Тіс протезінің күтімі.

Мақсаты: Қызыл иектің және тіс протез кезіндегі ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуларының алдын алуы.

Жабдықтау: дәл ауыз қуысын күткендей және арнайлы: тіс протезін шешуге арналған дәкелер, үлкен дәке, тіс протезіне арналған ыдыс, тіс щеткасы, тіс пастасы, бүйрек тәріздес лоток, қағаз дәкелер,қалдықтарға арналған ыдыс.

Міндетті шарттар:ауыз қуысын өңдегенде жүргізілетін процедура

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолды гигиеналық деңгейде жуып,қолғап киіңіз.

2. Пациенттен тіс протезін шешуін және арнайлы ыдысқа салуын сұраңыз.

3. Қолжуғыштың қасына тіс протезі бар ыдысты,тіс щеткасын,тіс пастасын,үлкен ыдысты, дәкені,орамалды апарыңыз..

4. Қағаз дәкені қолдана отырып,кранның бұрандасын ашыңыз.

5. Тіс щеткасын салқын суға салып,тіс пастасын сығып,кранның астында тіс протезін өңдеңіз.

6. Тіс протезін ағынды судың астында шайыңыз.

7. Тіс протезіне арналған ыдысты сумен шайыңыз.

8. Тіс протезін ыдысқа салыңыз.

9. Қағаз дәкені қолдана отырып,кранның бұрандасын жабыңыз.

10. Пациентке тіс протезін киюге көмектесіңіз.

11. Қолғапты шешіп,қалдықтарға арналған ыдысқа салып, қолды жуып,құрғатыңыз.

Ескерту:

- Егер пациенттің өз бетінше тіс протезін шешуге щамасы келмесе,онда дәкемен бас саусақпен және нұсқау саусағымен тіс протезін тербелген қозғалыстармен шешіп,ыдысқа салыңыз;

- түнгі уақытта тіс протезі ыдыста болады;

-Егер пациент тіс протезін сол уақытта кигісі келмесе,онда ыдысқа салып,тіс протезі бастқанша сумен толтырыңыз.

Пациенттің функционалды жағдайын бағалау
62. Қолтық арасынан дене қызуын өлшеу
(термометрия)

Мақсаты:диагностикалық: ересек адамның дене қызуын өлшеу.

Көрсеткіші:ағзаның функционалды жағдайын қадағалау, аурухана ішілік жұқпаның алдын-алу.

Қарама-қарсы көрсеткіштері:баздану,қолтық аралығының қабыну процесстері,қолтық аралығының қызарулары.
Дене қызуын өлшейтін орындар:қолтық аралығы, ауыз қуысы, шат аралығы (балаларда),тік ішек.
Жабдықтау:медициналық термометр, лоток, дәкелер, дене қызуының парағы, қара пастасы бар қалам, сағат, дене қызуын тіркейтін журнал, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс,таза термометрларды сақтайтын ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі:

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Қолды гигиеналық деңгейде жуып,қолғап киіңіз.

3.Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
4. Термометрді алып,тұтастығын тексеріп,сынап бағаны 35°С-қа түскенше сілкіңіз.
5.Қолтық аралығын қараңыз: жергілікті қабынулар болса, дене қызуын өлшемейді(себебі:термометрдегі температура, дене қызуынан қарағанда жоғары болады).
6. Жекеленген дәкемен пациенттің қолтық аралығын құрғатып,сүртіңіз(дымқыл тері термометрдегі өлшемге әсер етеді).
7. Термометрдің сынап бағаны жағымен пациенттің қолтық аралығына салыңыз(пациенттен термометрді қысып ұстауын сұраңыз).
8.Термометрді салған уақытты белгілеңіз.
9.10 минуттан кейін термометрді алып,сынап бағанының көрсеткішін қараңыз.
10. Термометр көрсеткішін дене қызуын белгілеуге арналған журналға санмен ,ал дене қызу парағына қисық сызықпен белгілеңіз(қара түспен).
11.Алынған нәтижені пациентке айтыңыз.
12.Термометрді сілкіп,сынап бағаны төмен түскеніне көз жеткізіңіз.
13.Қолданылған термометрді дезинфекциялық ертіндімен өңдеңіз.
14.Дез.ерітіндінің иісі кеткенше,ағынды судың астында шайып,дәкемен құрғатып,сүртіп,термометрге арналған ыдысқа салып қойыңыз.
15.Қолды жуып,құрғатыңыз.
63. Білек артериясынан тамыр соғысын анықтау.

