Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

Білім беру үрдісінде неғұрлым жоғары жетістіктерге қол жеткізудің арнайы бір формасы бұл студенттерге практикалық жұмыстарын ұйымдастыру. «Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы» пәнінің оқытушысы студенттерге курстың бөлімдері және тақырыптарына сәйкес тапсырмалар беріп отырады.Әр берілген тапсырмаға мақсаты,қарастырылатын мәселелері,әдістемелік нұсқаулары және әдебиеттері ұсынылады.

Өз бетінше жұмыс істегенде студент оқытушының нұсқауларына сүйене отырып, ұсынылған әдебиеттер мен материалдарды пайдаланып,берілген мәселелер бойынша тапсырмаларды орындауы тиіс.

Өз бетінше жұмыс істей отырып,студент белгілі бір тақырыпқа байланысты ойлау,ой қорыту және сол тақырып бойынша қажетті материалдарға талдау жасау қабілетін арттырып отырады.Өз бетімен ғылыми-зерттеу жұмысымен айналасу кезінде студенттің тақырыпты тереңдеп меңгеруін,зерттеу әдістерін игеруіне үлкен мүмкіншілік туады.

Мақсаты мен міндеті:

-Студенттердің дербес өз бетімен жұмыс жасау қабілетін дамыту ;

-Студенттің курсты мүмкіндігінше толық меңгеруін қамтамасыз ету ;

- жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы пәнін тереңдете білу үшін қажетті материалдарды игерту ;

- Өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу әдістерін меңгерту ;

Әдістемелік нұсқаулар :

Студент өз бетінше жұмыс істей отырып,мыналарды ескеру тиіс :

- аталған тақырыптың өзектілігін анықтауды ;

- Берілген мәселерінің әдебиеттерде қамтылу деңгейін ;

-Әр тақырып бойынша материалдарды жүйелеу және талдауды ;

- орындалған жұмыстың берілген жоспарға сәйкес келуін,тапсырманы орындау барысында негізгі ұғымдар мен түсініктерді қамтуды ;

СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Өткізу формасы
  1. Балалардың және жасөспірімдердің өсу мен дамуы а) Дене шынығуының негізгі жастық және жыныстық заңдылықтары б) Тіршілік жағдайының балалар мен жасөспірімдердің өсуіне, дамуына тигізетін әсері. 2. Нерв жүйесінің физиологиясы а) Ухтомскийдің доминанта туралы ілімі және оның оқушылардың танымдық әрекетін басқарудағы маңызы. б) Динамикалық стереотип в) Бірінші және екінші сигналдар жүйесі, ес, эмоция. 3. Жоғары нерв әрекеті, типтері.       конспект     Реферат     реферат
1. Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы. Жас эндокринологиясы а) Балалар мен жас жеткіншектердегі естімеушіліктерді болдырмау профилактикасы б) Ұйқы, жыныс бездері, олардың дамуы, өсуі, жыныстық жетілу стадиялары 2. Тірек – қимыл жүйесі Тұру, отыру, жүру кезінде дененің дұрыс қалпын ұстау. 3. Мектеп жиһаздарына, шеберханаларға қойылатын гигиеналық талаптар.       баяндама   конспект     реферат
1.Ас қорыту органдары Балалармен жеткіншектердің тамақтануын дұрыс ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. 2. Үйлесімді тамақтанудың өсудегі, дамудағы, денсаулық үшін маңызы. Тамақтану нормасы. Тамақтанудың тәртібі мен реті. 3.Қанның жас ерекшеліктері Жүрек пен тамыр ауруларының профилактикасы Жүрек пен тамырдың қызметіне әсер етуші жағымсыз факторлар.         реферат   конспект     реферат
1. Тыныс алу ерекшеліктері а) Қоршаған орта ауасының денсаулықты сақтаудағы ролі. б)Оқу бөлмелеріндегі, шеберханалардағы газ алмасуға қойылатын гигиеналық талаптар. в) Мектепті жылыту мен жылыту құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар. 2. Сыртқа шығару органы а) Терінің қорғаныш қызметі б) Дене температурасын тұрақты ұстаудағы терінің ролі. 3. Жеке бастың гигиенасы а) Инфекциялық аурулар. Табиғи және жасанды иммунитет. б) Тұмау мен басқа да тыныс жолы ауруларының алдын алу. реферат     конспект     реферат
  Барлығы      

Лекция 1

Тақырып: Кіріспе Көру талдағыштың құрылысы

Жоспар:

1.ақ қабат ж/е тамырлы қабаттың құрылысы

2.торлы қабаттың құрырылысы

3.оптикалық қабаттың құрылысы

Кілт сөздер:ақ қабат, тамырлы, торлы, фоторецепторлар, көз бұршағы.

Қасаң қабық (роговица); (cornea, лат. cornu — мүйіз)— көз алмасының сыртқы фиброзды қабығының алдыңғы мөлдір бөлігі. Қасаң қабықта қан тамырлары болмайды. Ол – мөлдір, тегіс, жылтыр, сфералы, тамырсыз, аса сезгіштік, оптикалық гомогенділігімен ерекшелінеді. Қасаң қабық жарық сәулелерін сындыруға қатысады, көздегі өте күшті оптикалық орта болып саналады. Қасаң қабықта қантамырлары мүлдем жоқ, тек қана лимбтің беткейлік қабаттары қасаң қабық маңылық қантамырлар өрімінен және лимфалық тамырлармен жабдықталған. Қасаң қабықтың сезгіштігін үшкіл нерв жүзеге асырады. құрамында талшықтары да бар. Зат алмасу құбылыстарын , қоректендіру процесстерін беттік нервтер және симпатикалық нерв жүйесі реттейді. Ол фиброзды қаптың мөлдір, 1/6 бөлігі және көздің оптикалық жүйесінің негізгі сындыру орталығы. Оның түрі дөңес – ойыс әйнек сияқты, оталық бөлігі жұқалау 450-600 мкм, ал шет жағы шамалы қалыңдай – 650-750 мкм.

