Кардиогенді шок кезінде жедел көмек көрсету.
Мақсаты: Артериальдық қан қысымын көтеру.
Қажетті заттар: танометр, фонендоскоп, оттек баллоны, маска, дәкеден жасалған салфетка, залалсыздандырылған : бір реттік шприцтер, к/т тамшылатып құюға арналған системалар, дәрілік заттар, мақта түйіршіктері, этил спирті 700, байлам.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. дәрігер шақыру;
2.науқасты көлденен жатқызып, аяғын жағын 200 көтеру;
3.пульсті санап, АҚҚ өлшеу;
4. ылғалды оттек беру,
5. 2-5 мг морфин к/т , 30 мин кейін қайталап енгізу н/е 0,005 % - 1-2мл фентанил ерітіндісін;
6. гепарин 5000 ЕД к/т бірден енгізу;
7. 0,25 г аспиринді шайнап жұту;
8. 0,9 % - 200 мл натрий хлор ерітіндісін 10 мин ішіне к/т тамшылату;
9. дофамин 200 мг в 400 мл 5% глюкоза ерітіндісін к/т тамшылату:
10.аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызу н/е кардиология бөлімінің интенсивті палатасына жатқызу ;
11. науқасты басын көтеріп зембілге жатқызып тасымалдау;
Асқазаннан қан кеткендегі жедел көмек көрсету.
Мақсаты:қан кетуді тоқтату, АҚМ толтыру.
Көрсеткіші:құсығы кофе түстес(шоколад түстес), қара май тәрізді нәжіс(мелена)-қара түсті.
Арама-қарсы:орнынан тұруға, шұғыл қыймылдауға, тамақ ішуге, су ішуге, темекі шегуге, дәрі ішуге болмайды.
Асқынулары:өмірлік маңызды мүшелерде қайтымсыз өзгеріс болуы мүмкін.
Қажетті заттар: кушетка, мұзды жылтқыш, залалсыздандырылған материал, залалсыздандырылған лоток,дәрілер, жгут(байлам), шприцтер, система; этил спирті 700, мақта шариктері;
Іс-әрекет алгоритмі:
1. дәрігер шақыру;
2.пациентті көлденең жастықсыз жатқызу;
3.абсолютты тыныштық беру;
4.су ішуге, тамақ ішуге,дәрі ішуге тыйым салынады;
5.асқазан тұсына мұзды мұйық қою;
6. 5% р-р аминокапрон қышқылын ас қасықпен қайталап беру;
7.құсқан кезде көмек беруге керекті заттарды дайындау;
8 пульсті санап, АҚҚ өлшеңіз;
9.(дәрігер тағайындауымен) енгізілетін заттарды дайындау:
10.аминокапрон қышқылы 5%-100 мл,
11.этамзилат (дицинон)12,5%-2 мл.
12.адроксон 0,025%-1мл.
13.викасол 1% -1 мл,
14. хлористі кальций 10%-10 мл,
15.полиглюкин + қаналмастырушылар
Ескерту:
- хирургия бөліміне зембілмен тасымалдау;
- гемодез, реополиглюкин салуға болмайды(тромбтарды ерітуі мүмкін);
Бауыр шаншуының ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету.
Мақсаты: ауырсынуды жою.
Қажетті заттар: танометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған:бір реттік шприцтер, мақта шариктері, этиль спирті 700, жгут, қолғаптар, дез ерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік заттар: 2 мл но-шпа, папаверин 2%-2,0 мл, атропин 0,1%- 1,0 мл, 10 мл 2,4% или 1 мл 2,4% эуфиллин ертіндісі, 10 мл 40% глюкоза ертіндісі, 2,0 мл 1% морфин ертіндісі және 0,5-1 мл 0,1% атропин ертіндісі.
Іс-әрекет альгоритмі:
1. науқасқа физикалық және психикалық тыныштық беру және қатаң төсек режимі;
2. 2 мл но-шпа б/е, папаверин 2%-2 мл б/е, атропин 0,1%-1,0 мл б/е;
3. 5,0 мл баралгин к/т енгізу;
4. 2,4%-10 мл немесе 24% -1 мл эуфиллин ертіндісін 40%-10 мл глюкоза ертіндісімен к/т 5 минут ішінде жәймен енгізу;
5. 1%-1-2 мл морфин ертіндісін және 0,1%-0,5-1 мл атропин ертіндісін т/а енгізу;
6. пациенттің жалпы жағдайын бақылау;
9. хирургия бөліміне жатқызу.
Бүйрек ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету.
Мақсаты: «бүйрек шаншуы» ұстамасын жою
Көрсеткіші: ауырсынуды жою және зәрдің дұрыс шығуын қамтамасыз ету.
Қарама-қарсы көрсеткіші:жоқ
Мүмкін болатын асқынулар:жедел обструктивті пиелонефрит,жедел бүйрек жеткіліксіздігі, созылмалы калькулезді пиелонефрит, калькулезді гидронефроз, нейрогенді артериальды гипертензия, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі.
Керекті заттар: бір реттік шприцтер, бір реттік система, мақта шариктері, спирт70 градусті, аналгин 50%-2мл, баралгин 5мл, атропин 0,1%-1мл,платифиллин 0,02%-2мл,но-шпа 2%-2мл, папаверин 2%-2мл,штатив, грелка жылы сумен, ваннаға арналған ыстық сумен таз(судың температурасы 40-50 градус).
Іс-әрекет алгоритмі:
1.науқасты тыныштандырып жатқызыңыз;
2.көп мөлшерде жылы сұйықтық беріңіз;
3.беліне жылтқыш , аяғына ыстық ванна беріңіз;
4.инъекцияда салатын дәрілерді дайындаңыз:
Дәрігер тағайындауымен салыңыз:
1.атропин сульфат 0,1%- 1мл б/е,
2. немесе папаверин гидрохлорид 2 % - 2мл б/е,
3.немесе но-шпа 2 %- 2мл б/е,
4.немесе платифиллин гидротартрат -0,2 %-1-2мл б/е,
5.немесе аналгин 50%-2мл б/е,
6.немесе баралгин 5мл к/т, б/е,
Ескерту:егер ұстамаға жылы су процедуралары , спазмолитиктер, аналгетиктер көмектеспесе,наркотикалық дәрілер,новокаин блокадасы қолданылады.Ауруханада емделуге жедел жатқызу.