Мақсаты:қан қысымының көрсеткіштерін анықтау және жүрек-қан тамыр жүйесіне баға беру.

Көрсекіштері:паценттіңжағдайын бақылау.

Тамыр соғысын анықтау орындары:білек, ортан жілік, тізе асты, ұйқы артериясы, иық артериялары тұсынан.

Тамыр соғысының қасиеттері:ырғағы, жиілігі, толығуы, толықсуы, кернеу күші.

Жабдықтау:сағат(секундомер), қағаз, қызыл түсті қалам, температура қағазы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз. Тамыр соғысын анықтайтын жерді табыңыз.

2. Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз – отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, тыныштық күйін орнатыңыз.

3. Қолдыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

4. Қолдарыңызбен пациенттің білезік буыны тұсынан ұстаңыз. 2,3,4 саусақтарыңызбен артерияны қыса басыңыз. Білектің алақан жақ бетінен 1-ші саусақ тұсынан білек артериясының ырғақты соғысын анықтаңыз.

5. Білек артериясы тұсын ұстаңыз, ақырын қысып. Тамыр соғысын сезіңіз, бұл қанның таралуы.

6. Пациенттің оң және сол жақ қолдарындағы тамыр соғысын салыстырыңыз. Екі жақ қолдың тамыр соғысының симметриясын анықтаңыз. Егер симметриялы болса, онда тексеру қорытындысын бір қолмен анықтайды.

7. Тамыр соғысының ырғағын анықтаңыз.

8. Тамыр соғысының жиілігін анықтаңыз.

9. Тамыр соғысының толығуын анықтаңыз.

10. Тамыр соғысының кернеу күшін анықтаңыз.

11. Температура қағазына тамыр соғысының қасиеттерін тіркеңіз – графикалық тәсілмен (қызыл түспен), ал қадағалау қағазына - сандық тәсіл бойынша.

12. Пациентке тексеру қорытындысын хабарлаңыз.

13. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

- қалыпты жағдайда қан қысымы екі қолда да бірдей , қартайған адамдарда тыныштық жағдайында тамыр соғысы минутына 60-80 рет соғады;

- тамыр соғуының ырғағы әр тамыр соғуының аралығында анықталады, егер аралығы бірдей болса, онда тамыр соғысы ырғақты, патологиялық жағдайларды бірдей болмайды, бұл-ырғақсыз тамыр соғысы;

- тамыр соғысының жиілігін анықтағанда (егер ырғақты болса) 1 минут ішіндегі тамыр соғуын санайды;

- PS қалыпты жағдайда 60-80 соғу минутына.

PS>80 рет минутына соқса – жиі – тахикардия.

PS<60 рет минутына соқса – аз – брадикардия.

- тамыр соғысының кернеу күшін саусақтарымызбен артерияны қыса -тамыр соғысының толуын, артерияда қан толу деңгейімен бағалайды, жүректің систолдық көлемінен байланысты. Тамыр соғысы толық, бос, жіп тәрізді болады

- Тамыр соғысының толықсуын – тамырдағы тамыр соғысы жоғалғанша қандай күшпен қысатын арқылы анықтайды.
Тамыр соғысы қалыпты, қатты, жұмсақ түрлеріне бөлінеді.
64. Артериялық қысымды өлшеу

