Опиоидтарға патологиялық әуестік динамикасының типтері

(Т.В.Клименко, А.С.Субханбердина, 2002)

патологиялық әуестік синдромының психопатологиялық құрылымына байланысты оның динамикасының үш типін ажыратады.

1. Толқын тәрізді тип Әуестіктің әртүрлі интенсивтілік дәрежесінде көрініс берді және оның обсессивті вариантында бақыланды. Обсессивті бұзылыстар пайда болғаннан кейін оның интенсивтілігінің азды-көпті тербелістері кезінде айтарлықтай тұрақтылықпен ерекшеленді. Әуестік интенсивтілігінің өзгеруі алғашында тікелей наркотикке байланысты сыртқы факторларға тәуелді болды. Бірақ аурудың даму дәрежесі бойынша себеп болған фак­тордың индифферентті жағдайларға экстраполирленуі бақыланды. Осы кезде оның алғашындағы мазмұнымен өте аластаған әуестіктің аутохтонды өткірленгені жөнінде пікір тудыратын контекстуальді байланысы болды.
2. Циклды тип Наркотикалық заттарды қабылдауды толық тоқтатудың азды-көпті ұзақтықтағы кезеңінен кейін кезеңмен пайда болды, және дамудың заңды кезеңділігімен сипатталды (жаршылар кезеңі, клини­калық күрделенген синдром және кері динамика). Динамиканың берілген типі әуестіктің компульсивті вариантына тән болды. Кезеңділіктің және әуестіктің аффективті компонентінің пайда болуы наркоманияның даму дәрежесіне қарай бас миының гипоталамикалық аумағының патологиялық үрдісіне кеңірек қатысу жағына патогенетикалық жылжу байқалғанын көрсетті. Нақты осыған байланысты компульсивті әуестіктің пайда болуы көбірек биологияішілік үрдістерге байланысты болды (аффективті тербелістер, вегетативті-қантамырлық реттелудің өзгерістері және т.б.), жиі сырттан қарағанда аутохтонды болып көрінді және обсесссивті вариантпен салыстырғанда сыртқы әсерлердің ықпалына аз деңгейде түсті. Экзогенді факторлар, егер ком­пульсивті әуестік динамикасына қандай да бір айтарлықтай әсерін тигізген болса да, тек жалпыбиологиялық тепе-теңдік бұзылысы арқылы деп айтуға болады.
3. Пароксизмальді тип Патологиялық әуестік дамуының ұстама тәрізділігімен ұстаманың кенет басталып, аяқталуымен, қысқа уақыттылығымен ерекшеленді. Пароксизмдер клише типі бойынша пайда болды, уақыты айқын, аф­фекттің кернелуімен қатар, айқын вегетативті стигмалар мен өзгерген сана көріністерімен эпилептиформды пароксизмдерге өте ұқсас көрініс береді. Патологиялық әуестік синдромы динамикасының берілген типі оның импульсивті вариантына тән болды.

Басқа психикалық патология фонындағы апиындық тәуелділік ағымының ерекшеліктері(Субханбердина А.С., 2004)

Басқа психикалық патология фонында апиындықнаркоманияның дамуы оның клиникалық патоморфозына алып келеді, осы кезде басқа психикалық патологиямен асқынбаған жағдайларда наркомания өзінің дамуының стереотипін сақтайды, бірақ біріккен психикалық патологияның сипатына байланысты өзінің клинико-динамикалық ерекшеліктері бар.

Біріккен психикалық патологияға байланысты наркоманияның прогредиентті дамуы артынан еңбекке қабілеттіліктің және оқуға қабілетінің төмендеуімен, әлеуметтік-еңбектік және жанұялық адаптацияның бұзылысын потенцирлейді, преморбидті-тұлғалық факторлардың криминогенді әсерлерін модулирлейді және нәтижесінде наркотиктермен байланысты құқық бұзушылықтар тарапына құқыққа қарсы белсенділік векторын өзгертеді.

