Ішкі аурулар ғылымының даму тарихы.

Дәрістің тақырыбы: Жалпы медициналық білім берудегі ішкі аурулар пропедевтикасының маңызы.Ішкі аурулар ғылымының даму тарихы.Ауру туралы түсінік.Дәрігерлік этика және медициналық деонтология.

Дәрістің жоспары:

1. Ішкі аурулар ғылымы туралы түсінік.

2. Ішкі аурулар ғылымының даму тарихы.

3. Ауру және диагноз туралы түсінік.

4. Симптом,синдром,клиника,диагностика.

Ішкі аурулар ғылымы медицинаның бір бөлігі ретінде ішкі ағза ауруларының себебін, клиникалық айқындалуын, емдеу және профилактика жолдарын зерттейді. Ішкі аурулар деген сөздің синонимі терапия (therapia - уход, забота, врачевание, лечение) грек тілінен аударғанда күту, қарау, емдеу деген мағынаны білдіреді. Ішкі аурулар ғылымының негізгі бөлімдеріне; пульмонология -тыныс алу жұйесі ауруларын, кардиология - жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларын, гастроэнтерология - ас қорыту жүйесі ағзаларының ауруларын, гематология - қан және қан жасаушы ағза ауруларын, эндокринология-ішкі секреция бездері мен зат алмасу процесінің бұзылысы ауруларын, ревматология - қимыл тірек аппараты мен дәнекер ұлпа, ішкі ағзалар мен қан тамырлар ауруларын зерттейтін бөлімдер кіреді.

Ішкі аурулар ғылымының даму тарихы.

Медицина тарихы медицинаның атасы Гиппократтан
басталады. Гиппократ біздің эрамызға дейін V-VI ғасырда Грецияда
жасаған. Гиппократ медицинада клиникалық тексерудің негізін
қалаған және медицинаның жекеменшік тексеру тәсілін «Науқасты
төсек жағдайында бақылау» және негізгі принципін енгізді. «Ең
бастысы зиян келтірме» Гиппократ адам организімін қоршаған ортамен тығыз байланысқан бүтін бір дүние ретінде таныды. Науқастың ауруын анықтау үшін науқастың шағымын, ауруының даму тарихын, терісінің түсін, бет әлпетін, кеуде формасын, ауыз қуысын, дене қызуын, ұйқысын, тыныс алуын, тамыр соғуын, ас қорытуын мұқият тексеріп, несеп, тер, қақырық, нәжістің бөлінуіне үлкен мән берді. Сол кезеңнің өзінде қазіргі уақытта қолданылып жүрген обьективті тексерулерден сипалау, тықылдату, тыңдау әдістері қолданылды. Өзінің дәрігерлік тәжірибесінде науқастарды емдеуде 60-70-н астам емдік дәрілік заттар мысалы; несеп айдайтын, іш жүргізетін, терлететін және қан ағызу, оңқа қою мен түрлі ем-дәмдік тағамдар қолданды.

Батыс Еуропа, Шығыс елдерінде танымал болған, медицинаға үлкен үлесін қосқан дәрігер, ғалым Авиценна (Ибн-Сина) 980 жылы Бұхараға жақын жерде дүниеге келген. Авиценнаның «Дәрігерлік ғылымның қағидасы» - «Канон врачебной науки» атты еңбегі 500 жылдан астам уақыттай медицинада пайдаланды. Дәрігер аурудың пайда болуында психогендік фактордың маңызы үлкен екендігін дәлелдеп айтқан.

ішкі аурулар ғылымының даму тарихы. - student2.ru ішкі аурулар ғылымының даму тарихы. - student2.ru

Алексей Авдреевич Григорий Антонович

Остроумов (1844-1908) Захарьин (1829-1897)

Ресейде ішкі аурулар ғылымының даму тарихы XIX ғасырдың басында 1802 жылы Москва университетінің медицина факультетін бітірген дәрігер, ғалым М.Я.Мудровтың ( 1776-1831.ж.ж. ) атымен өте тығыз байланысты. М.Я. Мудров ГДР, Франция, Австрияның ең жақсы клиникаларында еңбек етіп келген соң, алғаш рет Ресейде медицинаға ауру тарихын жазуды және науқасты клиникалық тексеруден өткізу тәсілдерін енгізді.

Медицина ғылымының дамуына XIX ғасырдың I жартысында Москва университетінің ішкі аурулар кафедрасының профессоры Григорий Антонович Захарьин (1829-1897.ж.ж.) үлкен үлес қосқан.