Қасаң қабықтың ақ қабыққа ауысқан жерін лимб деп атайды. Лимбтің ені 1 мм, өзі сақина тәрізді қасаң қабықты қоршай орналасады. Сондықтан сырт қарағанда қасаң қабық сағаттың бетіндегі әйнегі сияқты көрінеді.Лимбтың тұсында ақ қабық пен қасаң қабықтың бір-біріне нақты ауысқан жерінде Шлемм арнасы немесе ақ қабықтық қуыс орналасады. Қасаң қабықтың жұқа құрылысында 5 қабатты ажыратамыз: 1-алдыңғы эпителий, оның регенерация процестері жоғары; 2-алдыңғы шекаралық пластинка, ; 3-меншікті зат, оның құрамында кератоциттер және лейкоциттер кездеседі. Кератоциттер зақымданған ұлпалардың қалпына келуін қамтамасыз етеді, лейкоциттер қабыну процестерге қарсы тұруды реттейді.; 4-десцемет пластинка, ол химиялық заттар және протеолитикалық ферменттердің әсеріне төзімді. ; 5-артқы эпителий Тонкие отростки позволяют клеткам растягиваться и сокращаться при перепадах внутриглазного давления, оставаясь на своих местах.

. Қасаң қабықтың ең қалың қабаты меншікті зат немесе тірек, немесе негізгі – ол коллагенді талшықтардан құралған өте жұқа пластинкалардан тұрады.

Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар - student2.ru

Көздің қасаң қабығы.

Торлы қабық – көз алдмасының ең ішкі қабаты. Ол көру анализаторының ең бастапқы, перифериялық бөлігі. Бұл жерде жарықтың қозу процесі жүріп, оптикалық тітіркендіргіштердің алғашқы талдаулары жүзеге асады. Торлы қабық – жұқа, пленка тәрізді, қалыңдығы 0,4 мм, көздің артқы полюсында (сары дақта) 0,1 – 0,08мм, периферияда (шетінде)0,4мм. Торлы қабық тек екі жерінен бекітіледі: көру нервінің ішінде, және тісті линияда. Сонымен қатар торлы қабық шыны тәрізді дененің қысымын реттейді.

Пигментті эпителий, генетикалық тұрғыда нұрлы қабыққа жатады, ал анатомиялық жағынан торлы қабықпен байланысты. Торлы қабықпен бірге пигментті эпителий көру процесіне қатысады. Оның жасушасы қара пигмент – фусциннан тұрады. Жарық сәулесін сіңіріп, пигментті эпителий жарықтың щашырап кетуіне жол бермейді, сол арқылы анық көргіштік сақталады. Сонымен қатар пигментті эпителий таяқшалар мен сауытшалардың жаңаруына ықпал етеді. Торлы қабық 3 нейроннан тұрады: рецепторлы, биполярлы, ганглиозды. Әр нейрон жеке қабат құрып, өзара синапс арқылы байланысады.

Торлы қабық (retina) – мидың негізгі ұлпасы. Онда екі бөлім бар:

1. Құрылысына қарай. Торлы қабықтың оптикалық бөлігі көру нервінен тісті линияға дейін созылып жатқан жоғарғы дифференциалды ұлпа.

Торлы қабықтың соқыр бөлігітісті линиядан қарашыққа жетіп, сол жерде қоңыр түсті қарашық каймасын түзеді.

2. Қызметіне қарай. Сыртқы жарық қабылдағыш немесе нейроэпитиальды қабат таяқшалар мен сауытшалардан тұрады.

Ішкі жарық қабылдағыш немесе милы қабат (биполярлы, ганглиозды, т.б. глиозды жасушалар).

Торлы қабықта микроскопиялық 10 қабат ажыратылады:

1. Пигментті эпителий.

2. Таяқшалыр мен сауытшалар. Тақшаның сыртқы концентрациясында – родопсин, ал сауытшаның сыртында бояғыш – иодопсин болады.

3. Сыртқы шекаралық пластинка. Ол арқылы таяқшалар мен сауытшалардың өсінділері өтеді.

4. Сыртқы ядролық қабат.

5. Сыртқы плексиформды қабат – торлы қабықтың милы қабаты басталатын бөлік.

6. Ішкі ядролық қабат – екі өсінді мен бір ядродан тұратын биполярлы жасушалар.

7. Ішкі плексиформды қабат – ядроның ішкі қабатының жасушаларынан тұрады.

8. Ганглиозды жасуша қабаты – торлы қабықтың үшінші нейроны.

9. Неврвті талшық қабаты көру нервін түзетінг осьтік цилиндрлі ганглиозды жасушалардан тұрады.

10. Ішкі шекаралық мембрана – мюллерлі талшықьтан құралған жұқа пластинка, торлы қабықты шыны тәрізді денеден бөліп тұрады.

Орталық артерия торлы қабаттың ішкі жағын қоректендіреді. Ол соңғы артериялық системаға жатады. Сыртқы қабат хориоидеа тамырлары арқылы қоректенеді. Торлы қабықтың физиологиялық маңызы оның жарықты қабылдап, өткізуінде. Торлы қабықтағы жарық энергиясының айналуы(өзгеруі) А- витаминінің қатысуы арқылы фотогеагенттердің ыдырап қайта қалпына келуі сияқты қиын фотохимиялық процес арқылы жүреді,

Аса маңызды көру функциясына ие торлы қабықтың ішкі бөлігі сары дақ (macula lutea) деп аталады. Бұл атау сары дақтың түсіне байланысты қойылған.

Көз бұршағы (lens cristallina) тырнақ, шаш секілді адамның өмір бойында өседі. Екі жағы шығыңқы келген линза тәрізді, мөлдір, аздап сарылау келген дене. Жаңа туылған сәбиде ол шар тәрізді, түссіз, жұмсақ келеді.Қалыңдығы 4мм, диаметрі 6 мм. Оптикалық аппараттың барлық күшінің 19,0 дптр көз бұршағына тиесілі келеді.

Цинді байланыс жоғарғы мөлшерде тегіс, мықты, икемді, майысқақ ішкі талшықтардан құралады. Ол целиарлы өсіндіні жабатын эпителийден шығады. Цинді байланыстың ені 6-7мм.