Нозологиялық тәнділік Клиникалық сипаттамасы
Органикалық психикалық бұзылыстар фонындағы апиындық тәуелділік Аурудың жоғары белсенділігімен сипатталады, ол жөнінде наркотикке ерте жастан үйірлену (17 жасқа дейін – 61,9%), полинаркотизм сатысының болмауы, әсіресе наркоманияның нозологияға дейінгі сатысының өзінде наркотикті қолданудың аддиктивті мотивациясы, тәуелділік сатысы түзілу мерзімінің азаюы дәлелдейді. Несмотря на невысокую наркотикке жоғары емес толеранттылыққа платоның жылдам қалыптасуына қарамастан, тұлғаның дөрекі моральді-өнегелік құлдырауы байқалады.
Тұлға бұзылысы фонындағы апиындық тәуелділік Аурудың жоғары белсенділігімен сипатталады, ол жөнінде наркотикке ерте жастан үйірлену (17 жасқа дейін – 61,9%), полинаркотизм сатысының болмауы, әсіресе наркоманияның нозологияға дейінгі сатысының өзінде наркотикті қолданудың аддиктивті мотивациясы, тәуелділік сатысы түзілу мерзімінің азаюы дәлелдейді. Несмотря на невысокую наркотикке жоғары емес толеранттылыққа платоның жылдам қалыптасуына қарамастан, тұлғаның дөрекі моральді-өнегелік құлдырауы байқалады.
Шизофрения фонындағы апиындық тәуелділік Наркотикалық заттарды шектен тыс қолдану сатысы кеш жаста басталады (18-25 жас) және атарактикалық мотивациямен және наркотикті жалғыз қабылдау формасымен сипатталады. Созылмалы (үш жылға дейін) ізденулік полинаркотизм сатысы бақыланады. Наркотиктерді қолдануға басым троптылықпен психопат тәрізді бұзылыстар ерекшеленеді, және де шизофренияның инициальді немесе ремиссия кезеңі. Наркотикалық тәуелділіктің I сатысы зависимости характеризуется наркотиктерге құрылымы аяқталмаған патологиялық әуестікпен, опиатқа толеранттылықтың аздап өсуімен (екі-үш реттен жоғары емес), салыстырмалы ұзақтықпен (екі айдан бес айға дейін) сипатталады. Наркотикалық тәуелділіктің II-ші сатысында опиаттарды қолданудың атарактикалық мотивациясының аддиктивтіге ауысуы; құрылымында эйфорияның сақталуымен наркотиктермен жедел интоксикацияның клиникасының әдеттегі трансформациясының болмауы, абстинентті синдромның толық құрылымының болмауы байқалады. Шизофрениямен науқастарда абстинентті синдромның ауырлық дәрежесі оның клиникалық құрылымымен корреляцияланады. Абстинентті синдромның орташа және жоғары ауырлық дәрежесі кезінде оның клиникалық көрінісінде соматоневрологиялық, ал клиникалық жеңіл түрлерінде – психопатологиялық бұзылыстар басым болады. Абстинентті синдром құрылымы психикалық патологиямен біріккен формасымен корреляцияланады. Шизофрениямен науқастардағы абстинентті синдромның ауырлық дәрежесі үрдістің үдемелілік дәрежесімен корреляцияланады.

КАННАБИНОИДТАРДЫ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР (F 12)

Сора (конопля) (марихуана, гашиш, анаша, «шөп», «пластилин», «шайыр», киф, гуаза, хусус, план, хуррус, дагга, гунья, черес, кафур, банг, «дурь») – бұл Азияда, Африкада, Оңтүстік Америкада өсетін үнділік сораның жасыл өсімдігі шикізат болып табылатын кез-келген наркотиктер. «Пластилин» мен «шайыр» жұмсақ, қара-күрең зат, оларды темекімен араластырып қолмен орайды «косяк».

КАННАБИС ШАЙЫРЫ - каннабис шайыры – каннабис өсімдігінен бөлініп алынған тазаланған немесе тазартылмаған шайыр. ГАШИШ, АНАША - каннабис өсімдігінің тозаңынан дайындалған арнайы немесе (майдалаумен, нығыздаумен және т.б.) каннабис өсімдігінің бас жағын әртүрлі толықтырғыштармен өңдеу жолымен дайындалған қосынды, қосындының қандай формада болуына байланыссыз – ұнтақ тәрізді, таблеткалар, пилюлялар, нығыздалған плиткалар, пасталар және т.б.

Сораның әсері көбінесе, қолдану кезінде негізінен есеңгірететін әсермен анықталатын транс-тетрагидроканнабинолмен байланысты (ТГК). Каннабинолдың ең көп концентрациясы үнділік сора құрамында болады (Cannabis indica).

