Зертханалық жануарларды бекіту.

Ақ тышқанды қолмен немесе пинцетпен құйрығынан ұстап бекітеді. Бас бармақ және сұқ саусақпен құлағынан және желке



терісінен ұстайды. Сонда жануардың тыпыршуына жол бермейтін тері бүрмесі пайда болады.

Теңіз тышқаны арқасынан сипап, қолды кеудесіне қарай ығыстырып, басымен жоғары ұстап, екінші қолмен денесінің артынан көтермелеп тұрады.

Үй қоянын құлағынан ұстап басып тұрып бекітеді. Үй қояндарын кейбір жағдайда бет орамалмен немесе арнаулы станокта бекітуге болады.

Жануарларды зақымдау тәсілдері

Құрсақ қуысы арқылы –жануарды шалқасынан ұстап,басынбекіткеннен кейін шприцтің инесін қарынның төменгі 3/1 бөлігіне, ақ сызықтан сәл ауытқыған жерге салады. Мөлшері 0,1-0,2 мл аспау керек.

Күре тамырға –зерттеліп отырған материалды үй қояндарынақұлақтың шеткі тамырына, тышқандар мен егеуқұйрықтардың құйрық вена қан тамырына енгізеді. Зақымдау алдында ол жерді ксилолмен немесе жылы суға батырылған мақтамен сүртеді, ол қан тамырының қанға толып, оңай табылуына себепші болады.

Интрацеребральды зақымдау –материалды миға енгізу.

Интраназальды зақымдау –мұрын қуысы арқылы зақымдау.

Скарификация –жануардың терісін скальпельмен тіліп жіберіп,зерттеліп отырған бактерия өсіндісін сол жерге үйкейді.

Тері арқылы зақымдау –теріні сол қолдың саусақтарыменжинақтап тұрып, инені терінің ішіне енгізеді. Егер дұрыс салынған болса тері томпайып шығады.

Тері асты арқылы зақымдау –саусақтармен теріні керіп тұрып,пайда болған «қалташыққа» инені салып, шприцтің ішіндегі енгізеді.

Бұлшық ет арқылы зақымдау –материалды жамбастың ішкіжағындағы бұлшық етке енгізеді. Мөлшері тышқандар үшін 0,5 мл, теңіз шошқасы үшін 3-5 мл, үй қояндарына 5-8 мл.



Зертханалық хайуанаттар туралы биологиялық мәліметтер

Параметрлері     Тышқан   Теңіз Үй  
              тышқаны қояндары  
Туылғандағы салмағы (г.)   1-1,5   45-140 50-60  
Дене температурасы (0С)   37,9-39,2 37,3-39,5 38,3-39,9  
1 минуттағы тыныс алу жиілігі   136-216   100-150 50-152  
1 минуттағы тамыр соғысы   (520-780   130-190 120-150  
жиілігі                  
Жыныстық жетілу жасы (апта)   5-8   8-12   5-12  
Ересегінің салмағы (г.)     20-25   800-1000 2500-  
                   
Шағылысу кезеңі       Жыл   Жыл Мамыр-  
          бойы   бойы қыркүйек  
1 жылдағы балалауының саны   4-5   3-5   2-4  
Буаздық уақытының ұзақтығы   18-24   58-72 28-36  
(күн)                  
Туғандағы төл саны     4-12   1-5   3-12  
1 аналықтың жыл бойындағы     12-15 8-12  
төл саны                  
өмір сүру ұзақтығы (жыл)   2-3,5   7-8    
Лабораториялық жануарларды зақымдау тәсілдері және
патматериалдың мөлшері              
Материалды егу   Егілетін патматериалдың мөлшері, мл
тәсілдері   Тышқан   Теңіз тышқаны Үй қояндары
Интрацеребральды   0,01 - 0,03   0,1     0,2-0,3  
                 
Тері ішіне   0,1     0,1-0,2   0,1-0,2  
Құрсақ қуысына   1,0     5,0     10,0  
                   
Күре тамырына   1,0     2,0     5,0  
Интраназальды   0,03-0,05     2,0     2,0  
Тері астына   0,5     3,0-5,0   3,0-5,0  
Бұлшық етке   0,25     2,0     5,0  
Көзіне   -     0,05-0,1   0,05-0,1  
Скарификацияланған   0,05     -       0,1-0,2  
теріге                    


Тақырып: Зертханалық жануардың өлексесін сою және зерттеу тәртібі

Сабақтың мақсаты:Студенттерді зертхана жануарларыныңөліксесін сою және бактериологиялық зерттеу әдістерімен таныстыру.

Сұрақтар:

1. Қандай жануарларды «тәжірибелік» деп атайды?

2. Қандай жануарларды «зертханалық» деп атайды?

3. Зертханалық жануарларды қандай мақсатта қолданады?

