6° дейін жоғарлауына, тершендікке, әлсіздікке, дімкәстікке, жөтел қақырықпен, қан түкіруге, оң кеудесінің ауырсынуына, жүдеуге шағымданып терапевтке қаралған. ҚР ТМҰО клиникасында өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезі, ТБ МЛУ 4 категория бойынша емделіп жүрген ағасымен қарым қатынаста болған.
Төменде аталған зерттеу әдістерінің қайсысы ең информативті?
*!27 жастағы У., әйел келесі шағымдармен терапевтке қаралды: жалпы әлсіздік, температурасы 37,6° дейін жоғарлауы, жөтел шырышты қақырықпен. Тексергеннен кейін оң өкпенің төмеңгі бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау және себілу фазасы, ТМБ!!! анықталды.
Пациенттің типіне байланысты емнің категорияларының қайсысы ең орынды?
*!«Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі, ТМБ, жаңадан анықталған жағдай» деген диагнозбен 36 жастағы П., еркек туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерде емделеді. Бақылайтын рентгендік тексеруде ыдырау қуысының көлемінің ұлғаюы байқалады.
Ыдырау қуысының көлемінің ұлғаюына не себеп болуы мүмкін?
*!Жол апаты болған жерден 48 жастағы С., еркекті жедел жәрдем көмегімен БСМП-ға жеткізілді. Тексергенде: науқас бозғылт, суық тер, тахикардия, оң бүйрінде қатты ауру сезімі мазалады. Оң жағында дауыс дірілі анықталмайды, перкуторлы- қораптық дыбыс, аускультацияда - әлсіреген тыныс. Науқасқа ауыру сезімін басатын, жүрек- қантамырлық препараттар енгізілген. Жағдайының ауырлығы ауырлауда. Анамнезінде: 3 жыл бұрын туберкулезден жазылған.
Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*!«Өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезі, инфильтратты өршу және себілу фазасы,ТМБ, ТБ МЛУ, рецидив» деген диагнозбен 43 жастағы К., еркек 2- категория бойынша емделеді. Ем бары-сында көңіл күйі және хал жағдай нашарлайды, ентігу, оң жақ кеудесіндегі ауырсыну, температу-расы кешке қарай 39°C дейін жоғарлауы, жалпы әлсіздік, тершендік мазалайды. Қарап тексерген-де: тері жабындысы бозгылт, реңі цианозды. Өкпеде әртүрлі калибрдегі ылғалды сырылдар есті-леді, ал оң жағының төменгі бөлігінде тыныс естілмейді.
Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы болуы ықтимал?
*!Сіз- учаскелік терапевт. Сізге еркек кеңес алу келді, өйткені әйелі 2 күн бұрын босанды және баласын жақын арада шығару керек. Коммунальды пәтерде тұрады. Олардың көршісіне туберкулездің активты түрімен ауыратын құрбысы қонаққа келді.
Нәрістені алдын ала жұқтырудан сақтандыру үшін төменде аталған іс әрекеттің қайсысы ең тиімді?
*!Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты пневмониясымен 3 аптадай ауруханалық емді 43 жастағы В., еркек қабылдады. Антибиотиктармен емдегенде пациенттің жалпы хал жағдай жақсарды, бірақ түнде тершендік, жалпы әлсіздік сақталды. Рентгендік тексеруде- сол өкпенің жоғарғы бөлігіндегі инфильтратты көленке бұрыңғы өлшемінде сақталған.
Бірінші кезекте пневмонияны қандай аурулармен ажырату керек?
*!Перзентханада нәрістеге БЦЖ вакцинациясы егілген жоқ, өйткені онда катаральды өзгерістер болды және температурасы 38° дейін жоғарлады. Медициналық қарсылық болды.
БЦЖ вакцинациясын нәрістеге қашан егуге болады?
*!Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі, инфильтрация фазасы, ТМБ- жайында 1 категория бойынша негізгі препараттарымен 28 жастағы З., әйел амбулаторлы емделді. Жоғарғы қозушылыққа, ұйқысының бұзылуына, құрысуына, ұялы алопецияға шағымданады.
Пациенттің шағымын және жүргізу тактикасын қалай бағалау керек?
*!Сіз – дәрігер-терапевт. Сіз 20 жастағы К., пациентка қаралды, өйткені күйеуге шықты және күйеунің ата-анасының үйне көшіп келді. Бірнеше айдан кейін тез шаршайтының, жүдегенің, терлейтінің, аздап жөтелетінің байқайды, субфибрилитет мазалайды. Тексергенде: бітімі астеникалық, перифериялық лимфа бездері пальпацияланбайды. Анамнезінен: тубдиспансерде бақылауда тұратын атасымен тубконтакта болған.
