Салыстырмалы диагностикасы. ЖДҚБО емі төрт басты қағидаларға негізделеді (3.32 сурет):

3.8. бөлімді қараңыз.

Емі

ЖДҚБО емі төрт басты қағидаларға негізделеді (3.32 сурет):

1. Үрдістің таралуына байланысты лимфа түйіндерімен бірге мойын шелмайын алып тастайтын тиреоидэктомия.

2. Тиреоидэктомиядан кейін — потенциалды мүмкін метастаздар мен ҚБ барлық жасушаларын ликвидациялауға (қалыпты, қатерлі) бағытталған радиоактивті 131I-пен терапия.

3. Тироциттердің пролиферациясы мен өсуін ынталандыратын ТТГ деңгейін төмен мөлшерде ұстап тұруға бағытталған L-T4-мен супрессивті терапия.

4. ЖДҚБО рецидивінің басты маркерін динамикалық бағалау- қалыпты және ісік жасушаларымен бөлінетін тиреоглобулин.

Тиреоглобулин мөлшерін анықтаумен қатар науқасқа периодты түрде барлық ағзаның 123I сцинтиграфиясы немесе йодты жинайтын тіндерді, яғни метастазды анықтау мақсатында 131I-пен сцинтиграфия орындалады. Зерттеу ісік жасушаларымен йод сіңірілуін арттыратын ТТГ мөлшерінің жоғарылаған кзінде L-T4 қабылдауды тоқтатқаннан кейін жүргізіледі. Тиреоглобулин деңгейінің жоғарылап, жергілікті рецидив мәліметтері анықталып, сцинтиграфия нәтижелері бойынша алыс метастаздар болуы ісік рецидивін дәлелдейді.

Салыстырмалы диагностикасы. ЖДҚБО емі төрт басты қағидаларға негізделеді (3.32 сурет): - student2.ru

3.32 сурет.Жоғары дифференцирленген қалқанша без обырымен сырқаттанған науқастарды бақылау және емдеу алгоритмі

3.32 сурет Тотальная тиреоидэктомия- Тотальды тиреоидэктомия Препараты тиреоидных гормонов не назначается - Тиреоидты гормон препараттары тағайындалмайды Аблативная терапия 131I через 4-6 недель - 4-6 аптадан кейін 131I аблативті терапия Супрессивная терапия L-T4 - L-T4 супрессивті терапия Через 6 мес клин.обследов.,сцинтиграфия всего тело с 131I, УЗИ шеи, опеределение уровня тиреоглобулина - 6 айдан кейін клиникалық тексеру, бүкіл денені 131I сцинтиграфиялау, мойынды УДЗ, тиреоглобулин деңгейін анықтау Подозрение на рецидиви/или метастазы - Қайталау күмәні бар және/немесе метастаздар Данных за рецидив и/или метастазы нет - Қайталауы және/немесе метастаздар туралы мәліметтер жоқ Наблюдение и клиническое обследование, опеределение уровня тиреоглобулина (на фоне терапии L-T4), УЗИ шеи – Бақылау және клиникалық тексеру, тиреоглобулин деңгейін анықтау (L-T4 емді қабылдау барысында) Сцинтиграфия всего тело с 131I, опеределение уровня тиреоглобулина после отмены L-T4, УЗИ) - Бүкіл денені 131I сцинтиграфиялау, L-T4 тоқтатқан соң тиреоглобулин деңгейін анықтау, УДЗ Каждые 5лет –сцинтиграфия всего тело с 131I - Әр 5 жыл сайын - бүкіл денені 131I сцинтиграфиялау При рецидиве повторная терапия 131I- Рецидив кезінде 131I қайта терапия Через 10 лет- увеличение интервалов между обследованиями- 10 жылдан кейін –тексеру аралықтарын ұзарту

ҚБМО кезінде комбинирленген мойын лимфаденоэктомиясымен бірге ҚБ экстирпациясын жүргізу тағайындалады. Науқастың отбасы мүшелерінде ҚБМО-ның отбасылық түрін немесе RET протоонкогенінің мутациялануымен сипатталатын КЭН-2 анықтағанда медуллярлы обырдың дамуына қарамастан профилактикалық тиреоидэктомия жөнінде сөз қозғалады. Анапластикалық обырды анықтағанда қажетті көлемдегі операциялық араласу орындалады.

Наши рекомендации