Медбике ісі» « Жалпы практикадағы медбике» мамандығана арналған мемлекеттік емтиханның билеттері

Науқас 65-жаста. Емханаға келіп қаралған. Жүрек тұсы жиі- жиі ауырады.

Науқас түнде суық терден оянады. Ауруда «өлім» үрейі бар.

Ұстама болмаған кезде өзін жақсы сезінеді. Қан қысымы 110/70 мм с.б,

пульс 1 мин -98рет.

1.Қандай ауру деп ойлайсыз?

2.Ауруды күту ерекшеліктері.

3.Бұл аурудың асқынулары қандай?

4.Бұл ауруда қандай зерттеуді өткізу маңызды?

Ауру 21 жаста. Шағымы: құрғақ жөтел, әлсіздік, ентігу, дене қызуының

көтерілуі, кеуде қуысының ауруы. Т̊-37,5̊- 38̊ дейін. Бұрын өкпе

туберкулезімен ауырған.

Қарау кезінде: тері қабаты бозғылт, мұздай тер. Оң жақ кеудесі дем алуда

қалыңқы. Пульс- 98 - 1 минутта. АҚҚ- 100/60 мм с.б. Рентген тексеруде: оң

жағында өкпе тінінің гомогенді қарайғаны байқалады. ЖҚА- лейкоцитоз,

ЭТЖ 28 мм/сағ. Науқасқа «Эксудативті плеврит» деп диагноз қойылды.

1.Ауруды күту ерекшеліктері

2.Бұл аурудың себептері қандай?

3.Қандай қосымша зерттеу әдісін білесіз? Оны өткізу үшін не дайындауымыз керек?

4.Бұл аурудың дене қызуының көтерілуінің түрі қалай аталады?

Науқас 19-жаста. 20күн бұрын баспа ауруымен ауырды. Алғашында оң

аяғының тізе буыны ісініп ауырды. 3-күннен аурудың бұл белгілері жойылып,

тобық буындарына көшті. Дене қызуы 38̊ С. Аяғының буындары ісінген,

сондықтан аяғын қозғай алмайды.

1.Бұл аурудың себебі?

2.Қандай ауру деп ойлайсыз?

3.Ауруға қандай күтім керек?

4.Профилактикасын қалай өткізу керек?

Науқас 30-жаста. Ол емханаға жөтеліп, түшкіріп, мұрнынан су ағып келді.

Өткір ауырған. Ол өзін қатты салқын тиюден соң өзін ыстықтағандай, кеудесі

қысылғандай сезінеді. Т-37,8̊ С.

1.Бұл қандай ауру?

2.Мұндай ауруға қандай күтім қажет?

3.Бұл аурудың профилактикасы қандай?

4.Қандай асқыну жағдайлары болуы мүмкін?

Заводта профсмотр кезінде 30-жастағы науқастың қан қысымының

жоғарылауы байқалды. Пульс- 92 рет, АҚҚ – 140/100 мм с.б. Анамнезінде

тістің кариесі және созылмалы тонзиллитпен, созылмалы

гломерулонефритпен жиі ауырады.

1.Аурудың дамуына не себеп болды?

2.Бұл созылмалы нефриттің қандай түрі?

3.Ауруды бүйректің УЗИ- зерттеуіне қалай дайындау керек?

4.Науқастың зәрінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Науқас жыл бойы өзін әлсіз сезінеді. Майлы тағам ішкеннен кейін жүрегі

айниды, үнемі оң жақ қабырғасының асты сыздап ауырады.

1.Қандай ауру жөнінде ойлауыңыз керек?

2.Ұлтабарды зондтау әдісіне науқасты дайындау.

3.Өттің қандай порциясында өзгерістер табылады? Олар қандай?

4.Бұл аурудың профилактикасы?

Науқас 54 жаста. Оң жақ қабырғасының асты үнемі ауырады, терісі

қышиды, жүрегі айниды, құсады. Тері қабаты сарғайған, денеде тырнақ ізі

байқалады. Алақандары қызыл, құрсақ қуысы үлкейген, ауырсынады. Ұзақ

уақыт ішімдік қолданғаны анықталған.

1.Науқастың жағдайы қандай?

2.Іш қуысының пункциясынан кейін ауруды күту.

Пайдаланған аспаптарды залалсыздандырудан бұрын тазалау.

3.Науқасты бауырдың УЗИ- зерттеуіне дайындау.

4.Бұл аурудың профилактикасы.