4. Өлексені сойып зерттеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары.

Әрбір студент нұсқау бойынша лабораториялық жануарлардың

өліксесін сояды, ішкі мүшелерінен ЕПС, ЕПА-ға себінді және жұғынды жасап, Грам әдісімен бояйды. Патологиялық материалдағы қоздырғышты анықтап морфологиясын зерттейді.

Сабаққа қажетті материалдар.

Зертханалық жануарлардың өлікселері (ақ тышқандар, теңіз тышқандары, үй қояндары), зарарсыздандырылған шприцтер, тампон, спирт, құрал-саймандар (қайшы, скальпель, пинцеттер), заттық әйнектер, қоректік орталар.

Лексені сойып зерттеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

1) Персонал перчаткамен жұмыс істейді және арнайы киім

киеді

2) Жұмыс барысында дезинфекциялаушы ерітінділерді қолдану

керек.

3) Жұмысқа стерильді аспаптарды пайдалану керек және олар сойып-зерттеу аяқталған соң стерильдену керек.

4) Сойылып болғаннан кейін өлексені залалсыздандырады.

5) Ағзалардың бөліктерін столдың үстіне қоюға тиым салынады, материалдарды тек арнайы кюветке (жайпақ ыдыс) салу керек.

6) Жұмыс аяқталған соң жұмыс істегендер 70 % спирт ерітіндісімен қолдарын өңдейді.

Лексені сойып зерттеу

Өлексені сойып зерттеу қарынның ақ сызығының бойымен

жүргізіледі. Құрсақты зақымдап алмау керек. Союды төстен

бастайды. Қарынның төменгі бөлігінен бастап мойынға дейін теріні тіледі. Одан кейін аяқтарға қарай көлденең тіледі. Өлексенің терісін сыпырады. Өзгерістерге мән береді (сарғаю, тамырлардың ұлғаюы, геморрагия, бұлшық еттің іруі, көгеру). Бірінші кеуде қуысын ашады. Ол үшін кеуде қуысының шеткі жақтарын, қабырғаларды қамти отырып кеседі. Төс сүйегін бас жағына қарай ығыстырады немесе мүлдем кесіп алып тастайды. Кеуде қуысындағы ағзалардың күйіне назар аударады. Одан кейін құрсақ қуысын ашады. Бұл кезде ішек-қарынды зақымдап алмау керек.

Ішкі ағзалардан себіндіні пастер түтікшесінің көмегімен жасайды. Себінді жасардан бұрын ағзаның кесілетін немесе пастер түтікшесі батырылатын беткейін отқа қыздыру, ыстық скальпелмен немесе қайшымен қарып отыру керек.

Кейде қоректік ортаға ағзаның ұсақ бөлігін түгелімен салады. Ағзалардан жағында жасау үшін оның бір бөлшегін кесіп алып,

кесіндінің ішкі беткейін заттық әйнекке бірнеше рет тигізеді. Жағындыны ауада бөлме температурасында кептіреді.

Себу және препаратты даярлау.

Органдардан Пастер пипеткасымен материал алады да, спиртовка жалынында қоректік ортаға себеді. Себілген пробиркаларға белгі салынады. Органдардан заттық әйнекке препарат-сілем даярлайды. Бояйды. Микроскоппен қарайды.

Союға пайдаланған құралдарды дезинфекциялаушы ерітіндіге батырады.

Зертханалық жануарларды бекіту. - student2.ru

3 сурет. Зертханалық жануарларды сойып-зерттеу схемасы



Тақырыбы: Бөлініп алынған өсіндінің морфологиялық, өсінділік, биохимиялық және антигендік қасиеттеріне қарай бірі-бірінен ажырату. Антибиотикке сезімталдығын анықтау

Сабақтың мақсаты:Бөлініп алынған микробтыңморфологиялық-культуральдық. биохимиялық және антигендік қасиетіне қарай идентификациялау, антибиотиктердің белсенділігін анықтау тәсілдерімен танысу, бактериялардың антибиотиктерге төзімділігі мен оларға сезімталдығын анықтау.

Сұрақтар:

1. Микробтарды идентификациялау дегеніміз не?

2. Антибиотиктер дегеніміз не?

3. Антибиотиктердің түрі.

4. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау

әдістері

Микробтарды идентификациялауда диагноз қою үшін олардың биохимиялық қасиеттері зерттеледі.

1. Қанттан ашу барысында қышқыл мен газ түзу қабілеттілігі.

2. Протеолитикалық (белокты ыдырату) активтігі.

3. Газдар түзілуі: күкіртті сутегі, аммиак, индол.

4. Бояйтын заттардың редукциясы (қалпына келуі).

5. Гемолитикалық активтігі.

6. Уреазалық активтігі.

