Бүйректің созылмалы ауруы. Анықтамасы, себептері, жіктелуі, клиникалық көріністері. БСА кезіндегі нефропротективті ем.
*2*22*1*
#210
*!Емхананың нефрологында бүйректің түрлі созылмалы ауруларымен 10 бала бақылауда тұрады. Аурудың болжамы мен жүргізу тактикасын анықтау үшін амбулаторлық нефрологиялық тәжірибеге тез арада қандай әдісті енгізген жөн:
*трансаминазаларды анықтау
*тәуліктік протеинурияны есептеу
*несептегі электролиттерді анықтау
*қандағы және несептегі кретининді анықтау
*+ШФЖ есептеу үшін креатининді анықтау
#211
*!Белок-энергетикалық жеткіліксіздіктің маркері болып табылады:
*+альбумин
*глобулин
*гамма-глобулин
*иммуноглобулин М
*иммуноглобулин G
#212
*!Салмағы 9 кг 1,5 жасар балада туа біткен нефротикалық синдром, БСА. Емдеудің қандай тактикасы туралы баланың ата-анасына айту керек?
*гемодиализ
*плазмаферез
*гемофильтрация
*гемосорбция
*+перитонеалды диализ + трансплантация
#213
*!1,5 жасар балада туа біткен нефротикалық синдром фонындағы БСА-ң 3 сатысы. Тіпті протеинурия болмағанның өзінде де нефропротективті ем тағайындауды қажет ететін, шумақтық сүзілу жылдамдығының қандай деңгейі БСА-ң 3-ші сатысына сәйкес келеді?
*90-120 мл/мин
*89-60 мл/мин
*+59-30 мл/мин
*29-15 мл/мин
*< 15 мл/мин
#214
*!1,5 жасар балада туа біткен нефротикалық синдром фонындағы БСА-ң 3 сатысы. K/DOQI ұсынысы бойынша БСА сатылары балаларда келесі формуланы қолдана отырып, бағаланады:
*ШФЖ MDRD формуласы бойынша анықталады
*+ШФЖ Шварц формуласымен анықталады
*ШФЖ Кокрофт-Голт формуласы арқылы анықталады
*ШФЖ MDRD-ң қарапайымдатылған түрімен анықталады
*ШФЖ Кокрофт-Голт формуласының модификациясы бойынша анықталады
#215
*!ФСГС-тен зардап шегетін 13 жасар балада БСА-ң 2 сатысы. Осы жағдайға сәйкес келетін көрсеткіш:
*гемоглобин 61 г/л
*АҚҚ 150/80 мм с.б.
*+ШФЖ 69 мл/мин
*калий 7,5 ммоль/л
*альбумин 6 г/л
#216
*!13 жасар балада БСА-ң 3 сатысы. БСА-мен науқастарда қандай асқынулар неғұрлым ерте көрінеді?
*уремия
*+реналды анемия
*метаболикалық ацидоз
*электролиттік нарушения
*минералды-сүйек бұзылыстары
#217
*!16 жастағы қыз бала, клиникаға айқын әлсіздікке, бас ауруына, жүрегі айнуына шағымданумен түсті. Анамнезінен: 9 жасында ісінулермен көрінген бүйрек ауруымен ауырған, кейіннен шамалы протеинурия анықталған. Түскен кезде: терісі құрғақ, сарғыш реңмен бозғылт, ісінулер жоқ. Жүрек шекарасы солға ығысқан. АҚҚ 150/90 – 160/100мм.с.б. Қанда: Нв 50 г/л, креатинин 440 мкмоль/л, қайталап тексергенде 600 мкмоль/л. Несепте белок 0,9г/л, салыст.тығ 1006-1010, тұнбада: эритроциттер – бірен-саран. ШФЖ=12 мл/мин. Қандай жүргізу тактикасы мейілінше дұрыс?
*диуретиктер
*+гемодиализ
*плазмаферез
*нефропротекция
*преднизолон
#218
*!Балалар жұқпалы ауруханасында жатқан 1,5 жастағы науқас қыз баланың диурезі азайып, тіпті толық несеп бөлмей қалған. Анасының айтуы бойынша ауру 3 күн бұрын тәулігіне 15-20 ретке дейін сары-жасыл түсті сұйық нәжістен, тәулігіне 7-8 ретке дейін қабылдаған тамақ және сұйықтықты құсумен басталған. Қарағанда: қыздың есі анық, енжар, көздері ішіне кірген, тері қабаттары құрғақ, тері тургоры төмен. Дене салмағы 9,8 кг (1 ай бұрын өлшегенде баланың салмағы 12,9 кг болған). Катаралдық белгілер жоқ, шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінде қатаң тыныс, сырыл жоқ. Жүрек үндері кереңделген, тахикардия, ЖСЖ минутына 150 рет. Іші ұлғаймаған, пальпацияда кіндік аймағының ауыру сезімі анықталды, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Несебі жоқ. ЖҚА: Нв-140г/л, эритроциттер 5,4*109/л, Нст 52%, лейкоциттер 12,5*109/л, тромбоциттер 468х109/л. Қанның б/х анализі: креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 15 ммоль/л, калий 5,3 ммоль/л, натрий 148ммоль/л. ШФЖ 40 мл/мин. Ең мүмкін болатын диагноз қандай?
