Инфекциялық токсикалық шок

Инфекциялық аурулар кезіндегі шұғыл жағдайлардың ішінде ең жиі кездесетіні инфекциялық токсикалық шок, ол кешіктірілген диагностикамен терапия салдарынан өлім себебі болуы мүмкін. Шок инфекциялық аурулар кезінде дамиды (менингококкемия немесе менингококкты сепсис; бөртпе және іш сүзегінде, грипп, сальмонеллез, дизентерия, сібір жарасы және т.б.).

Шоктың үш дәрежесін бөледі: компенсация, субкомпенсация, декомпенсация.

Компенсация (шоктың І дәрежесі): жоғары қызба, қозғыштық, мазасыздану, психикалық бұзылыстар, ентігу мен тахикардия. Келесі үштік симптомдарды бөлуге болады («шоктың продромы»): естің бұзылуы, гипервентиляция, ағзада инфекция ошағының болуы.

Субкомпенсация (шоктың ІІ дәрежесі): тежелу, депрессия, терісінің бозаруы, цианоз, тахикардия, олигоурия, ацидоз, дене қызуының төмендеуі.

Декомпенсация (шоктың ІІІ дәрежесі): цианоз, гипотермия, анурия, есінің бұзылуы. Тамыр соғысы жіп тәрізді, анықталуы қиын, жүрек тондары көмескі, АҚ төмен. Айқын декомпенсирленген метаболикалық ацидоз, терең интоксикация, мүшелердегі қайтымсыз екіншілік бұзылыстар дамиды.

Менингококты инфекция

Менингококкты инфекцияның жайылмалы түрлері ( менингококкемия, менингит) ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл көмекті қажет етеді, ол ИТШ және бас миының ісінуі мүмкін.

Менингококты сепсисте ауру басы үдемелі басталады. Дене қызуы алғашқы тәуліктерде 39-42 С-қа дейін көтеріледі, қалтыраумен басталады, кейіннен субфебрилді сандарға дейін төмендейді, ал шок кезінде қалыпты сандарға дейін болады. Қызбамен қоса бас ауру, бұлшықеттерінің ауырсынуы, құсу, тахикар-дия байқалады. АҚ ауру басында жоғарлайды, кейін төмендейді. Зәр шығару төмендейді, ал кішкентай балаларда іш өту байқалады. Менингококкты сеп-систің негізгі әрі жарқын диагностикалық белгісі экзантема. Оның орналасуы аяқ- қолдарында, денесінде, санында. Бөртпелер басында көп емес, бірнеше сағат ішінде жайылмалы сипатта болады. Менингококкцемияның тез үдемелі ағымында бөртпелер бір-бірімен тез қосылып, кең көкшіл дақтар түзеді. Гемо-рагиялық бөртпелер – менингококкты сепсистің метастаздары, және менинго-коккемия қаншалықты айқын болса, бөртпелер соншалықты жарқын болады. Геморрагиялар барлық шырышты қабаттарда, кеңірдек, бронхтарда жайлайды. Бүйрек үсті безінде геморрагиялар түзілгенде жедел бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігіне әкеледі.(Уотерхаус- Фридериксен синдромы). Науқастар тынышсыз, қозғыш, әсіресе балаларда тырысулар байқалады. Құсу, АҚ ның үдемелі түрде төмендеуі байқалады. Менингеалді синдром айқын байқалады.

Ауыр геморрагиялық синдроммен және бүйрек үсті безіне қан құйылу мүмкіндігі бар менингококкты сепсис (1-2 тәулік) кезінде тез үдемелі дамитын шок аурудың шұғыл диагностикасын қажет етеді, шоктың дәрежесін және шұғыл терапиялық шараларды қажет етеді.

Жедел көмек дәрігерінің тактикасы менингококкемия кезінде шұғыл емдік шаралар кешенін өткізу керек, емнің көлемі ИТШ ауырлығына байланысты.

Жедел терапия

Шоктың І дәрежесі. Гипертермия кезінде (дене қызуы 39,5-40˚C) - қызуды төмендететін дәрі-дәрмектер; преднизолон немесе гидрокортизон; реополиглюкин; левомицетин сукцинаты немесе пенициллин мөлшер бойынша. Қозғыштық пен тырысуларда: реланиум, магний сульфаты.

ІІ дәрежелі шок гидрокортизон немесе дексазон немесе преднизолон; реополиглюкин; альбумин; левомицетин сукцинат. Гормондар мен плазма алмастырғыштардан нәтиже болмағанда: допамин. АҚ қалпына келгенше енгізу қажет. Тырысуларда: реланиум; натрий оксибутират

Шоктың ІІІ дәрежесі: гидрокортизон немесе преднизолон; реополиглюкин 400 мл немесе полиглюкин; альбумин. Нәтиже болмаса допамин 5 мл (200мг) 10% глюкоза ерітіндісіне 200 мл к\т тамшылатып АҚ қалпына келгенше. Левомицетин сукцинаты 25мг\кг к\т ішіне менингитте және менингококкты сепсисте. Бас миының ісігінде: лазикс (1-2мг\кг )к\т немесе б\е; дексаметазон (1-2 мг\кг) немесе преднизолон (2-5 мг\кг). Қозғыштық пен тырысуларда: реланиум (0,5% ерітінді) ересектерге 2-4 мл, балаларға 6 айға дейін 0,3-0,6-5 мл, 7 айдан 2 жасқа дейін 0,5-1 мл, 2 жасқа дейін 1-2 мл; натрии оксибутират 20% ерітінді, ересектерге 20 мл к\т, балаларға ( 5% ерітінді) 100мг\кг; левомицетин сукцинат (25 мг\кг ) к\т немесе б\е.

Наши рекомендации