Көз бұршағында капсулалар ажыратылады, субкапсулярлы эпителий және көз бұршағының заты. Ол алдыңғы және артқы болып екіге бөлінеді. Алдыңғы капсула (5-10мю) артқыдан қалыңдау (5-7мю). Көз бұршағының капсуласы түссіз, майысқақ, гомогенді. Оның алдыңғы және артқы экваторында жұқа зонулярлы пластинка бар.

Адамның өмір бойында көз бұршағының талшықтары жаңарады. Өсу деңгейіне қарай ескі талшықтар қатайып, суын жоғалтып, көз бұршағының ортасында ядро түзеді. Бұл процесс 25-30 жаста басталады. Жақсы қалыптасқан ядро 40-45 жаста кездеседі.

Химиялық жағынан көз бұршағында шамамен 62℅ су, 18℅ еритін, 17℅ ерімейтін ақуыз, аздаған май, қант, холестирин, 2℅ минералды тұздар болады. Балалардағы көз бұршағының құрамы дәл сондай болады, бірақ мұнда еритін ақуыз саны көп. Көз бұршағының ең маңызды бөлігі ақуыз. Көз бұршағындағы ақуыз мөлшері басқа мүшелерге қарағанда көп. Оның ерекшелігі ақуыз көз бұршағында түзіледі. Көз бұршағындағы ақуыздың негізгі ерітіндісі α және β кристаллины болып табылады. Ерімейтін ақуыздар ядрода орналасқан альбуминоидтар. Цистеин ақуыздың қышқылды-қалпына келтіруші процесінде негізгі роль атқарады, ол сульфгидрильді топтың құрамына кіреді. Қышқылға айналу процесінде цистин ерімейтін цистинге айналады. Ерімейтін ақуызда цистин болмайды.

Шыны тәрізді дене (corpus vitreum) түссіз, мөлдірқоймалжың дене. Ол көз алмасының ішкі бөлігінің 55 ℅ құрайды. Ересек адамдардағы салмағы 4 гр., көлемі 3,5-4 мл., ал жаңа туылған сәбиде – 1,4 гр., 15 жасына қарай салмағы ересектердікіне жетеді. Шыны тәрізді дене шар тәрізді.Тісті линия мен көру нервінің дискісі торлы қабықтың артқы жағына бекітілген. Ұрықтың даму кезеңінде канал арқылы шыны тәрізді денеге артерия өтеді. Туылған сәтте ол жойылады, бірақ канал сол қалпында қалады. Ол балаларда анық көрінеді.

Шыны тәрізді дененің химиялық- табиғи сипаттамасы – ол гидрофильді гель тәрізді болады. Ол 98,8 ℅ судан, 1,12℅ құрғақ қалдықтан тұрады. Құрғақ қалдық – ақуыз, аминқышқылы, несепнәр, креатинин, қант, калий, магний, натрий, фосфаттар, хлоридтер, сульфадтар, холестерин, және т.б. заттар. Ақуыз 3,6℅ құрғақ қалдықтан тұрады.

Шыны тәрізді денеде қан тамырлары және жүйке жасушалары болмайды. Шыны тәрізді дененің негізгі қызметі көз алмасының тонусы мен формасын реттеу, жарық өткізу, зат алмасу процесіне қатысады.

Шыны тәрізді дененің құрылысы жасқа сай өзгеріп отырады. Онда қалқымалф қарауытулар мен вакуольдер пайда болады. Шыны тәрізді дене қалпына келмейдібіркелкі емес.

Дер кезiнде алынып, емделген беткелi бөгде заттар iзсiз жоғалады.Егер бөгде зат тереңiрек қасаң қабыққа кiрсе, одан сон түрақты түрде қарауыту қалады, ол көрудi төмендетедi, әсiресе оптикалық зонада орналасса.

Лекция

1.Ми қыртысы ж/е алғашқы орталықтары

2.Көру нерв-топографиясы Кілт сөздер:ми қыртысы, нерв, хиазма. Көру талшығының қыртыс бөлімі сезгіш және өткізгіш бөлімдерінен кейін дамиды. Ең алдымен (17 аймақ), содан кейін ғана түйсік (18-19) аймақтары жетіледі. 2-3 жаста сезгіш аймақтар өте жылдам жетіле бастайды да, 5-6 жаста толық жетіледі.Ондағы нейрондар ересек адамның нейрондарындай болады. Түйсік аймақтары алғашқы үш жылғы өмірінде нашар даммиды: оның нейрондары өте нәзік, қызмет атқаруға әлі бейімделмеген. 5-6 жаста бұл аймақтар тез дами бастайды да 10-14 жас арасында толық жетіледі. Дегенмен көру талдағышының салыстырмалы толық жетілуі жасөспірімдік мерзімде аяқталады деуге де болады.

Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар - student2.ru

Көру анализатор (схема):

Торлы қабықтың құрылысы: 1 —торлы қабықтың пигменттік эпителий -2 — сауытша тәрізді және таяқша фоторецепторлар; 3 — биполярлы клеткалар; 4 —көру нерв; б — көру нервтің топографиясы: 1 — көру аймағы; 2 — трлы қабат; көру нерв; 4 — хиазма; 7 — шүйде бөлімінің ми қыртысы; в — көру нервтің зақымданған жағдайында пайда болатын көру аймағының патологиясы

Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар - student2.ru

Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар - student2.ru

Лекция 2

Тақырып: Көру талдағыштың физиологиясы

Жоспар:

1.рефракция, эмметропия,

2. рефрацияның патологиясы

Кілт сөздер:рефракция, аккомодация, таяқша, сауытша тәрізді рецепторлар, эмметропия

Офтальмология саласында емдік жаттығулардың ең кең түрде қолданып жүрген ауруы - миопия немесе жақыннан көргіштік. Ғалымдардың көп жылдық зерттеу жұмыстарының деректеріне қарағанда, дүние жүзінде жақыннан көргіштік көз ақауы бар балалардың саны жыл сайын көбейіп, оңың лиоптриялық дәрежесі жоғарылай беретіні анықталып отыр.