Мақсаты:артериялық қысымды өлшеп,оған баға беру,жүрек-қантамыр жүйесінің функционалды жағдайына баға беру.
Көрсеткіштері:пациенттің жағдайын бақылау.
Болуы мүмкін асқынулар:ұзақ уақыт бойы тамырдың шаншылу әсерінен ауырсыну сезімдері.
Жабдықтау:тонометр, фонендоскоп, қағаз, қалам,дене қызуының парағы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Пациентке процедура барысын түсіндіріп,келісімін алып,бұрын осындай процедура болғаны туралы,нәтижелері туралы сұраңыз.
2.Пациентті ыңғайлы етіп отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, пациенттің алақаны жоғары,аппаратпен бір деңгейде тұру қажет. Артериялық қысымды арасына 3-4 минут салып, 1-2 рет өлшейді.
3. Танометрдің манжеткасын пациенттің жалаңыштанған шыңтағының үстінен 2-3 см жоғары,арасына 1 саусақ сиятындай етіп ораңыз
4.Манометрді манжеткаға қыстырыңыз,манометрдегі қысым нөлге тең болуы қажет.
5. Шыңтақ ойысында орналасқан шыңтақ артериясын тауып,оған фонендоскопты қойыңыз(фонендоскоптың басы денеге қатты батпауы керек,ол нәтиженінің тура болмауына әкеледі).
6. Алмұрт тәрізді баллонның бұрандасын жауып, тамыр соғысы шыңтақ артериясында жоғалғанша, ауаны манжеткаға толтырыңыз немесе пациенттің қалыпты қысымынан20-30мм.сын.бағ. жоғары болу керек

7. Алмұрт тәрізді баллонның ауасын асықпай жібере отырып,манометрдің көрсеткішін бақылаңыз:
- манометрдегі көрсеткіштер 2 мм.сын.бағ.жылдамдығымен өзгеруі мүмкін,сонымен қатар тамыр соғысының дыбысын тыңдаңыз .

8.Өлшегенде бірінші тықылының пайда болғанын белгілеңіз , ол систолдық қысым, аяқталғанын диастолдық қысым деп атайды; ауаны манжеткадан шығарыңыз.
9.Танометрдің манжеткасын пациенттің қолынан шешіп, сауытына салып қойыңыз.
10. Алынғын нәтижені бақылау журналына және дене қызуының парағына сандық-бөлшекпен белгілеңіз.
11.Процедураны қайталап,алынған нәтижелерді салыстырыңыз.
12. 70% спиртпен екі рет фонендоскоптың басын дезинфекциялық ертіндімен өңдеңіз.
13.Пациентке артериялық қысымның нәтижелерін айтыңыз.

Ескерту: -артериялық қысымды екі қолда да өлшер,алынған нәтижелерді салыстырады. -Пациентке өз бетінше артериялық қысымын өлшеуге және оған баға беруді үйретіңіз. - Қалыпты артериялық қысым120/80 мм.сын.бағ., 130/85 мм.сын.бағ - артериялық гипотензия 90/60 мм.сын.бағ., - артериялық гипертензия 140/90 мм.сын.бағ., 65. Тыныс алудың жиілігін есептеу

Мақсаты:пациенттің жағдайын қадағалау.
Көрсеткіші:Тыныс алу ағзаларының функционалды жағдайын бағалау.
Жабдықтау:секунд тілі бар сағат, дене қызуының парағы, көк пастасы бар қалам

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Қолды гигиеналық деңгейде жуып,қолғап киіңіз.

3.Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз.Сізге пациенттің кеудесі мен құрсақ бөлімін көру керек.
4.Пациенттің көнілін аулау үшін,пациенттің қолын кәрі жілік тұсынан алыңыз.
5. Пациенттің қолымен бірге өз қолынызды пациенттің кеудесіне қойыңыз(кеуделік тыныс алу кезінде) немесе құрсақ бөліміне(құрсақтық тыныс алу кезінде) .
6. Секундомерді қолдана отырып, пациенттің бір минут ішіндегі тынысын өлшеңіз(дем алу-дем шығару бір қозғалыс болып есептеледі).