Гипертония ауруымен ауыратын науқастың кенеттен басы ауырады, басы

айналады, құлағы шуылдайды, көз алды қарауытады, жүрегі ауырады, жүрегі

айнып құсады. АҚҚ – 260/140 мм с.б.

1.Не жайында ойлау керек?

2.Сіз қандай жедел көмек көрсетесіз?

3.Бұл аурудың профилактикасы

4.Алғашқы көмек ретінде қолданылатын дәрілерді ата.

Емханадағы қабылдау кезінде 50 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, қатты

шөлдеуге (күніне 5л. сұйықтық ішеді), аузының құрғауына, зәрдің көп

бөлінуіне , денесінің қышуына шағымданады. Ауруын қатты нерв жүйесінің

күйзелуімен байланыстырады.

Қандағы қант мөлшері 12,5 мк моль/литр, зәрдегі қант – 2%.

1.Аурудың қандай түріне жатқызасыз?

2.Қандай себептер ауруды тудыруы мүмкін?

3.Бұл ауруда қандай асқынулар болуы мүмкін?

4.Қандай қосымша әдістермен тексеруге болады?

Биохимиялық анализге қан алып жатқан кезде науқастың жағдайы бірден

әлсіз болады. Жүрегі айниды, құсқысы келеді, басы айналады, көзі

қарауытады, есінен танады.

Қарау кезінде: ауру бозарған, маңдайында суық тер шығады, дем алысы

сирек. АҚҚ – 80/40 мм с.б.

1.Не жайында ойлау керек?

2.Қандай жедел көмек керек?

3.Бұл жағдайдың себептері.

4.Жедел тамыр жетіспеушілігінің қандай түрлері бар?

Автобуста ер адамның жағдайы нашарлап, түрі бозарып, демалысы

сырылдап, ысқырық сырылдары алыстан естіледі, аузымен ауа жұтады.

Қарау кезінде: тыныс жиілігі- 1 минутта – 40 рет, пульсі 1 мин- 110,

АҚҚ 130/80 мм с.б.

1.Сіз қандай ауру деп ойлайсыз?

2.Жедел жәрдем көрсетудегі сіздің тактикаңыз.

3.Ауруға қандай күтім керек?

4.Бронхолитикалық әсері бар дәрілерді ата, дозасы, енгізу жолы.

Аурухананың қабылдау бөліміне түскен науқас оң жақ қабырға астының

қатты ауыратына, ауру оң жақ қолымен оң жақ жауырынына тарайтындығына,

өтпен аралас құсық пайда болатынына шағымданады.

Қарау кезінде: ауру тынышсызданып, бір жерде жата алмайды, бетінде суық

тер байқалады. АҚҚ 160/100 мм с.б.

Анамнезінде көп жылдар созылмалы холециститпен ауырады.

1.Не жайында ойлау керек?

2.Аурудың себептері.

3.Сіз қандай жедел көмек көрсетесіз?

4.Ауруды өт жолдарының УЗИ- зерттеуіне дайындау.

Аурухананың қабылдау бөліміне науқас ессіз қалыпта түскен. Қарауда: беті

қызғылт, құрғақ, ауру құсып жатыр, қан қысымы 80/40 мм с.б, аузынан ацетон

иісі білінеді.

1.Аурудың қандай асқынуы?

2.Қабылдау бөлімінің медбикесінің тактикасы мен жедел көмегі.

3.Бұл ауруда қандай күтім керек?

4.Қанды қантқа тексерудің қандай әдістері бар және қалай өткізіледі?

Емханаға 12 жастағы бала қаралды. Оның шағымы: қақырықты жөтел,

кейбір күндерде Т˚ – 37,5˚С дейін көтеріледі, әлсіздік, тамаққа тәбеті төмен,

түнде көп терлейді. Бір ай бойы «Бронхит» диагнозымен емделіп жүрді, бірақ

нәтиже болмады.

Манту реакциясының нәтижесі 14 мм.

1.Қандай ауру деп ойлауға болады?

2.Диагноз қою үшін қандай зерттеу әдістерін өткізу керек?

3.Қақырықты жалпы анализге жинау тәртібі.

4.Диагнозын анықтау үшін ауруды қайда жібересіз?

Аурухананың пульмонологиялық бөлімінде «Крупоздық пневмониямен»

Д деген науқас жатыр. 7- күннен кейін аурудың хәлі кенеттен нашарланады.