*БСА, 4 сатысы
*+пререналды БЖЗ
*постреналды БЖЗ
*туа біткен нефротикалық синдром
*бүйрек гипоплазиясы
#219
*!Бөлімшеге 12 жастағы қыз құсуға, бас ауруына, бетінің, аяқтарының шағымданумен түсті. Жоғарыдағы аталған шағымдары бір айдан бері мазалауда. Қарағанда: АҚҚ-180/100 мм с.б., қан сарысуындағы креатинин – 600мкмоль/л. Бұрында АҚҚ-н өлшемеген, анализдер бірінші рет жасалды. Протеинурия анықталды 0,9 г/тәу, эритроциттер 4-5 к/а, лейкоциттер – бірен-саран. Тұқым қуалаушылық – егіздің сыңары, егізінде 3 жыл бұрын терминалды БСЖ дамыған, гемодиализде. Туылғандағы салмағы – 1500гр. Қазіргі уақытта дене салмағы – 31кг. Диурез – 400 мл/тәу. Бүйрек УДЗ-де өлшемдері кішірейген. БСА мен БЖЗ арасында ажырату диагностикасын өткізу үшін қандай зерттеу өткізу қажет?
*диурезді өлшеу
*ісіктерді анықтау
*иммунологиялық зерттеу
*толық биохимиялық зерттеулер
*+бүйрек УДЗ қантамырларды допплерографиясымен
#220
*!12,5 жасар ұл бала бел аймағындағы ауыру сезіміне, бас айналуына, зәр бөлудің сиреуіне шағымданып түсті. Бірінші рет 2 жасында ҚНР IV-V дәрежесіне антирефлюкстік ота жүргізілген. Ары қарай бала жүйелі түрде нефрологта бақыланбаған. 12 жасынан бастап АҚ жоғарылауы байқалған, зәрде протеинурия артқан, қанда мочевина мен креатинин деңгейінің артуы оқтын-оқтын байқалып отырған. Қарағанда: тері жабындысы боз, құрғақ. Ісінулер жоқ. АҚ 150/100 мм с.б. ЖҚА: Нb - 95 г/л, ЭТЖ - 16 мм/сағ. ЖЗА: салыст.тығ 1005,белок - 0,3г/л, лейк., эритр - к/а бірен-саран. Б/х қан талдауы: креатинин - 380,0 мкмоль/л, ШФЖ – 12мл/мин. Бүйрек УДЗ: бүйрек контуры тегіс емес, оң жақта басымырақ. Оң бүйрек – 72x35 мм, паренхима – 0,8см. Сол бүйрек – 66x38 мм, паренхима – 0,7 см. Бүйрек паренхимасы тығыздалған, аз құрылымдалған, эхогенділігі біртекті емес болып жоғарылаған. Зәрі аз. Емдеу тактикасын анықтау үшін диагноздардың қайсысы МЕЙІЛІНШЕ мүмкін болатын диагноз?
*бүйрек поликистозы
*апостемотозды пиелонефрит
*созылмалы гломерулонефрит
*бүйректің созылмалы ауруы, 4 сатысы
*+бүйректің созылмалы ауруы, 5 сатысы
#221
*!14 жастағы ұл бала. Стационарда бүйректің созылмалы ауруы диагнозы қойылды: АҚҚ 160/95мм с.б., қан талдауында: Hb 100г/л, СОЭ 26мм/сағ; несеп талдауында: белок 0,33 г/л, лейкоциттер 5-10 к/а, эритроциты 10-20 к/а; ШФЖ 18 мл/мин. УДЗ: бүйрек өлшемдері кішірейген, АТЖ деформациясы. Аталғандардың ішінен мейілінше болатын диагнозды қойыңыз?
*созылмалы пиелонефрит, СБЖ
*нефротикалық синдром
*бүйректің созылмалы ауруы 3 сатысы
*+бүйректің созылмалы ауруы 4 сатысы
*созылмалы гломерулонефрит, БСЖ
#222
*!16 жастағы ұл бала, нефрологта созылмалы гломерулонефритпен бақылауда тұрады. Тексергенде ШФЖ-78 мл/мин, несепте белок – 0,32 г/л. Аталған препараттардың қайсысы нефросклероз артуын бәсеңдетеді?