Жапырақтар құрамындағы, жиі гүлдеп тұрған бастарының біраз мөлшерімен жалпы алғанда препараттар, марихуана, банг, киф, дагга деп аталады. Осындай препараттардың әсерінің күші негізінен құрамы гүлдеп тұрған бастардан тұратын препараттармен салыстырғанда әлсіздеу (ганжа, ганья, ганиа). Гашиш (харас) негізінен сора өсімдігінен алынған шайырлы материалдан тұрады, әсері бойынша басқа препараттармен салыстырғанда күштірек.

Сораны қолданудың ең кең тараған тәсілі – тарту, бірақ одан дайындалған препараттар тағам немесе сусындардың құрам бірлігі түрінде ішке де қолданылуы мүмкін. Гашишті әдетте таза шайыр түрінде және темекімен араластырып тартады (кальян, наргил, джоз, килима), шайнайды, (банг), кейде пилюлялар түрінде жұтады, кофе тәрізді демдейді, тағамға қосады, дәмдеуіштермен сұйық экстракт түрінде қабылдайды, белена немесе меңдуанамен (дурман) қосады. Қабылдаудың берілген түрлері араб және азия елдерінде таралған. Каннабисті тарту кезінде наркотикалық әсер ертерек пайда болады және оны басқа тәсілмен қолдану кезіндегімен салыстырғанда препараттың аз мөлшерін қажет етеді. Психоактивті каннабиноидтар сіңіріліп, қанға түсіп, тарту үрдісінде өте жылдам ингаляция жүріп жатқан моментте, шыңына жетеді. Ішке қабылдау кезінде қандағы концентрация шамамен 2 сағаттан кейін шыңына жетеді. Наркотиктің майда ерігіштігі жоғары және май тіндерінде жиналады. Каннабиноидтар бауыр мен өкпеде метаболизденеді. Жартылай өмір кезеңі – 19-57 сағат. Оның іздері қан айналысында 2-4 апта деңгейінде болады. Каннабиноидтардың әсер ету механизмі ацетилхолиннің синтезін, босап шығуын және бұзылуын тежеу болып табылады .

Наркотикалық әсер тек қабылдаған дозаға байланысты емес, қоршаған ортадағы жағдайға, қолданушының күткен әсеріне және тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты. Сора препараттарымен айқын емес улану кезінде сыртқы көріністері аз байқалады: инъецирленген конъюнктивамен көздердің қабынуы, бұлшық ет күшінің төмендеуі, тахикардия. Седативті әсер және ұйқышылдық пайда болуы мүмкін.

Гашишті эпизодты (аптасына 1-2 рет) қолданудың бірінші жылында наркотикке дағдылану дамымайды. Тәуелділіктің алғашқы белгілерінің пайда болуына дейін 1-1,5 жыл өтеді. Тарту әдетте алкоголь қабылдаумен кезектеседі. Спиртті ішімдікті қабылдау біртіндеп азайтылып, гашишке артық көңіл бөлінеді. Ағымы үдемелі.

Бабаян Э.А.(1988) гашишті интоксикация кезіндегі симптомдардың ауысуының кезектілігін көрсетті:

Симптом Негізгі көріністері
1. Моторлы қозу Субъекттің қозғалысқа, жүруге, секіруге, жүгіруге, билеуге күшті ықыласы болады, сол уақытта өзін тоқтатуға тырысады
2. Жүріс-тұрысын бақылаудың әлсіреуі Басын үнемі субъектке бөтен идеялар жаулап алады, ол оларға бар зейінін салуға тырысады. Кенеттен қандай да бір болмашы ешқандай қызықтығы жоқ эпизод, адекватсыз, тоқтаусыз күлкі шақырады
3. Есеңгіреу жағдайы Осы жағдайда адамдар жиі өздеріне бағалы ойларын ашық айтады, бұл олардың санасыз қимыл-әрекеттерінен, сөздерінен, иллюзиялар мен галлюцинацияларынан да көрінеді
4. Идеялар диссоциациясы Әңгімелесуге және барлығын айтып салуға қажеттіліктің пайда болуымен сәйкес келеді. Оның айтқан әңгімелері өте оғаш: тыңдаушыны субъекттің шәлкес сөздері таңқалдырады, ол түсініксіз жағдайға түскенде, субъект себепсіз күлкіге кенеледі. Субъект толқып сөйлейді, болмашы нәрселерге сөз таластырады, өзін түсінбеушілікті сезінгенде наразылығын білдіреді
     