Орта мектепті бітіретін оқушылардың 20-30 пропентке жуығында миопия кездеседі. Оның себептері өте көп. Мысалы, сыртқы ортаның қолайсыздығынан жақын жерден баланың көзіне үнемі күш түскенде (жазу, сызу, оқу т.б.) жұмыс істейтін жердің жарық қуаты жеткіліксіз болғанда, сабақ дайындайтын стол, парта және орындықтар баланың бойына сәйкес болмағанда, ұзақ уақыт телевизор қарап, көзіне ауырлық түскен жағдайда осы ауруға шалдығу әбден мүмкін. Осындай кемшілікті жою үшін дене шынықтырудың, арнайы жаттығулардың, таза ауада көп жүрудің маңызы зор. Ауыл балаларын қала оқушыларымен салыстырғанда жақыннан көргіштік саны қала балаларында әлдеқайда жиі кездеседі. Ол айтпаса да түсінікті, ауылдық жерде балалар табиғат арасында, таза ауада, дене еңбегімен көбірек шұғылданады да көзге салмақ аз түседі, ал қалада бәрі керісінше.

Емдік гимнастика миопия ауруының барлық дәрежесінде қолданылады. Әдетте, жаттығуларды жасқа қарамай барлық адам жасауға болады. Дегенмен жас өспірім балалар үшін оның пайдасы ерекше. Қазіргі кезде мектеп оқушыларында тек көздің жақыннан көргіштік сырқаты ғана байқалмай, онымен бірге омыртқа жотасының қисаюы (сколиоз) және қазтабан (плоскостопия) аурулары кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда емдік гимнастика тіпті қажет. Неғұрлым емдеу әрекетін ерте бастаса, соғұрлым ол нәтижелі болады.

Іштен туа болған миопияға жаттығулар онша әсер етпейді, дегенмен оның ешбір зияны жоқ. Жаттығуларды мүлде қолдануға болмайтын кездер өте сирек. Ол тек миопия асқынып, тор қабығы орнынан сырылып кетуге күдік туғанда ғана болмайды. Бұл өте қауіпті. Әдетте мұндай жағдай ақауы бар адамдардың 10 кг артық жүк көтеруінен немесе бас-көзі зақымданғанда кездеседі. Онда көз мүлде көрмей қалады. Сондықтан жаттығулар жасағанда осы жәйді естен шығармаған дұрыс. Көзінде жоғары дәрежелі миопиялық ақауы бар адамға басын еңкейтіп жұмыс істеуге, 10 кг артық салмақ көтеруге рұқсат етілмейді.

Емдік жаттығулар жасағанда негізгі көзделетін мақсаттар:

— бүкіл денені шынықтыру;

— жүрек-қан тамырлары мен тыныс жолдарының қызметін арттыру;

— бұлшық еттер мен сіңірлерді қатайту;

— көз тканьдерінде қан айналысын жақсарту;

— көз бұлшық еттерін жетілдіру;

— көздегі сыртқы тығыз кабық -склераны (ақ қабық) шынықтыру, жетілдіру.

Осындай арнайы мақсатпен бірге денені түгел жетілдіруге баса назар аударылады. Мәселен, тұлғаны түзететін, тыныс алу, мойын, арқа бұлшық еттерін жетілдіріп, нығайтатын жаттығулар өте қажет. Бірақ дененің, әсіресе, арқа бұлшық еттерінің мықты болуы, басты дұрыс ұстауға, сол арқылы көзге ауыртпалық аз түсуіне жәрдемін тигізеді.

Адам кітап оқығанда не жазғанда, олардың көзден алыстығы 30-35 см-ден кем болмауға тиіс. Столдың шетінен 3-5 см алшақ отыру керек.

Миопияға арналған жаттығуларды шартты түрде үшке бөледі.

1. Көздің сыртқы бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: а/ көздің тік бұлшық еттеріне; б/ көздің тік және қиғаш бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

2. Көздің ішкі бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: а/ үй жағдайында;

б/ эргографта; в/ линзалармен. Бұл жаттығулар көз алмасын жан-жаққа (жоғары-төмен, оңға-солға т.б.) қозғалтып және алысқа қарап, одан соң бірден көз жанарын жақынға ауыстыру арқылы орындалады.

3. Өз-өзіне массаж жасау. Ол үшін көзді қатты жұмып, бірнеше рет қабақты қағып, үш саусақтың ұшымен көз алмасын басып массаж жасайды. Тек көзді ауыртпай әр түрлі күшпен, жылдамдықпен басады.

Төменде біз миопияға арналған жаттығулар жиынтығын беріп отырмыз. Оның үнемділігін біртіндеп арттырады: 1-2 сабақта екі жаттығуды 2 рет қайталайды, 3 сабақта сол екі жаттығуды 3 рет, одан кейін әрбір 3 сабақта бір жаттығудан қосып, оның санын 5-6-ға жеткізіп, әрқайсысын 3 реттен орындайды. Осы методикамен 1,5-2 ай бойы жаттығуларды жасап, келесі айларда әр жаттығуды 5-6 рет қайталайды.

Лекция

1.аккомодация, аккомодацияның механизмі

2.даму барысындағы кезеңдерге сипаттама беру

Кілт сөздер:

Көз бұршағының аккомодация күші жасына лайық өзгереді: 1жаста- 25 диоптрия, 3жаста- 20, 5-6 жаста -15, 7-15 жаста- 12, ересек адамда 10 диоптрияға тең.

КӨЗГЕ (МИОПИЯҒА) АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАРЖИЫНТЫҒЫ

Түрегеліп тұрған қалыпта орындалады:

1. Жоғары қарап, жылдам төмен түсіру (6-8 рет).

2. Диагональ бойынша: алдымен жоғары-оңға, одан соң төмен-солға қарайды (6-8 рет).

3. Диагональ бойынша жоғары-солға, кейін төмен-оңға қарау (6-8 рет).

4. Горизонталь жазықтық бойынша оңға және солға қарау (6-8 рет).

