Гигиеналық ванна дайындау
Мақсаты:жеке басының тазалығын сақтау, ішкі ауруханалық жұқпалардын алдын алуы.
Көрсеткіштері: дәрігердің нұсқауы, терінің кірлеуі, педикулез.
Қарсы көрсеткіштері:әр түрлі жағдайдағы қан кету,пациенттің ауыр жағдайы, қызба, жарақаттар, миокард инфарктісі, мидың қан айналысының бұзылуы, тері аурулары қозу кезеңінде, жедел жұқпалы аурулар.
Жабдықтау: су термометрі, қайшылар, орамал, сабын мен жөке, шампунь, таза ішкі киімі, резенке қолғап, клеёнкалы алжапқыш, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс, аяққа қоятын тірегіш.
Іс- әрекет алгоритмі:
1.Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісімін алыңыз.
2. Резеңке қолғапты және алжапқышты киіңіз.
3. Терезенің форточкасын жауып, ваннанын қасына еденге резенке клемше салыңыз, ваннаны сабын араласқан қылшак пен жуыңыз және аурухананың ішінде қолданатын керекті ертіндімен өндеңіз.
4. Ваннаны жылы су 35 – 37 0С толтырыңыз;
5. Пациентке ваннаға түсуге көмектесіңіз.
6. Егер пациент өз бетінше жуына алмаса, сіз жөкемен сабынды алып бір ізділікпен жуынуына көмектесіңіз: басы - денесі – қолдары, шаптары, жыныстары - аяқтары.
7. егер пациенттің жүрегі ауырып, қағып, басы айналса, онда ванна қабылдауын тоқтатып, көмек көрсетіңіз
8. Пациенттің иығына орамал жауып ваннадан шығуына көмектесіңіз.
9. Денесін жоғары айтылған ізділікпен сүртіңіз.Терісінің құрғақ болғанына көзінізді жеткізіңіз.
10. Пациенттің аяқ және қолдарының тырнағын алыңыз.
11. Пациентке шашын тарауына және киінуіне көмектесіңіз.
12. Ваннадағы суды ағызып дезинфекциялық ертіндісімен өндеңіз, ағынды сумен шайыңыз.
13. Қолданылған заттарды зарарсыздандырыңыз.
14. Қолғапты шешіңіз, пациентті палатаға шығарып салыңыз. Қолды жуып құрғатыңыз.
Ескерту: ваннаның қолдану уақыты 25 минуттан аспау керек.
- ванна алар кезінде пациентті жалғыз қалдыруға болмайды, міндетті түрде бет әлпетін және тамыр соғысын тексеру керек,
- егер пациенттің жағдайы нашарласа, онда ванна қабылдауын тоқтатып, дәрігерді шақырып көмек көрсетіңіз.
Пациентті тасымалдау
Пациентті қабылдау бөлімшесінен арнайы бөлімшеге тасымалдау тәсілін дәрігер пациенттің жағдайына қарай анықтайды: тасымалдауышқа немесе зембілге, кресло-керуетте, қолмен, немесе медицина қызметшінің көмегімен жайау жүру.
Ауыр жағдайдағы пациентті каталкамен тасымалдау:
-каталканы кушеткаға қарайперпендикулярлық орналастыру, оның бас жағы кушетканың аяқ жағында болуы тиіс;
- бір жағынан пациенттің қасында үш адам тұрады: біріншісі қолын басының астына және жауырына қояды, екінші бөксе астына, үшінші – жамбастың ортаңғы бөлігіне және сирағына қояды;
- пациентті көтеріп, 90° қа каталканың бойымен бұрады;
- пациентті каталкаға жатқызып үстін жаймамен жабады;
- бөлімшеге ауыр жағдайдағы пациентті апаратыны туралы хабарлайды;
- пациентпен қоса бөлімшеге ауру тарихын жібереді.
Қозғалуға қабілетті бар пациентті кресло-каталкамен тасымалдау:
-медбике кресло-каталканы алдына еңкейтіп, аяқ тіреуішке басады;
- пациентті аяқ тіреуішке тұруын сұрайды, содан кейін оны сүйемелдеп креслоға отырғызады;
- кресло-каталканы қайтадан негізгі қалпына келтіреді;
- пациентті тасымалдағанда оның қолдары кресло- каталканың шынтақ сүйенішінен шығып кетпеуін қадағалап отыру.
Ауіпсіздік орта
(пациентті төсекте дұрыс орналастыру, көшіру, тасымалдау)
Функционалды кереует
Төсек жайлылығы емдеу-қорғау тәртібінде өте маңызды элементі болып саналады. Пациентті төсекте дұрыс жайғастыру көңіл күйіне жайлы әсер етеді, ал кейбір ауруларда мүгедектікке әкелетін қайтымсыз өзгерістердің болмауының алдын алады. Егер адам жартылай немесе толық қозғалыссызда болса, ол өзіне ыңғайлы жағдай жасай алмайды , кейбірде пациентті 2 сағат сайын аударып отыру керек. Осындай жағдайда функционалды кереуетті қолданады.
Функционалды кереуетте үш қозғалмалы секциялары болғандықтан пациентке ыңғайлы жағдай жасауға болады. Кереутін басымен аяқ жағында көтеру үшін тұтқалары бар.
Кереуттің аяқтарында пациентті тасымалдау үшін дөнгелектері бар, тұтқаның тежеуіші және кереуеттің бүйір тұтқалары қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді.
Кейбір кереуеттерде арнайы құрылғылары бар: кереуеттің жанындағы үстел, тамшылауға арналған ұштаған, жекелік дәрет ыдысын және зәр жинағышты сақтайтын қуыс.
Функционалды кереуеттің қолдануын ауыр халдегі пациенттке ыңғайлы жағдай жасау үшін медбике жүргізеді.