Аналық без апоплексиясының жіктелуі

СӨЖ

Тақырыбы: Аналық без апоплексиясы

Орындаған: Бекниязова А, Жумалиева А.

Факультет: ЖМ

Топ: 003-2к

Тексерген:

Алматы 2016жыл

Жоспар:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Аналық без апоплексиясының пайд болу себептері

2.2 . Жіктелуі

2.3 . Клиникалық көрінісі

2.4. Диагностикасы

ІV.Қорытынды

V.Пайдаланылған әдебиеттер

Аналық без апоплексиясы бұл аналық безге кенеттен фолликул тамырларының , фолликулярлы киста, аналық без стромасының , сары дененің жарылуынан қан құйылу.

Апоплексия өз кезегінде аналық без тінінің бұзылуымен , құрсақ қуысына қан құйылумен жүреді. Апоплексия сөзі грек тілінен аударғанда кенеттен пайда болған соққы немесе паралич деген мағынаны береді.

Апоплексия 90-94 % жағдайда овуляторлы ауырсыну немесе менструальді циклдың 2 фазасында пайда болады. Бұл осы кезде қантамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауымен және овуляция кезінде қанға толуының күшеюімен байланысты.

Оң жақ аналық безі апоплексиясы сол жаққа қарағанда 2-4 есе жиі кездеседі. Себебі оң жақ аналық безіне қан көп мөлшерде аортаның өзінен , ал сол жаққа бүйрек артериясынан келуімен байланысты.

Кіші жамбас астауындағы ағзалар қабыну аурулары аналық без тінінде склеротикалық өзгерістерге, овариальді веналардың варикозды кеңеюіне алып келеді.

Гормаональді статустың өзгеруі де аналық без апоплексиясына себеп болады. Гипофиздің гонадотропты гормондары (ФГС; ЛГ) арақатынасының өзгеруі, пролактин деңгейінің өзгеруі де аналық безінде ретениондық кисталар түзілуінежәне овариальді тін гиперемиясына әкеледі.

Аналық без апоплексиясының дамуына алып келетін қауіп –қатер факторлары :

1. Жарақат

2. Ауыр физикалық жұмыс

3. Дөрекі жыныстық қатынас

Аналық без апоплексиясының жіктелуі

Клиникалық көрінісіне байланысты аналық без апоплексиясын келесідей 3 формаға жіктейді.

- Ауырсынған формасы

- Геморрагиялық формасы

- Аралас

Құрсақ қуысына қан құйылуына байланысты келесі үш сатысын ажыратады:

Жеңіл түрі (қан жоғалту 100-150 мл)

Орташа түрі (қан жоғалту 150-500мл)

Ауыр түрі (қан жоғалту 500 мл жоғары )

Аналық без апоплексиясының клиникалық көрінісі

Аурудың барлық формасына тән көрініс – іштің төменгі бөлігіндегі кенеттен ауырсыну сезімі.

Басқа симптомдар әлсіздік , бас айналу , құсу, лоқсу, жүрек айну құрсақ қуысына кеткен қанға байланысты.

Ауырсынатын және геморрагиялық формасының клиникалық көріністері ұқсас болып келеді.

Аналық без апоплексиясының ауырсынатын формасы кезінде құрсақтың төменгі бөлігінде ұстамалы ауырсыну мен жүрек айну, лоқсумен көрінеді. Құрсақ қуысына қан кету көріністері болмайды.

Қарау кезінде тері жабындылары мен көрінерлік шырышты қабаттары қалыпты түсте. АҚ төмендеген, тахикардия анықталады. Тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ , бірақ төменгі бөлігінде ауырсыну сезімі анықталады. Пальпация кезінде мықын аумағында , зақымдалған аналық безі жағында ауырсыну анықталады. Перитонеальді симптомдар жоқ. Перкуторлы құрсақ қуысында бос сұйықтықтар анықталмайды.

Гинекологиялық қарау кезінде : жатыр қалыпты формада, аналық без үлкейген және ауырады. Кіші жамбас астауы ағзалары УДЗ кезінде аналық без жыртылуын анықтайды.

Аналық без апоплексиясының геморрагиялық түрінің орташа және ауыр түрінде негізгі көрініс қан кету түрінде болады. Ауру жедел басталады, ауырсыну іштің төменгі бөлігінде басталып, тік ішек аумағына, аяққа, сегізкөзге, сыртқы жыныс ағзаларына беріледі. Оған қоса әлсіздік, бас ауналу, лоқсу, жүрек айнумен айқын көрініс береді. Көп мөлшерде қан кеткенде шырышты қабаттың және терә жабындыларының бозғылттанып, науқасты салқын тер басады. АҚ төмендеген, тахикардия анықталады. Перитонеальді симптомдар іштің төменгі бөлігінде байқалады.

Гинекологиялық зерттеу кезінде қынаптың шырышты қабаты қалыпты, ал қан кету кезінде түссіз болады Жатры қалыпты өлшемде, апоплексия жағындағы жатыр қосымшалары ауырсынады. Бимануальді зерттеу жүргізі қиындайды себебі, алдыңғы құрсақ қабырғасы ауырсынып, бұлшықеттер тартылған болады.

Қанның клиникалық анализінде гемоглобин мөлшері төмендеген, бірақ қан кетудің алғашқы сағаттарында бұл көрсеткіш өзгере қоймайды.

Диагностикасы:

1. Шағымдары ( іштің төменгі бөліндегі ауру сезімі, менструальді циклдың ортасында пайда болған. )

2. Зерттеу кезінде қан кетіп жатқа аналық без аумағындағы ауру сезімінің анықталуы. Ішастардың тітіркену симптомының оң болуы.

3. ЖҚА, ЖЗА

4. Артқы күмбездің пункциясы.

5. УДЗ

6. Лапорскопия

Емі: консервативті және хирургиялық .

Аналық бездің жеңіл түрінде және қан мөлшері 150 мл аз болса, консервативті ем жүргізуге болады. Науқасқа толық тыныштык керек, спазмолитиктер, қан тоқтатушы дәрілер, витамин береміз.

Лапароскопияға көрсеткіш:

Құрсақ қуысына 150 мл көп қан кету.

Консервативті ем нәтижесіз болып , көп мөлшерде қан кету.

Дифферециальді диагностика үшін.

Лапаротомияға көрсеткіш :

Құрсақ қуысына қан кету науқастың ауыр жағдайымен көрінсе(геморрагиялық шок).

Лапароскопияны жүргізу мүмкін болмаса (қан кетудің күшеюі, жабыықан процесс).

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Kazmedic.kz.

2. www. Wikipedia .

3. “Акушерия және гинекология” Ә.Т.Раисова, Р.Ғ.Нұрқасымова Алматы ,2004

Наши рекомендации