5. Өзіндік «МЕН» гипертрофиясы Субъект өзін биік санап, өз адамдарына жоғарыдан ықыласпен қарағанмен, оларды өзінен барлық сала жағынан едәуір төмен санайды
6. Сандырақтық қозу Айналадағы адамдар немесе заттар жөнінде дұрыс, нақты көзқарастың жоғалуымен бірге жүреді. Бұл жағдай сезімдердің ерекше өткірленуімен, идеялар гипертрофиясымен сипатталады
7. Шуыл алдындағы қорқыныш Ойлардың ары қарай шатасуының күшеюімен бірге жүреді. Айқын сәттер қысқара түседі, субъект біртіндеп өзінің субъективті күйзелістерінің құрсауына түседі, әдетте жабысқақ түрде сағаттың тықылын және шіркейлердің ызыңдарының өзін сезінеді. Ол дыбыстардың аздап күшеюінің өзі шыдатпайды. Адам апатия және немқұрайдылық күйіне түседі
8. Уақыт жөнінде пікірінің өзгеруі Бубъект үшін уақыт, шексіз баяу өтетіндей көрінеді, екі айқын әсер арасында көптеген басқа, бұлыңғыр және жиі аяқталмаған әсерлер көтеріледі. Уақыт олар жөніндегі естеліктермен өлшенеді, сондықтан шексіз ұзақ болып көрінеді
9. Кеңістікті бағдарлаудың бұзылуы Субъект және оның жанында тұрған адам арасындағы арақашықтық өте үлкен болып көрінеді. Қолы стаканға ешқашан жетпейтіндей, олардың арақашықтығы өте алыс болып көрінеді. «Егер баспалдақ тұрса, оның басқыштары аспанға дейін созылған»
10. Қабылдаудың бұрмалануы Бұл сатыда сезімдер, әсіресе есту және көру сезімдері ерекше өткірленуіне қарамастан пайда болады. Бірақ қабылдау бұрмаланған. Заттардың формасы мен түстері өзгергендей болады
11. Тұлғаның екіге бөлінуі Ерекше жағдайды басынан өткізгендей болады, бір жағынан қалыпты өмір сүріп жатқан шын мәніндегі өзіндік «МЕН-ді» сезінеді, және сол уақытта соның дәл жанынан сансыз идеяларды тудыратын фантастикалық және тұрақсыз біреуді сезінеді
12. Жоғары сенгіштіктің пайда болуы Мастану жағдайындағы адамға қандай да бір зат бар десе болды, ол бірден оның көз алдында пайда болады. Оның сезіміне кез-келген әсер, действующее на его чувства, немедленно вызывает мнимые восприятия (иллюзии или галлюцинации)
13. Галлюцинациялар-дың пайда болуы Кейбір субъекттерде болады. Олар өздерінің соңына жабайы аңдар түсіп алғанына немесе өлтіруге қауіп төндіретініне сенімді. Бұл жедел қорқыныш күйзелістерін тудырады  
14. Дыбыстарға жоғары сезімталдық Ең әлсіз музыка дыбысы, вибрациясы ерекше қатты естіледі
15. Эмоциональды күйзелістердің өткірленуі («махаббат толқыны») Ұмытылған оқиғалар нақты ұсақ-түйектерімен көз алдына қайта келуімен көрінеді. Жүрегіне жақын заттар жөнінде есіне түсіреді. Егер субъект әлде біреуді жеккөретін болса, оның антипатиялары өшпенділікке айналады. Ол өзінің жауларынан сақтану керектігіне, олар оған қарсы қастандық ойластырып жүргендеріне сенімді.
16. Онейроидты экстаз жағдайы Интоксикацияның ең жоғарғы шыңы болып табылады. Егер аталған қозу оы ең жоғары дәрежеге жетпесе, қиялдауға күшті ниеттенуі біртіндеп азая бастайды. Шын мәнінде бар немесе қиялдан туындаған барлық заттар мен адамдарды ораған тұман біртіндеп қоюланады. Шаршаған ми шатасқан жады мен қиялдарын басқаруға қабілетсіз болып қалады. Жыныс жүйесіне ерекше әсері интоксикацияның критикалық сәтінде эротикалық қозу басталуымен сипатталады. Осы кезде ешқандай физикалық өзгерістер болмайды. Бұл айқын милық феномен.

Наши рекомендации