Пациентканы тексерудегі аталған зерттеу әдістердің қайсысы ең информативты?
*!Емханаға 4 жасар қызымен анасы келіп қаралды. Қыз бала басының шашты бөлігіндегі қышу сезімі мен бөртпелерге шағымданды. Ауырғанына 1 жыл болған. Анасының айтуынша бөртпелер іріңді ангинамен ауырған соң пайда болған. Объективті: бастың шашты бөлігінің терісі сұр-сары түсті қабаттанған қабыршақтармен жабылған. Оларды қырғанда ақшыл-күміс түсті беткей ашылады. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*!Дерматолог дәрігерге 46 жасар әйел, барлық тері беткейінде пайда болған, қышу сезімі мен қабыршақтанумен жүретін бөртпелерге шағымданды. Ауырғанына 15 жыл болған. Аурудың пайда болуын жүйке күйзелісімен байланыстырады. Объективті: кеуде терісінде, білек пен сирақтың жазғыш беттерінде әртүрлі көлемді қызғылт-қызыл түсті, беті ақ қабыршақтармен жабылған түйіншектер мен табақшалар көрінеді, жаңа элементтердің пайда болуы мен олардың перифериялық өсуі байқалады. Асқынуы күз бен қыс айларында. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*!3 жасар балада 4 күн бұрын жылдам қабыққа кебетін көпіршіктер пайда болды. Сабындап ыстық сумен жуынғаннан кейін бөртпелер саны бірден көбейіп кеткен. Объективті: мұрын-ерін қатпарында, ұрт аймағы мен көз айналасында үлкен емес, қақпағы бос, бұлыңғыр сұйықтығы бар, айналасында жіңішке, қызғылт түсті белдеушесі бар көпіршіктер байқалады, кейбір көпіршіктер жарылып, лимон-сары түсті қабыққа кепкен. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Баланың баратын бала-бақша тобындағы кейбір балаларда ұқсас клиникалық көрініс байқалады. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*!Дерматолог дәрігерге 17 жасар қыз бетіндегі бөртпе элементтеріне шағымданып қаралды. Объективті: бетінде меруерт түсті, жартылай мөлдір, ортасында кіндік тәрізді ойысы бар түйіншектер, көлемі тары дәнінен бұршақ дәніне дейін. Түйіншекті қысқанда сүзбе тәрізді бөлінді шығады. Субъективті сезімі жоқ. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*!30 жасар ер адамның мойын аймағында, кеудесінің жоғарғы бөлігінде конфигурациясы мен көлемі әртүрлі, қабынусыз, бетінде кебекті қабыршақтануы бар сарғыш-қоңыр түсті дақтар байқалады. Бальцер сынамасы оң. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*!Дерматолог дәрігерге 22 жасар ер адам қабыршақтану мен әлсіз қышу сезімімен жүретін бөртпелік элементтерге шағымданды. Объективті: тізесі мен шынтағында бетінде айқын қабыршақтануы бар, шекарасы айқын фестонды, қызыл түсті, нумулярлы түйіншектер. Сұрастырғанда осындай ауру әкесі мен ағасында байқалған. Берілгендердің ішінде сыртқы терапияда қай дәрілік препаратты тағайындау НЕҒҰРЛЫМ орынды:
*!2 жасар баланың иегінде эритема фонында сарғыш-бал түсті қабаттанған қабықтар байқалады. Негізгі ошақ айналасында бір-екі майда фликтеналар бар. Оң жақ танау аймағы терісінде сары түсті қабықтар. Ауырғанына 6 күн болған. Берілгендердің ішінде сыртқы терапияда қай дәрілік препаратты тағайындау НЕҒҰРЛЫМ орынды:
*!Емханаға 33 жасар әйел ауыз бұрышындағы ауыру сезімі мен бөртпелерге шағымданып қаралды. Қарап-тексергенде ауыз бұрышының терісі қызарған, ісінген, қатпардың тереңінде айналасы гиперемияланған, жиегінде сылынған эпителиден тұратын ақшыл белдеушесі бар эрозия көрінеді. Науқасты емдеуде сыртқы терапияның қай тактикасы НЕҒҰРЛЫМ орынды:
*!24 жасар ер адамның қызыл еріннің төменгі бөлігінде ашу мен қышу сезімімен жүретін бөртпелік элементтер пайда болды. Бөртпелер бесінші рет пайда болуда. Рецидив аралығы 2-3 айды құрайды. Рецидивтің болуын тұмау ауруларымен байланыстырады. Қарап-тексергенде: төменгі қызыл ерінде эритема фонында бірлескен серозды сұйықтығы бар көпіршікшелер, серозды қабықтар. Берілгендерден қай препарат тобын тағайындаған НЕҒҰРЛЫМ орынды: