Кпенің кавернозды туберкулезінің нәтижесі

Қолайлы Шамалы қолайлы Қолайсыз
1. Кавернаның тыртықтануы 2. Хирургиялық емнен кейін жазылу 1. Кавернаның казеозды массалармен толуына байланысты жабылуы 2. Фиброзды – кавернозды туберкулезге айналуы 1. Өкпеден қан кетуге байланысты өлім.

КПЕНІҢ ФИБРОЗДЫ-КАВЕРНОЗДЫ ТУБЕРКУЛЕЗІ

Төрт негізгі клинико-рентгенологиялық белгілермен сипатталатын туберкулездің анатомиялық қайтымсыз түрі: созылмалы толқын тәрізді ағыммен, қалың регидті қабырғалы кавернамен, өкпеде айқын фиброздың пайда болуымен және бронхогенді метастаздардың пайда болуы және дамуымен.

Патогенез

1. Деструкциялы өкпе туберкулезі түрлерінің прогресті ағымы
2. ТМБ дәрілерге тұрақтылығы
3. Организмнің жалпы резистенттілігінің төмендеуі
4. Организмдегі басқа аурулармен қосарлану
5. Науқастың тәртіпсіздігі
6. Бұрынғы туберкулез түрлерінің адекватты емес терапиясы

Патоморфологиялық өзгерістер

1. Ыдырау қуысы (3 қабатты каверна) 2. Фиброз 3. Брохогенді себілу ошақтары
a) Ішкі казеозды некротикалық қабат b) Ортаңғы-грануляциялық қабат эпителиоидты және гигантты клеткалармен, қан және лимфа тамырларымен c) Сыртқы-фиброзды қабат Бөлік және альвеола аралықтар мен плеврада дәнекер тіндер мен фиброз пайда болады. Зақымданған немесе келесі өкпеде полиморфты ацинозды-нодозды және лобулярлы ошақтар кавернаның қасында орналасуы мүмкін.
4. Бронхоэктаздар 5. Эмфиземалар  
       

Клиникалық көрінісі

Клиникалық көрінісі аурудың кезеңдеріне (өршу немесе бәсеңдеу), процестің жайылуы мен ұзақтығына, болатын асқынуларына байланысты. Өршу кезеңінде дене қызуы көтеріліп, ентігу, жөтел мен қақырық шығу ұлғаяды, басқа интоксикация симптомдары күшейеді, кейде қан түкіру мен өкпеден қан кету байқалады. Уақыт өте аурудың жағдайы ауырлайды, ауру әлсірейді, жүдейді, ентікпе көбейіп, жөтел мазасыздандырады, арықтау ұлғаяды. Ауру біртіндеп жіңішке ауыр түріне келіп, ауыр мүгедекке айналады.
Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезінде барлық ауруларда асқыну кезінде бактерия бөлушілік болады.

Басқа органдар мен мүшелер жағынан өзгерістер

Фиброзды-кавернозды туберкулез кезінде терең алмасубұзылулары мен витамин жетіспеушілігі болады. Кейде асқазанның моторлы және сөл бөлу жұмысы, тыныс алу мен қан айналымының функциялары бұзылады. Эндокринді жүйесінің әртүрлі бөлігінде гормональды бұзылулар, қалқанша без бен бүйрек безі қабығы функциялары да бұзылады. ФКТ көрінісі – ішкі органдардың амилоидозы.
Туберкулин сынамалары жиі нормергиялық және айтарлықтай диагностикалық маңызы зор.
Қанда: анемия, лейкоцитоз, таяқша ядролы солға ығысқан, лимфопения, моноцитоз, СОЭ жоғарылаған.

Ағымының түрлері.

1. Шектелген және біршама стабильді  
2. Жиі асқынған прогресті фиброзды-кавернозды туберкулез  
3. Прогресті ағымға және өкпе мен басқа органдардағы морфологиялық өзгерістерге байланысты әртүрлі асқынулы фиброзды-кавернозды туберкулез
     

Рентгенологиялық суреті

Қалың қабырғалы ыдырау формасы дұрыс емес және ішкі контуры айқын емес айналасындағы өкпе тінінде фиброзды және эмфизематозды өзгерістер кезектеседі. Кавернаның айналасында және өкпенің басқа бөліктерінде контурлары айқын емес полиморфты ошақты көлеңкелер. Өкпе түбірі тығыздалған, кеңейген, көтерілген. Плевраның тығыздалу көлеңкесі. Средостение органдары жылжыған және деформацияланған. Кейде кеуде сүйектері деформацияланған (деформация және ассиметрия). Асқынған кезде – ыдырау көлемі ұлғаяды, ескі және жаңа бронхогенді себілу инфильтрация және жаңа каверналар пайда болады.

Емі

Консервативті терапия Хирургиялық ем
Өкпе туберкулезінің бұл түрін емдеу өте қиын. Этиотропты химиотерапия туберкулезді процестің үрдісін бір қалыпты еткенімен клиникалық жазылу өте сирек болады. Ем 4 санат бойынша, ТМБ дәрілерге сезімталдығы мен препараттарға төзімділігіне байланысты жүргізіледі 1. Радикалды оперативті ем (лобэктомия, пульмонэктомия); 2. Паллиативті оперативті (коллапсты-хирургиялық және т.б.)
Патогенетикалық ем  
Симптоматикалық терапия  

Нәтижесі

Наши рекомендации