7.Тыныс алудың жиілігін анықтаңыз.
8.Пациентке процедура барысын және алынған нәтижиелерді айтыңыз.
9.Қолды жуып,құрғатыңыз.
10.Дене қызуының парағына тіркеңіз.
Ескерту:
- пациенттің тыныс алуын санаған кезде,оған білдіртпей жүргізеді;
-демнің бір минутындағы қозғалысын демнің жиелігі деп атайды (ДҚС ЧДД),
- тыныштық жағдайындағы, сау адамның қалыпты тыныс алуы 1 минутына 16-20 рет.
- (ЧДД) -ДҚС журектің қағысына – (ЧСС) орташа есеппен 1:4 қатынаста болады.
- дене қызуы бір градусқа көтерілгенде демі 4 есе жиелейді;
- брадипноэ – сирек дем, минутына 16 рет;
- тахипноэ – жиі дем, минутына 20 рет.

Су балансын есептеу

Мақсаты: тәулік бойы ағзаға енгізілген және шығарылған су көлемінің қасиетін есеппен қамтамасыз ету.

Көрсеткіші: ісіктері бар пациенттерді бақылау, жасырынды ісіктерді анықтау, диуретиктердің әсерін тексеру.

Жабдықтау: салмағын өлшейтін өлшегіш, шынылы белгілері бар ыдыс, тіркеу қағазы.

Ескерту: зәрдің шығуы ғана емес, құсық және үлкен дәреті есепке алынады.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, оның процедура орындай білу қабілетін бағалаңыз.

2. Пациент сұйықтығының қандай мөлшерде бөлінгеніне есеп жүргізе алатындығына сенім артыңыз.

3. Процедура мақсатымен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

4. Пациентке сұйықтық тағамдық және қозғалыс режимін сақтау қажеттігін түсіндіріңіз.

5. 3 күн бойы диуретиктерді қолданбағанына көз жеткізіңіз.

6. Тіркеу қағазына қалай тіркелетіні туралы толық хабарлау және пациентке не мақсатпен толтырылатынын түсіндіріңіз.

7. Тағамдардағы су көлемін, су балансын есепке алу мақсатында тіркелінетінін түсіндіріңіз.

8. Жабдықтарды дайындаңыз.

9. Таңертеңгілік сағат 06.00 да зәрін пациент дәрет ыдысына жібереді.

10. Зәрін жолдамасы бар ыдысқа жинауын түсіндіріңіз.

11.Тіркеу қағазына шыққан зәрінің көлемін жазыңыз.

12. Ішкен сұйықтық мөлшерін тіркеу қағазына жазыңыз.

13.Таңертен 06.00-дан ертеңгі 06.00-ға дейін су ішкен және зәр шыққан көлемін тіркеу қағазына жазыңыз.

14. Ертеңгі сағат 06.00-ден кейін тіркеу қағазын медбикеге тапсыру.

15. Медбике қанша сұйықтықтың шыққанын анықтау формуласы арқылы есептеп отырады: шыққан зәрдің көлемі х 0,8 (80%)= норма бойынша шығатын зәрдің көлемі.

16. Шыққан сұйықтықты есепке алынған сұйықтықпен салыстыру.

Шыққан сүйықтық

Зәрдің шығу уақыты Шыққан зәрдің көлемі мл. (диурез)
   
   
   
   
   


Еңгізілген сұйықтық

Сүйықтықтын қабылдау немесе еңгізу уақыты Ішілген және еңгізілген сүйықтықтын көлемі
   
   
   
 
Барлығы:
 

Ескерту: диуретиктерді қолданса, суы көп тағамдарды қабылдаса, суық ауа райы әсер етсе, онда сұйықтықтар көп шығады;

-су балансын тіркейтін қағазға жазу.

Ескерту: су балансының қалыпта болуы ісіктердің қайтуы және емнің тиімділігін көрсетеді. Су балансының қалыпта болмауы ісіктердің көбейіп және диуретик затардың тиімсіздігін көрсетеді.

Алынған нәтижеге баға беру:


80% - 5-10% - шығу қалыпы (-10-15% -жылдың ыстық күндері; +10-15%
- суық күндері;
-су балансы оң (>90%) емнің нәтижесін және ісіктердің қайтуын айтады ( диуретиктерге деген реакциясы немесе жеңіл тамақ емдәмі);
- су балансы теріс (10%) диуретиктердің нәтижесіз болуы және ісіктердің қайтпауы туралы айтады.

Наши рекомендации