5. Беттің дәл ортасы тұсынан қолды алға созып бір саусаққа тесіле қарайды, саусақты біртіндеп көрінбей кеткенше жақындатады (6-8 рет).

6. Сұқ саусақты кеңсірік үстіне қойып, екі көзбен бірдей соған қарайды (10-11 рет).

7. Көз алмасын сағат тілі бойынша шыр айналдыру және керісінше.

Отырған қалыпта:

8. 15 секунд бойына көзді жыпылықтатып, бірнеше рет кірпік қағу (3-4 рет).

9. 3-5 секунд көзді қатты қысып, ашу (8-10 рет).

10. Көзді жұмып тұрып саусақтың ұштарымен 1 минут массаж жасау.

Тұрған қалыпта орындалады:

11. Алдымен жақын тұрған затқа қарап, тез алысқа көз жіберу және керісінше.

Осы жаттығуларды жасағанда көз алмасының ауытқу шегі мейілінше кең болу керек, тек жылдам, орташа, ақырын қарқынмен көзді ауыртпай орындаған дұрыс.

Жақыннан көргіштік ақауына қолданылатын емдік жаттығулар кем дегенде 3 айға созылады, оның өзін екі кезеңге бөледі: бірінші - даярлық, екінші - негізгі кезең.

Даярлық кезеңіндегі (12-15 күн) негізті мақсат: а/ организмді нығайту, о/ жаттығуларға денені үйрету, б/ ішкі ағзалардың жұмысын жақсарту, в/ денені тік ұстауға дағдыландыру, г/ бұлшық еттерді жетілдіру, д/ эмоциялық тонусты, көңіл-күйді көтеру.

Бұл кезеңде барлық денеге арналған жаттығулар беріледі және басты дұрыс ұстауға, бұлшық еттерге, дұрыс тыныс алуға көңіл аударылады.

Негізгі кезеңдегі (2,5-3 ай) басты мақсат: а/ көздегі қан айналымын жақсарту, ә/ көзді ұстап тұрған бұлшық еттерді жетілдіру, б/ көздің ішіндегі зат алмасуын жақсарту, в/ склераның қызметін (ақ қабық) күшейту. Осы аталған жаттығулармен қоса массаж жасаған жөн: қабақты жиі қағып, көзді қатты жұмып, үш саусақпен жұмылған көздің үстінен 1 минут басып ұстайды. Осының бәрі ретімен комплексті түрде орындалса, көзге тигізер пайдасы ерекше. Ал, көзге массажды 10 секундтан бастап, біртіндеп 1 минутқа жеткізеді. Көздің цилиарлы бұлшық етін жетілдіру үшін терезе шынысын қолданады. Терезеден 25 см қашықтықта тұрып, диаметрі 2-3 см дөңгелекті сызып, соған тесіле қарайды. Одан соң алысқа көз жіберіп, қайта жаңағы дөңгелекке тесіледі. Жаттығу мөлшерін 3 минуттан бастап, 3 күннен кейін 10 минутқа жеткізеді. Бұл жаттығулар күн ашық кезінде орындалғаны жақсы. Тек арнайы жаттығулар емес, сол сияқты таза ауада жүру, суда жүзу, шаңғы, конькимен сырғанау, шана тебу, серуендеу көзге де, жалпы денсаулыққа да өте пайдалы.

Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 граммдай ғана. Бұл ересек адамның көзінің салмағынан 2 есе кем. Ересек адамның көзі 6-8 грамм. Алғашқы жылы көз алмасы көз шарасынан жылдамырақ өседі де аланың көзі үлкен болып көрінеді. 3 жаста көз алмасы ересек адамның көзінің 90% болады. Алты жаста ересек адамның көзімен теңеседі.Дегенмен көз шарасының алдыңғы артқы диаметрі ересек адамның көзінің 95% ғана болады, яғни сәл жалпақтау келеді. Ересек адамның көзі дөңгелек шар пішінді.

Көз жасының безі жаңа туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін жүйке талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз жасы шықпайды. 2 айға толғанда ғана екі көзі бірдей қозғалады, яғни сәйкес қимылдай бастайды. Көзге затты жақындатқанда баланың екі көзін бірдей жұмуы тек бір жасқа жақындағанда сәйкестеледі. 2-3 жаста көздерінің қозғалысы толық үйлеседі.

Баланың алғашқы жылғы өмірінде оның көз алмасының алдыңғы артқы диаметрі ересек адамның көзінен 25-35% қысқа келеді, сондықтан заттың бейнесі торлы қабықтан асып фокусталады. Табиғи алыстан көру қабілеті бір жасқа дейінгі балаларда байқалады.

Баланың көзінің қасаң қабығы ересек адамнан гөрі дөңестеу, көз бұршағы серпімділеу болады. Қасаң қабық пен көз бұршағының арасы ересек адамның көзімен салыстырғанда жақындау орналасқан. Сондықтан жарық сындыру қабілеті күштірек.

Сәбидің сауытша клеткалары жетілмеген.Сондықтан бала бір жасқа дейін заттың түсін анық көре алмайды. Екі жастан әрі қарай баланың фоторецепторлары жетіле бастайды да, заттың түсін анықтай алады. Сауытшалар үш жаста толық қызмет атқара бастайды. Дегенмен үш жасқа дейін олар нашар жетіледі,диаметрі кішкентай, бір біріне жақын тығыз орналасады. 4-6 жаста балалар барлық түсті айырады. Заттың түсін анықтау қабілеті жыныстық жетілу мерзімінде ғана ересек адамның қабілетіне жақындайды.

Лекция 3

Тақырып: Көру талдағыштың патологиясы

Жоспар: 1.көру анализатордың ақаулары,

2.көру анализатордың қабынуы

Кілт сөздер:афакия, аплазия, дислокация, стеноз,колобома,микрофакия, макрофакия.

Қыли, қылилық, гетерофория (strabіsmus) — көз ақауы; екі көздің көру бағытының бір нүктеде түйіспеуі.

Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар - student2.ru

қылилық.