*гипотиазид
*конкор
*преднизолон
*+каптоприл
*курантил
#223
*!14 жасар ұл бала. Балалық шақта бүйректің туа біткен ақауы фонындағы қайталаушы НШЖИ-нан зардап шеккен. Ота жасалынған. Қазіргі кезде несепте: белок-0,3 г/л, лейкоциттер 3-4 к/а, эритроциттер 2-3 к/а. ШФЖ 15 мл/мин. Мейілінше дұрыс терапиялық тактика қандай?
*фозиноприл
*роцефин
*лазикс
*преднизолон
*+гемодиализ
#224
*!13 жасар қыз бала, 7 жасынан бастап ҚД-ң 1-түрімен ауырады. Инсулин препараттарымен емделеді, қантын бақылап отырады. Соңғы жылы несепте альбуминурия 100-150 мг/тәу. анықталды. Осы жағдайда қандай препаратты және қандай мақсатта тағайындау керек?
*+фозиноприл альбуминурияны төмендету және/немесе жою мақсатында
*циклоспорин А
*аз мөлшерде преднизолон
*диуретикалық мақсатта фитотерапия
*гипотиазид
#225
*!13 жасар ұл балада терминалды БСА. Бағдарламалық гемодиализде 1 жыл. Зертханалық: Нв 120 г/л, ЭТЖ 20 мм/с, креатинин 900 мкмоль/л, Са 1,5 ммоль/л, Р 2,3 ммоль/л, паратгормон 500 нг/мл. Эритропоэтин препараттарын алады. Осы жағдайда қандай ауытқуларды емдеген маңызды?
*уремияны
*ацидозды
*гипергидратацияны
*+гиперпаратиреозды
*реналді анемияны
#226
*!1 айлық балада уретерогидронефроз анықталды. Бүйректе қандай морфологиялық өзгерістер мейілінше ықтимал?
*нейтрофилді инфильтрация
*+нефросклероз
*олигонефрония
*IgA шөгуімен мезангиалды пролиферация
*фокалды-сегментарлы гломерулосклероз
#227
*!8 жасар балада ФСГС. ААФ тежеушілерін ұзақ уақыт тағайындауға бірден бір көрсеткіш қандай?
*ісінулер және гипертония
*гиперкалиемия және ісінулер
*нефротикалық протеинурия және ісінулер
*макрогематурияның және артериалдық гипертонияның болуы
*+үдемелі БСА болуы
#228
*!14 жасар қыз бала. Бас ауыруына, АҚ жоғарылауына шағымданып ауруханаға түсті. Тексергенде: АҚ 170/100 мм.с.б. Қанда: гемоглобин 100 г/л, ЭТЖ 26 мм/с. Биохимия: креатинин 200 мкмоль/л. ШФЖ 50 мл/мин. Несепте: белок 0,33 г/л, лейкоциттер 10-15 к/а, эритроциттер 10-20 к/а. Бүйрек УДЗ: АТЖ деформациясы. Мына көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы мейілінше ықтимал?
*БСА, 1 сатысы
*БСА, 4 сатысы
*+БСА, 3 сатысы
*созылмалы пиелонефрит, бүйрек қызметі сақталған
*созылмалы гломерулонефрит, бүйрек қызметі сақталған
#229
*!БСА-ң 5 сатысымен 12 жасар бала 1,5 жылдан бері гемодиализде. Диализдегі фосфор-кальций алмасуының бұзылысы кезінде дамитын жүрек қантамырлық асқынулар байланысты:
*+қантамырлар мен жүректің кальцификациясымен
*эндокардит дамуымен
*миокардит дамуымен
*митралды стенозбен
*перикардитпен
#230
*!10 жасар қыз балада рефлюкс-нефропатияның салдарынан дамыған БСА-ң терминалды сатысы. АҚ қазіргі уақытта 160/100 мм с.б. БСА-ң терминалды сатысындағы артериалды гипертензияның мейілінше ықтимал себебі?
*+РААЖ белсенділігінің артуы
*парасимпатикалық белсенділіктің төмендеуі
*парасимпатикалық белсенділіктің жоғарылауы
*симпатоадренал жүйесінің қозуы
*сол қарыншаның лақтыру фракциясының төмендеуі
#231
*!14 жастағы жасөспірім. Диагноз: созылмалы гломерулонефрит. Бүйрек қызметінің төмендеуі бар: ШФЖ – 78 мл/мин, несепте – 1,32 г/л. Бұл науқасқа нефропротективті емнің қандай алтын стандарты көрсетілген?
*диуретиктер
*β-блокаторлар
*+ААФ тежегіштері
*иммуносупрессорлар
*кальций каналдарының блокаторлары