Андрэдэ және Эндо орталарында қантты ыдырату активтігін, сүт қосылған ЕПА протеолитикалық активтігін, эритроциті бар ЕПА гемолитикалық активтігін көрсету.

Метилен көгі бар ЕПС бояулардың редукциясы. ЕПС күкірттегі сутегінің бөлінуі – күкірттегі сутегі сірке қышқылы қорғасын ерітіндісінде ылғалданған қағазбен қармалады, индолды ЕПС индол қымыздық қышқылында ылғалданған қағазбен қармалады.

Микробтардың зардапты қасиеті мен антигендік құрылысы (структурасы). Н.А. Красильников (1949), Р.А. Цион (1948), Д. Берги (1980) және басқа да авторлардың анықтамалылығын қолдана отырып микробтардың түрін белгілеу.

Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары.

Ақырында бөлініп алынған қоздырғыштың таза өсінділеріне толық сипаттама беріп, құжаттарды толтырады (құжаттардың үлгілері 34-35 бетте).



а) морфологиялық (препараттарды қарау), бояу, қозғалысын бақылау.

б) культуралдық қасиет (ЕПА колониялар сипаты).

в) биохимиялық белсенді қантты ыдыратушылық қасиет, протеолитикалық қасиет, пигмент түзу.

г) зардаптылық қасиеттері

Сабаққа қажетті материалдар.

Студенттердің өздері бөліп алған бактериялардың таза өсінділері, платинадан жасалған ілмещек, спиртовка, бояулар, микроскоптар, самырсын майы, Петри аяқшасындағы ЕПА, түтік, құрамында антибиотиктері бар дискілер.

Антибиотиктер –бактериялардың(соның ішіндеактиномицеттердің), саңырауқұлақтардың, өсімдіктердің (фитонцидтер) және жануарлардың тәнді тіршілік өнімдері. Олар микробтардың кейбір топтарына олардың өсуін тоқтату (бактериостатикалық әсер) немесе мүлдем тіршілігін жою арқылы (бактерицидтік әсер) әсер етеді. Өнеркәсіп жағдайында антибиотиктерді натрий, калий, кальций тұздары ретінде арнайы құтыларға салып шығарады.

Антибиотиктердің белсенділігін әсер бірлігі (ӘБ) немесе 1 мл ерітіндідегі мөлшері (ӘБ/мл) арқылы белгілейді.

Бір бірлік – қоректік ортаның белгілі бір аумағында стандартты тест-микробтың өсуін тежейтін антибиотиктің ең аз (минимальді) мөлшері.

Кез-келген антибиотиктің белсенділігін анықтау үшін сол антибиотикке ең сезімтал тест-микробты пайдаланады. Мысалы, пенициллин үшін тест-микроб ретінде сарғыш немесе алтын (золотистый) стафилококтың 209-Р штамы, тетрациклин мен стрептомицин үшін B. subtilius штамдары, левомицетин және биомицин үшін – Ecoli қолданылады. Әдетте көптеген антибиотиктердің 1 мг-да 1000 ӘБ болады. Дегенмен әртүрлі антибиотиктердің биологиялық белсенділігінің бірлігі бірдей емес, мысалы пенициллиннің 1 ӘБ оның таза күйіндегі 0,6 мкг эквивалентіне тең, стрептомициндікі – 1 мкг, нермициндікі – 3,3 мкг-на тең Антибиотиктің 1 ӘБ эквивалентіне тең салмақтың мөлшерін

халықаралық бірлік (ХБ)деп атайды.



Антибиотиктің белсенділігін биологиялық әдіспен (химиялық әдісі де бар), яғни оның тірі микроб клеткасына әсер ету қарқындылығына қарай анықтайды.

Ветеринарияда антибиотиктер инфекциялық ауруларды емдеуге пайдаланатындығы белгілі. Ол үшін бірінші ауру қоздырғышын анықтап алу керек, одан кейін бөліп алынған қоздырғыштың антибиотиктерге сезімталдығын (төзімділігін) анықтайды. Бұл қолда бар, осы ауруды емдеу үшін ұсынылған антибиотиктердің ең тиімдісін таңдап алуға және ұзақ уақыт қолданылып, тиімділігін жоғалтқан антибиотикті басқасына алмастыру үшін керек. Микробтың (ауру қоздырушысының) антибиотикке сезімталдығын оның антибиотиктің ең аз мөлшері әсерінен (мкг, ӘБ/мл) өсуінің тоқталуы немесе қырылуына байланысты анықтайды.

Микробтың антибиотикке сезімталдығын төмендегідей әдістермен анықтайды:

1) сұйық және қатты қоректік ортада үстемелеп сұйылту (серийное разведение) арқылы

2) құрамында антибиотиктері бар дискілерді пайдалану арқылы.

Наши рекомендации