Қыли көздің бұлшық еттерінің қиысу қызметінің бұзылуы әсерінен пайда болады. Әдетте екі көздің қалыпты қызметі 2 — 3 жаста орнығады. Қыли осы жастағы балаларда жиі кездеседі. Көздің қалыпты жағдайының бұзылуы жарақат, бас сүйектегі ми аурулары, психикалық зақым (қорқу), көздің оптикалық ақауы (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік), сондай-ақ, жұқпалы аурулар (қызылша, күл, скарлатина, тұмау, т.б.) әсерінен болады. Қылилықта көздің көруіне тек бір көз қатысады, ал шапыраш көз қимылдамайды. Қылилықтың жиі кездесетін түрлері: 1) аккомодациялық, үйлесімді Қылилық — аметропияны (көз кемістігін) түзеткеннен кейін жойылады; 2) аккомодациясыз Қылилық, ол аметропияны түзеткеннен кейін де жойылмайды; 3) ауыспалы Қылилық, ол кейде оң көзге, кейде сол көзге ауысып тұрады; 4) бір жақты (бір көздік) Қылилық — тек бір көздегі ақау; 5) салдық Қылилық — көзді қозғалтатын бұлшық еттер қызметінің бұзылуынан болуы; 6) шапыраш Қылилық — көздің сыртқа қарай ауытқуы; 7) қитар Қылилық — көздің ішке қарай ауытқуы. Егер Қылилық көздің оптикалық ақауы себебінен болса, онда арнайы емдік рецепт бойынша көзілдірік тағу қажет. Көзілдірік Қылилықтың жойылуына себепші болады, жас балаға арнайы көзілдірікті 1,5 — 2 жастан-ақ кигізіп, көзді жаттықтырады және сау көзіндегі көзілдірік әйнегіне ұзақ уақыт (4 айдан кем емес) мақта дәкеден жасалған не қағаздан жасалған жапқыш жауып қояды. Қылилық 1,5 — 2 жылда жазылмаған жағдайда хирургиялық әдіс қолданылады. Операция көз алмасын қозғалтатын бұлшық еттерді босаңсу немесе жиырылғыштығын арттыру мақсатында жасалады. Бірақ операциядан кейін екі көз де бірдей көру үшін көз алмасының бұлшық еттеріне арнайы жаттығулар жасау керек.

Аплазия (Aplasia - кемтарлық, кемістік)- Ересек адамда ең алғашқы эмбриональдық даму кезіне тән сипаты бар мүшенің сақталуы.Колобома- көз бұршағының болмауы. Бұл көру талдағышының туа біткен патологиясы.Микрофакия -көз бұршағының нормадан кем болуы. Бұл көру талдағышының туа біткен патологиясы.Макрофакия –көз бұршағының нормадан артық болуы. Бұл көру талдағышының туа біткен патологиясы.

Лекция

Жоспар:

1.көру талдағыштың зақымдану

2. көз қимылдатқыш бұлшық еттердің патологиясы

Кілт сөздер:

Хемоз (chemosіs) — көз алмасының дәнекер тінді қабығының ісінуі. Хемоз ауруы негізінен көз алмасы мен оның қосалқы мүшелерінің жиі кездесетін ауруларының: блефарит (қабақтың қабынуы), кератит (көздің мүйізгек қабығының қабынуы) және конъюнктивит салдарынан дамиды. Ал Хемоздың асқынуына теріскен, дәнекер тінді қабықтың кейбір жедел қабынуларында (пневмококк, Кох-Уикс, гонококк, т.б.), көз алмасы қабықтарының қабынуларында, көз шарасының ісіктерінде, бадырақ көзде (экзофтальде) және организмнің жалпы әлсіреуінде (мысалы, қан аздықта, т.б.), сүйек қабынуы аурулары кезінде, қан мен лимфа сұйықтықтарының іркілуінде байқалады.

Кератит - көздің мүйізді қабығының қабынуы, оның бұлдырлануы және көру қабілетінің азаюымен сипатталады.

Конъюктивит — (лат. conjunctіvus – жалғастыратын), көздің дәнекер қабығының қабынуы – қабақтың ішкі үстіңгі жағын және көз қарашығының алдыңғы бөлігін жауып тұратын шырышты қабықтың қабынуы. Конъюктивит көз қарашығының қызаруы, шырышты немесе шырышты-іріңді заттардың бөлінуі, жас ағуы, жарықты ұнатпау, көздің түйіліп ауыруы сияқты белгілерден білінеді. Конъюктивиттің асқынған және созылмалы түрлері бар. Асқынған Конъюктивит, әдетте, ауру тудыратын микробтардан (кейде дифтерияның немесе соз ауруының қоздырғыштары арқылы) және вирустардан пайда болып, тез өршиді; іріңді заттар бөлінеді, ұйықтағанда кірпікті бір-біріне жабыстырып тастайды. Шырышты қабыққа кейде аздаған қан құйылуы мүмкін. Әдетте, екі көз де зақымданады. Ауру орта есеппен 2 – 4 аптаға созылады.' Инфекция көзге кір, лас орамал, сүлгі арқылы түседі. Асқынған Конъюктивитпен ауырған баланы дер кезінде оқшауламаса, мектептерде, балалар бақшаларында жұқтыруы ықтимал. Асқынған жұқпалы Конъюктивитті емдеудің тиімді құралы бактерияларға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер болып табылады. Көзге таңғыш байлауға болмайды, өйткені бұл микробтардың тіршілігіне және көбеюіне қолайлы жағдай туғызады. Созылмалы Конъюктивит неғұрлым ұзақ және баяу өтуімен ерекшеленеді. Аурудың пайда болуына нашар желдетілетін үйлердегі тозаң мен түтін, сондай-ақ, организмнің кейбір жалпы аурулары, тамақтану тәртібінің бұзылуы ықпал етеді. Созылмалы Конъюктивит дәрігер тағайындаған көзәйнекті пайдаланбаудан да болады.

Катаракта (гр. katarrhaktes – сарқырама) – көз бұршағының бұлдырап, қарауытып, ағаруымен сипатталатын көз ауруы.

