Дені сау бала кабинетінің негізгі міндеттері
6. ДСБК-ның негізгі міндеттері:
1) БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлерін 3 жасқа дейінгі бала ауруларын профилактикалық жұмыстарының мәселелері бойынша білімі мен дағдыларын арттыратын іс-шараларды өткізу;
2) медицина қызметкерлерін жүкті әйелдерге бала туғанға дейін патронаж өткізу, сондай-ақ ерте жастағы балаға патронаж өткізу ережесі мен әдістемесін үйрету;
3) әйелдер консультациясының және жүкті әйелдерді бақылаудағы сабақтастықтың тұрақты байланысын жүзеге асыру;4) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес дені сау және ауру балаға, мүмкіндігі шектеулі баланың тамақтануы, физикалық және психологиялық-әлеуметтік дамуы күтім жасау мәселелері жөнінде тақырыптық сабақтар өткізу;
5) медицина қызметкерлерін жүкті, бала емізетін әйелдер мен ерте жастағы баланы құнарлы тамақтандыруды, сонымен қатар емшекпен қоректендірудің негіздері мен тәжірибесін, уақытылы қосымша тамақтандыруды енгізу, дайындау мәселелері жөнінде үйрету;
6) медицина қызметкерлерін ерте жастағы баланы психофизикалық дамыту скринингін өткізуге үйрету;
7) медицина қызметкерлерін мынадай мәселелер бойынша үйрету:
- балада болатын микронутриентті жетіспеушілік пен мешел ауруларының алдын алу;
- «қауіпті белгілер» анықталған жағдайда ата-аналар немесе балаға тікелей күтім жасайтын басқа адамдарға ауру баланы күтіп-бағу ережесін, тамақтандыру мен сұйық ішкізу режимін үйрету;
- ерте жастағы баланың психологиялық-әлеуметтік дамуын кейіннен консультация бере отырып бағалау;
- отбасында баланы жек көрушілікті анықтау және оған зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу;
- баланы мектепке дейінгі балаға ұжымдарына баруына дайындау;
- әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын аналардан баланы бөліп алу;
8) медицина қызметкерлерін ерте жастағы балаға массаж және оларға жаттығу жасау тәсілдерін өткізуді үйрету;
9) жүкті және бала емізетін әйелдерді құнарлы тамақтану практикасына үйрету және оларға консультация беру;
10) ерте жастағы баланы күтіп-бағатын адамдарға мына мәселелер бойынша консультациялар беру және оларды үйрету:
- дұрыс тамақтану (емшек емізудің өзектілігі, тамақты уақтылы беру);
- ерте жастағы баланы массаж және жаттығу жұмыстарын жасату;
- ерте жастағы баланы психологиялық-әлеуметтік дамыту;
- қауіпті белгілер анықталған жағдайдағы әрекеті, бала ауырған кездегі тамақ беру және ішкізу режімі;
- микрорнутриентті жетіспеушілік пен мешел ауруының уақтылы алдын алу;
- балаға отбасында зорлық-зомбылық көрсету мен оны жек көрудің алдын алу;
11) медицина қызметкерлері мен халықты дені сау бала тәрбиелеу мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
7. ДСБК медицина қызметкері өз жұмысын жеке және ұжымдық әңгімелесу, сондай-ақ практикалық сабақ және тренинг ретінде ұйымдастырады.
8. ДСБК баланы дамыту мен тәрбиелеу бойынша қажетті медициналық жұмыс құжаттамасын және нұсқамалық-әдістемелік материалдардың есебін жүргізеді.
9. ДСБК-да үш жасқа дейінгі баланы психологиялық-әлеуметтік тұрғыдан ынталандыру үшін ойыншықтар жиынтығы, практикалық сабақтар өткізуге арналған жиынтық (зонд, кесе, шай қасық), компьютер, теледидар, бейне немесе DVD-ойнатқыш, жүкті және бала емізетін аналармен практикалық сабақтар өткізуге арналған қуыршақтар (манекендер) (2 дана), медициналық таразылар, бой өлшегіш құрал болуы тиіс.
10. ДСБК-нің оқу материалдары, көрнекі құралдары және ұйымдастыру техникасы:
1) ерте жастағы балаға патронажды бақылау және бала туғанға дейінгі патронаж өткізу ережесі;
2) (дені сау және науқас баланы) тамақтандыру және дамыту мақсатында күтім жасау бойынша – «Анаға жаднама» әдістемелік ұсынымы;
3) «Ерте жастағы баланы тамақтандыру» әдістемелік ұсынымы;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық профилактикалық екпесінің күнтізбесі;
5) тамақ өнімдердің пирамидасы;
6) дені сау баланы тамақтандыру мен ауырған кезде де оған күтім жасау туралы ұсынымдар;
7) ерте жастағы балаға арналған массаж және жаттығулар кешені;
8) бала ауырған кезде «қауіпті» және баланың дамуындағы қолайсыздық белгілері;
9) физикалық даму картасы;
10) бейнематериалдар (емшек емізу, дамыту мақсатындағы күтім, аурудың қауіпті белгілері және отбасындағы науқас балаға жасалатын күтім);
11) бала жастағы ауруларды ықпалдастыра қарау модулінен фотоальбом.
11. БМСК-да емшек емізу, тамақ беру, аурудың «қауіпті» белгілері, ауру баланы тамақтандыру және сұйықтық ішкізу режимі бойынша ата-аналар мен бала күтімімен тікелей айналысатын адамдардың білімін бағалау арқылы ерте жастағы баланың денсаулығын сақтау және профилактикалық іс-шараларын өткізуіне ДСБК ішкі бақылауды (ішінара сауалнама жүргізу арқылы) жүзеге асырады.
Аналар мен 5 жасқа дейінгі
балаларға медициналық
көмек көрсету жөніндегі
нұсқаулыққа 2-қосымша