ішкі аурулар ғылымының даму тарихы. - student2.ru

Сергей Петрович Боткин (1832-1889)

ГА.Захаръин медицинаға сұқбаттасу тәсілін енгізіп,мектеп
гигиенасының негізін қалаған. Ғалым науқастарды емдеу қасиеті бар минеральды суларды қолданудың әдістерін ұсынып, елімізде көптеген курорттардың ашылуына үлесін қосты және өкпе туберкулезі патологиясының жіктелуін, бауыр циррозын емдеуде жаңа әдістерді, қан ағызудың тиімді жақтары мен зертханалық тексеру тәсілдерінің маңызы үлкен екендігін дәлелдеп медицинаға ұсынды.

XIX ғасырдың II жартысында ресейлік дәрігер, ғалым Сергей Петрович Боткин (1832- 1889.ж.ж.) Петербургта терапия мектебінің негізін қалады. Ғалым ауруды адам организімінде қоршаған орта әсерінің нәтижесінде дамитын процесс және оның пайда болуына жүйке жүйесінің жағдайы әсер ететіндігін айтып дәлелдеді. Ғалым «ауруды емес науқасты емдеу керек» екендігін айтқан. Ғалым безгекке қарсы профилактикалық емдеу әдістерін, жаңа ауруларды, жаңа дәрілік преттараттарды (салицилаттар, бром препараттары) тауып, оны медицинаға енгізіп, және келешекте саноториялық курорттық емнің керек екендігін айтып дәлелдеді. Ғалым әйелдер үшін жоғары медициналық білімнің қажеттілігін ұсынып, 1861 жылы медбике мамандарын дайындайтын тегін амбулатория ашып, медбикелер қоғамын ұйымдастырды.

XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында Ресейде ішкі аурулар ғылымының дамуына үлесін қосқан, Г.А. Захарьиннің шәкірті. С.П. Боткиннің еңбегін жалғастырған дәрігер ғалым Алексей Александровия Остроумов ( 1844-1908. яс.ж.)

Ғалым теория мен тәжірибенің өте тығыз байланыста екендігін айтып, клиникалық медицинаиың дамуында химия, биология, физика, физиология ғылымдарының рөлі үлкен екендігін дәлелдеді.

Василий Парменович Образцов (1851-1921.ж.ж.) Киев университетінің профессоры, С.П. Боткиннің шәкірті, И.ГІ. Павловтың жұмысын жалғастырған ғалым. Ғалым медицинаға құрсақ қуысындағы ағзаларды пальпация, перкуссия әдістерімен тексеруді енгізді.

Максим Петрович Кончаловский. (1875-1942.ж.ж.) Москвадағы терапия мектебінің ғалымы. Аурудың пайда болуында организм реактивтілігінің маңыздылығын айтып, ревматизмнің инфекциялық аллергиялық теориясын ұсынды.

Георгий Федорович Ланг. (1875-1948.ж.ж.) I Петербург медицина
институттың профессоры, атақты терапевт. Дәрігер жүрек ауруларының пайда болуы мысалы: артериалық гипертензия, жүрек ишемия ауруы т.б. жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы әсерінен дамитындығын және жүрек ауруларының жіктелуін ұсынды.

Николай Дмитрович Стражеско (1876 -1952.ж.ж.) Киев медицина институтының профессоры қызметін атқарған ғалым. Ғалым жүрек қан тамырлар жүйесі, ас қорыту жүйесі ауруларын терең зерттеп, тексеру тәсілдерін ұсынып және сепсис, ошақты инфекция, ұзақ өмір сүру сұрақтары бойынша жұмыс жасаған.

Владимир Никитич Виноградов (1882-1964.ж.ж) I Москва медицицна институтының профессоры. Ғалым миокард инфарктымен науқастарды емдеу жүмыстарын ұйымдастырған және жаңа аспаптық зерттеу әдістерін кеңінен қолданған.

Александр Леонидович Мясников. (1899-1965.ж.ж) I Москва медицина институтының терапия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. Ғалым атеросклероз, гипертония ауруын зерттеп, алғаш атеросклероз ауруының классификациясын енгізген.

Ресейде Кеңес үкіметі кезеңінде ішкі аурулар ғылымының
дамуына өз үлестерін қосқан ғалымдар:Д.Д.Плетнев,С.С.Зимницкий, М.Г.Курлов,В.Х.Василенко,Е.И.Чазов.т.б.
Ғалымдар адам организміндегі патология мәселесімен

профилактикалық бағытта жұмыс жасаған.

Наши рекомендации