Салдары: Катаракта кезінде сәуленің көз бұршағына өтуі қиындайды, көздің көру қабілеті кемиді. Катарактаның пайда болуы әр түрлі жағдайларға (қарттық, жарақаттану әсерінен, әр түрлі аурулардың асқынуы салдарынан, тағы басқа) байланысты. Бұл аурудың туа және жүре пайда болатын түрлері бар.

Белгілері: Морфологиялық белгілері мен орналасуына қарай: алдыңғы үйектік Катаракта, артқы үйектік Катаракта, ұршық тәрізді Катаракта, қатпарлық Катаракта түрлері ажыратылады. Жүре пайда болған Катаракта кезінде көз бұршағының айналасында боз дақ пайда болып, бірте-бірте көз бұршағын толықтай жабады. Көздің көру жітілігі төмендейді. Көз бұршағының қарауытуы қарашықтың тұсында басталса, көру жітілігінің төмендеуі ерте пайда болады. Ал егер қарауыту көз бұршағының шет жағында пайда болса, көздің көру жітілігі ұзақ сақталады.

Жүре пайда болған катаракта: Кейде 50 жастан кейін пайда болып, бірте-бірте үдейді. Қант диабеті, экзема, зат алмасудың бұзылуы, ұзаққа созылған көз аурулары (көздің тамыр қабығының қабынулары – прит, увенит, көз торының қатпарлануы, алыстан нашар көрушіліктің асқынған түрі, су қараңғы, тағы басқа), көздің жарақаттануы жүре пайда болған Катарактаға әкеледі. Сондай-ақ, ыстық температурада (балқыту пешінің жанында) ұзақ уақыт жұмыс істеу немесе көзге тиісті қорғаныш көзілдірік кимей иондандырғыш сәуленің әсерімен жұмыс істеу Катарактаның асқынуына себепші болады. Катарактаның бұл түрінің клиникалық белгісі: сырқат адамның көзінің алдында бір нәрсе тұрғандай болады. Іштен туа біткен Катаракта құрсақтағы ұрықтың дамуы кезінде пайда болады. Бұған екіқабат әйелдің жұқпалы аурулармен (тұмау, қызамық, тағы басқа) ауруы себепші болады.

Суқараңғы (глаукома) – көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы. Көздің ішкі қысымы белгілі бір деңгейде көздің ішкі сұйықтығының циркуляциясын реттеп отырады. Көздің қан тамырлары мен оған келетін жүйкелер қызметінің бұзылуынан көз сұйықтығының циркуляциясы нашарлап, көзден жас шығу қиындайды. Соның нәтижесінде сұйықтық жиналып, көз ішілік қысымның жоғарылауына әкеледі. Бұл көздің қалыпты жағдайдағы жұмысын төмендетіп, көздің торлы қабығына келетін жүйкелердің жұмысы бұзылады. Егер дер кезінде емделмесе, адамның көру қабілеті нашарлап, тіпті соқырлыққа да әкелуі мүмкін. Суқараңғы 40 – 50 жастағы адамдар арасында пайда болады, кей жағдайларда жас балаларда (іштен туа біткен) және жасөспірімдерде кездеседі. Аурудың бастапқы кезеңінде көздің алды тұманданып, жарыққа қарағанда, “кемпірқосақты” көргендей белгілер байқалады. Науқас көз алдындағы затты анық көре алмайды. Бұл белгілер әуелі бір көзде байқалады. Әсіресе, таңертеңгілікте 1 – 3 сағаттай көз, самай және маңдай тұсын бір нәрсе қысып тұрғандай әсер байқалады. Суқараңғы аяқ астынан да дамуы мүмкін. Бұл кезде бір жақ көз, бас қатты ауырады. Науқастың көзі қызарып, қабағы ісінеді, көру қабілеті төмендейді. Кейде адамның жүрегі айнып, құсады. Аурудың алдын алу үшін 40 жастан асқан адамдар жылына 1 рет көз қысымын тексертіп тұруы қажет. Суқараңғы жұқпалы ауру емес, бірақ тұқым қуалауы мүмкін. Емі: көздің қарашығын тарылтатын дәрілер (пилокарпин, карбахолин, прозерин, демекария бромиді, клофилин (изоглаукон), т.б. қабылдау керек. Режим (8 сағат түнгі ұйқы, дұрыс тамақтану, оқығанда, жазғанда, теледидар көргенде жарықтың дұрыс түсуі, т.б.) қатаң сақталуы қажет. Дәрі-дәрмекпен емдеу көмектеспесе хирургиялық операция жасалады.

Блефарит – бұл ең көп тараған кірпіктің қабақ аймақтарының қабынуы, кез – келген жаста пайда болады. Блефарит әртүрлі болып келеді, олар ангулярлық, қабыршақ, жара, мейбомиелық немесе аллергиялық. Блефарит алғашқы кезеңдерде қышудан басталады, соған қатар қабақ аймағы аздап ауырады және өзіне назар аудартады. Блефарит себебі – аметропиямен, инфекциялар және аллергиялық реакция.

Балаларда бұл симптомды тек қана жиі көздің жыпылықтатуы немесе көзін қолымен уқалай беруі. Егер де кішкентай бала болса, онда олар қышуына, ауырғанына және басқа да жағымсыз сезімдерге мазасызданады, яғни олар жылап тағамнан бас тартып, қырсықтанып, нашар ұйықтайды және т.б

Көрсетілген белгілер балаларда болса, ал ересек адам мен жасөспірімдер кішкене ауырғанға және қабақтың аймағы қышыйды, дәрігер қарағанда кірпік аймағынан қызару немесе қабақтың қалыңдап ісуін байқайды, сонымен қатар кірпіктердің арасында сары шұқанақтар немесе домбыққан кірпік зонада.Егер де қабықтары алынғаннан кейін кірпіктің қабақ аймақтары өзгеріссіз қалса, ал тек қана гиперемиялылық, яғни ол қабыршақты блефарит.Егер де қабыршақтардың қабығы алынғаннан кейін қызарып тұрса онда ол блефарит болып келеді.

