Дәрілік ерітіндіні теріге жағу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындацыз: дәрілік ерітінді, залалсыздандырылган дәке тампондарын, пинцетті, лотокты, қауіпсіз жинауға жэне жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

Іс-әрекет алгоритімі:

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрілік ерітіндіні науқасқа таңдаңыз.

3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсідіріңіз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті науқасқа түсіндіріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық денгсйде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Дәке тампонын қажеттіі ерітіндіге сулаңыз.

7. Науқастың терісіне дәрілік ертіндіні ұзына бойы жеңіл
қозғалыспен (шаштын өсу бағыты бойынша) жағыңыз.

8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

9. Пайдаланған тампондарды, қолғапты кауіпсіз жоюға арналған
контейнсрге салыңыз.

Ескерту: терінің іріңді ауруларында, зақымдалған ошақтың айналасына шеттен орталыққа қарай бағытпен дәріні майлайды.

Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін

ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж

Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова

Стандарт

Майлы таңғышты орындау.

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған шпательді, салфетканы, мақтаны, бинті, қайшыны, майды, қолғапты. қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәргердің ем тағайындайтын парағына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшараның мақсапты мен барысын түсіндірңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

4. Науқасқа емшара жүргізу үшін ыңайлы қалып алуына көмектесіңіз.

5. Колыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз,

6. Залалсыздандырылған шпательді қолдана отырып, залалсыздандырылған салфсткаға қажетті мөлшерде майды жағыңыз.

7. Май жағылған салфетканы науқастын терісіне салып, салфетканың үстіне кішкене қабаттан мақта қойыңыз.

8. Салфетканы маймен, дәке немесе түтікті бинтпен ораныз.

9. Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

10. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

11. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

12. Таңғышты қанша уақыт ұстау қажет екенін науқаска ескертіңіз.

Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін

ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж

Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова

№ хаттама « » 20ж

Стандарт

Теріге майды жағу.

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: дәрілік майды, залалсыздандырылған шпательді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәргердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препараттың жарамдылығын тексерңіз (майдың атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсідіріңіз, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

4. Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы қалып жасауға көмектесіңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгенде жуып, қолғапты киіңіз.

6.Науқасқа қажетті мөлшерде майды тюбиктеп апликаторға сығып шығарыңыз.

7. Теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз, оны қолмен жасамаңыз, өйткені кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылы да сорылады.

8. Май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын науқастан сұраңыз.

9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

10. Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін

ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж

Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова

№ хаттама « » 20ж

Стандарт

Наши рекомендации