2- сағаттың арасында Т ˚– 39˚ дан 36,5˚ дейін түсіп кетті, әлсіздік, басы айналу

пайда болды, түрі бозарып, бетінде суық тер байқалады.

АҚҚ 70/40 мм с.б., пульсі 1 минутта- 98, әлсіз.

1.Не жайында ойлау керек?

2.Сіз қандай жедел көмек және күтім көрсетесіз?

3.Дене қызуының осылай кенеттен төмендеуі қалай аталады?

4.Бұл жағдайда сана-сезімі болады ма? Жедел тамыр жетіспеушілігінің қандай түрін білесіз?

Науқас 25-жаста. Ауруханаға түскен кезде қатты жөтел (қақырығы тотық

түсті), оң жақ кеуде торының ауруы, ентікпе, ауыз айналасына ұшық пайда

болды.

Қарау кезінде: ЖҚА- лейкоцитоз, 18х109 , ЭТЖ- 18 мм/сағ.

1.Бұл қай аурудың белгілеріне жатады?

2.Бұл ауруды қалай күту және бақылау керек?

3.Организмнің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау , зерттеуді қалай өткізу керек?

4.Ауруханадан емделіп шыққаннан кейін ауруға қандай кеңес бересіз?

Науқас 28- жаста. 5-жыл бойы созылмалы пиелонефритпен ауырады. Суық

кезде ауруы қайталайды. Ауру кіші дәретке жиі барады, дене қызуы

көтеріледі, сол жақ белі ауырады.

1.Бүйректің рентген зерттеуіне ауруды дайындау.

2.Зәрді қандай әдіспен тексеру тиімді?

3.Бұл ауруда зәрде қандай өзгерістер болады?

4.ЖЗА қалыпты көрсеткіштері.

Аурудың басы ауырады, құлағы шуылдайды, көз алды қарауытады, көзінің

көруі нашарлайды. Ауырғанына 3-жыл болды.

Қарауда АҚҚ220/100 мм с.б, пульс 1 минутта – 98, қатты, ырғағы дұрыс.

1.Қандай ауру деп ойлайсыз?

2.Ауруды күту ерекшеліктері.

3.Қандай асқынулары болуы мүмкін?

4.Қалыпты жағдайдағы пульске мінездеме беріңіз?

«Жедел жәрдем» 45 жастағы сырқатқа шақыртылды. Науқас жүрек

тұсының қатты ауырып, «күйген» тәрізді болатынын айтты. Ауру сезімі

физикалық күш түскеннен кейін пайда болды. Науқасты қарағанда: жалпы

жағдайы қатаң. Терісінің түсі бозғылт, мұздай тер басқан. Жүрек соғысы әлсіз,

ретсіз. АҚҚ- 100/70мм с.б. Нитроглицерин әсер етпеген.

Пульс 96 рет 1 минутта, әлсіз, жіңішке.

1.Бұл қандай ауру?

2. «Жедел жәрдем» тактикасы?

3.Қолданылатын дәрілерді ата

37 жастағы ер адам таңертеңгі жүріс кезінде төс сүйек асты қысып

ауырғанын сезді. Ауру белгісі сол қолға, сол иыққа береді. Ұстама кезінде

сырқат жүрісін жайлатады немесе тұрып қалады. Бірінші рет мұндай

өзгерістер 1 ай бұрын байқалған.

1.Қандай ауру деп ойлайсыз?

2.Науқасқа жедел көмек және күту ерекшелітері

3.Аурудың себебін атаңыз.

4.Кардиология аурулардың реабилитациясы қалай жүргізіледі?

Сырқат 3 жылдан бері «Асқазанның ойық жарасымен» ауырады. 1 ай

бұрын асқазан тұсы ауырып, тамақ ішкеннен кейін 1-1,5 сағ. соң күйдіру,

жүрегі айну,кекіргенде қышқыл дәм пайда болған. Диета сақтаған, викалин

ішкен. Таңертең асқазан тұсы пышық сұққандай қатты ауырып, әлсіреп, басы

айналып, құсығының түсі кофе тәріздес, улы дәреті қара болған.

Қарағанда: тері жамылғысы бозғылт, тахикардия. Тамыр соғысы минутына

100 рет, нәзік, жіңішке, толымсыз. АҚҚ 90/60 мм с.б.

1.Қандай ауру деп ойлайсыз?

2.Жедел көмек.

3.Аурудың дамуы мен себебі, алдын алу.

4.Гемостатикалық дәрілерді ата.

30 жастағы әйел адам. Жүрек соғуына, әлсіздік, тез шаршау, көңіл күйінің

болмауы,киігіштігіне шағым айтты. Қарағанда: қолдың дірілі, көздің

жалтырауы, экзофтальм, қалқан безінің 3-4 есе үлкейгені: ұстап қарағанда

түйінділер байқалды.. Ұстағанда терісі дымқыл , тамыр соғысы минутына 120

рет. АҚҚ 150/80 мм с.б.

1.Сіздің диагнозыңыз.

2.Қандай тексерулер өткізілуі қажет?

3.Сырқатты диспансерлік бақылауға ала ма?

4.Емдеу принципі.

25 жастағы С. сырқат жөтелгеніне, түнде тершең екендігіне, әлсіздік,

көңіл- күйінің нашарлығы туралы шағым білдірді. Бір ай бойына қызуы 37,5˚

екендігін байқаған.

Қарағанда: беті аздап қызарған, өкпесінде визикуалалық демалыс.Рентген

тексеруде: сол жақ өкпесінің тұсында қарайған белгі бар.

1.Сіздің диагнозыңыз?

2.Сіздің тактикаңыз?

3.Анықтау диагностикасы.

4.Аурудың алдын алу шаралары.

Жас қызға туған күнінде француз иіс суын сыйлаған. Кешке қонақтар

кеткен соң, жас қыз флаконды ашып, шашына сепкен. Түнде тұншығып

оянған. Жедел жәрдем шақыртқан. Сырқат төсекте жартылай отыр, дем алуы

қиын, тамыр соғысы жиі, кеудесінен ысқырықты сырыл естіледі.

1.Сырқатта қандай жағдай?

2.Сіздің тактикаңыз.

3.Аурудың себебі.

4.Қандай кеңес бересіз?

Сырқатқа пенициллин иньекциясы егілді. 15 минуттан кейін сізді сырқатқа

шақырды. Сырқаттың денесі қызарып, қышуына шағым білдірді. Қарағанда:

сырқаттың терісінде қызыл бөртпелер пайда болған, қызуы 37,4 ˚С.

1.Сырқатқа не болды?

2.Сіздің тактикаңыз?

3.Аурудың алдын алу шаралары.

4.Жедел аллергиялық реакцияның түрлерін атаңыз.

25 жастағы әйел адам басының айналатындығына , ауыратындығына,

әлсіздік, тырнағының сынуы, шаштарының түсуіне шағым айтты.

Анамнезден: 5 жыл бойы ауырады. Бірнеше рет ауырғанда емделген.

Жағдайының нашарлауын соңғы 2 айда байқаған, әлсіздіктен, басы

айналғандықтан жүре алмаған.

Қарағанда: терісі және көрініп тұрған шырышты қабаттары бозғылт. Тамыр

соғысы минутына 60 рет, ырғақты, жәй ,АҚҚ 90/60 мм с.б. Қан анализі: нв

50г/л, эр 2,5х1012.

1.Сіздің диагнозыңыз?

2.Тексеру жоспары.

3.Емдеу принципі.

4.Феррум-лек, ферропаль, ФИЗИ, ферри-градумент.

20 жастағы сырқатқа 1мл.вит.В12 егілді,бірнеше минуттан кейін сырқат өзін

нашар сезініп, көз алды тұманданып басы айналып, сырқат есінен айырылды.

Қарағанда: Хәлі ауыр, ессіз. АҚҚ 70/50 мм с.б. Тамыр соғысы минутына 60

рет,толымсыз, нәзік, ырғақты.

1.Сырқатқа не болды?

2.Жедел көмек.

3.Бұл аурудан алдын ала сақтану.

4.Қандай аллергиялық реакция ауруларын білесіз?

52 жастағы сырқат адам жедел жәрдеммен ессіз ауруханаға түсті.

Құжаттарын қараған кезде қант диабетімен ауырған паспорты табылды.

Сырқаттың қант диабетімен ауыратындығы және 38ед. тәулігіне инсулин

алатындығы белгілі болды.

Қарағанда : жағдайы ауыр, есі жоқ. Аузынан солып қалған алманың иісі

шығады. Тыныс алуы шулы. Тамыр соғысы минутына 90 рет. АҚҚ 130/80 мм с.б.

Қанды қантқа тексеру анализі: 10,96 мг.

Зәр анализі: тығыздығы 1037, ацетон +, қант – 6%

1.Сіздің диагнозыңыз?

2.Жедел көмек

3.Тағы қандай асқынуды білесіз?

4. №9стол, углеводты шектеу.

55 жастағы науқас әйел бастың ауруына, айналуына, көз алдының

қарауытынына шағымданады. АҚҚ 210/110 мм с.б, тамыр соғуы минутына 92

рет.

1.Қандай ауру деп ойлайсыз?

2.Мейірбикенің іс- әрекеті.

3.Қан қысымын өлшеңіз.

Науқас 57 жаста, ұстамалы жөтел, қиын бөлінетін қақырық, дем шығарудың

қиындауына, ентігуге шағымданады. Дем алу жиілігі 34 рет минутына, тыныс

алғанда қашықтан ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі.

1.Қандай диагноз деп ойлайсыз?

2.Мейірбикенің іс- әрекеті.

3.Оксигенотерапия өткізу.

18 жастағы қыз балаға қанның биохимиялық сараптамасы тағайындалған.

Көк тамырдан қан алу кезінде бастың айналуына шағымданған, есінен танған.

Кенеттен терінің бозаруы пайда болды, тахикардия минутына 90 рет. АҚҚ

90/60 мм с.б.

1.Қандай диагноз?

2.Медбикенің іс- әрекеті

3.Пульсті анықтау, мінездеме беру.

53 жаста ер адам, таңертең жұмысқа бара жатқан жолда көшеде ұстаған төс

артының қысып ауруына шағымданады. 1 жылдан бері ауырады, басында

жүруді тоқтатқан кезде ауырсыну тез басылып отырған. Соңғы 2 айда тоқтап

нитроглицерин қабылдайды, ауырсыну 5-10 минуттан кейін басылады.

1.Қандай диангоз деп ойлайсыз?

2.Қандай қосымша зерттеу қажет?

3.ЭКГ- түсіру

33 жастағы ер адам, бір ай бойы аздаған қақырық аралас жөтелге,дене

қызуының 37,2- 37,5˚С көтерілуіне , жалпы әлсіздікке , тершеңдікке

шағымданады.

1.Мейірбикенің іс- әрекеті

2.Науқасқа диагноз қою үшін қандай тексеру әдісін өткізу керек?

3.Қақырықты МБТ- жинау

50 жастағы науқас аурухананың терапия бөлімшесінде «жүректің ишемия

ауруы» диагнозымен емделіп жатыр. Кешкі кезекші мейірбикеге кеуде

торының сол жағында қатты ауру сезімінің пайда болғандығына, сол қолға,

жауырынға берілетініне шағымданды.

1.Қандай ауру деп ойлайсыз?

2.Мейірбикенің іс- әрекеті.

3.ЭКГ- түсіру.

Науқас 12 сағаттан бері зәрінің жүрмей қалуына шағым айтты. Мейірбике

қуықты катетрлеу шешімін қабылдады. Катетр енгізу іс- әрекеті кезінде

кедергі сезді.

1.Мейірбикенің тактикасы.

2.Қуықты катетрлеу

3.Катетрлеудің көрсеткіштері.

Науқас 40жастағы ер адам қышқылды кекіру, қыжылдау, ауызға ащы дәм

келу, эпигастрий аймағының сыздап ауруына, тамақ қабылдағаннан кейін

басылатынына шағымданды. 10 жылдан бері темекі тартады, уақытылы

тамақтанбайды.

1.Қандай ауру деп ойлайсыз?

2.Сырқатты зерттеу әдістері.

3.Сырқатқа қандай кеңес бересіз?

Науқас 31 жаста, әлсіздікке, шөлдеуге, зәрге жиі шығуына, дене салмағының

артуына шағымданады.

1.Қандай ауру деп ойлайсыз?

2.Науқасты тексеру жоспарын құрастырыңыз.

3.Инсулин егу әдісі, сырқатқа қандай диета тағайындалады?

Науқас 45 жаста, оң жақ қабырға астының үнемі ауруына, оң иыққа

берілуіне, ауызға ащы дәм келуіне, кешке дене қызуының субфебрильді

болуына шағымданады.

Дуоденолды зондтау нәтижесі өттің «В» порциясында лейкоциттер 50ге дейін

көру алаңында.

1.Қандай ауру деп ойлайсыз?

2.Зерттеу әдістерін атаңыз.

3.Қандай диета тағайындалады?

Наши рекомендации