Ескере кетсе бұл аурудың қыйындығы, онын емделуі біріншіден жалпы және жеке пайда болу себебіне назар аудару керек.Ең біріншіоптикалық коррекция анизометрия мен аметропия, сосын клинико – лабораторияның жалпы нәтиже зерттеулеріне қант диабетін қосу қажет, егер де ол табылса. Осыған қатар, жалпымен бірге этиологиялық емдеумен қатар міндетті түрде жеке емдеу де өткізілуі керек. Жеке емдеу күнделікті өткізіледі, 10 күн аралығында және тоқтатылады егер де блефаритсимптомы түгелдей жоғалған уақытта.Егер де ангулярлық блефарит пайда болса, онда барлық емдеу уақытында инсталляция цинколық тамшылар күніне 4-6 рет, соған қатар міндетті түрде цинковой мазбен ұйықтардың алдыңда 1 сағат бұрын жағу қажет.

Қабақтың шеттері қабыну сесебі бактериялар, вирустар, басқа зиянды әсерлерден пайда болуы. Белгілері: ісіп кетеді, қызарады, қышыйды.

Трихиаз-қабақтың алдыңғы бөлігі кірпіктерінің дұрыс өспеуі.Қасан қабықтың зақымдануы.

Клиникасы-жас ағу,бөгде нарсе батып тұрғандай сезіну.

Трихиаз-біраз көп тараған патология,сирек ауытқушылық мадароз болып есептеледі.

Лагофтальм-қабақтың толық жабылмауы.Бұл ретте көз санылауы түнгі ұйқыда толығымен жабылмайды немесе мүлдем жабылмайды.Бұл ауруды «заячьим глазом» деп те атайды.

Көп жағдайдағы себебі-паралич немесе парез кезіндегі беттің нервтерінің зақымдануы.Бетте парез немесе паралич қалыптасуы инсульт,сәтсіз пластикалық операция,ортаңғы құлақтың ауруынан,беттің зақымдануынан,бас сүйек сынуынан және инфекциялық аурулардың(боррелиоз,паротит,палеомиелит,дифтерия т.б)салдарынан болады.Қабақтың толық жабылмауының тағы бір себебі паралич Белла болуы мүмкін.

Катаракта (гр.katarrhaktes – сарқырама) – көз бұршағының бұлдырап, қарауытып, ағаруымен сипатталатын көз ауруы. Катаракта кезінде сәуленің көз бұршағына өтуі қиындайды, көздің көру қабілеті кемиді. Катарактаның пайда болуы әр түрлі жағдайларға (қарттық, жарақаттану әсерінен, әр түрлі аурулардың асқынуы салдарынан, тағы басқа) байланысты. Бұл аурудың туа және жүре пайда болатын түрлері бар.

Белгілері:

Морфологиялық белгілері мен орналасуына қарай: алдыңғы үйектік Катаракта, артқы үйектік Катаракта, ұршық тәрізді Катаракта, қатпарлық Катаракта түрлері ажыратылады. Жүре пайда болған Катаракта кезінде көз бұршағының айналасында боз дақ пайда болып, бірте-бірте көз бұршағын толықтай жабады. Көздің көру жітілігі төмендейді. Көз бұршағының қарауытуы қарашықтың тұсында басталса, көру жітілігінің төмендеуі ерте пайда болады. Ал егер қарауыту көз бұршағының шет жағында пайда болса, көздің көру жітілігі ұзақ сақталады.

Жүре пайда болған катарака:

Кейде 50 жастан кейін пайда болып, бірте-бірте үдейді. Қант диабеті, экзема, зат алмасудың бұзылуы, ұзаққа созылған көз аурулары (көздің тамыр қабығының қабынулары – прит, увенит, көз торының қатпарлануы, алыстан нашар көрушіліктің асқынған түрі, су қараңғы, тағы басқа), көздің жарақаттануы жүре пайда болған Катарактаға әкеледі. Сондай-ақ, ыстық температурада (балқыту пешінің жанында) ұзақ уақыт жұмыс істеу немесе көзге тиісті қорғаныш көзілдірік кимей иондандырғыш сәуленің әсерімен жұмыс істеу Катарактаның асқынуына себепші болады. Катарактаның бұл түрінің клиникалық белгісі: сырқат адамның көзінің алдында бір нәрсе тұрғандай болады. Іштен туа біткен Катаракта құрсақтағы ұрықтың дамуы кезінде пайда болады. Бұған екіқабат әйелдің жұқпалы аурулармен (тұмау, қызамық, тағы басқа) ауруы себепші болады.

АНОМАЛИЯкөз ақаулары, көздің құрылысы мен қызметінің бұзылуы. Ол іштен туа және туғаннан кейін де пайда болады. Көз анамалиясына ұшырағанда көздің жарық сәулесін дұрыс сындырмауынан және көз алмасының сопайып кетуінен адам ұзақтан немесе жақыннан көре алмайды.

АФАКИЯКөздекөзбұршағыныңмүлдеболмауы – (Aphakia) афакия. Бұлкөздіңанатомиялыққұрылымыныңақауы, аномалиясы. Афакия жиітуабітеді. Сирекжүрепайдаболады. Соңғыжағдайдакөзжарақатсалдарынантүсіпқаладынемесе көзауруынабайланысты операция жасалып, алыптасталады (экстирпация). Бұршақденекөздіңжарықтысындыратыннегізгіқұрылымыныңбіріболмағандықтанжарықсәулесітолықсындырылмайды, торлықабықтабірнүктегежиналмайды. Осығанбайланыстыкөзанықкөруқасиетіненайрылады. Көзіндемұндайақауы бар жануарларзаттардыңсұлбасынғанажәнебұлдыркөреді.

Белгілері. Қарашықөтекеңейген. Түстіқабықтыңқарашықжақжиегідірілдептұрады. Көзтүбінжарықтүсіріпофтальмоскопсызкөругеболады. КөздіарнайыПуркине – Самсонов бейнесіментексергенде 2 – шіжәне 3 – ші май шамбілтесіжалыныбейнелерікөрінбейді.

Наши рекомендации