АЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ. Тақырыбы: ОЖЖ тежелу процестері
№8 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР
Тақырыбы: ОЖЖ тежелу процестері.
Сағат саны: 4
Курс: 2
Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»
Құрастырушы:
Доцент Ибраева С.С.
Астана 2014ж
1. Тақырыбы:ОЖЖ тежелу процестері.
2. Мақсаты:ОЖЖ - тежелуүрдістері – жүйке жүйесінде өтілетін қозу үрдістері сияқты манызды қызмет атқарады. Тежелу үрдісінің негізгі ролі. Ол жүйке жүйесін аса кернеуліктен сақтап қалатын қорғаныштық қызметінде. Тежелу тегершіктерін түсіну үшін, тежелудің сол немесе басқа түрінің қосылуын қабілеттендіретін, тежеуші үрдістер мен физиологиялық тегершіктерді қамтамасыз ететін Бірінші реттік жұлын-милық орталықтардың орналасуын білу қажет. Вегетативтік қызметтің рефлекторлық реттелісін толығымен түсіну үшін, вегетативтік жүйке жүйесінің (ВЖЖ) жалпы сипаты туралы білім қажет.
3. Оқу мақсаты:Студентті тірі жүйе әрекетінің реттелуіндегі тежелу заңдылықтармен таныстыру. Ағзаның түрлі кернеуліктен сақтап қалу тегершіктері сияқты, ОЖЖ – тежелу үрдістерінің мәнінде жалпы жүйенің реттелуіндегі және жұлынның қатысу заңдылықтарын ұйымдастыру. Студентті И.М. Сеченов бойынша орталықтық тежелуді модельдеу және клиникалық маңызды физиологиялық рефлекстерді есте қалдыру мен анықтауға үйрету. Ағзаның түрлі жүйелер қызметінің реттелісіндегі және олардың әрекетінің біріктірілуіндегі ВЖЖ- маңызын ұйымдастыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процестері. Сеченовтық тежелу.
2. Орталықтан тежелудің механизмдері жайында қазіргі кездегі көзқарас.
3.Тежелудің негізгі түрлері- постсинапстық, пресинапстық, реципрокты, шеткергі
4.Соматикалық және вегетативті жүйке жүйесінің қызметтік ерекшеліктері.
5.Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық, парасимпатикалық және метасимпатикалық бөлімдері.
6.Вегетативті рефлекстердің эфферентті бөлімінің ұйымдасу принциптері. Вегетативті түйіндерде қозу өткізу механизмі.
7.Вегетативті синапстар, циторецепторлар және блокаторлар. Рецепторлық субстанцияның және вегетатропты синапстық белсенді заттардың негізгі түрлері (адренергиялық, холинергиялық және басқалар) және вегетотропті синапсты активті заттар.
8.Гипоталамустың, мишықтың, лимбиялық жүйенің, торлы құрылымның және үлкен жарты шарлар қыртысының вегетативтік қызметтерді реттеудегі ролі..
9.Вегетативтік жүйке жүйесінің біртұтас мінез- құлықтық тәртіптік актінің қалыптасуында қызметтерді интеграциялауға қатысуы. Тәртіптің вегетативтік компоненттері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)
1Жұлын-милық рефлекстің орталықтан тежелуі (Сеченов тежелуі).
2. Гольц тәжірибесі.
3. Висцеральді рефлекстер
4. Тамырлы рефлекстер. Жергілікті дермографизм.
5. Қарашық рефлексін зерттеу. Жарыққа қарашықтың тікелей рефлексі.
6. Терілік рефлекстер: пиламоторлы рефлекс немесе «қаз терісі» рефлексі.
7.Кесте мен жобаны салу.
6. Әдебиет:
1.Тақырып бойынша дәріс
2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663
3 .Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.
4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.
5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.
6 .Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.
7. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.
Қосымша:
1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.
2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.
3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.
5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.
6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.
7. Бақылау:Ситуациялық есептерді шешу.
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
№ 8 сабаққа таратылатын материал
Сабақ тақырыбы:«Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процестері».
№1 ЖҰМЫС Жұлын-милық рефлекстің орталықтан тежелуі (Сеченов тежелуі)
ОЖЖ- жүретін, үрдіс ретіндегі тежелу, 1862ж. И.М. Сеченовпен ашылды. Аралық миды тітіркендіру, жұлынмен іске асырылатын, рефлекстің тежелуін тудыруы мүмкін. Әрі қарай ОЖЖ-жоғарғы бөлімдері, жұлынның рефлекторлық әрекетін тежеуі немесе жеңілдетуі мүмкін.
Жұмысқа қажеттілер: препаровкалық құралдар, штатив, секундомер, 100 мл 3 химиялық ыдыстар, біреуі- 200 мл, NaCl тұздары, 0,5% -HCl ерітіндісі, Рингер ерітіндісі. Зерттеу объектісі – көлбақа.
Жұмыс барысы:
Көлбақаны препоравкалық тақтаға ішімен жатқызып, тіркейді. Қайшының көмегімен басында кескін жасайды, кескін орнындағы бас қаңқасының терісін алады. Кішкене қайшының үшкір ұшын бас қаңқасының қақпағының астына ендіреді. Миды жарақаттамас үшін, ми қақпағына көлденең кескін жасайды. Қақпақты екі бүйірі бойынша сүйекті кесе отырып, ми қақпағын алып тастайды. Өткір пышақпен (скальпельмен) көру төмпегінің үстінен кескін жүргізеді және кескіннен жоғары ми ұлпасын алып тастайды.
Көлбақаның жоғарғы жағымен штативке іледі және Тюрк әдісі арқылы (99 сурет, А), (№3-жұмысты қараңыз) рефлекс уақытын анықтайды. Фильтрленген қағаз арқылы ми беткейін кептіреді және көру төмпегіне NaCl (99 сурет, Б) тұздарын салады. Содан соң тікелей рефлекс уақытын анықтайды, тұзды алып тастап, миды физиологиялық ерітіндімен жуады. 5 минут уақыттан соң қайтадан рефлекс уақытын анықтайды.
Жұмыс нәтижелері және оны бейнелеу. Тәжірибе жобасын сызыңыз. Тәжірибенің әр түрлі жағдайларындағы рефлекс уақытын жазыңыз. Көру төмпегіне салынған ас тұзының әсерімен, рефлекс уақытының өзгеру себептерін талқылаңыз. Бақыланған құбылыстың сипаты туралы қорытынды жасаңыз.
Қорытынды: